Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2013 в 16:01, курсовая работа
Халықты еңбекпен қамту Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы бүгінгі күнгі ең маңызды мәселе болып отыр. Оның басты мақсаты халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықты жою. Осы мәселелерді шешу үшін ең алдымен еңбек нарығын жүйелі түрде талдап, сонан соң ондағы болып жатқан өзгерістерді бағалап әрбір аймақтың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек нарығы, жұмыс күші нарығы, еңбек ресурстар нарығы басқару жүйесін жетілдіру қажет.
Осыған байланысты еңбекке жарамды жастағы халықты жұмыспен қамту және оны экономика салаларында пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселелері. Еңбекпен қамтудың негізгісі еңбек ресурстарының өсуіне байланысты экономикалық белсенді халық санының да өскендігін байқауға болады.
Кіріспе...........................................................................................................................6
1. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің теориялық
негіздері .....................................................................................................................8
Еңбек нарығы түсінігі және оны реттеу механизмдері ….....................….......8
1.2.Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің әдістері мен механизмдері..............................................................................................................16
1.3.Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің шет елдік тәжірибесі...................................................................................................................21
2.Қазақстандағы еңбек қатынастарының дамуы.................................................28
2.1. Қазақстандағы еңбек нарығы: жағдайы, мәселелері,
тенденциялары ...................................................................................................28
2.2. Қазақстан Республикасындағы еңбек миграциясы:
сипаты, өзекті мәселелері..................................................................................41
2.3.Еңбек қатынастарын мемлекеттік реттеудің қазіргі жағдайы........................49
3. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеуді жетілдіру жолдары...............................57
3.1. Еңбек нарығын реттеу — әлеуметтік ортаның тұрақты дамуының кепілі...........................................................................................................................57
3.2. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығындағы еңбек нарығына болжау.........................................................................................................................66
Қорытынды.................................................................................................................74
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................................76
Мазмұны
Кіріспе.......................
1. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің теориялық
негіздері ..............................
1.2.Еңбек нарығын мемлекеттік
реттеудің әдістері мен механизмдері..................
1.3.Еңбек нарығын мемлекеттік
реттеудің шет елдік тәжірибесі....................
2.Қазақстандағы еңбек
қатынастарының дамуы.........................
2.1. Қазақстандағы еңбек нарығы: жағдайы, мәселелері,
тенденциялары
..............................
2.2. Қазақстан Республикасындағы еңбек миграциясы:
сипаты,
өзекті мәселелері....................
2.3.Еңбек қатынастарын мемлекеттік
реттеудің қазіргі жағдайы.......................
3. Еңбек нарығын мемлекеттік
реттеуді жетілдіру жолдары.......................
3.1. Еңбек нарығын реттеу — әлеуметтік
ортаның тұрақты дамуының кепілі........................
3.2. Қазақстан Республикасының
ауыл шаруашылығындағы еңбек нарығына
болжау........................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Халықты еңбекпен
қамту Қазақстан
Осыған байланысты
еңбекке жарамды жастағы
Нарықтық экономикаға
өту нәтижесінде халықты
Жұмыс істейтіндердің көбі халыққа білім беру саласы, денсаулық сақтау, дене шынықтыру, әлеуметтік қамтамасыздандыру салаларында жұмыс істейтіндер, коммуналдық шаруашылығы, тұрғын-үй және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету салалары кейінгі орында. Бұл аталған салалардың барлығы өсу тенденциясына ие болып отыр.
Осы аталған мәселелерді шешу еңбек нарығының негізгі элементтерінің бірі болып табылатын халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметіне тікелей байланысты.
Азаматтарды жұмыспен қамтудың төмендеуінің негізгі факторларының бірі болып республикадағы ірі кәсіпорындардың, ұйымдардың жұмыс істеуінің тұрақсыздығы мен тоқтап тұрулары, қаржылық дағдарыс жағдайлары қосымша жұмыс орындарын ашуға теріс әсерлерін тигізеді. Бос жұмыс орындары мен қызмет орындарының жетіспеушілігі әсіресе ауылдық жерлерде қатты сезіледі.
Жұмысқа орналасуға тілек
білдіргендердің ішінде жұмысқа
орналастырылғандардың жалпы
Ресми түрде тіркелмеген жұмыссыздардың саны мен өздігінше жұмыспен қамтылғандардың саны “көлеңкелі” экономика мен жеке шаруашылықтарда басым болып отыр. Оларды есепке алудың дұрыс жолға қойылмағандығынан жұмыспен қамтылғандар туралы мәліметтер дәл болмайды. Ресми түрде еңбек табысы жоқ жұмысшылардың басым көпшілігінің “көлеңкелі” табысы немесе жасырын жұмыс орындары бар.
Еңбек қатынастары, еңбек нарығының дамуы, ерекшеліктері, мәселелері қазіргі уақытта шетелдік және отандық экономист-ғалымдардың еңбектерінде зерттелінуде.
Жұмыстың негізгі мақсаты: Қазақстан республикасындағы еңбек нарығының жағдайы, тенденцияларын, өзекті мәселелерін талдау арқылы еңбек қатынастарын тиімді ұйымдастыру жолдарын анықтау.
Еңбекпен қамтудағы теориялық және практикалық қажеттіліктерін негіздеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының жағдайы, жұмыссыздық деңгейі, жұмыспен қамтудағы кепілдік, кәсіби біліктілігін арттыру.
Диплом жұмысының мақсатына сәйкес төмендегі міндеттер қойылды:
- жұмыс күшін еңбек нарығындағы экономикалық қатынастарының басты нысаны ретінде негіздеу;
- еңбек қатынастары бойынша әлемдік тәжірибені талдау;
- отандық еңбек нарығының қазіргі жағдайы мен тенденцияларын сараптау;
- еңбек миграцияның отандық еңбек нарығына әсерін айқындау;
- еңбек қатынастарын реттеудегі мемлекеттің рөлі, өзекті мәселелерді белгілеу, оларды шешу жолдарын қарастыру.
Жоғарыдағы міндеттер диплом жұмысының үш бөлімінде де қарастырылды. Бірінші бөлімде еңбек нарығының қызмет етуінің теориялық негіздерін, екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы еңбек қатынастарының тәжірибелік тұрғыдағы өзекті мәселелерін талдадым, ал үшінші бөлімде еңбек нарығын мемлекеттік реттеуді жетілдірудің негізгі бағыттары мен жолдары айқындалды. Жазу барысында талдау, салыстыру, жүйелік көзқарас, статистикалық талдау, графиктік әдістер қолданылды.
1. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері
Еңбек нарығы жұмыс күшінің ұсынысы мен оны жалдаумен, яғни сату-сатып алумен байланысты қоғамдық қатынастар жүйесін білдіреді. Еңбек нарығында өзара екі жақ әсер етеді: жұмыс күшінің иелері - сатушылар және жұмыс берушілер - сатып алушылар.Мұнда еңбекті құндық бағалау жүзеге асады, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың айырбасы мен құрылымы қалыптасады. Ерекше атап өтетін нәрсе, мұнда сату - сатып алу объектісі жай тауар емес, ерекше тауар - адамның жұмыс күші, оның еңбекке деген қабілеті. Ол адамның табиғаты және арнайы білімі мен тәжірибе арқылы жинақталатын қасиеттерін сипаттайды, ал олар адамды белгілі бір еңбекті, нақты іс - әрекетті жүзеге асыруға қабілетті етеді. Нақты айтар болсақ, бұл тауар айырбасталатын нарық еңбек нарығы емес, «жұмыс күші нарығы» түсінігінің синонимі ретінде экономикалық әдебиеттерде жиі қолданылады.
Осыған орай, оған келесідей анықтама беруге болады:
Еңбек нарығы - бұл ерекше тауар - адамның жұмыс күші немесе еңбекке қабілеті айырбасталатын тауар нарығының ерекше түрі. Экономикалық категория ретінде жұмыс күші, бір жағынан жұмыс күшінің иесі - сатушы мен екінші жағынан, жұмыс беруші - жұмыс күшін сатып алушы араларындағы қатынастарды сипаттайды.
Нарықтық қатынастар жүйесінде еңбек нарығы өндірістік ресурстардың басқа нарықтары-капитал нарығы, тауарлар нарығы, инвестиция нарығы, ақша нарығы, т.б. секілді ішкі жүйе болып табылады және нарық жүйесінің ажырамас бөлігіне айналады; ол ондағы процестерден, оның даму беталысы мен бағыттарынан бөлектенбейді. Еңбек нарығының жағдайы басқа нарықтардың жағдайымен, олардың жіктелу деңгейімен, барлық экономикалық жүйенің даму деңгейі мен тығыз байланысты. Еңбек нарығының шегі жұмыс күшіне жиынтық сұраныс пен ұсыныстың жалпы көлеміне тәуелді, яғни еңбек парығы субъектілерінің құрамына жұмыс іздеп жүргендер де, еңбек ақысы бар жұмыспен қамтылғандарда кіреді. Жұмыс күшіне сұраныс жұмыс күшінің бағасына-жалақы мөлшеріне кері тәуелді. Басқа жағдайлар тұрақты болғанда, жалақы өскен сайын тепе-теңдікті сақтау мақсатында кәсіпкер еңбекке сұранысты қысқартып, ал жалақы төмендегенде сұранысты арттыруы тиіс.
Еңбек ұсынысы, төмендесе еңбек ұсынысы азаяды. П.Самуэльсонның пікірінше қоғамдағы жиынтық еңбек ұсынысы келесі фактормен анықталады:
- халықтың жалпы санымен;
- жалпы тұрғындар ішіндегі өзін - өзі жұмыспен қамтығандардың үлесімен;
- апта ішінде және жыл бойы жұмысшылармен атқарылатын сағаттардың орташа санымен;
- еңбектің санымен, сапасымен және біліктілігімен [14, 605б].
Экономикалық
әдебиетте еңбек нарығының
Бұл еңбек нарығының шекарасын тарылтып оны жұмыс орындарын іздеумен шектейді, осыған байланысты еңбек ақы жұмыс орнының тұрақтылығы, біліктіліктің артуы және еңбекшілерді қайта даярлау, әлеуметтік әріптестік секілді сұрақтар одан тыс қалады. Сондықтан еңбек нарығының қызмет етуі жұмыстан босау, қайта даярлау және еңбекпен қамтамасыз етумен ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік – еңбектік қатынастардың субъектілері араларындағы келіссөздер, сауда арқылы жұмыс күшінің әртүрлі сапаларын қайта бағалауды жүзеге асыру қабілетінен көрінеді.
Егер келесідей жағдайлар сақталынатын болса, еңбек нарығы тиімді қызмет ететін болады:
Еңбек нарығының классикалық анықтамасы бойынша, бұл нарықта көптеген сатушылар мен сатып алушылар қызмет етеді, олардың әрқайсысының нарыққа енуі еркін, бірақ олардың ешқайсысы бағаға елеулі әсер ете алмайды. Алайда қазіргі рыноктық жағдайдағы рыноктар жетілмеген рыноктар ретінде қызмет етеді. Мұнда біріншіден, кәсіподақтар монопольды сатушы болса, екіншіден, фирмалар мен кәсіпорындар жалдамалы жұмысшыларға өз шарттарын қоя отырып, өз монополиясын қарсы қояды. Осыған қарамастан кәсіподақтар да, ірі фирмалар да еңбек нарығына аутсайдерлер мен шетелдіктердің, жұмыс беруші – бәсекелестердің енуін шектеу саясатын жүргізеді. Мұндай жағдайларда бағаларды жалақыны белгілеудің нарықтық механизмі жұмыс істемейді, ал баға сатушылар мен сатып алушылардың монопольдық күштерінің тепе-теңдігімен анықталады. Осыған қоса бұл процеске мемлекет белсенді түрде араласады: ол еңбек заңын қабылдайды, еңбек қатынастары субъектілерінің араларындағы дауларды шешеді және т.б.. Басқаша айтқанда, еркін нарық арқылы өзін-өзі реттеу үшін ешқандай орын жоқ.
Осыған орай қазіргі
еңбек нарығы өзін-өзі реттеу
сипатынан айырылып,белсенді
Еңбек нарығындағы мемлекеттің рөлі жалпы ұлттық экономиканы реттеудегі секілді біртекті емес. Біріншіден, мемлекеттің белсенді араласуы нарықтық механизмді бұзады және еңбектің мобильділігі мен еңбек етуге ынтаның төмендеуі секілді теріс салдарды өсіреді, мысалы, кепілдендірілген жалақы инфляциялық процестердің өсуіне әкеледі. Екіншіден, мемлекет жұмыс күшінің ұсынысы мен сұранысын қалыптастыру процесіне араласа отырып, жалдамалы жұмысшыларға жұмыс түрлері мен жұмыс күнінің ұзақтығын таңдау нұсқаларын ұсынады,бос уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, бұл соңғы нәтижеде еңбек өнімділігіне қолайлы әсер етеді, Сонымен бірге кадр саясатын анықтау және жүзеге асыруда жұмыс берушілерге де үлкен еркіндік ұсынады.[ 7, 92 - 94 б]
Еңбек нарығында жұмыс күші бір жағынан сатылады, ал екінші жағынан оны сатып алады. Сондықтан жұмыс күші деген ұғымға тоқталайық. Жұмыс күші дегеніміз адамның физикалық және ой қабілеті, осы қабілетін ол материалдық және рухани игіліктерді өндіруде пайдаланады. Жұмыс күшінің еңбекке деген қабілеті әр түрлі болады, алайда еңбек кезінде оның барлығы бірдей қолданылмайды. Сондықтан, жұмыс күшінің нақтылы еңбекке қажет қабілеттері бағаланады, белгілі кәсіп жасауға жұмсалынған жұмыс істеу қабілеттері өмірге, тіршілікке қажет заттарға айырбасталынады. Демек еңбек нарығы дегеніміз “жұмыс істеп жүрген” жұмыс күші нарығы. Ол қоғамда туған жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс, кәсіптік қабілет пен оны бағалаумен, жұмыс күшті белгілі уақыт ішінде пайдалану қатынастармен байланысты. Бұл жерде айырбастау, сату, сатып алу объекті ретінде еңбекке деген қабілеттің істе көрінуі, басқаша айтқанда, іске қосылған жұмыс күші болмақ.
Информация о работе Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері