Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2012 в 08:42, реферат
Бүгін Астана мен Алматы қалаларында «Жолаушылар тасымалы» АҚ өз-өзіне қызмет көрсету төлем терминалдарының (ӨҚТТ) біріккен желісі арқылы темір жол билеттерін сатудың жаңа қызметін ұсынды. Бұл қызметті халық әр түрлі қызметке төлем жасау үшін пайдалануда.
Жолаушылар тасымалдау шаруашылығында оң өзгерiстер де баршылық. Мәселен, 2010 жылы “Астана – Мәскеу”, “Алматы – Мәскеу” халықаралық бағыттағы пойыздары аса жайлы етiлдi. Ал биыл “Алматы – Ақтөбе”, “Алматы – Атырау”, “Алматы – Шымкент”, “Алматы – Петропавл бағытындағы пойыздарға осындай жұмыстар жасалады.
Вагон паркi толығуда. Астанада “Қазақстан темiржолы” ҰК” АҚ-мен “Тальго” компаниясы бiрлескен кәсiпорны жолаушылар вагондарын құрастыратын өндiрiс орнын ашуға кiрiстi. Бiрлескен кәсiпорын жылына 150 вагон шығарады деп күтiлуде. Бұл жобаны жүзеге асыру барысында “Жолаушылар тасымалы” АҚ мен “Тұлпар –Тальго” ЖШС Қазақстан – Испан кәсiпорны арасында 2011-14 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдiк келiсiмшарт негiзiнде 420 жолаушы вагондарын сатып алу көзделуде. Ал жыл аяғына дейiн алғашқы 17 вагонды сатып алу жоспарланған. Оған қоса, Твер вагон құрастыру зауыты 22 вагонды iске қосады.
Сондай-ақ электрондық билет сату дамуда. Интернет арқылы билет сату бес есеге өсiп, айына бес мыңға жеттi. Билеттi қолдан-қолға жеткiзу қызметi жүзеге асырылуда.
Алматы мен Астана вокзалдарында күрделi жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi. Электрондық кезекке тұру жүйесi жасалды. Биылғы жылы Қарағанды және Ақтөбе вокзалдарында электрондық кезекке тұру жүйесi iске қосылады. Барлық вокзалдарда билеттi автоматтандырылған сату жүйесi енгiзiлген. Жыл аяғына дейiн мұндай терминалдар республиканың барлық вокзалдарында орнатылады.
Биылғы жылы терминалдық ақы төлеу жүйесi арқылы билет сату өндiрiске енгiзiледi. Республикалық электрондық билеттердiң Саll – centre бiрыңғай ақпараттық жүйесi тәулiк бойы жұмыс iстеп, тұтынушыларға телефон және мультимедиялық арналар арқылы қызмет көрсететiн болады. Алдағы уақытта жолаушылар тасымалы шаруашылығы әлеуметтiк жұмысын одан әрi жетiлдiре түсетiн болады.