Синхронияда ішкі лингвистиканың әдіс-тәсілдері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2015 в 23:10, реферат

Краткое описание

Ф. Де Соссюрдің «тіл» және «сөйлеу», парадигматика мен синтагматика, синхрония мен диахрония және т.б. туралы идеяларының пайда болуымен және басқа да практикалық мақсаттарда тіл білімінде синхрониямен айналысу қажеттігі туды. Лингвистикадағы жаңа бағыт құрылымдық деген атқа ие болды. Өйткені бұл бағыт сөйлемнің ішкі құрылымын қарастыру арқылы жалпы тіл құрылымын қарастырады. Тілдерді синхронияда зерттеп қарастыру үшін лингвистикадағы жаңа бағыт жаңа әдістердің пайда болуына ықпалын тигізді. Ескі бағыттың (интра- және интерлингвистика) орнына жаңа идеографиялық және номографиялық әдістер пайда болды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Лингвистика.docx

— 26.27 Кб (Скачать документ)

е) Кешенді трансформациялау – бір тарнсформды жасағанда бірнеше трансформ ережелерінің қатар қолданылуы.

Мысалы: ағылш. The father loves his son →The son is loved by his father. Бұл сөйлемде пермутация (сөз тәртібінің өзгеруі), грамматикалық субституция (loves орнына is loved) және адъюнкция (by элементі қосылып тұр) қолданылып тұр.

Трансформациялық талдау әдістері

Трансформациялық әдіс кез келген конструкцияның (композита, сөз тіркесі, сөйлем) мағынасын зерттеу үшін қоданылады.

Неміс тіліндегі композитаны талдаудың мысалын қарастырып көрелік: Нем. krebsrot – rot wie ein Krebs (салыстыру)

zornrot – rot vor Zorn (себеп)

hochrot – sehr rot (сапа белгісі)

braunrot – braun und rot (ұштасу, ой жалғасы)

Сонымен, түр-түс белгілеу конструкциясының элементтері арасындағы семантикалық байланыс қана емес, «wie», «vor» предлогтары және «und» союзы арқылы байланыстар орын алған.

Сол сиқты сөз тіркестеріндегі семантикалық байланысқа талдау да жасауға болады. Бір синтаксистік конструкциядан бірнеше трансформация түрін алуға болады. Синтаксистік конструкция неғұрлым күрделі болса, соғұрлым көп трансформация түрін алуға болады. Осыны сөйлем деңгейінде қарастырайық:

Мысалы, Бала сурет салып отыр → деген сөйлемнен :

→ Бала суретті салып отыр;

→ Сурет салып отырған бала;

→ Суретті салып отырған бала;

→ Суретті бала салып отыр;

→ Бала салып отырған сурет.

Сонымен «біреу бір нәрсе салып жатыр» деген пропозициядан трансформның алты вариантын беруге болады екен.

Трансформациялық әдістің жетістіктері мен кемшіліктері

Трансформациялық әдіс құрылымдық лингвистика негізінде тіл мәселелерін шешу тәсілдерін іздеу нәтижесінде келіп шықты. Бұл әдіс кез келген конструкцияның, соның ішінде тұтас бір сөйлемнің де семантикалық құрылымын талдауға мүмкіндік туғызды. Аталмыш әдістің нәтижесінде әрбір синтаксистік конструкция семантикалық байланыстың әр түрін көрсете алатыны және әртүрлі синтаксистік конструкция бір мағынаға ие бола алатыны іс жүзінде дәлелденді. Трансформациялық талдау негізінде сипаттаудың жаңа бір түрі пайда болды, ол бір тілдегі сөйлемнің барлық жиынтығын сипаттауға мүмкіндік беретін конструкциялық тәсілді дамытты. Трансформациялық әдіс лингвистикалық зерттеулердің дәлдігін жоғары дәрежеге көтерді. Зерттеу барысында информанттарды қолданса, тәжірибенің шынайылылығы мен құндылығы одан сайын арта түседі. Дегенмен де бұл әдістің де кейбір кемшіліктері бар. Олар:

1) Дәстүрлі лингвистикадағы  сияқты  конструкцияларды талдау жеке  сөйлемдер деңгейінде ғана жүзеге  асады. Сонымен қатар екі жақты  мағына мәтінде өзінің екі  жақтылығын жояды, ал бір пропозицияның  мүмкін варианттарының саны тек  қана дискурста немесе сөйлемде  анықталады.

2) Белгілі бір конструкцияға байланысты  трансформация тізімін зерттеуші  күні бұрын емес, тек қана өз  интуициясы негізінде анықтай  алады, мүмкін болған жағдайда  тіл иелері – информанттардың  көмегімен нақтылай алады.

3) Трансформациялық ережелерді қатаң  сақтау кейбір қиындықтарды туғызады.

Синхрониядағы номографиялық әдістер

Егер де жоғарыда қарастырған идиографиялық әдіс тілді басқа тілдермен салыстырмай тілді «ішінен» зерттесе, номографиялық әдіс тілді жалпы адамзат тілімен байланыстыра зерттейді. Тілдерді салыстыра зерттеу нәтижесінде тілдердегі ерекшеліктер мен ұқсастықтарды анықтауға болады. Салыстыру нәтижесінде әлем тілдерінің барлығына тән универсалияларды немесе әлем тілдерінің көпшілігіне тән фреквенталияларды айқындауға болады.

Номографиялық зерттеудің мақсаты – универсалды грамматикадан асып, әлем тілдеріндегі универсалийлермен идиоэтникалық құбылыстарды зерттеу, жеке тілдер типологиясымен қатар барлық әлем тілдерінің типологиясын жасау және лингводидактиканың ғылыми негізін жасау сияқты мәселелерді қарастырады.

Синхрониядағы номографиялық әдіс зерттеу мақсатына қарай үшке бөлінеді: а) салыстырмалы; ә) салғастырмалы (констрастивті);

б) типологиялық.

Салыстырмалы және салғастырмалы (констрастивті) әдістер, олардың жетістіктері мен кемшіліктері туралы жоғарыда айтылды. Сондықтан енді типологиялық әдіске тоқталамыз.

Құрылымдық типология әдісі

Салыстырмалы және салғастырмалы әдістердің бір жақтылығын жою мақсатында типологиялық әдіс пайда болды. Бұл әдістің негізгі мақсаты – әлем тілдерінің және зерттелетін тілдердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын іздеу, әлем тілдерінің типологиялық классификациясын жасау. Бұл салыстырмалы және салғастырмалы әдістердің бірлігі, оны туыс тілдерде де және туыс емес тілдерді салыстырғанда да қолдануға болады. Аталмыш әдіс бойынша әлем тілдерінің сәйкестендірілмелі құбылыстарын барлық деңгейде зерттеуге болады.

Құрылымдық типологияның тағы бір мәселелерінің бірі – шетел тіліне үйретудің лингвистикалық негізін жасау.

Негізгі ұғымдар

Типология – тілдік құбылыстардың әр деңгейдегі жүйелер (фонология, лексика, грамматика) жиынтығы туралы немесе жалпы әлем тілдері жиынтығы туралы ғылым.

Тип – ортақ, бірқатар біріктіретін белгілері бар тілдік құбылыстардың жиынтығы.

Тілдік құбылыстардың ұқсастығы – ұқсас, біртекті заттарды бір типке, класқа біріктіретін белгілер саны.

Айырмашылық – бір тілдегі құбылыстың салыстырып отырған екінші бір тілден ерекшелендіретін өзгешелік.

Ұқсастық/айырмашылық деңгейі – салғастырылып отырған құбылыстардың ұқсас және ерекше белгілерінің сандақ арақатынасымен анықталады. Ұқсастық белгілері көп болса, ұқсастық деңгейі жоғары болады және керісінше.

Типологиялық зерттеулердің әдістері. Типологиялық индекстер әдісі немесе квантитативтік әдіс

Типологиялық зерттеу практикасында Дж. Гринберг енгізген индексация әдісі (типологиялық индекстер әдісі) немесе квантитативтік әдіс ерекше орын алады.

Сандық көрсеткіштерді қолдану әдісіне қарай квантитативтік деп аталатын өз әдісінің негізіне Дж. Гринберг сандық индекстер алатын кейбір қасиеттер мен нышандарды алды. Өз есептеу нәтижесін Дж. Гринберг 100 сөзден тұратын мәтін негізінде төмендегі параметрлер бойынша алды:

Бірінші параметр – синтез деңгейі немесе сөздің жалпы күрделілігі. Егер де зерттелген мәтіндегі морфемалар санын М әріпімен белгілесе, ал сөздер санын – W әріпімен белгілесе, онда M/W қатысы синтездің көрсеткіші болып табылады және синтетикалық индексі деп аталады.

Екінші параметр – бұл байланыс әдістері. Егер А әріпімен агглютинативті конструкцилар санын белгілесе, aл J әріпімен морфемалар арасындағы тігісті белгілесе, A/J қатысы сөздің дәнекерлену деңгейінің көрсеткіші болып табылады және агглютинация индексі деген ұғымға ие. Дж. Гринбергтің ойынша агглютинациясы жоғары индексті тіл агглютинативті тіл, ал агглютинациясы төмен индексті тіл фузионды тіл, яғни флективті тіл.

Үшінші параметр – сөз жасаушы және сөз өзгертуші морфемалардың көп таралғандығы. Егер R зерттеліп отырған мәтіндегі түбір морфема санына тең болса, ал W – сол мәтіндегі сөз санына сәйкес болса, біз R/W қатысын аламыз, яғни сөз түзу (күрделі сөз түзу) индексі болады. Егер аталмыш мәтінде барлық деривациялы морфемаларды белгілесе, D/W қатынасы тілдің сөз жасау мүмкіндігінің көрсеткіші болып табылады.

Төртінші параметр аффикстердің түбірге қатысын сипаттау үшін қолданылады. Егер де префикстерді Р символымен белгілесе, онда P/W қатынасы, яғни префиксалдық индексі префикс санының сөз санына қатынасын көрсетеді. S/W қатынасы, яғни суффиксалдық индексі суффикс санының сөз санына қатынасын көрсетеді.

Детерминанттар теорисы

Типологиялық зерттеулердің әдістемесі мен универсалийлерді анықтауда Г. П. Мельников ұсынған детерминанттар теорисының үлкен маңызы бар. Оның ойынша, субстанциялық қасиетке ие тіл белгілі бір жүйе құрайды. Г. П. Мельников тіл жүйесінің ерекшелігі, оның нақты бір қажеттілікке байланысты ой-пікір білдіруге икемделуі, бейімделуі деп есептейді. Бұл қасиет құрылым варианттарының, сол сияқты субстанция варианттарының нақты тілдік жағдайға байланысты іріктеу жүргізу арқылы жүйенің өте жақсы қызмет етуін қамтамасыз етеді. Жүйенің осы маңызды қызметі детерминанта жүйесін анықтаушы сипаттамасы болып табылады.

Детерминантты қолданып әр деңгейдегі универсалийлерге талдау жасау Г. П. Мельниковты «кез келген күрделі қызмет қарапайымнан кейін, ал қосалқы қызмет маңызды қызметтен кейін жүзеге асады» деген жалпы қорытындыға келді.

Эталондық әдіс

Типологиялық зерттеулердегі эталондық әдістің мақсаты – кез келген  бірнеше тілдерді эталондық жүйемен салыстыру. Тіл-эталон ғылымға белгілі кез келген тілді салғастыруға болатын өлшем бірлігі үшін шартты түрде қабылданған тіл. Аталмыш ұғымды тіл біліміне     Б. А. Успенский енгізген. Тіл-эталон идеясы салыстыру ұғымынан шаққан.

Шет тілдердің жүйелерін ана тілімен (ағылшын тілін орыс немесе қазақ тілімен) салыстырғанда ана тілі тіл-эталон болады.

Жоғарыда аталып кеткен тек қана типологияға тән әдістерден басқа тіл білімінің басқа да бөлімдерінде қолданылатын дистрибутивті әдіс, анкеталық әдіс және т.с.с. әдістер қолданылады.

 


Информация о работе Синхронияда ішкі лингвистиканың әдіс-тәсілдері