Кәсіпорындарының қойма логистикалық жағдайы мен болашағы.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2013 в 16:39, реферат

Краткое описание

Логистиканың өзектілігі және оны зерттеуге деген қызығушылықтың артуы логистикалық әдісті қолдануды ашатын материал өткізуші жүйелердің тиімді қызмет етуін жоғарылататын потенциалды мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Логистика шикізат пен жартылай фабрикаттарды сатып алу мен дайын өнімді тұтынушыға жеткізгенге дейінгі уақыт аралығын қысқартуға мүмкіндік береді, материалды қорлардың күрт қысқаруына әсер етеді. Логистиканы қолдану ақпарат алу үрдісін жеделдетіп, қызмет көрсету деңгейін жоғарылатады. Логистикаға деген отандық ғалымдардың, жоғарғы оқу орындарының оқытушыларының, ғылыми-техникалық жұмысшылардың, өнеркәсіп және көлік кәсіпорындарының менеджерлерінің, инженерлер мен бизнесмендердің қызығушылығы тек отандық экономика үшін жаңа және айтуға ыңғайсыз терминмен ғана емес, сондай-ақ өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында логистикалық әдісті қолдану арқасында алынған әсерлі нәтижелерімен түсіндіріледі.

Содержание

Кіріспе
1. Логистиканы қолданудың тиімділігі.
2. «High Tech Logistic» ЖШС» және «Хак Групп» АҚ» логистикалық кәсіпорындарының іс-әрекетін талдау.
2.1. Кәсіпорындарының қойма логистикалық жағдайы мен болашағы.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

срс.docx

— 44.22 Кб (Скачать документ)

Компания кең ауқымды  ассортиментте машинатехникалық топтың тауарларын ұсынады: автошиндер, қор бөлшектер, арнайы техника (коммуналдық, жолқұрылыстық), автотракторлы техника, ИШ насрстары, фильтрлер және т.б. машинатехникалық топтың тауары. «Хак Групп» компаниясы жеткізетін тауарлардың бәрі керекті сертификаторлармен ере жүреді. Бұл жағдай төмен сапалы тауарды немесе жалған істелінген тауарды сатып алуды болдырмайды. Компанияның клиенттері-Қазақстанның ірі кәсіпорындары ААҚ "Алюминий Казахстана", "ҰК Казахстан Темир Жолы", ҰАК "Казатомпром", ААҚ "Каз-цинк", ААҚ "ЕЭК", Компания "Фуд Мастер", "Трансстроймост"  компаниясы және т.б.

АҚ «Хак Групп»-тың негізгі стратегиялық мақсаты Қазақстан территориясында материалдық-техникалық жабдықтау сферасында бизнес-процестерді ұйымдастыруда принципиальды жаңа логистикалық жүйені болып табылады.

Бұл тарату өткізу жүйесі режимінде  біріккен жұмыс. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін компания жаңа әріптестерді таратуда және тауар өткізудегі ұйымдастыру және оңтайландыру бойынша кеңес қызметін атқарады.                 

 нарыққа маркетингтік зерттеу жүргізу;·                 

 тауар ассортиментін  таңдау бойынша кәсіптік кеңес беру;·                 

 компанияның мәліметтер  базасынан потенциальды әріптестер мен клиенттерді іздестіру;·                 

 компания қарамағындағы  сауда алаңдарын тауарды өткізу  бойынша консигнация шарттары  бойынша жалға беру.·

«Хак Групп» компаниясымен  орта пайдалылық әріптестік процессте тауар клиенттері келесі жетістіктерге (4 кесте) ие болады. 

 

Кесте 4. «Хак Групп» компаниясымен  ортапайдалылық әріптестік процессте тауар клиенттерінің алатын пайдасы.

Өндіруші

Тұтынушы

1. Потенциальды тұтынушы  өндірілген тауарлар мен талап етілетін өнім ассортименті бойынша тез және дәл ақпарат алу

1. Тауарды тез табу, жабдықтаушылар, негізгі дилерлер тауарға техникалық және бағалық сипаттамалар бойынша дәл ақпарат алу

2. Тауарды төлеу және жүкті жүргізу бойынша пайдаланылатын схемалар

2. Тауарды сатып алудың  оңтайлы шарттары


 

 

4 кестенің жалғасы. 

 

Өндіруші

Тұтынушы

3. Өткізу көлемдерінің  өсуі, жаңа нарыққа шығуымен байланысты

3. Қоймадаға қорларды қысқарту негізінде шығындарды үнемдеу, жүкті консолидациялау арқасында тауарды жеткізу шығындарын төмендету

4. Қойма қалдықтарының  төмендеуі және олардың іркілмеуі

4. Керекті тауарды оперативті  түрде жеткізу арқылы құрал-жабдықтың  тұрып қалмауы негізінде өндірістік циклді шапшаңдату

5. Әріптестермен өзара тиімді шарттарда жұмыс істеу

5. Әріптестермен өзара тиімді шарттарда жұмыс істеу

Нәтиже:                 

 Кәсіпорынның жұмыс істеу аумағының ұлғаюуы·                 

 Кәсіпорынды одан әрі дамыту ушін қосымша пайда табу·                 

 Бәсекелестер арасында  қосымша жетістіктерге ие болу·

Нәтиже:                 

 Тауар құнының төмендеуі·                 

 Айналым қаражатының  айналуының шапшаңдауы·                 

 Бәсекелестік қабілеттің өсуі· 


 

 

Бұл кесте «Хак Групп» компаниясының қызметін логистикалық тізбектің екі жағынанда  уақыт пен шығынды қысқарту бойынша елеулі пайда әкеледі.

Қазақстан Республикасы мен  Ресей Федерациядағы өзінің кең  желісі, басқарудың орталықтандырылуы, жұмыста қолданылатын инновациялық технологиялар компанияға материалдық-техникалық жабдықтау сферасында жоғары бәсекелестік қабілетке ие болуға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, тауарды тапсырыс түскен уақыттан алушының қоймасына түсіргенге дейінгі схеманы түгелімен басқаруға мүмкіндік береді.

Бұл үшін тізбектелген ұйымдастыру процедуралар қолданылады, күнсайын жұмысшылардың алдындағы мәселелердің шешілу жұмыстар мониторигі, сонымен қатар, компьютерлік бағдарламалар және т.б.

Қазіргі таңда өзіне алған  машинатехникалық топтың тауарларын жеткізу  міндеттемелер бойынша, «Хак Групп» компаниясы пайдаланылатын транспорттық логистика негізінде жұмыс істейді.

Жабдықтаушыдан тұтынушыға оңтайлы әдісті таңдау, тауарды жеткізу  кезінде сақтықты және сенімділікті қамтамасыз етеді. Тасымалдау кезінде жүкті консалидациялау мүмкіндігі тұтынушыға көрсетілген қызмет негізінде экономикалық пайданы береді.

Ішкі тасымалдау процессі функциональды бірнеше блоктарға  бөлінген:                 

 дайындалу (тапсырысты  жұмысқа алу, есеп жасау, транспорттық  схемаларды және консолидация  тәртібін анықтау, алдын ала  тасымалдау және кедендік процедуралар  бойынша мәселелерді талқылау, керекті  бұйрықтарды дайындау)·                 

 негізгі (жұмысбастылық  тауарға транспорт тамаңдау, кедендік  процедураларды орындау, тасымалдау, белгіленген шараларды және мерзімдерді  бақылау)·                 

 қорытынды (кедендік  тазарту, тұтынушыға тауарды беру, жасалған іс-шаралардың тиімділігінің және кеткен шығындар анализі)·

Тәртіпке салынған және автоматтандырылған компанияда жеткізуді ұйымдастыру  жүйесі тауарды өндірушіден тұтынушыға жеткізу кезінде болатын кез-келген өзгерістерге тез арада жауап  қайтара, тез және тиімді басқару шешімдерді қабылдай алады. Сонымен, қатар «Хак Групп» компаниясында өзінің әріптестерінің талабына сай қазіргі бизнес процестерді жетілдіру үстінде.

Клиенттерге мүлтіксіз қызмет көрсетуге жетісі келетіндіктен  «Хак Групп» компаниясы өзі жеткізетін тауарларды сақтау, консолидациялаужәне  әрі қарай тасымалдау үшін тармақталған желісті қоймалар желісті құрастырды. Барлық қоймалар қазіргі заманғы құрал-жабдықпен жабдықталған. Ол қысқа уақыт ішінде жүкті тию-жүкті түсіруге және жақсы жағдайда оны сақтауға мүмкіндік береді.

Жеке меншік құқығы негізінде  компания Алматы қаласында екі материалдық-техникалық базаны иемденуде. Олардың мақсатты белгілеуі өндірістік базаны және қоймаларды эксплуатациялау және қызмет көрсету.Бірінші материалдық-техникалық базаның көлемі-1278 м2. Оның құрамына энергоцех, темір соғатын цех, шеберханалар, гараж ғимараты, сонымен қатар қоймалар(750 м2). База 16-тонналық автокран, балка-кран, өрт және қауіп сигнализация, таразылар, автономды жылу, электр қуат, газ, канлизация, ыңғайлы жету жолдармен қамтамасыз етілген. Екінші материалдық-техникалық база орталық қойма, көлемі 1006 м2, 0,6349га жерде. База бірінші база сияқты жабдықталған.

Қазақстан бойынша қоймалау желісі келесі қалаларда орналысқан: Алматы, Астана, Талдықорған, Өскемен, Павлодар, Карағанды, Көкшетау, Орал, Шымкент, Қзыл-Орда. Ресей Федерациясында: Челны  жағалауында, Мәскеу, Омск.

АҚ «Хак Групп» өз қызметін бизнес-процесстерді рационализациялау  және оңтайландыру принциптері негізінде  жүргізеді, компания ішінде. Бұл жағдай өндірістік процестегі әр оперциясын қатаң бақылау және компанияның өндірістік циклдің барлық кезеңдерін алатын ақпараттық жүйенің әрдайым жаңаруының арқасында жүзеге асады. Сонымен, «Хак Групп» компаниясы логистикалық желісінің әрбір звеносын тауар үздіксіз қозғалысын өндірушіден тауарды тұтынатын тұтынушыға дейін бақылай алады. «Хак Групп» компаниясы Қазақстандағы машинатехникалық мақсаттағы тауарларды жеткізетін ірі жабдықтаушысы. Компания Ресей Федерациясының ірі және жақсы машинатехникалық мақсаттағы тауарларды шығаратын компаниялармен және Қазақстан осы тауарларды тұтынатын компаниялар мен жақсы әріптестік қарым-қатынаста.

Сондықтан қазіргі кезде  компания келесі түрдегі ақпараттық қызметтерді көрсете алады:                 

 «Хак Групп» компаниясы  мен оның әріптестерінің қоймаларындағы бар машинатехникалық мақсаттағы тауарлардың ассортиентігі туралы ақпарат беру.·                 

 Компанияның ресейлік  өндіруші әріптестерінің тауарларының ассортиентігі және тауарды жеткізу мерзімі туралы ақпарат беру.·                 

 Компанияның машинатехникалық  мақсаттағы тауарларға деген сұранысы туралы ақпарат.·                 

 Машинатехникалық мақсаттағы  тауарларды таңдау бойынша жоғары  маманды кеңес беру.·                 

 Қазақстан Республикасы  бойынша кез келген нүктеге  тауарды жіберу және жеткізу маршруттарын таңдауда кеңес беру.·

Қорыта келгенде, логистика  неғұрлым кең бағытқа иеленіп, кәсіпорынның дамуы стратегиялары бойынша ұсыныстар құру мақсатында жүреді. Мәнісі бойынша логистика стратегиялық менеджментке қажет элемент. Осындай логистиканың мақсаты қазіргі және болашақ уақытта кәсіпорын алдында болатын мүмкіндіктер мен қауіптерді табу. Кез келген кәсіпорынның логистикалық қызметі - бұл кәсіпорынның дамуына әсер ететін барлық факторлардың жиынтық қаралуы, фактілерді еске ала отырып даму стратегиясын жасау және бұл стратегияларды іске асыру бойынша нақты іс -шаралар колданылу болып табылады.

Логистика кәсіпорынның әртүрлі  бөлімшелердің арасында өзара әрекеттесу нәтижесінде көздеген мақсатқа жеткізеді  және маркетингтік шараларды жасау  және жүзеге асыру үдерісіне сәйкес ұйымдық-әдістемелік қамтамасыз етуді талап етеді. Осы мақсатта маркетингтік стратегияларды қалыптастыру үдерісі кәсіпорынды басқарудың үш деңгейімен жүзеге асырылатын тізбектелген кезеңдер қатарымен қарастырылған. Маркетингтік стратегияны жасау және жүзеге асыру үдерісі кезінде бөлімшелер арасындағы механизмді зерттеу стратегиялық маркетингтің негізгі қағидаларына сәйкес жасалған өндірісті басқарудың графикалық моделін құруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес келесідей мәселелерді алға қойылды:

Қазақстандық тауарлардың  халықаралық нарықтарға қол жеткізуін  жақсарту, жаңа экспорттық “орындарды”  алу және ықпалдастық бастамаларды одан әрі тереңдету.

Экспорттық белсенділікке  кедергі келтіретін әкімшілік, инфрақұрылымдық тосқауылдарды анықтау және қазақстандық тауарлар үшін неғұрлым перспективалы нарықтарды айқындау жөнінде бірқатар елдердің тауарлы нарықтарына талдамалық зерттеулер жүргізіледі.

Экспортқа арналған бәсекелі отандық өнімді жылжыту жөніндегі мақсатқа бағытталған саясатты қамтамасыз ету үшін қазақстандық тауарлар экспортын сыртқы нарықтарға жылжытуға жәрдемдесу бағдарламасы әзірленетін болады.

 

 

 

                                                   Қорытынды

              Қазіргі таңда Қазақстандағы логистиканың дамуы нарық заңдары мен қағидаларынан туындағандай логистиканы  игеру және оны кәсіпорындағы басқару жүйесімен бірігуі нарықтық  экономиканың даму деңгейін көрсетеді.

Логистика кәсіпорынның әртүрлі бөлімшелердің  арасында өзара әрекеттесу нәтижесінде  көздеген мақсатқа жеткізеді және маркетингтік шараларды жасау және жүзеге асыру  үдерісіне сәйкес ұйымдық-әдістемелік  қамтамасыз етуді талап етеді. Қазіргі  таңда Қазақстандағы логистиканың дамуы нарық заңдары мен қағидаларынан  туындағандай логистиканы  игеру және оны кәсіпорындағы басқару жүйесімен бірігуі нарықтық  экономиканың даму деңгейін көрсетеді.

Нарықтағы қатаң бәсеке, халықтың төлем кабілеттілігінің төменділігі, кәсіпорынның айналым кұралдарының жеткіліксіздігі, өндірістік шығындардың  үнемі өсуі отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, өткізуді қиындатуда.

          Әрбір кәсіпорынның нарыққа дұрыс қадам жасау үшін логистика ауадай қажетті нәрсе, бірақ бұл  логистика өз бетінше кешенді сала ретінде қызмет етеді деп айту қиын,  себебі  кәсіпорынға  логистиканы жүргізу  беймәлім  белгісіз зат, оны қалай  өткізу, қалай жоспарлау, қандай әдіс қолдану деген  сұрақтар туындайды  бұл  сауалдардың әр бірі  өз  бетінше  тағыда  сұрақтар  туғызады, ал  осының  бәрін  дұрыс  қолданбауы  нақты  мәліметтердің  бетін ашпайды,  яғни    сондықтан   нарықтағы  кәсіби маманданған  логистиканы жүргізумен айналысатын  ұйымдарға  жүгіну  дұрыс  шешім  болады.

          Логистикалық әдістерді қолдана отырып төмендегі артықшылықтарға жете аламыз: сұранысты болжамдау және соның негізінде қорларды жоспарлау, өндіріс пен көліктің қажетті қуаттылығын анықтау, материалды ағымдарды оңтайлы басқару негізінде дайын өнімді бөлудің ғылыми принциптерін жасау, өндіріс пунктінде және тұтынушылардағы тиеу үрдістерін және тасымалдау-қоймалау операцияларын басқарудың ғылыми негіздерін жасау, логистикалық жүйелердің қызмет етулерінің түрлі математикалық модельдерінің варианттарын құру;дайын өнімдерді бірлесіп жоспарлаудың, жабдықтаудың, өндірістің, қоймалаудың, өткізудің және тасымалдаудың әдістерін жасау және т.б. бірқатар мәселелер т.с.с. Өндірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін камтамасыз ететін жалпы экономикалық кұбылыс пен тетік ретіндегі логистиканың рөлі өте зор. Қазақстанда отандық кәсіпкерлер логистиканы әлі тиісті деңгейде бағалаған жоқ.

 

 

 

                               Қолданылған әдебиеттер тізімі 

1.      Тулембаева А.Н. Логистика. Учебное пособие на казахском языке. Алматы: Қазақ университеті, 2004

2.      Тулембаева А.Н. Логистика. Учебное пособие. Издатмаркет62004Логистика: Учебник / Под ред. Б. А. Аникина. 2-е изд., перераб. и доп. - М.: Инфра • М, 2000.

3.      Неруш Ю. М. Логистика: Учебник для вузов. 2-е изд., перераб. и доп.- М.: ЮНИТИ: ДАНА, 1998.

4.      Голиков Е. А. Маркетинг и логистика. - М.: ИД "Дашков и КӘ", 1999.

5.      Смехов А.А. Введение в логистику. - М.: Транспорт,1993.

6.      Сергеев В.И. Логистика в бизнесе.  - М.: ИНФРА-М, 2001.

7.      Сергеев В.И. Логистика: аналитический обзор.  СПб.: Организация об-ва «Знаниең, 1996.

8.      Семененко А.И.  Предпринимательская логистика - СПб: Политехника, 1997.

9.      Сухова Л.Ф. «Қазақстандағы математикалық-техникалық құралдарының қозғалысы» - М.: ИНФРА-М, 2001.

10. Сухова Л.Ф., Сариев К.С. «Материалдық  өндірістің инфрақұрылымы» М.: ИНФРА-М, 2002.

11. Айгуль Тулембаева: «Экономика  не прощает эмоций» статья. «Начнем  с понедельника», № 10 (724), 7 - 13 марта  2008

12. Логистика: Учебное пособие/Под ред. Б.А. Аникина. — М.: ИНФРА-М, 1997.

13. Бауэрсокс Дональд Дж., Клосс  Дейвид Дж. Логистика: интегрированная  цепь поставок / Пер. с англ. - М.: ЗАО "Олимп—Бизнес". 2001

14. Берталанфи Л. Общая теория  систем - обзор проблем и результатов. - М.: Наука, 1969.

15. Гаджинский А.М. Логистика. - М.: Маркетинг, 2001.

 

 

 


Информация о работе Кәсіпорындарының қойма логистикалық жағдайы мен болашағы.