Кәсіпорындарының қойма логистикалық жағдайы мен болашағы.

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2013 в 16:39, реферат

Краткое описание

Логистиканың өзектілігі және оны зерттеуге деген қызығушылықтың артуы логистикалық әдісті қолдануды ашатын материал өткізуші жүйелердің тиімді қызмет етуін жоғарылататын потенциалды мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Логистика шикізат пен жартылай фабрикаттарды сатып алу мен дайын өнімді тұтынушыға жеткізгенге дейінгі уақыт аралығын қысқартуға мүмкіндік береді, материалды қорлардың күрт қысқаруына әсер етеді. Логистиканы қолдану ақпарат алу үрдісін жеделдетіп, қызмет көрсету деңгейін жоғарылатады. Логистикаға деген отандық ғалымдардың, жоғарғы оқу орындарының оқытушыларының, ғылыми-техникалық жұмысшылардың, өнеркәсіп және көлік кәсіпорындарының менеджерлерінің, инженерлер мен бизнесмендердің қызығушылығы тек отандық экономика үшін жаңа және айтуға ыңғайсыз терминмен ғана емес, сондай-ақ өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында логистикалық әдісті қолдану арқасында алынған әсерлі нәтижелерімен түсіндіріледі.

Содержание

Кіріспе
1. Логистиканы қолданудың тиімділігі.
2. «High Tech Logistic» ЖШС» және «Хак Групп» АҚ» логистикалық кәсіпорындарының іс-әрекетін талдау.
2.1. Кәсіпорындарының қойма логистикалық жағдайы мен болашағы.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

срс.docx

— 44.22 Кб (Скачать документ)

                                                   Жоспар:

Кіріспе

1. Логистиканы қолданудың тиімділігі. 

2. «High Tech Logistic» ЖШС» және «Хак Групп» АҚ» логистикалық кәсіпорындарының іс-әрекетін талдау.

2.1. Кәсіпорындарының қойма логистикалық жағдайы мен болашағы.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

               Логистиканың өзектілігі және оны зерттеуге деген қызығушылықтың артуы логистикалық әдісті қолдануды ашатын материал өткізуші жүйелердің тиімді қызмет етуін жоғарылататын потенциалды мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Логистика шикізат пен жартылай фабрикаттарды сатып алу мен дайын өнімді тұтынушыға жеткізгенге дейінгі уақыт аралығын қысқартуға мүмкіндік береді, материалды қорлардың күрт қысқаруына әсер етеді. Логистиканы қолдану ақпарат алу үрдісін жеделдетіп, қызмет көрсету деңгейін жоғарылатады. Логистикаға деген отандық ғалымдардың, жоғарғы оқу орындарының оқытушыларының, ғылыми-техникалық жұмысшылардың, өнеркәсіп және көлік кәсіпорындарының менеджерлерінің, инженерлер мен бизнесмендердің қызығушылығы тек отандық экономика үшін жаңа және айтуға ыңғайсыз терминмен ғана емес, сондай-ақ өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында логистикалық әдісті қолдану арқасында алынған әсерлі нәтижелерімен түсіндіріледі.

            Шетел тәжірибесі көрсеткендей, қазіргі бизнесте логистика стратегиялық маңызды орынға ие. Осы салада табысқа жеткен көптеген мамандардың компания басшылығындағы жоғарғы қызмет орындарына жылжитыны кездейсоқ емес. Қазіргі уақытта алдыңғы қатарлы фирмалардағы логистиканың дәстүрлі функционалды салалары стратегиялық инновациялық (жаңартпа) жүйе құра отырып, жалпы ақпараттық-компьютерлік платформа негізін-де бірікті. Логистика саласындағы қызмет көп қырлы. Оған көлікті, қойма шаруашылығын, қорларды, кадрларды басқару, ақпаратты жүйелердің ұйымдастырылуы, коммерциялық қызмет және т. б. жатады. Аталған әрбір функция сәйкес салалық пәнде терең зерттеліп, баяндалған. Логистикалық тәсілдің жаңалығы – негізгі өзара байланыс. Логистикалық әдістің мақсаты – материалды ағымдарды толассыз басқару.

            Материалды ағымдарды басқару әр уақытта шаруашылық қызметтің маңызды жағы болып табылатын. Дегенмен, ол тек жақында ғана экономикалық өмірдің маңызды функцияларының біріне айналды. Негізгі себебі – өндірістік және сауда жүйелерінің тұтынушының тез өзгеріп отыратын талғамына жылдам икемделуі қажеттігін туғызған сатушы рыногынан сатып алушы рыногына өту.

Шет елдердің көпшілігінде логистикалық ассоциациялар, ұйымдар мен қоғамдастықтар құрылып, тиімді қызмет етіп отыр. Логистика салыстырмалы түрде жас және белсенді дамушы ғылым мен бизнес сферасы болып табылады. Шет елде логистика соңғы онжылдықта тез дамыды. Қазақстан үшін логистикалық өндірістік, сауда, көлік және ақпараттық жүйе-лердің қалыптасуы мен дамуы өте маңызды, себебі ол біздің елдің әлемдік экономикалық және ақпараттық кеңістікке интеграциялануын тездетуге мүмкіндік береді.

 

                         1. Логистиканы қолданудың тиімділігі

            Қазіргі бизнесте логистика стратегиялық маңызды орынға ие. Осы салада табысқа жеткен көптеген мамандардың компания басшылығындағы жоғарғы қызмет орындарына жылжитыны кездейсоқ емес. Бизнес тұрғысынан қарағанда логистика деген корпоративті мақсатқа барлық ресурстардың оңтайлы шығындарымен жету үшін материалды және басқа да (ақпараттық, қаржы, қызмет) ағымдарын тиімді басқару. Қазіргі уақытта алдыңғы қатарлы фирмалардағы логистиканың дәстүрлі функционалды салалары стратегиялық инновациялық (жаңартпа) жүйе құра отырып, жалпы ақпараттық-компьютерлік платформа негізін-де бірікті. Бизнес практикасына логистикалық менеджмент әдістерін енгізу көптеген фирмаларға өндірістегі, жабдықтаудағы және өткізудегі өнімнің барлық қор түрлерін қысқартуға, айналым капиталының айналымдылығын жеделдетуге, өндірістің өзіндік құнын төмендетуге, бөлуге тиісті шығындарды төмендетуге, тауарлар және қызметтермен тұтынушылардың толық қанағаттандырылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Логистика саласындағы қызмет көп қырлы. Оған көлікті, қойма шаруашылығын, қорларды, кадрларды басқару, ақпа-ратты жүйелердің ұйымдастырылуы, коммерциялық қызмет және т. б. жатады. Аталған әрбір функция сәйкес салалық пәнде терең зерттеліп, баяндалған. Логистикалық тәсілдің жаңалығы – негізгі өзара байланыс. Логистикалық әдістің мақсаты – материалды ағымдарды толассыз басқару.

Материалды ағымдарды басқару  әр уақытта шаруашылық қызметтің маңызды жағы болып табылатын. Дегенмен, ол тек жақында ғана экономикалық өмірдің маңызды функциялары-ның біріне айналды. Негізгі себебі – өндірістік және сауда жүйелерінің тұтынушының тез өзгеріп отыратын талғамына жылдам икемделуі қажеттігін туғызған сатушы рыногынан сатып алушы рыногына өту.

Шет елдердің көпшілігінде логистикалық ассоциациялар, ұйымдар мен қоғамдастықтар құрылып, тиімді қызмет етіп отыр. Логистика салыстырмалы түрде жас және белсенді дамушы ғылым мен бизнес сферасы болып табылады. Шет елде логистика соңғы онжылдықта тез дамыды. Қазақстан үшін логистикалық өндірістік, сауда, көлік және ақпараттық жүйе-лердің қалыптасуы мен дамуы өте маңызды, себебі ол біздің елдің әлемдік экономикалық және ақпараттық кеңістікке интеграциялануын тездетуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда Қазақстандағы логистиканың дамуы нарық заңдары мен қағидаларынан  туындағандай логистиканы  игеру және оны кәсіпорындағы басқару жүйесімен бірігуі нарықтық  экономиканың даму деңгейін көрсетеді.

Нарықтағы қатаң бәсеке, халықтың төлем кабілеттілігінің төменділігі, кәсіпорынның айналым кұралдарының жеткіліксіздігі, өндірістік шығындардың үнемі өсуі отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп, өткізуді қиындатуда.

Әрбір кәсіпорынның нарыққа дұрыс қадам жасау үшін логистика ауадай қажетті нәрсе, бірақ бұл  логистика өз бетінше кешенді сала ретінде қызмет етеді деп айту қиын,  себебі  кәсіпорынға  логистиканы жүргізу  беймәлім  белгісіз зат, оны қалай  өткізу, қалай жоспарлау, қандай әдіс қолдану деген  сұрақтар туындайды  бұл  сауалдардың әр бірі  өз  бетінше  тағыда  сұрақтар  туғызады, ал  осының  бәрін  дұрыс  қолданбауы  нақты  мәліметтердің  бетін ашпайды,  яғни    сондықтан   нарықтағы  кәсіби маманданған  логистиканы жүргізумен айналысатын  ұйымдарға  жүгіну  дұрыс  шешім  болады.

АҚШ компанияларының 75%-ында осындай логистикалық бөлімшелер бар, онда маркетологтар, статистер, бағдарламашылар, әлеуметтанушылар, психологтар жұмыс істейді сондықтан бұл команиялар нарықтық бәсекеге жақсы бейімделген.

Шикізаттың бірінші көзінен өндірістік, тасымалдау және делдалдық звено тізбегі арқылы соңғы тұтынушыға жылжи отырып, материалды ағымдардың құны өсіп отырады. Ұлыбританияда жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, соңғы тұтынушыға жеткен өнім құнының 70%-дан астамы сақтаумен, тасымалдаумен, ораумен және материалды ағымдардың қозғалысын қамтамасыз ететін басқа да операциялармен байланысты шығындар құрайды.

Тауардың соңғы бағасында логистикаға  кеткен шығындар үлесінің көптігі материалды ағымдарды басқаруды оңтайландыруда шаруашылық жүргізу субъектілерінің экономикалық көрсеткіштерін жақсартудың қандай резервтері бар екенін көрсетеді.

Материалды ағымдарды басқаруда  логистикалық тәсілді қолданудың экономикалық әсерінің басты қосылғыштарын қарастырып өтейік. Өндіріс және айналым салаларында логистиканы қолдану келесідей мүмкіндіктер береді:                 

 материалды ағымдар қозғалысының бүкіл жолындағы қорларды төмендету;·                 

 логистикалық тізбек бойындағы  тауарлар қозғалысының уақытын қысқарту;·                 

 тасымалдау шығындарын төмендету;·                 

 қол еңбегінің шығындарын  және жүк операцияларының сәйкес шығындарын қысқарту.·

Экономикалық әсердің көп бөлігі материалды ағымдар қозғалысының бүкіл жолындағы қорларды қысқарту есебінен жүзеге асады. Европалық өнеркәсіп ассоциациясының мәліметтері бойынша, материалды ағымдардың іштей бақылануы материалды қорлардың 30-70%-ға қысқаруын қамтамасыз етеді (АҚШ-ң өнеркәсіп ассоциациясының мәліметтері бойынша, қорлардың төмендеуі 30-50% шамасында болады).

Қорларды оңтайландырудың жоғары маңыздылығы келесімен түсіндіріледі:                  

 логистикаға кететін шығындардың  жалпы құрылымында қорларды ұстауға  кететін шығындар 50%-ды құрайды,  оның ішіне басқару аппаратына  кететін шығындар, сондай-ақ тауарлардың  бұзылуынан немесе ұрлануынан  болған жоғалтулар кіреді;·                 

 кәсіпорынның айналым капиталының  көп бөлігі қорларға бөлінеді (кәсіпорынның барлық активтерінің 10-нан 50%-ға дейін);·                 

 қорларды құруға кететін  өндірістегі шығындар, жалпы шығындар көлемінің 25-30%-на дейін құрайды.·

Логистиканы пайдаланудағы қорлардың  қысқаруы логистикалық үрдістерге қатысушылардың іс-әрекеттерінің өзара келісулерінің жоғары дәрежесі есебінен, жеткізу сенімділігінің жоғарылауы есебінен, қорларды дұрыс бөлу есебінен, сондай-ақ басқа да бірқатар себептер есебінен қамтамасыз етіледі.

Логистиканы пайдаланудың экономикалық әсерінің келесі құраушысы тауардың логистикалық тізбек бойында қозғалу уақытының қысқаруы есебінен құралады. Бүгінгі таңда қоймалауға, өндірістік операцияларға және жеткізуге кететін уақыт шығындарының үлесі орташа 2-ден 5%-ға дейін құрайды [13].

Сонымен, айналым уақытының 95%-нан  астамы логистикалық операцияларға тиесілі болып отыр. Бұл құраушының қысқаруы капитал айналымын жеделдетуге, сәйкесінше уақыт бірлігінде алынатын пайданы өсіруге, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

Логистиканы қолданудың экономикалық әсері, сондай-ақ тасымалдау шығындарын төмендетуден де пайда болады. Көліктің қозғалу маршруттары оңтайландырылады, тәртіптері келісіледі, бос қозғалыстар қысқарады, көлікті пайдаланудың басқа көрсеткіштері жақсарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.  «High Tech Logistic ЖШС» және «Хак Групп АҚ» логистикалық кәсіпорындарының  іс-әрекеттерін талдау 

 

Қазіргі кездегі Қазақстанның экономиканың сәтті жағдайы, тұтыну нарығының  өсуі, компаниялар жоғары қарқынмен  даму үстінде. Бірақ толық бағалық  логистикалық қызмет нарығының болмауы, жергілікті компаниялардың өсуіне, халықаралық  корпорациялардың келуіне ірку фактор болып табылады.

Клиенттердің тұтынушылық қажеттіліктерін  қанағаттандыра алатын компаниялардың нарықта болмауы өзекті мәселелердің бірі.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.А  Назарбаевтың тапсырысына жүгіне отырып, Қазақстанның үкіметі Қазақстан  экономикасын кластерлерді дамыту бойынша  диверсификациялаудың жаңа жобасы жүзеге асыра бастады.

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының негізгі даму бағыттары- бұл «сатып алу-тасымалдау-қоймалау-өткізу» логистикалық жүйенің негізгі элементінің  үйлесімін икемді және тиімді түрде  жұмыс істеуін қамтамасыз ету  механизімін құрастыру болып  табылады. 

Осы заманғы экономикалық үрдістердің  даму шарттарына байланысты –өнеркәсіптік, коммерциялық және басқа  нарық инфрақұрылым кәсіпорындары бір интегралды логистикалық тізбекке бірігуіне жағдай жасау керек.

Қазақстанның нарықтық қатынастарға өте бастауы елдегі логистиканың практикалық және ғылыми ыңғайды  талап ете бастады.

Экономикалық талдаудан бұрын, Қазақстанда логистикалық концепцияның даму үстіндегі жолда негізгі  кедергілерді қарастырайық.

Біріншіден, көп уақытқа дейін  отандық экономикада Батыста  логистиканың негізгі орнын алатын айналым (тауарды жабдықтау және өткізу) сфераның ролін жете бағаламады. Біздің елде тарихи айналым сферасы  өндіріс сферасыдан артта дамыды, әсіресе тауар мен қызметтер  өткізуді ұйымдастыру. Айналым сферасы  тауардың өндірушіден тұтынушыға ақырын өткізілген, сұраныс қанағаттанбаған, тұтынушыға төмен қызмет сапасымен, төмен сақтықпен ерекшеленеді. Айналым  сферасы «қалдық принцип» бойынша  қаржыландырылған. Басқарушы мамандар экономикада айналым сферасының ролін түсінбеуі жоғары деңгейде болды.

Екіншіден, Қазақстанның қазіргі кезде  экономикалық инфрақұрылымының дамуы  дүниежүзілік орта деңгейінен артта қалуда (тауар айналым сферасында). Бұл жердегі жағымсыз жақтар келесідей:           

 тауар өткізуші құрылымның  рационалды емес дамуы;·           

 қазіргі заманғы электрондық  коммуникацияның, электрондық желілердің, байланыс және телекоммуникация  жүйелерінің әлсіз даму деңгейі;·           

 төмен транспорттық инфрақұрылым, әсіресе автомобиль жолдарында. Автомобильді, мультимодальды, кедендік терминалдар санының аздығы мен техника-технологияның төмен деңгейі;·           

 дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келетін барлық транспорт түрлерінде қазіргі заманғы транспорттық жабдықтардың болмауы. Транспорттың жоғары деңгейде физикалық және моральды тозу;·           

Информация о работе Кәсіпорындарының қойма логистикалық жағдайы мен болашағы.