Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2014 в 20:18, курсовая работа
Еліміз өзінің дербес тәуелсіздігін алғаннан кейін ұлттық сана-сезімінің өсуіне, халқымыздың рухани қуатының молая түсуіне кең өріс ашылды. Келер ұрпақты елін, жерін сүйетін елжанды, отансүйгіш етіп тәрбиелеу міндеті білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылады. Сол мақсатқа лайықталып, 9-сыныпқа арналған «Абайтану» курсы таңдау пәнінің бағдарламасы 2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 41 және 42- тармақтарына сәйкес әзірленді.
Приложение 106
к приказу Министра образования
и науки Республики Казахстан
от «___» ________2013 года № __
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ
«АБАЙТАНУ» КУРСЫ
Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Астана
2013
Авторлары: Жұртбай Т.Қ., Рахымбаев М.Қ., Омарханов Е.А.
Абайтану. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқу бағдарламасы. –Астана: Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, 2013.- 10 б.
Ұлттық білім академиясы, 2013 ж
Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайдың мұрасы – халықтың ең қасиетті қазынасы. Сол қазынаны «Абайтану» курсы таңдау пәнін оқыту арқылы өскелең ұрпаққа аманаттауды уақыт талап етіп отыр.
Еліміз өзінің дербес тәуелсіздігін алғаннан кейін ұлттық сана-сезімінің өсуіне, халқымыздың рухани қуатының молая түсуіне кең өріс ашылды. Келер ұрпақты елін, жерін сүйетін елжанды, отансүйгіш етіп тәрбиелеу міндеті білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып табылады. Сол мақсатқа лайықталып, 9-сыныпқа арналған «Абайтану» курсы таңдау пәнінің бағдарламасы 2012 жылы 27 сәуірде бекітілген «Қазақстанның ішкі саясатындағы идеологиялық менеджментті қайта жаңғырту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының» 41 және 42- тармақтарына сәйкес әзірленді.
Жалпы білім беретін мектептердің қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттарындағы 9-сыныбына арналған «Абайтану» курсы таңдау пәнінің жылдық оқу бағдарламасына 34 сағат бөлінген. Оның 31 сағаты бағдарламадағы материалдарды оқуға, 2 сағаты шығармашылық жұмыстарды орындауға, 1 сағаты оқушылардың пән бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қорытындылауға беріледі.
Абайтану курсының негізгі мақсаты - Абай Құнанбайұлының қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі құбылыстық сипатын, ақындық әлемін, өлең өнеріндегі қайталанбас өзгешелігін, шеберлігін танытуға бағытталған. Аталмыш курста ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, абайтану мәселелері, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, поэмалары және поэзияға қойған биік мақсаттары топтастырылып берілді. Абайдың шығыс пен еуропа, орыс әдебиеті классиктерінің туындыларымен жете танысуы, оның шығармашылық, ақындық өнеріне игі ықпалын тигізіп, поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырғанын шәкірттердің санасына жеткізу. Абайдың әдеби мұрасы аудармалары арқылы дүниежүзі халықтары әдебиетінің алтын қорына қосылған жәдігер туындылар екендігін жас буын ұрпаққа үлгі-өнеге ету. Мектеп оқушыларына Абай шығармашылығының ұлттық әдебиетіміздің өркендеуіне жасаған идеялық-көркемдік ықпалын жан-жақты саралай отырып терең ғылыми негізде ұғындыру. Абайтанудың тарихи, ғылыми құнды нәтижелерін терең танып, білуге баулу.
Абайтану ілімін қалыптастырған Мұхтар Әуезовтің Абайдың ақындық дәстүрінің негізгі арналарын сараптап, Абайдың ақындық мектебін айқындап
оның ақындық айналасын ғылыми жүйелеп беруінің маңызы мен мәнін жете
ұғындыру. Тақырыптардың
өзара сабақтастығы, мазмұны жағынан
Курсты оқытудың мақсаты: ұлы ақын шығармалары арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары, білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.
Курсты оқытудың міндеттері:
-қазақ сөз өнеріндегі
Абайдың орны мен ақындық
-абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау;
-Абайдың шығыс пен
батыс әдебиетін терең
-ұлы ақынның өмірбаяндық
тың деректеріне сүйене отырып,
қазақ әдебиетіндегі
-ғұлама ойшылдың философиялық
ақыл-нақыл сөздерінің мән-
- ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын таныту;
-ақынның көркем-әдеби
туындыларын оқыту арқылы
-көркем туындының тілдік ерекшеліктерін, идеялық мәнін талдауға, пікір алмасуға үйрету;
-Абайдың ғылым, білім, өнер,
тәрбие мәселелері туралы
Оқу пәнінің білім мазмұны
9-сынып
Барлығы - 34 сағат ( аптасына -1 сағат)
Бағдарламадағы материалдарды
Шығармашылық жұмыстарға - 2 сағат
Кіріспе. Адамзаттың Абайы (1сағат).
Пән туралы түсінік, мақсат-міндеттері. Абайтанудың өзектілігі.
Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Абайдың 150 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзі. Абайды оқыту, түсіндіру, жұртқа таныту жолындағы абайтану ғылымы мен қазақ мектебінің міндеті туралы.
I тарау. Абайды білмек парыз ойлы жасқа (10 сағат).
1.1 Абайдың өмірі (2 сағат)
Ақын өмір сүрген заман. Ата-тегі, туып-өскен ортасы. Алған тәлім-тәрбиесі. Әлеумет ісіне араласуы. Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері.
1.2 Ақынның халық даналығын тануы (1сағат)
Абай ақындығының бастаулары. Ақынның білім алған мектептері және өзіндік білімін кеңейту арналары. Ауыз әдебиеті Абайдың үлгі алған қайнар бұлағы. Қазақтың халықтық өлең-жырларын, ертегі, қисса, аңыз-әңгімелерін әжесі Зереден, халық ақындары Дулат, Шөже, Байкөкше, Балталардан есітіп, жадына тоқуы.
1.3 Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар (1 сағат)
Абайдың араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгеруі. Шығыс әдебиеті Абайдың нәр алған рухани мектебі. Абайдың алғашқы шығармашылығына тән шығыстық сарындар. Абай шығармаларындағы шығыстық сипаттарды зерттеудің бүгінгі бағыт-бағдары. Абай шығармаларының шығысқа қатысы жайын түбегейлі қарастырып, ғылыми деңгейге көтерудегі Мұхтар Әуезовтің еңбегі. Абай шығармашылығына шығыс әсерінің М.Мырзахметұлының еңбектерінде жаңаша зерттелуі. Абай шығармашылығының шығыс әдебиетімен, шығыс мәдениетімен байланысын қарастырудағы жаңаша көзқарастар мен тың бағыт-бағдар.
1.4 Абай және орыс әдебиеті (1сағат)
Абайдың орыс әдебиетіне ден қоюы. Орыстың ұлы классиктері Пушкин, Толстой, Лермонтов, Крылов, Салтыков-Щедрин, Некрасовтармен қатар революционер-демократ ағартушылар Герцен, Чернышевский, Добролюбовтардың еңбектерін оқуы. Ақын аудармаларының қазақ әдебиетін жаңа ой орамдарымен байытуы. Абай аудармаларының ерекшеліктері.
1.5 Абай және Пушкин (2 сағат)
Абайдың Пушкиннен аудармалары. Ақын аудармасында көркем бейнелі ойдың ұлттық танымға сай тәржімалануы. «Онегиннің өлердегі сөзі» өлеңі Абайдың өзінің тапқан көркемдік шешімі екендігі. Аударманы түпнұсқамен салыстыра оқығанда көрінетін ерекшеліктер.
1.6 Абай және Батыс әдебиеті (2сағат).
Абай шығармашылығына шығыс, орыс, батыс әдебиеті әсерінің тарихи-әлеуметтік негіздері. Абайдың қазақ тілінің қуатын көтеріп, құнарын арттырудағы шығармашылық ізденісіне ауыз әдебиетінің, шығыс, орыс, Еуропа әдебиеті мен мәдениетінің зор ықпалы болғандығы. Абайдың өлең құрылымында да, ойшылдық, сыншылдық алымында да орыс әдебиетінің ықпалы бар екендігі. Еуропаның ұлы ақын-жазушылары Шекспир, Байрон, Гете, Дюмалардың, философтар Сократ, Платон, Аристотель, Спенсер, Дарвин т.б. еңбектерімен танысуы. Дж. Байрон «Көңілім менің қараңғы», А.Мицкевич «Тұтқындағы поляк жандаралының сөзі», И.В.Гете-М.Ю.Лермонтов «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдері.
1.7 Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы (1сағат).
Абай өлеңдерінің шет тілдерге аударылуы. Өзге тілге тәржімаланған ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері.
ІІ тарау. М.Әуезов және абайтану мәселелері (4 сағат).
2.1 Абай мұрасын зерттеушілер
және абайтану ғылымының
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, және т.б. зерттеушілердің ақын шығармалары жайында айтқан пікірлері.
2.2 М.Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері (1сағат)
Абай мұрасы жайында. Ақын мұрасын тану, насихаттау, таныту жолындағы ізденістер. Абай шығармашылығы турасындағы шығыс, батыс әдебиетіне қатысты мәселелер.
2.3 Ақын шығармаларының басылымдары (1 сағат)
Ақын мұрасының XX ғасырдың алғашқы ширегінде жинақталуы, жариялануы және оған ықпал еткен адамдар. Кәкітай Ысқақұлының Абай шығармаларының ең алғашқы жинағын шығарудағы еңбегі.
ІІІ тарау. Абай шығармаларындағы ғылым, білім тақырыбы (10 сағат).
3.1 «Ғылымға көңіл берсеңіз» (5 сағат)
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңінің басты идеясы-жастарды ғылым, білімге үндеу. Халықтың болашағы үшін ғылым-білімнің маңызын, мақсат-міндетін айқындауы. Ғылым, білімді уағыздаған ағартушы ақынның ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы.
«Интернатта оқып жүр» өлеңінің негізгі тақырыбы. Білім алу, ғылым, өнер үйрену. Ақынның ағартушылық-демократтық көзқарастары. Жас шәкірттерге: «Пайда ойлама, ар ойла» деп, артық білуге талап қылуды аманаттауы. Интернатта оқитын балаларға туған халқының әдет-ғұрпын, салт-санасын жақсы біліп, елі үшін еңбек ететін адал азамат болуларына ақыл-кеңес айтқан ой-пікірлері. Отаршыл патша өкіметінің жымысқы саясатына орай: «Қызмет қылма оязға, жанбай жатып сөнуге» деп, өзі үміт еткен қазақ жастарына жар салуы. Еңбексіз, ықылас-ынтасыз, михнатсыз нағыз ғылым, білімнің қолға түспейтінін айтуы.
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде жастарды еңбек етіп, оқу оқып, білім алуға шақыруы. Ақынның өсиет айтып, келешекке бағдарлама боларлық өлеңі. Өлеңнің тағылымдық-тәрбиелік мәні. Ғалым болу мен адам болу мәселесінің өзара сабақтастығы жайындағы ақын пікірі. Абайдың ғылыми ой-пікір қорытуы.
Сегізінші қарасөзіндегі ақыл, насихат туралы пікірі. Ғылым, білім, ар, ұят жайлы пайымдаулары. Ақыл, білім жөніндегі философиялық тұжырымы.
Он жетінші қарасөзіндегі адамгершілік, имандылық, адалдық, парасаттылық, еңбекқорлық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттер жайындағы ойлары. Ақыл, қайрат, жүрек туралы философиялық ой түйіні.
Жиырма бесінші қарасөзінде озық елдердің өнерін, ғылымын, білімін үйреніп, зарарынан қашық, пайдасына ортақ болуға үндеуі. «Балаң бала болсын десең, оқыт» деп өсиет айтуы.
3.2 Абай қарасөздеріндегі тәлім-тәрбие мәселесі. «Баланың жақсысы-қызық, жаманы-күйік» (5 сағат)
Абай қарасөздерінде көтерілген негізгі мәселелер және даналық ой-пікірлері. Ақынның халқына айтқан өсиет-насихаттары, қарасөздеріндегі пікірлерінің өлеңдерінде айтылатын ойларымен тығыз байланысы, өзіндік ерекшелігі.
Екінші қарасөзіндегі ақынның халқын намысқойлыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке шақырған идеялары. Халықтың бойындағы жағымсыз қылықтарды сынай отырып, одан арылудың жолдарын көрсетуі. Ұлттық дамудың тиімді экономикалық маңызын назарға салуы. Еліне еңбекқорлықты, іскерлікті, мал табудың жолдарын айтқан өсиетнамасы.
Оныншы қарасөзіндегі бала тәрбиесі туралы ойы. «Ғылымсыз ахирет те, дүние де жоқтығын» айта отырып, баланы оқуға, білім алу жолына бағыттаудың маңызын көрсетуі.
Он сегізінші қарасөзіндегі киіну мәдениеті туралы көзқарасы. Ақынның кербездік ұғымы жайындағы топшылау-тұжырымы. Адам баласының ақыл, білім, ар, мінез сияқты нәрселермен озатындығын үлгі-өнеге етіп қалдыруы.
Он тоғызыншы қарасөзінде Абайдың адамның естілігіне психологиялық, педагогикалық талдау жасауы. Ақынның ес туралы ой тоқтамы. Естігенді еске сақтаудың маңыздылығы жөніндегі ой-пікірі.
Отызыншы қарасөзінде Абайдың адам мінездеріндегі жағымсыз әрекеттерді сынауы. Ар, есті, намысты білмей тұрып, адамдық, арлылық, батырлық болмайтындығына қатысты тұжырымы. Өлімнің, өмірдің мәні туралы философиялық танымы.
ІV тарау. Абай танымындағы ән мен күй (4 сағат).
4.1 Абай әндерінің таралуы (1 сағат)
Ән мен күй, өнер құдіреті туралы толғанысы. Жақсы әннің көкейге ой салатын эстетикалық мәні. Абай әндерінің мазмұны, халық арасына таралуы турасында. Абай әндерінің халық әндерімен ұқсастықтары және айырмашылықтары. Абайдың музыкалық туындыларындағы әуен мен ырғақтар.
4.2 «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар» (3 сағат)
«Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа», «Құлақтан кіріп бойды алар», «Өзгеге, көңілім, тоярсың» өлеңдері мен күйлері. «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, қалам қас» әні. Ән мен күйдің халықтың өмірінде алатын орны. Ақынның ән және күй өнері туралы пікірі. Абайдың қазақ музыка өнеріне енгізген жаңалығы хақында. Абай әндерінің көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері.
V тарау. Поэмалары (2 сағат).
5.1 «Ескендір» поэмасы (2 сағат)
Информация о работе Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған