Ғылымда зерттеудің екі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 07:40, реферат

Краткое описание

Ғылымда зерттеудің екі — эмпириялық және теориялык деңгейлері болады. Эмпириялық зерттеулер зерттелетін объектіге тура бағытталады, бакылаумен және тәжірибенің көмегімен жүзеге асырылады. Ғылымның теориялық деңгейіне корыта шолу жасалған ережелердің жиынтығы ретінде көрініс беретін ғылыми теория жатады. Қорытып шолу терминдермен, пікірлермен және ой корытындылармен беріледі. Қорыта шолу көптеген айғақтарға сүйенеді, содан зандар шығарылады. Ал заңның өзі айғактар мен оларды корыта шолулардың арасындағы байланыс түрінде алға тартылады. Заңдар эмпириялык және теориялық болып бөлінді. Эмпириялық заңдар тек айғактардан түзіледі. Теориялық заңдар болса, тек қорыта шолулар мен ұғымдардан тұрады

Прикрепленные файлы: 1 файл

5ылым.doc

— 35.50 Кб (Скачать документ)

Ғылымда зерттеудің екі — эмпириялық және теориялык деңгейлері болады. Эмпириялық зерттеулер зерттелетін объектіге тура бағытталады, бакылаумен және тәжірибенің көмегімен жүзеге асырылады. Ғылымның теориялық деңгейіне корыта шолу жасалған ережелердің жиынтығы ретінде көрініс беретін ғылыми теория жатады. Қорытып шолу терминдермен, пікірлермен және ой корытындылармен беріледі. Қорыта шолу көптеген айғақтарға сүйенеді, содан зандар шығарылады. Ал заңның өзі айғактар мен оларды корыта шолулардың арасындағы байланыс түрінде алға тартылады. Заңдар эмпириялык және теориялық болып бөлінді. Эмпириялық заңдар тек айғактардан түзіледі. Теориялық заңдар болса, тек қорыта шолулар мен ұғымдардан тұрады. Бойль-Мариотт заны бойынша, газдын температурасы өзгермегенде оның берілген массасы үшін газ кысымының көлемге көбейтіндісі тұракты болады. pF=const; T=const. Келтірілген заңда алты ұғым — газ, газ массасы, газ кысымы, газ көлемі, газ температурасы, тұрақтылығы туралы сөз болады. Эмпириялык және теориялық заңдар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Кез келген айғақты қарастырудың ғылыми мәні бар, өйткені олар түсіндіріледі және үғымдар мен теориялық заңдарға жаткызылады. Теорияларда нәрселердің, кұбылыстардың, үдерістердің арасындағы жалпыламалык ескеріледі. Ғылымдағы жалпыламаны іріктеп алудың формасы — идеалдау. Идеалдык газ үғымында газдардың бірдейлігін көрсетеді. Көптеген жағдайларда физикадағы денелерді материалдық нүктелер деп қарастыруға болады. Бұл олардың бірдейлігін керсетеді, сондыктан материалдык нүктені идеалдау колданылады. Тұтастай ғылыми зерттеулердің барысын төмендегідей келтіруге болады:

  1. айғақтар айкындалады және тіркеледі;
  2. айғактар белгілі бейнеде түсіндіріледі;
  3. айғактарды түсіндіру үғымдар мен зандар шығаруға, идеалдауға алып келеді;
  4. долбарлармен заң сұлбаланады;
  5. долбарлардан дедукция ережелеріяе сүйеніп, демек, жалпыдан жалкыға жылжи отырып, салдар шығарылады;
  6. салдарлар айғақтармен салыстырылып қарастырылады.

Ғылымның дамуында үш негізгі теориялық әдістердің үлкен маңызы бар. Олардың біріншісі — аксиомалык әдіс. Аксиома дегеніміз — логикалық дөлелсіз қолданылатын, эмпириялық айғақтар негізінде теріске шығаруға болмайын ереже екені белгілі. Евклид геометриясында жазыктыкта жаткан екі нүкте аркылы тек бір ғана түзу сызык сызуға болады деген аксиома бар (істің дәл осындай екенін тексеруге болмайды). Аксиомалар бір-біріне қайшы келмеуі керек. Аксиомалық өдістер логика мен математикада кең колданылады. Ол қайшылықтардың кез келгенін жокка шығарады. Теориялык қана емес, эмпириялык деңгейде де зерттеу жүргізілетін ғылымдарда долбарльщ-дедуктивтік өдісті қолдану идеалды болады. Мұнда аксиоманың орнына долбар койылады. Долбар дегеніміз — төжірибелік айғактармен салыстыра карағанда теріске шығарылуы мүмкін білімдер. Долбарлық-дедуктивтік өдіс жақсы математикалык дайындықты талап етеді. Ол казір физикада, электротехникада, радиотехникада, экономикалық ғылымдарда кең қолданылады. Долбарлык-дедуктивтік әдісті колдануға мүмкін болмағанда, сипаттау өдісіне жүгінуге тура келеді. Зерттелетін объектінің "келбеті" сөзбен, графикамен, сызбамен берілуі мүмкін. Қазір зерттеушінің ойы долбарлық-дедуктивтік әдісті қолданғаннан гөрі, тура тәжірибе мөліметтеріне жиірек жүгінуге мөжбүрлейді, заңды байланыстарды табу қиындайды. Сипаттау әдісі биологияда, медицинада, психологияда, социологияда қолданылады. Егер сипаттау өдісі долбарлық-дедуктивтік өдіс деңгейіне дейін көтерілетін болса, оны өрқашанда жеңіс деуге болады. Долбарлык- дедуктивтік әдістің талаптарына бағынбайтын кейбір ерекше күрделі құбылыстарды зерттеуде сипаттау әдісі тиімді болуы мүмкін.


Информация о работе Ғылымда зерттеудің екі