Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2014 в 13:52, реферат
Краткое описание
Ұлтымыз қашан да баласының рухани жағынан бай болуына көп көңіл бөлген. Сәби дүниеге келгеннен бастап, оның ойлы, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына, ақыл-ойының жетілуіне баса назар аударғандығы белгілі. Халықта «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген нақыл бар. Кішкентай бала бойында адалдық, әділдік, мейірімділік, адамгершілік сияқты бар ізгі қасиеттерді сіңіруде халықтық педагогиканың маңызы зор. Үнемі әдептілік тәрбиесін беру арқылу баланы жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баулуды да кішкене кезінен бастаған дұрыс.
Содержание
Кіріспе: Ел болам десең бесігіңді түзе Негізгі бөлім: 1) Отбасындағы бала тәрбиесі 2) Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі 3) Қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбиесінің ерекшелігі 4) Тіл – тәрбие бастауы 5) Ата-әженің тәрбиесі 6) Қазақтың ғалым-педагогтарының оқушыларға ұлттық тәрбие беруі Қорытынды: Ертеңін ойлаған-ел азбайды
Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбиелік
ой-пікірлер тарихының түп тамыры көне
мәдени мұра-халықтық педагогика мен VI
ғ. Орхон-Енісей жазуларынан басталып,
орта ғасыр ойшылдарының парасатты тәлімгерлік
ой толғаныстарымен толысып, ХIV-ХIХ ғ.ғ.
ақын-жыраулардың терме, толғауларында
жалғасып, ХIХ ғ. екінші жартысында өмір
сүрген қазақтың ғұлама ағартушы-демократ
ұлдары: Шоқан, Ыбырай, Абай, Сұлтанмахмұт
еңбектері арқылы өркен жайғанымен, шын
мәнінде Қазан төңкерісіне дейін педагогика,
психология ғылымдары дербес ғылымдық
дәрежеге көрсетіліп жетпеген еді. Оның
бірнеше себептері болады. Біріншіден,
Қазақстанда қоғамдық ғылымдардың сан
салалы тауарлары бір-бірінен дараланып
бөлініп шығып, ғылыми терминдері қалыптасып
жетілмеген болатын. Екіншіден, әр ғылымның
салаларын жеке-жеке ғылыми тұрғыда зерттеуші
ғылымдардың жоқтығы, үшіншіден, - ғылым
салалары өрістетерлік ғылыми-техникалық
материалдық базаның (арнаулы зерттеу
мекемелері мен баспа орындарының) болмауы
себеп болды.
Қазақ халқының ұлы ағартушы
-педагогтары, ойшылдары мен қоғам қайраткерлері
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов,
М.Дулатов, Х.Досмұхамедов өз еңбектері
арқылы қазақ этнопедагогикасының қалыптасуына
теориялық алғышарттар жасады. Олар бүкіл
қазақ халқына ұлттық тәрбие беру, ол үшін
қазақтың ұлттық мектебін жасау, ол мектептегі
ұлттық тәрбиенің мақсаты, міндеттері,
мазмұны, әдістері мен құралдары және
нәтижесін негіздеді. Сол арқылы олар
ХХ ғасырдың басында қазақ халқының болашағын
ойлап, оның мектебінің ұлттық болуы, қазақ
тілінің тазалығын, мектептегі білім мазмұнының
қазақ халқының ұлттық мәнімен, оның ұлттық
рухымен бірлікте болуын дәлелдеді.
М.Жұмабаев өзінің «Педагогика»
атты төлтума оқулығында «Әрбір ұлттың
бала тәрбие қылу туралы ескіден келе
жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі
баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып
келе жатқан тақтақ жол болғандықтан,
әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен
таныс болуға тиіс» десе, Ж.Аймауытов «Тәрбие»
атты мақаласында тәрбие ғылымын зерттеу
қажеттігін «Бұл күнге дейін тәрбие ғылымы
– кейінгі басқышта жүрген ғылым» екенін
ескерткен.
Қазақ ұлтынан тұңғыш педагогика
ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне
ие болған профессор Т.Тәжібаев өзінің
60-шы жылдардың басында жазған «Ауылдағы
қазақ балаларының тәрбиесі және Қазақстанның
мектептері» атты мақаласында «Қазақтардың
мәдени өмірінде фольклор, музыка, қолданбалы
өнер және халықтың тәрбиелік дәстүрлері
басты рөл атқарған» дей келіп, қазақ балаларының
ауылдардағы тәрбиесі халықтық педагогика
негізінде жүргізілгенін айтып, қазақ
педагогикасының тарихында алғаш рет
«халықтық педагогика» терминін былай
ендіріпті: «Халықтың сан ғасырлық тәжірибесін,
ойы мен мұң-мұқтажын білдіретін мақалдар
мен мәтелдерде қазақтың халықтық педагогикасы
көп жинақталған».
Қазақ халық педагогикасын
зерттеу қажеттігі туралы қазақ ғалымдары
арасынан ең алғаш пікір айтқан профессор
М.Ғабдуллин еді. Ол өзінің «Ата-аналарға
тәрбие туралы кеңес» атты ғылыми-зерттеу
еңбегінде былай деп ой қозғаған: «Қазақ
халқының өмірінен орын алған тәрбиенің
тарихын жан-жақты түрде қарастыру өз
алдына зерттелетін мәселе. Біздің мақсатымыз
– революцияға дейінгі қазақ арасында
жас ұрпақты еңбек пен ерлікке тәрбиелеуде
халықтың нені арман еткенін және баланы
жастайынан тәрбиелегенде, өсе келе кім
болуын көздегенін шолып өту. Мұндай шолудың
керек болып отырған себебі, біріншіден,
халқымыздың бала тәрбиелеудегі өткен
кездегі арман-мақсатымен танысу, екіншіден
оларды бүгінгі күннің тілек-міндеттерімен
салыстыру еді».
Мұндағы автордың мақсаты, қазақ
халқының сан ғасырлық ұлттық тәлім-тәрбиелік
дәстүрлерімен елді таныстыра отырып,
болашақ зерттеушілерге еліміздің өмірінен
орын алған тәрбиенің тарихын зерттеу
қажеттігін, оны зерттейтін ғылымды анықтау
керектігін көрегендікпен болжауы еді
деп толық айтуға болады.
Ғылыми айналымға «этнопедагогика»
терминін тұңғыш рет шуваш ғалымы, профессор
Г.Н.Волков екені ХХ ғасырдың 60-жылдары
ортасында белгілі болды. Ал, Қазақстанда
«этнопедагогика» терминін тұңғыш рет
1978 жылы профессор Қ.Жарықбаев өзінің
«Революцияға дейінгі Қазақстанда педагогикалық
ой-пікірдің даму тарихынан» атты әдістемелік
ұсынысында берген еді.
Ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет
көрсету, кішіге ізет білдіру, әдеп сақтаудан
хабарсыз кей жастардың қылығы әркімнің-ақ
намысына тиері сөзсіз. Халық өнерін игеру
– жастарды еңбек сүйгіштікке, әсемдікке
бағыттап, халқының тарихын біліп, мәдени
мұрасын қадірлеп, жақсы әдет, дәстүрлерін
жалғастыруға баулиды. Ұлттық тәжірибеміз
отбасынан басталып, кейін де жалғасын
тауып жатса, қазіргідей қазақ халқының
қанында жоқ, ата-баба тәрбиесіне жат өзін
жарық дүниеге әкелген анасын, әлпештеп
өсірген асқар тауы әкесін қарттар үйіне
өткізген, нашақорлық пен маскүнемдікке
салынғандардың шаңырағы ортаға түспес
еді. Атам заманнан жалғасып ар ұжданымызға
ұялаған қанымызға сіңген қастерлі қазақ
салтын ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын мұра
ретінде кейінгі ұрпаққа қалдыру – бәріміздің
де борышымыз.
Ұрпақ тәрбиесіне айрықша
мән берген ата-бабамыз асыл сөздің кестесімен
сәби жүрегін тербеп, ой-санасын игі адамгершілікке
жетелейді. Сондықтан кең байтақ ата жұрттан
ертеден жас буынға жалғасып келген ар-ұят
сақтау, мейірімді, шарапатты болу салтанатын
құрды. Ұнасымды қарым-қатынас жасай білу.
Бұл адамзат баласының әу бастан өз өміріне
серік етіп, ұғыныса, сыйласа, тіршілік
құру сапарында алға ұстап келе жатқан
әдеп салттарының ең көкейкестігі.
Ұлттық тәрбие туралы идея
бүгінгі күн талабы мен өмірлік қажеттіліктен
туындап отыр. Қазақ елінің әлемдік кеңістікте
өз жолын таңдауы әрбір қазақтың емін-еркін
өмір сүруінің кепілі. Ол сөзсіз ұрпақтар
қамы деген ұғыммен үндеседі. Ел болу,
мемлекет құру сонау түркі заманынан желісі
үзілмей келе жатқан ұлттық арман-аңсар.
Ел болу – болашаққа ашылған даңғыл жол.
Сол болашаққа ашылған даңғыл жолды ұлттық
тәрбие арқылы жүруді үйренсек, ешкімнен
кем болмайтынымыз анық.
Бұдан шығатын қорытынды – ұлттық
тәрбие идеясы ата-бабалар алдындағы –
қарыз бен өкшебасар ұрпақтың алдындағы
– парыз деп түсінуіміз керек. Яғни, парыз
бен қарыздың түйісер тұсы осы ұлттық
тәрбие деп білеміз. Сондықтан мұнда алдымен
мемлекет жасауға ұйытқы болып отырған
этнос пен мемлекеттің мүддесі қатар тұруға
тиіс. Өйткені, біз бұдан былайғы кезеңде
бүкіл адамзат баласы жасаған өркениеттермен
қатар дамуға тиіс мәдениеттің (қазақ
мәдениетінің) мүшесі болып саналамыз.
Ендеше, адамзат баласының осы уақытқа
дейін жасаған озық тәжірибелері мен жетістіктерін
қолдан келгенше түгел игеріп, қажетімізге
пайдалануымыз керек. Сондай-ақ, ағымдағы
уақыттың талабы мен сұранысын қанағаттандырып
отыру да ұлттық тәрбиедегі негізгі қағиданың
біріне айналуға тиіс. Бұл үшін қазақ ұлтын
қай тұрғыдан да жаңа дәрежеге, жаңа интеллектуалды
сапаға көтеріп алу тиімді.
Бүгінгі қазақ ұлты – бұрынғы көшпенді
тұрмысқа бейімделген дала халқы емес.
Бүгінгі қазақ ұлты – бұрынғы «қызыл идеологияның»
қыспағындағы бодан халық та емес; бүгінгі
қазақ ұлты – өркениет орталығы саналатын
қала халқына айналып, сапалық жағынан
көп ілгеріледі, бүтіндей аграрлық жағдайдан
гөрі, индустриялық-инновациялық мемлекет
құруға көшіп отыр. Сонымен бірге «Мәңгі
ел» ұлттық идеясымен қаруланған тәуелсіз
халық. Қазіргі кезде әлем жұртшылығы
ұлы реформатор, ұлт лидері деп таныған
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
тікелей бастамасымен Үкімет осы бағытта
үлкен мемлекеттік бағдарлама жасап, барлық
деңгейдегі билік өкілдері елдің индустриялық-инновациялық
даму жолына түсуін қатаң бақылауына алып,
жіті қадағалап отыр. Түсінген адамға
мұның түпкі астарында да мемлекеттік
идеядан туындаған ұлттық мүдде, ұлттық
ұстын жатыр. Әлемдік тәжірибе көрсетіп
отырғандай, кез келген мемлекеттің экономикалық,
әлеуметтік гүлденуі мен қауіпсіздігі
халықтың білімі мен интеллектілік ресурстарымен
тығыз байланысты. Интеллектуалды ұлт
болу деген тар шеңбердегі ұғым емес, оның
түпкі иірімінде ұлттық негіз, ұлттық
ұстын, ұлттық болмыс жатыр. Ұлттың сапалық
құрамын арттыру тек қан тазалығын жақсартумен
ғана шектелмейді, рух тазалығын тәрбиелеу
арқылы да биік мұратқа жетуге болады.
Ал, оның түпкі мақсатында инновациялық
терең білім алу қажеттілігі мен технологиялар
әлемінде қабілеттілік таныту сұранысы
менмұндалап тұр. Өкінішке орай, бүгінгі
таңда біздің елімізде интеллектуалдық
«тапшылықты» «дефициті» қай кездегіден
де жоғары.
Елдік сананы қалыптастыру
үшін неге ұлттық тәрбиені бірінші кезекке
қоямыз? Ұлттық тәрбие өзара тығыз байланысты
екі бастаудан нәр алуға тиіс. Оның біріншісі,
қазақ халқының тарихи тағдыры қалыптастырған
мейірім, жарасым, төзім, шапағат, парасат,
ізет, бақыт туралы арман-аңсар. Таратып
айтсақ, осындай арман-аңсардың мәдениет
пен өнерде, салт-дәстүрде, тіл мен ділде,
діни сенім-нанымда түрліше көріністері
болуы керек. Екіншісі, бүгінгі тарихи
кезең аясындағы нақты бастан кешіріп
отырған қоғамдық-психологиялық ахуал.
Бірінші жағдайға қатысты ойымызды одан
әрі өрбітер болсақ, халықтың мәдениеті
мен әдебиеті, өнері мен салт-дәстүрі,
тілі мен ділі, сенім-нанымы мен діні дегенде
тарихтың сүзгісінен сараланып өткен
рухани құндылықтарға басымдық сипат
берілуі керек. Мұның өзі қоғамның тарихи,
психологиялық даму бағытында екінші
мәселенің де оң шешімін табатын жолмен
ілгері басуына кепіл бола алар еді.
Қолданылған әдебиеттер:
Журнал «Айқап» 2013
Журнал «Молодой ученый» 2014
Журнал "Отбасылық тәрбие" ,2014
Журнал "Оқу тәрбие жұмысының
айлық жоспар журналы Ересек топ"
Жұмабаев М., — Педагогика, А, Ана тілі,
1992
Аймауытов Ж.,- Тәрбиеге жетекші, Қызылорда,
1924
Ғабдуллин М.,- Қазақ халқының ауыз әдебиеті,
А, Мектеп, 1976
Тажибаев Т.,- Воспитание казахских детей
в аулах и школы Казахстана, М, Педагогика,
1973 год.
Жарықбаев Қ., Қалиев С.,- Қазақ тәлім-тәрбиесі,
А, Санат, 1995