Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 17:33, сочинение
Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай келбеті, ұлттық болмысы. Тілі құрыса, халықта жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр.
Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл жеке адам ойлап тапқан, туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тірбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз. Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. «Өнер алды – қызыл тіл» деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.