Тіл туралы шығарма

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2013 в 17:33, сочинение

Краткое описание

Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай келбеті, ұлттық болмысы. Тілі құрыса, халықта жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр.
Әр халықтың өзінің ана тілі бар. Тіл жеке адам ойлап тапқан, туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тірбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз. Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. «Өнер алды – қызыл тіл» деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тіл туралы шыгарма.docx

— 16.80 Кб (Скачать документ)

«Тіл – халықтың жаны!»

Тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай келбеті, ұлттық болмысы. Тілі құрыса, халықта жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. 

Әр халықтың өзінің ана  тілі бар. Тіл жеке адам ойлап тапқан, туынды емес, ол барша ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тірбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз. Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. «Өнер алды – қызыл тіл» деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.

Халқымыздың аса бай рухани қазынасы – туған ана тіліміз. Ол – Қазақ тілі. Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ тілі қасиетті қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатыр.

«Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тілінді құрметте»,- деп ақын ағамыз Қадыр Мырза Әли жырлағандай өз ана тілімізді құрметтеуіміз керек.

Тіл құдіреті – ерекше. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі.

Тіл – атадан балаға мирас  болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Тіл – еліміздің іргетасы, «Ұлттың қуаты тілінде».

Ата-бабамыздан қалған асыл қазына тілімізді сақтаудың тиімді жолы – отбасында ана тілінде сөйлеп, сол тілде қуанышпен ренішімізді бөлісіп отыруымыз қажет. Ақын Оразақын Асқар «Тәуелсіздік тартулары» жинағына енген өлеңінде:

«Көрінесің көзге шыққан сүйелдей,

Сұрақтар да шаншу болып  тиер кей.

Құтылмайсың барлық тілді  білсең де,

Өз тіліңнің көмегіне сүйенбей...

Ана тілде ата-баба сыры бар,

Аудармадан түп нұсқадай кім ұғар.

Өсе келе құстың тілің білсең де,

Ана тілсіз оның қандай құны бар»,- деп өлең жолдарында өз тілің  өзге телді үйренуге басты тірек  екені баяндалған. Ана тілі – бұл әкеннің тілі, туған халықтың тілі.

Қай қоғамдада тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл  өзекті мәселе болып отыр. Қазақстанда – Қазақ тілі мемлекеттік тіл. Солай бола тұрса да, бізде қазір көптеген қазақтар ішінде, сыртта, қоғамдық орындарда орысша сөйлеп, ана тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолданылу аясын әлсіретеді, тіпті жоғарғы жақтағы басшылардың өздері орыс тілінді сөйлейді, қазақша сөйлегеннің өзінде шұбарлап сөйлейді. Басты кемшілігіміз – осы.

«Тілден асқан байлық жоқ» тон-торқа, мал-мүлік, алтын-күміс байлығы  түпкілікті емес. Күндердің күнінде  сарқылады, тозады. Халықпен бірге мәңгі  жасайтын тіл байлығы екенін екенін ұмытпайық.

 

 

 

 


Информация о работе Тіл туралы шығарма