Тарихи морфология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Мая 2015 в 13:29, реферат

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты: Қазақ тілінің шығу тегін, қалыптасуын зерттеуде көне түркі жазба ескерткіштері тіліндегі ерекшеліктерді, оларды қазіргі тіліміздегі қолданыстарымен, даму сипатымен тарихи-салыстыра зерттеу.
Жұмыстың міндеттері:
- Көне түркі ескерткіштердегі сөз тұлғаларына сипаттама беру
- Көне түркі тіліндегі сөз таптарының түрлері

Содержание

КІРІСПЕ ...................................................................................................... 3
I. ТАРИХИ МОРФОЛОГИЯ ЖӘНЕ СӨЗ ТҰЛҒАСЫ........................... 4
II . КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ ЕСІМ СӨЗ ТАПТАРЫНЫҢ ДАМУЫ.....8
2.1.Зат есім.................................................................................................... 8
2.2.Сын есім.................................................................................................. 14
2.3.Сан есім................................................................................................... 15
2.4. Есімдік.................................................................................................... 16
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................... 18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..................................... 19

Прикрепленные файлы: 1 файл

мрфолгия.docx

— 42.13 Кб (Скачать документ)

 

      МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ...................................................................................................... 3  
I.   ТАРИХИ МОРФОЛОГИЯ ЖӘНЕ СӨЗ ТҰЛҒАСЫ........................... 4    
II . КӨНЕ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ ЕСІМ СӨЗ ТАПТАРЫНЫҢ ДАМУЫ.....8   
2.1.Зат есім.................................................................................................... 8  
2.2.Сын есім.................................................................................................. 14  
2.3.Сан есім................................................................................................... 15   
2.4. Есімдік.................................................................................................... 16   
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................... 18  
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..................................... 19  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

  Жұмыстың өзектілігі:  Еліміз егемендік алғанға дейінгі кезеңде ежелгі әдеби жәдігерлер жүйелі түрде  зерттелген  емес.  Тек  жекелеген  түркітанушы  және  шығыстанушы ғалымдар ғана ежелгі әдеби жәдігерлерді іздестіру, көне қолжазбалардың мәтінін  сараптау,  басқа  тілдерге  тәржіма  жасау,  жариялау  істерімен айналысты.   

  Жұмыстың мақсаты: Қазақ  тілінің  шығу  тегін,  қалыптасуын зерттеуде  көне  түркі  жазба ескерткіштері  тіліндегі  ерекшеліктерді,  оларды  қазіргі  тіліміздегі қолданыстарымен,  даму  сипатымен  тарихи-салыстыра  зерттеу.

Жұмыстың міндеттері:

  • Көне түркі ескерткіштердегі сөз тұлғаларына сипаттама беру
  • Көне түркі тіліндегі сөз таптарының түрлері

  Жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

  

1. ТАРИХИ МОРФОЛОГИЯ ЖӘНЕ СӨЗ ТҰЛҒАСЫ 

Ескі ұйғыр ескерткіштері тілінің де ерте кездерде қалыптасқан, жүйелі морфологиялық құрылысы болған. Будды, манихей, ұйғыр халқының әкімшілік, шаруашылық өміріне байланысты кездесетін ескерткіштер тілінде қазіргі заманғы түркі тілдерінде кездесетін грамматикалық формалардың бәріде түгел  кездеседі.

Ескі ұйғыр жазу ескерткіштері тіліндегі сөздер өзінің құрамына қарай төмендегідей үш топқа бөлінеді [4,139 б.]:

1. Түбір  сөздер. Ескерткіштерде бөліп, жаруға келмейтін жалаң түбірлерден құралған түбір сөздер де кездеседі Олардың түрлері темендегідей:

 
а) Тек жалғыз дауыстыдан құралған түбір. Мұндай сөздер мәтіндерде онша көп емес. ы —бұта, өсімдік

 
б) С—У (Дауыссыз және дауыстыдан құралған түбір): 
кү— даңк

тү—түк(шаш)

со — шынжыр

 
в)У—С (Дауысты және дауыссыздан құралған түбір):

ад — ат іт — ит

аз — аз от — от

ай — ай ол —ол

ал — ал өг—шеше

еб — үй өд—уақыт

ер — ер  уд — бұқа

ем — ем  уз — шебер

ід—есеп   үч—үш

іг—ауру 

г) (дауыссыз, дауысты және дауыссыздан құралған)  
бағ— байлам, байлау  
муң — мұң, қайғы

 баш — бас  

 бай — бай  

 бар — бар         

 бег — бек  

 біл — біл           

 бір — бір    
бөз — бөз 
қой — қой  
кім — кім    
күч — күч 
куш — құс 
саб — сөз 
сан — сан 
сув — су 
тағ — тау 
тіл — тіл  

мен —мен   
йағ — май 
йаз — жаз      

 

д) С—У—С—С (дауыссыз, дауысты, дауыссыз және дауыссыз):

барс — барыс  
барқ — үй 
берқ— берік  
йонт —жылқы 
йурт — жұрт

 
Екі буынды түбірлер ашық, тұйық және бітеу буындардан құралады.  
1) У— С— У (дауысты, дауыссыз және дауыстыдан құралған):

ағы— қазына  
апа — апа  
ата — ата 
ікі — екі 
іні — іні

  1. У—С—У—С (Дауысты, дауыссыз, дауысты және дауыссыз):

адаг — аяқ  
ачыг — ащы 
агыр—ауыр    
ешід — есіт 
өкүн — өкін 
ынан — сен

3) У—С—С—У (Дауысты, дауыссыз. дауыссыз және дауысты):

алку — бөрі  
алты — алты  
арта—арта  
орду—сарай 
орта — орта 
утлы—сыйлық

 
4)С—С—У—С;  У—С—У—С,  С—У—С—С—С—У;  С—У— С—У және тағы басқа түрлері кездеседі: 
 
бага — бақа ішле — істе 
балық — кала сілк — сілік 
чечек — шешек бедіз — ою 
бічін — мешін қатун — катын 
йаруқ — жарық арслан — арыстан  
сығта —сықтау ердем — батырлық

2.Туынды  сөздер.Ескі ұйғыр ескерткіштеріндегі сөздер тек жалаң түбірден ғана құралмайды Олар қазіргі тілдердегідей жұрнақтар жалғану арқылы да жасалады

батсық — батыс 
бөлүг — бөлік   
білігсіз — біліксіз  
етікчі—қарыздар 
йолчы—жолшы   
күчлүг—күшті  
қорқыныш — қорқыныш

3.Күрделі сөздер. Күрделі сөздер қатарына, көбінесе, кісі аттары мен жер-су және кейбір сөз тіркестері жатады:

Бег Буқа — Бекбуқа (кісі аты)  
Иал Түрган — Иалтурган (кісі аты)  
Іл Темір — Елтемір (кісі аты)  
Оркун йір — Орхон жер  
бүкүн — бүгін  

II . КӨНЕ ТҮРКІ  ТІЛІНДЕГІ ЕСІМ СӨЗ ТАПТАРЫНЫҢ  ДАМУЫ

2.1.Зат есім

Зат есімдер заттың, нәрсенің, құбылыстардың аттарын білдіреді. Зат есімдер семантика-мағыналық жағынан екіге (нақтылы және абстракті) бөлінеді. Көзге көрініп, денеге сезілетін зат атаулары нақтылы есімдерге жатады [4,139 б.]:

йонт — жылқы 
кіші — кісі  
куш—құс

лаиіын — лашын

огуя—ұл  
уд — сиыр

Абстракті зат есімдер негізінде адамның ойлау қабілеті арқылы танылады. Олар көзге көрінбейді, тек заттық үғымды білдіреді.

берім— берім, қарыз 
біліг — білік 
татығ—жұмыс   
тынлық — тіршілік  
Зат есімдер өзінің морфологиялық жағынан септеледі, тәуелденеді,көптеледі, кейде жіктеледі. Құрамы жағынан негізгі, туынды түбір болып бөлінеді. Буын құрамына қарай бір, екі, және үш буыңды болып келеді. Бірақ төрт және одан да көп буыңды болып келуі ескерткіштерде сирек.  
Көптік жалғау

Көптік жалғау — түркі тіддерінің бәріне де тән категория. Ескерткіштерде қазіргі ұйғыр және өзбек, татар тілдеріндегідей етістік түбіріне көптік жалғауы жалғана береді.

бартылар — барды   
бітіділер — жазды 
оқутдылар — оқытты  

Ескерткіш тілінде де көптік жалғауы жалғанбай-ақ көптік мағынаны білдіретін сөздер кездеседі. Олардың қатарына кейбір жинақты ұғымды сөздер,  лексикалық мағынасының өзінде көптік мәні бар сөздер жатады, зат есімнің алдында оның қанша екендігін білдіретін үкүш, көп сияқты сөздер айтылғанда оларға көптік жалғауы жалғанбайды [1,142 б.].

      Текстерде кездесетін  қос сөздерге де көптік жалғауы  жалғанбайды. Ескерткіштерде көптік  форма -лар, -лер аффикстері арқылы беріледі.  
Жуан буыңды сөздерде -лар түріңде келеді.  
йоллар — жолдар  
дінларлар — діндарлар

тынлығлар — тіршіліктер   
орынлар — орындар  

Жіңішке буынды сөздерде -лер түрінде келеді:  
йеклер — жындар

тенрілер -тәңрілер   
Тәуелдік жалғауы

Көне ұйғыр жазба нұсқалары тілінде де тәуелдік жалғаулар үш жаққа, жекеше және  көпше болып бөлінеді.

Ескерткіштерде кездесетін тәуелдік жалғаулар төмендегідей:

жақ

жекеше

көпше

I жақ

-м, -ым, -ім, -ум,-үм

-мыз, -міз, -ымымыз, -іміз

I I жақ

-ң, -ың, -ің, -уң, -үң

-ңыз, -ңіз, -ыңыз, -іңіз

I I I жақ

-ы, -і

-лары,-лері


 

жақ

жекеше

көпше

I  жақ

теңрім — тәңрім

теңріміз — тәңріміз

I I  жақ

евін — үйің

улусыңыз — облысыңыз

I I I жақ

сачы — шашы

бойунлары — мойыцдары


 
Тәуелдік жалғаулы  сөз әруакытта ілік жалғаулы сөзбен байланысты айтылады.

Септеулік жалғаулар

Зат есімдер сөйлем ішінде басқа сөздермен байланысты айтылады. Олар әдетте септік жалғаулары арқылы келеді. Көне ұйғыр жазба ескерткіштері тілінде төмендегідей септіктер кездеседі.

1.Атау

2.Ілік

3.Барыс

4.Табыс 
5. Жатыс 
6. Шыгыс 
7. Көмектес

Атау. Атау тұлғада тұрған сөздің ешбір жалғауы болмайды. Ол басқа септік жалғауларының жалғануына негіз болып есептеледі. Атау тұлғадагы сөздер түбір, туынды, біріккен, қос сөздер түрінде және тәуелдік жалғау түрінде келеді. 
Ол бег тіріліп келті — Ол бек жиналып келді.  
Тогмақ болмасар, қарымақ, өлмек болмаз — Туу болмаса, қартаймақ, өлмек те болмас.  

Ілік септік. Ілік септікте тұрган сөз заттың, қимылдың не белгінің белгілі біреуге тән екендігін көрсетіп, -ың, -ің, -ның. -нің (нуң, нүң) аффикстерінің жалғануы арқылы жасалады.

Темүрнүң — темірдің 
бөрінің — берінің  
йернің— жердің 
Оглының— ұлының

Ілік септікте түрған сөздер ешуақытта жеке айтылмайды. Олар үнемі тәуелдік жалғаулы сөздермен тіркесте келеді.

Ең кічігі — оглының аты — Магастава ерті — Ең кіші ұлының аты - Магастава еді.

Текстерде ілік жалғаулы сөз ашық түрде де, жасырын түрде де келеді. Ілікте тұрған сөз сөйлем ішінде, негізінде, анықтауыш мүше қызметін атқарады.

Барыс септік. Барыс септік белгілі  істің, қимылдың алған бағытын көрсетіп, төмендегідей аффикстер арқылы жасалады 
а) –қа, -ке: 
йылқықа — жылқыға  
іске-іске 
тынлығқа — тіршілікке  
күчке — күшке 
қанка - канға  
улугқа — ұлыққа 
б)-ғару, -геру, -ғары, -гері: 
Біргеру-Бері қарай 
йергерү- жерге қарай 
теңрігерү—тәңірге қарай

-гары, -гері аффикстері — құранды аффикстер. Олар -ға және -ру қосымшалары арқылы жасалған.Текстерде -рү аффикстері жалғанған сөздерде кездеседі: Ыңару-ол жерге т. б. 
В)-ра, -ре 
Өңре — алға 
ташра — сыртқа, далаға 
г)-а -е; Жіктік есімдіктері мен тәуелдік жалғаулы сөздерден соң жалғанады: 
құтыңа — құтыңа 
күчүңе — күшіңе 
башыңа — басыңа 
йеріңе — жеріңе

Ескерткіштердегі барыс септікте келетін сөздердің мағыналары әр түрлі. Олар бет алысты, бағытты, мекенді және мезгілді көрсетеді. Сөйлем ішінде не толықтауыш, не пысықтауыш кызметін атқарады.

Табыс септік. Табыс септіктегі сөз амал мен іспен тікелей байланысты болып,төмендегідей  аффикстер арқылы жасалады.

А) –ны, -ні 
бізні — бізді 
оларны — оларды 
б)-ыг, -іг, -уг, -іг. 
кісіг — кісіні  
ісіг — істі  
номуг — ережені, занды 
-ыг, -іг аффикстері қазіргі кезде түркі тілдерінде кездеспейді, бірақ Орхон-Енисей және көне ұйғыр жазба нұсқаларында жиі қолданылған. Ол — моңғол тілінен енген форма.

в)-ын,-ін,-н Тәуелдік жалғаулы сөздерден соң жалғанады.

ойнун — ойнын  
сөзін — сөзін т. б.

Табыс септіктегі сөздер толықтауыш қызметін атқарады. ашық түрде де, жасырын түрде де кездеседі.

Жатыс септік. Текстерде жатыс септік заттың мекен, мезгілін білдіріп, -та ,-те, -да, -де аффикстерінің жалғануы арқылы жасалады. Көңүлте — көңілде  
бітігде— жазуда 
йазуқда — жазыққа, далада  
балықда — қалада

Тәуелдіктің үшінші жағында -ынта, -інте, -нта, -нте аффикстері арқылы келеді.

күчінте — күшінде  
қатунында — қатынында 
елігінде — қолында

Жатыс септікте тұрған сөздер сөйлем ішінде, көбінесе, жанама толықтауыш, не пысықтауыш мүше болады.

Шығыс септік. Шығыс септікте тұрған сөздер қимылдың орнын, себебін, мезгілін білдіріп -дің -тын, -тін, (-дан, -ден, -тан, -тен) аффикстерінің жалғануы арқылы жасалады. 
улустын — облыстан  
төпедін - төбеден  
балыктын — қаладан  
Көмектес (құралды) септік.Көмектес септік текстерде төмендегідей қосымшалар арқылы жасалады. 
а)-ң,-ың,-ін. 
көзін — көзімен 

елігін — қолымен  
адақын — аяғымен 
б) бірле: 
огланы  бірле —ұлымен бірге  
2.2.Сын есім

Көне ұйғыр жазба нұсқаларында кездесетін сын есімдер мағынасына қарай екі түрлі.

Сапалық сын есімдер.

Қатыстық сын есімдер.

Сапалық сын есімдер. Ескерткіштерде ешбір аффиксіз түбір күйінде заттың түр-түсін, сыр-сипатын көрсететін сапалық сын есімдер де кездеседі. Олар төмендегідей топқа бөлінеді (4.145 б.]: 
Заттың түр-түсін білдіретін сын есімдер: 
Йашыл- жасыл сарыг—сары қызыл — қызыл 
Заттың көлемі мен аумағын білдіретін сын есімдер:  
артуқ — артық  
йумчақ — жұмсақ 
бедүк — биік  
йінчке — жіңішке  
күчлүг — күшті  
улуг — ұлы, үлкен 
Заттың сапа, сыр-сипатын білдіретін сын есімдер: 
ач — аш  
арыг — таза  
бош —- бос  
ысық — ыстық, ыссы 

Қатыстық сын есімдер. Текстерде қатыстық сын есімдер аффикстер жалғау арқылы басқа сөз таптарынан жасалады. Сын есімдер жасайтын аффикстердің бастылары төмендегідей: -лы, -лі. 
2.3.Сан есім.

Есептік сан есімдер. 
ікі — екі 

үч— үш 

төрт — төрт 

беш — бес 
отуз — отыз 
қырқ—қырық 
еліг—елу

алтмыш — алпыс

йетміш-жетпіс  
секіз он — сексен   
йүз — жүз

тоқуз — тоғыз  
бін — мың

он — он  
түмен — он мың

Реттік сан есімдер. Текстерде реттік сан есімдер -інті, -нч, -ынч, -інч аффикстерініц жалғануы арқылы жасалады:

екінті — екінші  
учунч — үшінші 
тортінч — төртінші  
бісінч — бесінші  
алтынч — алтыншы 
Жинақтау сан есімі. Жинақтау сан есімі ескерткіштерде -егү аффиксінің жалғануы арқылы жасалады.

Информация о работе Тарихи морфология