Шпаргалка по "Литературе"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2013 в 20:40, шпаргалка

Краткое описание

Работа содержит ответы на вопросы для экзамена по "Литературе" на казахском языке.

Прикрепленные файлы: 1 файл

казак адебиетин окыту адистемеси .docx

— 56.78 Кб (Скачать документ)

 Қорытынды сабақтар, ерекшеліктері.  Көркем шығарманы талдаудың шешуші  кезеңі екендігі. Бекіту сұрақтарының  орны.                                                             

Жазушы өмірбаянын оқыту. Шолу тақырыптарды оқыту. Әдебиет теориясының  мәселелерін оқыту.

11 сурак

Қазақ әдебиеті пәнінің бағдарламалары. Қазақ әдебиетінің пән ретінде қалыптасуы 1930 жылдардан басталатындығы. ВКП(б) ОК 1932 жылғы 25 тамыздағы «Бастауыш және орта мектептердің оқулықтары туралы» қаулысы., оның республикамызда халық ағарту ісінің жандана түсуіне ықпалы.

Отызыншы жылдардың басында  қазақ әдебиетін өз алдына пән  ретінде оқытылуына байланысты мектептерге  арналған алғашқы оқулықтар жазыла бастауы. Оған С.Сейфуллин, С.Мұқанов, М.Әуезов секілді белді әдебиетшілердің  араласуы.  Әдебиет пәні үшін Одақ көлемінде алпыс жыл тұрақты  болған түбегейлі бетбұрыс 1933 жылы қабылданған бағдарламаларға көшу болғандығы. Мектепке арналған қазақ  әдебиетінің алғашқы оқулығының М.Жолдыбаев, М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаевтардың  құрастыруымен 1933 жылы «Қазақстан»  баспасынан (7-сыныпқа арналған) шыққандығы. Басқа да қазақ әдебиеті оқулықтары мен бағдарламалары туралы.

Тәуелсіздік кезеңіндегі  білім стандарты мен жаңа бағдарламалар. Әдебиет пәні бағдарламасының мемлекеттік  құжат ретіндегі қызметі. 2 сурак ӘӘ қарау

 

 

13 сурак

Қазақ әдебиетін оқыту әдiстемесiнiң  басқа ғылым салаларымен байланысы. Әдебиетті оқыту әдістемесінің ғылым пәні екендігі. Әлдебиет пәнінің мектептер жүйесіндегі орны және өзіндік ерекшеліктері. Теориялық, методологиялық негіздері. Философия, тарих, әдебиеттану, тіл білімі, эстетика, педагогика, т.б. ғылым салаларының байланыстылығы.  Мұғалім және оның әдеби білім берудегі орны. Әдебиетші мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен адамдық, азаматтық тұлғасына қойылатын өлшемдер.  Әдебиетті ғылым әрі сөз өнері ретінде оқыту әдістемесінің дидактика, әдебиеттану, тарих, музыка, бейнелеу өнері, т.б. салалармен сабақтастығы. Педагогикалық психология мен оқыту әдістемесінің тоғысар тұстары.     Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің ғылым пәні ретіндегі басқа ғылым салаларымен байланыс, оның дәлелдемелері.  Әдебиетті ғылым әрі сөз өнері ретінде оқыту әдістемесінің дидактика, әдебиеттану, тарих, музыка, бейнелеу өнері, т.б. салалармен сабақтастығы. Бұл ғылым салаларының әдебиетті оқытудағы тоғысар тұстарына қысқаша мысалдармен дәлелдеу.  Педагогикалық психология мен оқыту әдістемесінің тоғысар тұстары.

 

32 сурак

КККККККККККК

Көркем  мәтінді талдау жолдары. Көркем мәтінді оқу барысында оқушыларды, сөз жоқ, ең алдымен оқиға желісі, кейіпкерлер тағдыры қызықтырады. Соған байланысты олар қуана, қайғыра біледі. Көркем мәтінде талдау арқылы мұғалім баланың көркем сөзді түсіне білуне, оған деген ынтасына да әсер етеді. Бірте –бірте оқушы өмірді түсіне бастайды, өзіндік көзқарас қалыптаса бастайды, тұжырымдап айтқанда, көркем шығарма оқушының жеке басының қалыптасуына да ерекше әсер етеді. Көркем туындыдан ләзат алу, оған бойлау, оны талдай білуге де байланысты. Талдаудың тиімді әдіс –тәсілдері ретінде тәжірибеде кеңінен пайдаланып жүрген бір түрі – жан –жақты талдау.  

Жан –жақты толық талдау  көркем туындыны тұтастай қарастырып талдайды. Әсіресе, бұл талдау кейде мәтіндік талдау деп те аталады. Жан –жақты талдау  уақытты көп алады, дегенмен оның тиімділігі көркем туындыны жанды бар организмдей тұтастай қарастырады. Шешуші бір эпизодтар, не суреттеу, баяндау, кейіпкер монологі, сөйлеу тілдері негізге алынады. Бұл талдаудың өзіндік ерекшелігі сол, үнемі мәтінге жүгініп отырады. Сондықтан мұғалім көркем туынды идеясын ашатын оқиға, эпизодтар, кейіпкерлер сөзі, іс –әрекеті, оны ашатын мәселелерде назарға алып отырады. Мысалы, М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы Құнбай бейнесін, оның негізінде жатқан басты проблемаларға барар жолды айқындайтын алтын кілт ретінде бірнеше көріністі алуға болады. Әрине, Құнанбайды ашатын эпизодтар көп. «Қодар мен Қамқа өлімі» немесе «Әмірді жазалауы» сияқты оқиғалар –ақ Құнанбайды ашып бере алады. Дегемен, М.Әуезов сомадаған ақылды, әрі шешен, әрі тайсалмас бірбеткей Құнанбайдығ қу, әккі Құнанбайды, жақсы қасиеті мен жамандағы астасып келе жатқан Құнанбайды ашатын негізгі кілт осы сияқты. Мәтіндік талдауда оқушылардың шығармашылық жұмыстарына ерекше көңіл бөлу керек. Оған мәтін бойынша инценировка жасату, суреттер салғызу, сценарийлер, жазғызу, Әмірді арашалауға инценцировка жасату болады. Қай шығармада қандай тапсырма беруді мұғалім өзі ойластырады. Сынып ерекшелігіне, балаларды қабілетіне байланысты тапсырма түрі де өзгеріп отырады.   Талдаудың келесі бір түрі – шолу бағытындағы талдаулар. Бұл талдаудың өзіндік ерекшелігі сол, мұғалім көркем туындыны жалпылама, шолу бағытында қарастырады. Проблемалық сұрақтарға немесе белгілі бір эпизодтарға арнайы тоөталмайды.  Көркем шығарма сюжет, композициясы,тілі, көтерген тақырыбы тұтастай қамтылады. Оқушылар көркем мәтінмен емін –еркін жұмыс істей алады.    

Талдаудың тағы бір түрі – белгілі бір мақсат, бағытты алдына қойып, чоны айқындау үшін жүргізілетін сұрыптап талдаулар. Бұл талдау көбіне проблемалық сұрақтар, проблеманы  шешу айналасында ұйымдастырылады. Мұғалім шығарма негізінде ең басты проблемаларды сұрыптай отырып, талдауды соны  шешуге бағыттайды. Мысалы: «Қараш – Қараш» оқиғасы бойынша « Бақтұғұлдың ең басты қателігі неде?» немесе «Отырар» дастаны (М.Шаханов 5- сынып) өлеңі бойынша Шыңғыс пен оның әулетенің Отырарды 6 ай бойы ала ламау себебінің негізін қалай түсіндіруге болады?» деген проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін оны ашатын эпизодтар, оқиғалар сұрыпталып алынады.   Көркем шығармалад. Оқып – үйрену жұмыстары  оқушыларға көркем туынды жайывнда ғана мәліметтер, яғни білім бермейді, ең басытысы олардың дағдысы, оқу машықтары іскерлікпен қалыптастырып, дамытады. Мұғалім проблемалық сұрақ қоя отырып, оқушыларды оны шеше білуге жетелейді, оқушылар мәтінге жүгінеді, өз ойларын, болжамын айта білуге дағдыланады. Немесе инценировка, сценарийлерарқылы шығармашылық қабілетін дамытуға әсер етеді. Проблемалық сұрақтар оқушыларды өз беттерімен ізденуге жұмылдырады,салыстыру, қорытынды  жасай білу дағдыларын жетілдіреді.Әдеби талдауда мұғалім әр түрлі әдіс – тәсілді пайдаланады.Мысалы, төменгі сыныптарда мазмұндау, әңгімелеу, пікірлесу сияқты сөздік әдістеріне мұғалім жиі жүгінеді. Сол арқылы оқушыларды мәнерлеп оқуға, мазмұндауға, оқығандарын әңгімелеп, баяандап беруге жетектейді. Сұрақтар қоя отырып, дәл, нақты жауаптар бере білуге, т.с.с. жұмыстарға да да баулиды. Қорыта айтқанда, мұғалім талдауда қандай бір әдіс – тәсілдерге жүгінсе де, ол солар арқылы оқушыларға білім беру прцесін ғана жүзеге асырмайды, ең бастысы, біліммен қоса, іскерлік дағдыларының қалыптасып, дамуына да зор әсерін тигізеді.

Көркем  шығармаларымен жұмыстың қорытынды  кезеңдері Көркем шығарманы талдауға берілетін сағаттарды мұғалім қай талдауға берілген сағаттарды мұғалім қай талдау түрімен жүргізбесін, қандай әдіс – тәсіл пайдаланбасын, соның ішінде қорытынды жұмысқа арнайы сағат бөліп, қорытынды сабақтар өткізудің маңызына ерекше көңіл бөлуі керек. Қорытынды жұмыстарда мәтінді қайталап оқып,не болмаса уақыттың бәрін оны талдауға жұмсайды. Балалар оқыған бәрін оны талдауға  жұмсайды. Балалар оқыған дүниелеріне қайта айналып соғады.  -

 

21 сурак

ЛЛЛЛЛЛЛЛЛЛ

Лирикалық шығармаларды оқыту.Лирика – адамның ішкі сезім-күйін, эмоцияналдық жағдайын бейнелейді.Лириканы оқытудың өз заңдылығы бар. Лириканы оқыту  күрделілігі  оның жанрлық  ерекшелігінде  ғана емес, оқушылардың оған деген көзқарасы, қарым-қатынасында.  5-8 сыныптар   оқушыларының көбі поэзиядан гөрі  қызықты,  мазмұны бар прозалық шығармаларды ұнатады. Мұғалімге оқушыларды лирикалық  шығармаларға қызықтыру, тарту жұмыстарынан гөрі  прозалық шығармаларға қызықтыру, тарту жеңілірек болады. Лирикалық шығармаларда ақын өз ойын,сезімін, күйін тікелей  кейіптеу арқылы жеткізсе,  лириканың сол өзіндік қкасиеттерін  түсіну үшін,  баланың да  ақынжанды  жүрегі,нәзік сезімі,  ұшқыр ойы болу керек. Ал ондай сергектік, нәзіктік кез келген адамада бола бере ма? Лирикалықшығармаларды құлақпен еме, жүрекпен, смезіммен  қабылдау керек десек, ол шығармаларды бала қалай  меңгерді, нені сезді,  неге тебіренді, қандай көңіл-күйде болды, оны тексеру де мұғалімге оңай соқпайтын мәселелер. Сондықтан лириканы оқытудың күрделілігі осында.    5-8 сыныптарда  сабақ басталмас бұрын , көңілді, сазды, назды музыка қойып қою, мүмкіндігі келсе, өтілгелі отырған  лирикалық шығарманың әні болса, әнімен қойып қоюдың, күйлерді тыңдаудың оқушыларды сабаққа әзірлеуде маңызы зор.                                                                                                          Лирикалық шығармаларды 5-8сыныптарда мына мәселелерге көңіл бөлу керек:А) лирика туралы әдеби-теориялық  бастапқы ұғым беру, оны, біріншіден, тереңдете беру, сабақтың алғашқы кіріспесінде  лирикалық шығармалар, олардың өзіне тән белгілері, негізгі қасиеттері жайлы  сөз ету. Мысалы, 5-сыныпта, алдында өздері өткен ертегі, өлең, мысал, әңгімелерімен салыстыра отырып, лириканың өзіндік ерекшеліктерін тұжырымдап, қарапайым, ұғынықты, қысқа ғана түсінік беру.Ә) өлеңді үйде алдын ала оқып, танысуға беру, Б) мұғалім өлеңнің поэтикалық көркем тіліне, құрылымына міндетті түрде назар аударуы, талдамас бұрын оқушылармен жұмыс жүргізу қажет.олардан өздеріне ұнаған шумақтар,  әдемі, сұлу, бейнелі  сөздер, ұтымды, шебер шыққан сөз тіркестерін сұрап білудің маңызы зор. Себебі , лириканы оқытудың басты мақсаттарының бірі – оқушыларды поэзияны сүюге, оның кестелі тілін сезіне білуге, әдемі, көркем сөйлей білуге  баулу болып табылады. Мұндай жұмыс оқушыларды өз алдына, өз бетімен әдеби мәтінді талдауға дағдыландырады.В) өлеңді әуенмен, сазымен мәнерлеп оқуға, жатқа айтуға ерекше көңіл бөлу,Г)өлеңдегі ақынның көңіл-күйін бағдарлату,  оқушылардың өз сезімі,  өлеңнің әсеріне назар аудару;Д) тақырыпқа сай музыканы, бейнелеу өнерін т.б.тиімді пайдалану.Е) тиімді, көңілді оқу жағдайын туғызу, (балаларға ұрыспау)Ж) қабілеттерін, шабыттарын ояту. Белсенділіктерін арттыру.З) әр түрлі сабақ  үлгілерін іздену. (мысалы: концертсабақ, пәнаралық байланыста өтетін сабақтар)Лирикалық шығармаларды өтуде оқушылардың  шығармашылық жұмыстарына да ерекше көңіл бөлу қажет. Сабаұта қабілеттеріне қарай сурет салдыру, өлең жаздырту, шағын шығарма жаздырудың маңызы зор.                                                                                               Мысалы Абайдың «Күз» өлеңі. Өлеңді мәнерлеп оқыту, қосымша сұрақтар қою.  Мағынасы түсініксіз сөздердің мазмұнын ашу,

Лириканы оқыту  әдістемесі шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына, эстетикалық-көркемдік қуатына, сабақтың оқу тәрбиелік міндеттеріне сай берілетіндігі. Лирикадағы ақындық тіл ой нақтылығымен, табиғи бояуымен, суреткерлік қуатымен сабақ көрнекілігін қамтамасыз етуі. Оқушы қызығушылығының лирикалық шығарманың азаматтық үніндегі, әлеуметтік мазмұнындағы астарларға, жеке сөз, сөз тіркесіндегі, тұтас сөйлемдердегі көркемдік бояуларды , эмоциялық реңтерді қабылдау қабілетін дамытуға бағытталатындығы. Лириканы оқытудағы басты мәселе мазмұн мен форма бірлігін сақтау. Лирикадағы философиялық-эстетикалық, поэтикалық ой арқауын түсіну, шығармадағы шынайы адамдық сезім биігін ұғу.

 

МММММММ

Мысал жанрын  оқыту.Мысал – аллегориялық жанр. Айтылатын ой ашық берілмейді, астармен, меңзеумен беріледі.Жануарлар әлемі, құс, өсімдік, т.б.мысалдар бас кейіпкер ретінде алынады. Өткір сын, ащы сатира,  байсалды  юмор, келемеж, мысқыл да осы мысал жанрында.  Әдебиеттегі бағдарламада мысалдардың көбі бастауыш сыныпта беріледі.  Ең алдымен мысал жанрының ерекшелігі  туралы әдеби-теориялық  ұғымнан мағлұмат, түсінік берген жөн, яғни мысалда  ойдың ашық, айқын берілмейтіні, жорамал, меңзеу, әжуа, юмор, ащы сатира оның негізгі көркемдік тәсілі екендігін оқушыларға  әңгімелеу, баяндау  әдісімен жеткізге дұрыс. Мысалдарды оқу, талдау барысында бұл түсініктерге  қайта оралып, осы ұғымдарды  оқушылардың өзіне аңдатып, түйіндетіп отыру керек. Алдымен, әдеби- теориялық ұғым беру, оқушыларды  оқығалы отырған көркем шығарма  ерекшелігін   аңдауларына, ары қарай оны талдау белсенділіктерін арттыруға жетелейді. Оқығалы отырған  мысалды алдын ала үйден оқу келу тапсырылса, оның тиімділігі  тіпті зор болмақ.  Мұғалім оқушыларға үлестірме қағаздарын беріп, өз бетімен оқуға, талдау жасауға жетелейді. Мысалы, 5-сыныпта И.Крыловтың «Есек пен бұлбұл» мысалын алсақ, (Абай аударған)

  • Есек пен бұлбұл туралы не білесіңдер? Есек қандай хайуан, бұлбұл қандай құс?
  • Есектің өтініші, яғни бұлбұлға ән салып бер деуіне көңіл қой.
  • Бұлбұл әнінің «мың түрлі күйге салған» құдіреті сипатталатын  шумақтарды тап. Адам, жануар, табиғаттың сол кездегі қалпын көрсет.
  • Есектің бұбұл әніне берген бағасы, сыны
  • «әтештен үйрену керек» деген ақылға қосыласың ба? қосылмайсың ба? себебіне?
  • Ең соңғы шумақтың мазмұнына ой жүгірт: а)неге ақын  «Мұндай сыншылдан құдайым бізді сақтасын» деп қорытындылайды. Ә) өзің осықорытындыға келісесің бе? Б) автордың көңіл-күйі жайлы  не айтар едің?
  • Осы мысалда есек, әтеш, бұлбұл  арқылы ақын не айтпақ болған?

Мысалдарды талдаудың  ең тиімді әдісі – рөлге бөліп  оқу, инсценировка-көрініс жасау  болып табылады. Көрнекіліктің маңызы зор. 

Оқушыларды рөлге бөлгізіп, мәтінмен жұмыс істету керек. Түсініксіз сөздердімен жұмыс жасау керек.

Сабақты қызықты өту үшін, жоғары сыныптың қабілетті оқушыларымен мысалды инсценировкалап,  талдау алдында көрініс беріп, әншілердің айтуындағы «Бұлбұл әнін» пайдаланса артық емес. Бұндай сабақтарды  әдеби-композициялық  сабақтар дейміз.                                                                     Қай әдеби жанрда жазылған шығарма  талдамасын, мұғалім  сабақ өткелі  отырған тақырып ерекшелігі, сынып  ерекшелігіне назар аударып барып, пайдаланылатын көрнекілік, әдіс-тәсіл, сабақ түрлерін үйлестіре, тиімді дегендерін сұрыптап алу білу  қажет. «Есек  пен бұлбұл» сияқты барлық мысалдар көлемі жағынан  тұжырымды, қысқа,айтар  ойы жағынан қомақты, салмақт  ыболып келеді, айтылмақ ой жасырын  жатады. Оқуға жеңіл, әрі қысқа  осындай мысалдар тез оқылады, бірақ  түп негізінде не жатқанын тез  аңғару оңай еме. Үйге тапсырма балалардың сабақты қалай меңгергеніне байланысты беріледі. Жалпы қабілеттеріне әсер ету, білім дағдыларын жетілдіру, мақсатында  рөлге бөліп, жатқа мәнерлеп оқу,  көрініс көрсету сияқты шығармашылық сипаттағы тапсырмалар беру аса  тиімді болып келеді. Әдебиет сабағы ақыл-өнеге, имандылық, адамгершілік, ғибратқа толы болу керек десек, мысалдарда осының бәрі болады.   Мысалдар арқылы әділдікті, кішіпейілдікті ұлгі етіп, тұрпайлықты,әділетсіздік, топастықтан жирендіру жұмыстарын жүргізу керек. Мысалдың басты мақсаты  – адам баласының бойына жақсы, ізгі қасиеттерді сіңіру,терең ғибрат алу, өнеге беру. Мысал жанрымен тансытырғанда  ертегімен салыстыруға болады.  Негізінен екі жанрда да  жан-жануарлар, табиғат құбылыстары мол қатысады. Екеуінің де танымдық мәні жоғары.  Хайуанаттар жайлы ертегінің  мысалмен үндестігі мол. Тек, ертегілерде  бірыңғай хайуанаттар қатыса бермейді. Кейде адам  мен жануар аралас келеді. Мысал көбіне өлең түрінде  келетін ықшам жанр. Ертегі негізінен  қара сөз, баяндау түрінде келеді. Екі жанрдың аяқталысы да үндес. Ертегі үнемі жақсылықпен, халық  қалаған  қаһарманның  барша мұратына  жетуімен аяқталса, мысалда негізінен  өмірдегі  жақсылықты насихаттаумен, ишаралаумен бітеді.

 

 

ШШШШ

Шолу  тақырыптарын оқыту. Шолу тақырыптары 9-11сныптар бойынша беріледі.Бағдарламаларда берілетін сағат санының аздығы бірақ шолулардың ауқымдылығы маңзы оны оқытудың өзіндің күрделілігін көрсетеді.Шолуларда ең алдымен тарихи-саяси міселелелер,қоғам дамуының жалпы сипаты беріледі,әрі қарай мәдениет,әдебиет, өнереге олардың әсері сөз етіледі.Әдеби бағыттар, жанрлар, ағымдар туралы айтыла отырып, ақын-жазушылар шығармашлығы олардың негізгң жетістіктері әңгімеленеді.Шолу тақырыбында оны өтуге бөлінген уақыт тапшы.Әдебиетті оқытуда шолу тақырыптарының маңзы сол,ол бүкіл бір кезең әдебиеті туралы оқушыларға алдан ала хабар береді, жан-жақты түсінік жасайды.осы мол да маңызды материалдарды мұғалім іріктеп, саралап. Ең негізгі мәселелердің дәнін түйінін бөліп ала білу керек.сабақ алдында  «Бүгінгі сабақтың ең маңызды мәселелері», «нені міндетті түрде білу керек?» деген кесте-плакатты пайдалануға болады.

Информация о работе Шпаргалка по "Литературе"