Шерхан Мұртаза

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2014 в 17:47, реферат

Краткое описание

Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28-қыркүйекте Жамбыл облысы ,Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ деген жерде дүниеге келген.Ш.Мұртаза — жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992).1950жылы қазақ орта мектебін бітірген соң Мәскеудегі Полиграфия институтының редакциялық баспалық факультетіне оқуға түсіп,3-курста М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне ауысып,1955жылы бітіріп шығады. 1955 — 56 жылы Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында, 1956 — 60 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”), 1960 — 63 жылы “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1970 — 72 жылы “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және “Жалын” альманахының бас редакторы, 1972 — 75 жылы “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 1975 — 80 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1980 — 89 жылы “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, 1989 — 92 жылы “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы, 1992 — 94 жылы “Қазақстан” мемлекет телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқардыкейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сондай-ақ ол ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ш.Муртаза.docx

— 35.06 Кб (Скачать документ)

 Мұртаза, Ш.Ай мен Айша:Роман  ( Ш.Мұртаза.-Алматы:Қазақстан, 2008.-456 б.)

"Ай мен Айшаның" бірінші және жаңадан жазылған  екінші кітабы біріктіріліп, окырмандар  назарына үсынылып отыр.Романда  Барсханның бейтаныс өмірімен  танысамыз,балалары үшін жанын  отқа,суға салған аналар бейнесі  сомдалған.

 Мұртазаев, Ш.Белгісіз солдаттың баласы

Повесть  ( Ш.Мұртаза.-Алматы Алматы:Жазушы, 1966.-88 б.)

Повест алпысыншы жылдардың оқиғасы, тыңдағы жастардың жастардың еңбегі мен тұрмысын баяндайды.

Мұртаза,Ш. Бойтұмар Әңгімелер

Ш.Мұртаза.-Алматы:Раритет,2006.-256 б.-(Алтын қор)

«Бойтұмар» жинағына кезінде қазақ новеллистикасының классикалық туындылары — лирикалык шедеврлері болып танылған бір топ әңгімесі топтастырылған.Жинаққа

«Соғыстың соңғы жесірі», «41-жылғы келіншек»,«Бір нәзік сәуле», «Интернат наны» сияқты новелла-әңгімелері енген

Мұртаза, Ш.Бір кем дүние :Ойтолғау

Ш.Мұртаза.-Алматы:Жазушы,2008.-176 б.

Қазақ халқының   ұлттық мүддесін үздіксіз қозғап келе жатқан көркем ой-толғаулар. Халықтық қалпымыз бен салтымыз хақында, жұрттық келбетіміз турасында кеше мен бүгінді және ертеңгі болашақты жалғастыра отырып толғанған осы ойлар елшілдік, патриоттық сезімді оята түсеріне күмән жоқ.

Мұртаза,

 Ш. Елім, саған айтам, ел басы, сен де тыңда! 

Ш. Мұртаза, К. Смайылов.- Алматы: Қазақстан, 1998.- 176 б.

Жазушылар Ш.Мұртаза мен К.Смайловтың баспасоз бетінде тәуелсіздік жолына жаңадан түскен еліміздің бүгінгі және ертеңгі тағдыр-талайын әр қырынан сөз еткен, күнделікті өміріміздегі өзекті мәселелерді оқырман алдына бар шындығымен шығара білген .

Мұртаза, Ш. Жүрекке әжім түспейді : әңгімелер

( Ш. Мұртаза.- Алматы: Жазушы, 2002.- 152б.- (Мектеп кітапханасы).

Халық жазушысы Шерхан Мұртазаның бұл кітабына таңдаулы әңгімелерінің бір тобы еніп отыр.  «Аманат», «Тұйық шарбақ»,  «Сусамыр» т.б. әңгімелерінде биік парасатты, достық пен махабат туралы шығармалар оқырманның рухани байлығын арттыра түседі.

Мұртаза, Ш.Интернат наны:әңгімелер,очерктер

( Ш.Мұртаза.-Алматы:Жазушы,1974.-342 б.)

«Интернат наны» — кейінгі жылдар жемісі.

Автор бұл кітабында соғыстан соңғы ауыл өмірін қозғайды, адам тағдырының қилы-қилы қалтарыстарын үңіле суреттейді. Жазушы өз кейіпкерлерін жалаң айтпай, оған әлеуметтік ой-мүдде арқалата баяндайды.

Мұртазаев, Ш.Қара маржан

Роман.- Алматы:Жазушы,1986.-200 б.

Кітапта Қаратау өңірінде еңбек етіп жүрген жұмысшылар өмірі суреттеледі. Олардың ауыр, әрі қажырлы еңбегін тебіреніспен толғанады.

 

 

 

                                                               ЭССЕ

Әлемде әр халықтың ұлттың мақтанышына айналған перзенттері болады. Жүздеген жыл, бірнеше ғасырлар өтсе де талантты, бір тума азаматтрын елі ешқашан ұмытқан емес.

Неміс халық-Гетесін, ағылшындар – Шекспирін, орыстар Пушкині мен Толстойын, қазақтар Абай, Әуезов пен Момышұлын ұдайы қастерлеп ұлағатты сөздерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатыр. Сондай – сондай ұлы есімдердің арқасында, жан дүниесі басқа халықтарға да таныла бастайды. Бүгінде де туған елі қадірлеп, өзінің ұлы ұлдарының санатына жатқызатын жандар баршылық. Солардың бірі – Шерхан Мұртаза. Шерхан Мұртаза – халқымыздың осындай аяулы перзенттерін, оның маңдайында жарқыраған халық жулдыздарының бірі.

Жаны – жаз, кеудесі – күй ширағаның бергенімен берері мол екендігін біз білеміз.

Жазушы табиғатты жаратылыстың басқа да тірі организмі секілді өседі, өледі. Жазушы шеберлігінде қайралған қылыштай шыңдалады. Өтпейтін пышақтай мұқалып, сарытап болған жайлаудай өрісі бір деңгейден ұзамайтын жазғыштар көп.

Ылғи өсу, бір кезеңмен екінші кезеңі биік тартып, асып түсіп отыратын жазушы сирек. Сол сиректердің бірі–Шерхан Мұртаза. Бұған дәлел – қазақ прозасындағы «Абай жолы», «Қан мен тер», «Менің атым Қожа», «Үркер», «Боран», шығармаларымен қатар тұратын «Қызыл жебе», романы. Ол - әдебиетіміздегі кесек дүние.

Кезектігі – таңдап алған тақырыбының өтімділігіндегі емес. «Ата даңқымен қыз өтеді, мата даңқымен боз өтеді, қағидасы өнер табиғатына жүрмейді.

Шерхан Мұртаза өзінің шығармаларында адам бейнесін табиғаттың сұлулығымен астастыра өте көркем бейнелейді әрі әр кейіпкердің ойын тереңтүсіне отырып, адам мен табиғаттың тынысы бір екенін көрсете біледі.

Жазушының кең құлашты, өзекті шығармасы - бес кітаптық «Қызыл жебе» эпопеясы. Қазақ халқының бір туар ұлы Тұрар Рысқұлов туралы бұл көлемді туынды Тұрар тағдыры арқылы қазақ халқыныңбасынан кешкен қилы-қилы кезеңдерін қамтиды. «Қызыл жебе» халықтың ыстықықыласына бөленген шығарма. Тағы бір айта кететін жай, «Қызыл жебе» романындағыТұрар Рысқұловтың туған, жүрген жерін, әсем табиғатын аса бір шеберлікпен,керемет көркем оймен шынайы суреттеуі.

Әрбір адам дөңгеленген тарихта әртүрлі оқиғаларға куә болып қана қоймай, сол күрделі оқиғаларға тікелейқатысты және жасаушы болып тарихта қалатынын оқырманның алдына тартады. ТұрарРысқұлов сияқты күрделі тұлғаны әдебиетке әкелу жазушының үлкен ізденімпаздығы,тарихи оқиғаларды таразылауы үлкен ерлікке пара-пар деп айтсақ, асырыпайтқандық емес. Шын мәнінде Шерхан Мұртаза Тұрар Рысқұлов сияқты ел тұтқасы бола білген азаматты әдебиеттендіру арқылы қазақ әдебиетіне үлкен бір сом туынды қоса отырып танытып берді. М. Әуезов «Абай жолы» романы арқылы қазақхалқының ғасырлық тарихын дүниеге паш етсе, Шерхан Тұрар бейнесі арқылы қарама-қайшылыққа тұнып тұрған қазақ халқының тарихындағы ең күрделі, ең ауыр кезеңін шынайы суреттей білді.

«Қызыл жебені» жұрт Шерхан Мұртазаның Тұрар Рысқұловка қойған ескерткіші деп жатады. Солайы солай да шығар. Дегенмен, мен үшін «Қызыл жебе» ұрпақтан ұрпаққа қаһармандықтан мәңгілік аманаты, қоғамнан қоғамға есті ескертпе

Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романның бастауы авторлақ баяндаудан басталуы. Романың көркемдік әлемнің күретамыры әке Рысқұлмен бала Тұрар.Бір қарағанда романның басталуы жай ғана хабарлау болып көрінгенмен, көп жайдан хабар беріп тұрғаның ғылыми тұрғыдан аңғаруға болар еді. Ен алдымен торға қамалған жай момын не айлакер не сотқа аң емес, тордағы даланың арыстаны мен жолбарысы.

Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романын оқи отырып, заманның шындығын, халық психологиясымен менталитетін танимыз.

Жазушы Ш. Мұртаза бұл шығармасын баяндау арқылы кейіпкерлердің жан дүниесі айқындалмай қоймайтындай оқиғалар игімен, тартыс табиғатын талдауда алғырлық танатқан. Кейіпкерлердің аса үлкен шеберлікпен бере білген.

 

 

 


Информация о работе Шерхан Мұртаза