Шерхан Мұртаза

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2014 в 17:47, реферат

Краткое описание

Шерхан Мұртаза 1932 жылы 28-қыркүйекте Жамбыл облысы ,Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ деген жерде дүниеге келген.Ш.Мұртаза — жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992).1950жылы қазақ орта мектебін бітірген соң Мәскеудегі Полиграфия институтының редакциялық баспалық факультетіне оқуға түсіп,3-курста М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне ауысып,1955жылы бітіріп шығады. 1955 — 56 жылы Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында, 1956 — 60 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”), 1960 — 63 жылы “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1970 — 72 жылы “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және “Жалын” альманахының бас редакторы, 1972 — 75 жылы “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 1975 — 80 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1980 — 89 жылы “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, 1989 — 92 жылы “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы, 1992 — 94 жылы “Қазақстан” мемлекет телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқардыкейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сондай-ақ ол ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ш.Муртаза.docx

— 35.06 Кб (Скачать документ)

                                                   Шерхан Мұртаза

Өмірі

Шерхан Мұртаза  1932 жылы 28-қыркүйекте Жамбыл облысы ,Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ деген жерде дүниеге келген.Ш.Мұртаза — жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992).1950жылы қазақ орта мектебін бітірген соң Мәскеудегі Полиграфия институтының редакциялық баспалық факультетіне оқуға түсіп,3-курста М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне ауысып,1955жылы бітіріп шығады. 1955 — 56 жылы Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында, 1956 — 60 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”), 1960 — 63 жылы “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор, 1970 — 72 жылы “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және “Жалын” альманахының бас редакторы, 1972 — 75 жылы “Жұлдыз” журналының бас редакторы, 1975 — 80 жылы Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2-хатшысы, 1980 — 89 жылы “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы, 1989 — 92 жылы “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы, 1992 — 94 жылы “Қазақстан” мемлекет телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқардыкейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Сондай-ақ ол ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі.

Шығармашылығы

Шерхан Мұртаза шығармашылық жолын студент кезінде Л. Лагиннің “Хоттабыч қарт”, М.Кәрімнің “Біздің үйдің қуанышы” шығармаларын қазақ тіліне аударумен бастады. Ал тұңғыш кітабы — “Құрылысшы Дәку” очерктер жинағы 1958 жылы жарық көрді. Қазіргі замандас бейнесі, соғыс жылдарындағы тылдағы адамдардың қажырлы еңбегін баяндаған “Табылған теңіз” (1963), “Бұлтсыз күнгі найзағай” (1965), “Белгісіз солдаттың баласы” (1967), “Мылтықсыз майдан” (1969), “41-жылғы келіншек” (1972), “Ахметжанның анты” (1973), т.б. повестер мен “Интернат наны” (1974) атты әңгімелер жинақтары жарияланды. Өндірістің дамуы жөнінде, адам мен қоршаған ортаға қамқорлық туралы маңызды мәселелер көтерген, ғылыми-техникалық төңкеріс жайын сипаттаған “Қара маржан” (1976; ҚР Мемлекет сыйлығы, 1978) романы, мемлекет қайраткері Т.Рысқұловтың өміріне арналған (“Қызыл жебе”, 1, 2-кіт. 1980; “Жұлдыз көпір”, 3 кіт., 1984) роман-трилогиясы басылды. Драматургия саласында жазушының “Қызыл жебе” (1987, Қ.Ысқақовпен бірге), “Сталинге хат” (1988), сондай-ақ “Бесеудің хаты” (1989) атты пьесалары қойылды.

Шерхан Мұртазаның алғашқы шығармасы «Табылған теңіз»1964жылы жарық көрді.Шығарма ішінде үш кейіпкер бар.Біреуі-автор,екіншісі-Орал,үшіншісі-Виктор.Бұнда жетім қалған Оралдың өмірі туралы айтылады.Оралды өсіріп,бағып,қағып жеткізген әжесі болады.Өзінің соңындағы тұяғын аман жеткізсем деген өже арманын жазушы шеберлікпен суреттейді.Орал жалғыздықтан жалыққан,қасында бірге еретін туысқаны юолса екен деп армандайтын жан.Ал,екінші кейіпкер-Виктор.Автор әр-түрлі кейіпкерлерді ала отырып,сол кездегі адамдардың ақыл-ойы,тірлігін суреттеп жазған.

Шерхан Мүртазаның 30 жылдар зұлымдығы туралы айтылған тағы бір әңгімесі 1965жылы жарық көрген «Бұлтсыз күнгі найзағай».Адам өмірін ойыншық ету жанама кейіпкер Эльенораның істеген ісінен көрінеді:

«Жүгіріп бастыққа кірдім.

-Кешіре көріңіз,қате кетіпті!-деп  қалшылдап тұрмын.

-Қандай қате!-деп атып  тұрды.

-Оң жылдың орнына атуға  болып кетіпті!

-Ха-Ха!-деп күлді бастық.

Зәрем зәр түбіне кетті.

-Бикеш,одан қорықпа.Бара  берсін!

-Қалайша....

-Ештеңе етпейді,бара берсін!Қайта  қол қойып жүрер жайым жоқ».

  Осы сөздерден 37-жылдардағы  қазақты қырған қырғынның сипатын  анық тануға болады.Әлдебір өате  кеткен әріптер,өала берді жолдар,сөздер тіркестері бүкіл халықты құрты,Алашты сансыратқаны анық.Бұнда негізгі кейіпкер Нариман мен комбинаттың техникалық бөлімін басқарып жүрген Хамзин арасындағы тартыс негізгі желі болып табылады.Хамзин шығармада жағымсыз кейіпкер болып суреттелген.Автор Хамзин секілді жандар мен НКВД жендеттеріарасында ұқсастық бар екенін ескертеді.Ал,Нариман тек шындықты ғана арқау еткен,басқа сенері жоқ,өз ісіне сенген жан есебінде көрінеді.

Ш.Мұртазаның «Белгісіз солдаттың баласы» атты 1965 жылы жарық көрген туындысында басты кейіпкер Исатай болып суреттелген.Ол өзінің әкесінің кім екенін білгенмен оның түрін көрмеген.Әке құшағын сезбеген.Алдында отырып баласы болып ойнамаған.Шығармада латын жігіті Ричардастың бір белгісіз солдаттың қабірінен бір уыс топырақ алып келіп,Исатай сол солдат жатқан жерге Қазақстаннан бір уыс топырақ апаруымен шығарма аяқталады.Бұнда белгісіз солдаттардың ішінде қанша қазақ азаматтарының бар екендігін және олардың қазақ жерінен бір уыс топырық бұйырмай алыс Еуропа жерінде сұм соғыстың құрбандары болып жатқандығын автор шынайы айтады.Бұл шығармада Исатайдай жандар ғана емес,әкелерін білмейтін,ұрпақ жалғастығын білмейтін қазақтар туралы десек те артық емес.

Ш.Мұртазаның сүйікті шығармаларының бірі 1968 жылы жарық көрген «Мылтықсыз майдан» повесі.Бұнда соғыс жүріп жатқан шақтағы қазақ ауылының хәлі суреттеледі.Ауылда өанша адам болса соның әрқайсысы соғыстай қиын сұрапыл шақта әр түрлі мінез көрсетеді.Диірменнен тарттырып келе жатқан ұнын суға түсіріп алып,қиналып тұрған Айзадаға Нұрперзенттің өз ұнынан бөліп беруі аштық жайлаған ауылда да әлі сыйластық деген сезімнің өлмегенін көрсетеді.Тағы бір сюжетте Мамай ақсақал келіні Тотиянаны әмеңгер салтымен Нұрперзенттке қоспақшы болады.Бұл Мамай ақсақалдың ұлы орақтан қалған Әскербектен айырылып қалмаудың амалы.Мамай ақсақалдың арманы,қиялы-өзінің ұрпақ жалғастығын үзіп алмау.Мүмкіндігінше өз шаңырағын шайқалтпай ұстап қалу.Шарасыз соғыстағы қазақтың ерекше ісіндей көрінеді.Мамай ақсақал бүкіл бір ауылдың ақылшысы,жөн сілтейтін жалғыз қолбасшысы. «Мылтықсыз майдан»,Шерхан Мұртазаның алған ірі еңбегі.Қала берді қазақ әдебиетінің құнды қазынасы.

«1941 жылғы келіншек» 1972 , «Интернат наны» 1974, «Жүрекке әжім түспейді» 1978ж секілді туындылары сол кездегі қиын халдің нағыз баяншысындай.Қазақ басынан кешкен ауыр күндердің жеткізушісіндей.

«Интернат наны» шығармасындағы интернатта жүрген балалардың аш халі,қарапайым нанға қолы жетпей жүрген жүдеукөз,мұң жүректі сәбилердін арманы туралы айтылған.Шақтап қана,өлшеп қана берілетін сол нандардың тәттілігі балалық,сәбилік құмарлықпен айтылады.Шығарманың соңы да сәтті аяқталған.Дүкен толы нан басты кейіпкерлердің балалығымен қоштасуындай көрінеді.Қазіргі шақта қарны толған халықтың бұдан басқа әлденені іздеп жүрген кезі жөнінде де сипаттайтын сияқты.

Романдары

Шерхан Мұртазаның ірі туындыларының бірі «Қара маржан» романы.1975 жылы «Жұлдызда»,1976 жылы «Простор» журналдарында жарық көріп,ел таныған туынды өзінің ірілігімен,көтерген жүгінің ауырлығымен есте қалады.Романдағы басты оқиға жазушының осы уақытқа дейін жазып жүрген тақырыптарының өзгеше бір түйіні секілді.Басты кейіпкер Нариман маңайындағы оқиғалар романның көтерген жүгі.Шығарманың ішінде Нариман басындағы қиын хал,оның басынан кешірген сәтсіз махаббаттары туралы айтылады.Таңшолпанды жақсы көрген,бірақ ол махаббаты аяқсыз қалған Нариман басұа бір бағытқа бет бұрғандай.Ол Сарыбай кенішін судан құрғату туралы жаңалықтың иесі.Бірақ сол жаңалығын басқа біреулер пайдаланып кетеді.Нариманға қарсы кейіпкер Жарас.Ол Нариманнан өшін ала алмағандықтан  оның сүйген қызын өз жетегінде әкетеді.Бұндағы тағы бір кейіпкер Мәрзия өмірдегі көп қиындықты басынан кешірген.Өзінің жары Әділ ішімдікке салынып кеткен,бірақ соған қарамастан адамдық арын жоғалтпаған қазақ қызының қарапайымдылығын сақтап қалған образ.Ал Таңшолпан оған мүлдем қарама-қарсы.Ол жақсы өмір сүру үшін бәрін қиған.Махаббат,ғашықтық деген сезімдерді дүниеге,мүлікке айырбастап жіберген тоғышар жан.

Ш.Мұртазаның аса ірі,сүбелі туындысы «Қызыл жебе».Романның басында автор «Революцияның қызыл жебесі Тұрар Рысұқұловқа ескерткіш» дейді.Ш.Мұртаза М.Әуезовтың «Қараш-қараш» оқиғасындағы кейіпкерлерге қайта оралады.Бұл бейне бір екі ірі жазушының бір тақырыптағы қалам жарысындай.Бұндағы Бақтығұл,Рысқұл,Жылқыайдар,ал М.Әуезовтегі Тектіғұл,ойдан шығарылған әдеби көркем бейне.Ал Қатша Рысқұл Жылқыайдаровтың бәйбішесі Ізбайша Қорғанбайқызы.М.Әуезовтің «Қараш-қараш» әңнімесі «Қайран тектім-ай,алпамсадай арысым едің»деген қайғылы монологынан басталады.Ал,Ш.Мұртаза шығармасында басқаша.Бұндағы ең басты кейіпкер-Тұрар және Шерағаң .Ш.Мұртаза шығарма ішіндегі орыс мінезің,ұазақ мұсылмандығын жоймақшы болған шовинистік көзқарасын ашып көрсетеді.Тұрарды ең алғаш рет   Верный түрмесінің бастығы Приходько шіркеуге алып келеді.Шіркеу ішінде болып жатқан жағдайды автор былай суреттейді: «Приходьконың көз қиығы ғана арқаңды аяз қарығандай ызғар шаша бастаған.Тұрар оның талап етіп тұрғаның сезеді.Бірақ қозғала алмайды.Тқрдегі керілген адамның көз қарасы да суық.Өзгелерге емес,дәл өзіңн қарап айыптап тұрғандай көрінеді.Тұрар қашқысы келеді ».

Бұл шіркеуді көрген Тұрар құдайдың өзі осындай қорлыққа ұшыраса өзге жұрт не болмақ деп орыс шіркеуінен шығып кете барады.Осы арқылы автор қазаққа жасалып жатқан қорлықтың ұшын шығарады.

Екінші кітаптағы Рысқұл басындағы оқиғалар оның Кеңес төңкерісіне қалай қатысқаны жөнінде баяндалады.Мұнда жас кезінен ақ қиындықты көріп өскен Тұрармен бай баласы Атамырза арасындағы тартыс көрінеді. «Қылкөпір»деп аталатын 3-4 кітапта Тұрар қоғам қайраткеріне айналған қазақтың ірі тұлғасы есебінде көрінеді.Ол Түркістан республикасының Халық комиссарлар кеңесінің  төрағасы,коминтерннің Монғолиядағы өкілі,Осипов секілді жауларға қарсы шыққан,өз идеясы үшін басын тіккен жан.

Шығармада Тұрар басындағы азапты халдер 5 кітап «Тамұқта» анық танылады.Бұнда Тұрар өзінің баспалдақпен түсіп келе жатуын түсінде көруі ұсталар алдындағы сәті.Бұнда тек Тұрар ғана емес,оның баласы Ескендір Тұрарұлының жылаулы жайын автор анық айтады.Әлсіз,әлжуаз,аурушаң бала өкпесіне суық тиіп (1920-1938)өледі.Шығармада әйелдер бейнесі ерекше суреттелген.Түйметай,Әзиза,Күләнда,Ольга секілді нәзік жанды,бірақ жүрегі сом әйелдер бейнесі шығарманың шың жетістігіндей.

Тұрардың партреті: Аласа төсектен салбыраған арық қолды қонқық мұрын тәуіп шал әлі ұстап отыр. Арықтықтан баланың шыңдығы шодырайып, шығып тұр. Топ толық қарулы бала енді қауқарсыз сүлде сүйік боп қалған қара торы өңі қазір боп боз. Көзінің айналасында көгірес көлеңкесі түскен. Бұрын тампектеу мұрын енді ерекше сопайып, ебедейсіз көрінеді. Жанарында ұшқын бар екен. (Ш.М. Рысқұл 12) Бұл бала Тұрардың ауырып жатқан кезі. Қаншама ауырып сүзектен сүзіліп жатса да, жанарындағы ұшқын өшпейді.

Автор баяндауында Тұрардың ағзасын сырқат етсе, көңілін сырқат еткісі жоқ. Сонымен қатар, Тұрардың әкесі, Рысқұлдың да портреті әр сәтте әр түрлі етіліп суреттелген. Ең алдымен біз Рысқұлдың қарапайым аңшы ретінде танимыз. Бұл жерде оның портретін былай сүреттейді. «Бұл өзі Шілменбет руынан шыққан қарапайым қазақ еді. Қара шаруа болса да, рухы күшті, қайраты мол, қажырлы қазақ. Бұл атырапта одан өткен мерген, Іле Алатауын одан артық білетін адам болмаған». (Ш.М. Рысқұл. 192) Ал енді бір суреттейтін жері- Рысқұлдың түрмеден бір рет қашып шығып жасырын жүргенде, түрме басшыларының баласы Тұрарды өлтіреміз деген сөздерін естіп, амалсыздан сол түрмеге қайтып келетін кез. Бұл кездегі Рысқұл кескін кел беті былайша көрінді: «Сол күні сұрғылт іңірде Верныйдың облыстық түрмесінің сұрғылт қақпасын үсті-басы ұсқынсыздау, киім-басы жүдеу, ескі киіз қалпағына шөп шалам жабысып қалқан кеуделі, жазық жодалы, көзі ашулы арланның көзіндей ызғарлы бір адам келіп қақты».

 

 

 

Драмматургиясы

Ш.Мұртаза жұрт жылы қабылдаған «Сталинге хат », «Бесеудің хаты», «Жалғыз үйлік зілзала», «Домалақ ана», «Есек саудасы», «Ноқтаға басы сыймаған» атты пьесаларымен де таныс. «Сталинге хат » пен  «Бесеудің хаты» сол кездегі елдің жағдайын,қазақ халқының жайын арқау еткен шығарма. «Жалғыз үйлік зілзала» пьесасында бүгінгі күн мәселелері қарастырылған.Талапайға түскен тұрғын үй,балаларын қатал тағдыр толқынына тастап кетіп жатқан «көкек» аналар,парақорлық,мансап үшін бәрін сатқан шенеуніктер,бәрі қазақ қайғысының сырын ашады.Пьеса бүгінгі күн туралы ащы да болса шындыұты айтқан десек артық емес.

Аудармалары

Ол Г.Х. Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың “Ботагөз”, “Қош бол, Гүлсары”, “Теңіз жағалап жүгірген тарғыл төбет” повестерін, “Боранды бекет”, “Жанпида” романдарын қазақ тіліне аударды.

Қоғамдық қызметі

Шерхан Мұртаза шығармашылық жұмыстармен қатар Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі мен мемлекеттігін нығайту ісіне де белсене араласты. Қазіргі заманның, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін, ел, жер, тіл мәселелерін көтеретін көптеген мақала-эсселер жазды.

Марапаттары

Шерхан Мұртаза “Құрмет белгісі”, “Отан” (1999) ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. Жамбыл облысының, Тараз және Астана қалаларының Құрметті азаматы. [1] Тәуелсіз "Тарлан" сыйлығы мен ПЕН-клуб сыйлығының иегері (2003).

Кітаптары

Мұртаза, Ш. Алты томдық шығармалар жинағы

Т.1. Қызыл жебе:Роман. 1, 2 кітап ( Ш. Мұртаза.- Алматы: Қазығұрт, 2002.- 504 б. )

Ш.Мұртазаның алты томдық шығармалар жинағының бірінші томына бірінші томына «Қызыл жебе» романының 1-кітабы «Рысқұл» және және 2-кітабы «Тұрар» енгізілген.

 Мұртаза, Ш. Алты томдық шығармалар жинағы

Т.2.Қызыл жебе: Роман. 3, 4, 5 кітап (Ш. Мұртаза.- Алматы: Қазығұрт, 2002.- 760 б).

Ш.Мұртазаның алты томдық шығармалар жинағының екінші томына «Қызыл жебе» романының 3-кітабы «Жұлдыз көпір»,және 4-кітабы «Қыл көпір», 5-кітабы «Тамұқ»  енгізілген.

Мұртаза, Ш.Алты томдық шығармалар жинағы

Т.4  Повестер,  пьесалар, эсселер (Ш. Мұртаза.- Алматы:Қазығұрт, 2002.- 592 б.)

Ш.Мұртазаның алты томдық шығармалар жинағының төртінші томына повестер, пьесалар, эсселер кіргізілген.

Мұртаза, Ш. Алты томдық шығармалар жинағы [Мәтін]:

Т.5. Ай мен Айша:Роман. 1, 2 кітап ( Ш. Мұртаза.-Алматы: Қазығұрт, 2002.- 456 б ).

Ш.Мұртазаның алты томдық шығармалар жинағының бесінші  томына «Ай мен Айша» өмірбаяндық шығармасының бірінші, екінші кітаптары жарияланған.

Мұртаза, Ш.Алты томдық   шығармалар жинағы[Мәтін]:

Т.6  Мақалалар, публицистикалық толғамдар ( Ш. Мұртаза.- Алматы: Қазығұрт, 2002.- 616 б.) Ш.Мұртазаның алты томдық шығармалар жинағының алтыншы  томы үш бөлімнен тұратын шығармалары  «Ақындар мен әкімдер», «Елім саған айтам, ел басы, сен де тыңда», «Тәуелсіздік толғамдары» жарияланған.

Мұртазаев, Ш.Таңдамалы шығармалар: Екі томдық

Т.I.Повестер,роман және әңгімелер.(-Алматы:Жазушы,1982.-504 б.)

Ш.Мұртазаның екі томдық таңдамалы шығармалар жинағының бірінші томына «Белгісіз солдаттың баласы», «Мылтықсыз майдан» повестері,  «Қара маржан» романы енгізілген.

Мұртазаев, Ш.Таңдамалы шығармалар: Екі томдық

Т.2. Қызыл жебе романы.-Алматы:Жазушы,1982.-504 б. 

Ш.Мұртазаның екі томдық таңдамалы шығармалар жинағының екінші томына «Қызыл жебе» романының 1-кітабы «Рысқұл» және және 2-кітабы «Тұрар» енгізілген.

Информация о работе Шерхан Мұртаза