Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 21:26, реферат
Эпикалық шығармаларға әңгіме, роман, эпопея, мысал, хикаят жатады. Эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшеліктері – олардың негізгі бір мазмұнға құрылуы, сюжет, композиция, тақырыбы, көркем бейнелері, яғни көркем компоненттерінің барлығы, Сондықтан оларды талдау барысында, ең алдымен, әдебиет теориясынан білім беріледі. Мысалы, «Әңгіме жанры деген не? Оның хикаяттан немесе романнан айырмашылығы не?» дегендей. Әдеби-теориялық білім бастауыш ұғымнан бастап, сынып жоғарылаған сайын, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты күрделене түсуі керек.
І. Кіріспе
ІІ. Әр түрлі жанрдағы шығармаларды оқытудың әдістемелік ерекшелігі.
1.1. Поэзиялық шығармаларды оқыту.
1.2. Прозалық шығармаларды оқыту.
Эпикалық шығармаларды оқыту.
ІІІ. Қорытынды.
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
МАЗМҰНЫ:
І. Кіріспе
ІІ. Әр түрлі жанрдағы шығармаларды оқытудың әдістемелік ерекшелігі.
1.1. Поэзиялық шығармаларды оқыту.
1.2. Прозалық шығармаларды оқыту.
Эпикалық шығармаларды оқыту.
ІІІ. Қорытынды.
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Эпикалық шығармаларды оқыту
Эпикалық шығармаларға әңгіме, роман, эпопея, мысал, хикаят жатады. Эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшеліктері – олардың негізгі бір мазмұнға құрылуы, сюжет, композиция, тақырыбы, көркем бейнелері, яғни көркем компоненттерінің барлығы, Сондықтан оларды талдау барысында, ең алдымен, әдебиет теориясынан білім беріледі. Мысалы, «Әңгіме жанры деген не? Оның хикаяттан немесе романнан айырмашылығы не?» дегендей. Әдеби-теориялық білім бастауыш ұғымнан бастап, сынып жоғарылаған сайын, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты күрделене түсуі керек. Эпикалык шығармаларды оқытуда, талдауда міндетті түрде мына мәселелер басшылыққа алынады:
3. Автор — көркем туындыны жасаушы, көркем туындыны жазушы. Автор және көркем туынды.
Көркем шығарманы талдау оны оқудан басталады. Көркем туындыны толық оқымай, мазмұнын жетік меңгермей тұрып, оны талдау мүмкін емес. Әңгіме, мысал сияқты шағын жанрларды талдау (барлық көркем компоненттерін қосып) роман, эпопеяларға қарағанда әрі қолайлы, әрі жеңіл болады. Әңгіме мен мысалды талдауда мүғалімнің олардың көркем табиғатын таныту, барлык бітім-болмысын сөз етуге мүмкіндігі мол. Ал роман, эпопеяны бағдарламада көрсетілген аздаған сағаттарда толық дөрежесінде талдау мүмкін емес. Сондыктан, өсіресе, осындай көлемді шығармаларды оқыту үшін, мүғалім айрықша еңбектенеді. Ең бастысы, қандай мәселелерге көңіл бөлу керек, талдаудың қай түрі тиімді, кандай әдіс-тәсілдер нәтижелі болмақ міне, осы мәселелерге мұғалім ерекше назар аударады. Оқушылар роман, повестерді оқи отырып, автормен «кезігеді», онымен іштей сырласады, олар авторды да, оның туындыларын да өз пікірі, эмоциясы, дүниетанымы арқылы кабылдайды, ал мүғалім мақсаты - сол алғашқы, өзіндік қабылдауларды ғылыми негізге бағыттау, дұрыс бағыт-бағдар беру болып табылады. Көлемді шығармаларды талдауда да мұғалім көркем мәтінмен жұмысқа ерекше ден коюы керек. Әрі оны тұтастай карастыруды ойластырғаны жөн (мазмұн мен форма бірлігін сақтай). Эпикалық шығармаларды талдау әр буында өзіндік ерекшеліктерімен даралана талданады (сыныбы, жасына қарай). Мысалы, бастауыш буында (5-7) сюжеті, композициясы, кейіпкерлеріне назар аударылса, 8-9-сыныптарда ол тереңдей түседі, авторлық тұрғыға, оның негізінде жатқан проблематикаға көңіл бөлінеді, ал жоғары сыныптарда әдебиеттану ғылымының басты талаптарымен талдау, әдеби-теориялық негізде тереңірек талдау жүзеге асуы тиіс.
Әңгіме жанрын оқыту.
М.Әуезовтің 8-сыныпта берілген «Қараш-Қараш оқиғасы» хикаясын оқыту алдында оқушылардың қызығуы, ынтасы, таным белсенділігін арттыру мақсатында, әңгімедегі оқиғалар өмір шындығынан алынғанын, Бақтығұл - өмірдегі Рысқүлдың прототипі екенін (әрине, прототипке түсінік беру қажет) косымша материалдарды пайдалана отырып, әңгімелеу қажет. Яғни Тұрар Рысқұлов жайында деректер, қуғын-сүргінге ұшырауы, т.б. туралы. Жалпы шығарманың көтерген проблемасы феодалдық замандағы қорғансыздар, кедейлер тағдыры, әділетсіздік, жауыздық, ел ішіндегі барымта, ұрлық, күндестік сияқты сахара өмірінің небір шындық картинасын көрсету, әділдік іздеу, шындық іздеу, сол жолдағы адасу, кек қайтару сияқты бас қаһарманның жанталасқан іс-әрекеті, психологиялық күй-жағдайлары повестің негізгі өзегі, қазығы. Әңгімені оқытуда тек мазмұны ғана емес, ең бастысы, оның негізгі проблематикасы, жазушының идеялық-эстетикалық мұраты, сол жолдағы табысы сөз етілуі керек. Сюжет, композиция тұтастығы, тіл керкемдігі, характерлердің жасалу жолдары айналасындағы еңбек те ең негізгі мәселелер. Әдеби-теориялық ұғымдарын тереңдету, хикая, прототип, кейіпкерлердің психологиялық күй-жайы, сюжет, композиция, суреттеу, портреттеу, баяндаулар туралы да түсінік беру сабақтың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Повесті талдау ең алдымен мазмұнын меңгеруден басталмақ. «Қараш-Қараш оқиғасы» көлемі жағынан, көтерген проблемасы жағынан салмақты болғандықтан, бағдарламада берілген санаулы сағаттардың ішінде оны талдау да күрделі мәселе. Сондықтан мүғалім ең тиімді деген әдіс-төсілдер іздеуі керек. Мазмұнын сыныпта, әрі үйде меңгерту жөн. Шығарманың ұзақтығын ескеріп, әрі оқушының тез оқуы, қызығуын ұйымдастыру мақсатында, тарауларына тақырып қойып, ол талдаулардағы басты оқиғаларды көрсетіп, төмендегі үлгіде көрнекі етіп жазып, пайдаланып отырудың маңызы зор.
Бөлімдер |
Тақырып |
Басты оқиғалар |
I |
Іште кеткен кек |
1. Тектігұлдың ауруы, ауыр тағдыры. 2. Аянышты өлім |
П |
Кек жолындағы жортуыл |
1. Бақтығұлдың өш алу жолындары Сөлмен жылқысына барымтаға аттануы. 2. Биені ұрлап әкетуі |
Ш |
Қуғыншылар |
1. Биені әкеп, сойып алуы. 2. Қуғыншылар үстінен дөптүседі. 3. Масқара соққыға ұшырауы. 4. Намыс, ар, қорлану |
IV |
Пана іздеу |
1. Арқар атуы. 2. Жарасбай аулына оны тарту етуі 3. Жарасбайға айтқан өтініші, тілегі |
V |
Адасу |
1. Жарасбайдың сенімді серігі. 2. Бақтығұлдың ақ жолдан таюы. 3. Барымтаның жиілеуі. 4. Әділет іздеп, әділетсіздікке еріксіз баруы |
VI |
Екі жүзді аярлык |
1. Ел ішіндегі тартыстың ұлғаюы. 2. Жарасбайдың сатқындығы. 3. Билер соты, үкім |
VII |
Қуғын |
1. Қашып құтылуы. 2. Қуғын |
VIII |
Өш алу |
1. Тау-тасқа жасырыну. 2. Жарасбайды атып өлтіріп, өш алуы |
Мазмұнын сыныпта оқыған кезде мұғалім оқылып жатқан бөлімдердің басты-басты эпизодтарын ашатын сұрақтар қойып, тұжырымдап отырады. Ал үйге берер алдында сол бөлімдердің мазмұнын қысқа түрде өзі айтып беріп, өз беттерімен окуды тиімді ұйымдастыру үшін сұрақтар беріп, соған жауап дайындауды талап етеді. Мысалы, IV бөлімді үйге өз беттерімен оқьш келу тапсырылса, мынадай сұрақтар, тапсырмалар жүйесін ұсынуға болады:
Сұрақтар мен тапсырмалар:
а) Қуғыншылар ізге калай түсті? Бақтығүл неге ұсталып қалды?
а) Жарасбай мен Сәлменге салыстырмалы мінездеме бер.
9. Ақылды, әрі күшті
рухы бар Бақтығұл неге қол шоқпар,
барымташы, сорлы малайға айналады?
Сабаққа Бақтығұл бейнесін ашатын, оның адасып-адасып келіп, кек алуын, сол жолдағы азапты да аянышты тағдырын тұжырымды түрде көрсететін көрнекілік - сызба пайдалануға болады.
Үл г і:
«Кек жолында»
■ Тектіғүлдың өлімі.
Сәлмен колындағы ит тірлік.
- Сатсіз барымта.
Пана іздеу.
■ Жарасбай жанында.
Бактығұл - ұры, барымташы, Жарасбайдың қол шоқпары.
■ Сатқындык. Бақтығүл - күндестік кұрбаны.
■ Бақтығүл - қашкын.
Өш алу. Әділ жаза
Мұғалім окушыларға партия, съезд жайында, оның қазақ даласындағы сұмдық ылаңы туралы да осы шығармамен байланыстыра отырып түсіндіруі керек. Кейбір күрделі, қазіргі балалар түсінбейтін, бүгінгі күнде күнделікті тіршілікте пайдаланылмаған сөздерге де түсінік жүргізіледі, яғни түсіндірме сөздік жұмысына да орын беру керек. Сөздік жұмыстары жалпы әдебиеттің қай жанрын оқытканда да, міндетті түрде қатар жүріп отыруы керек. Оқушылардың түсінбеген сөздеріне, тарихи, архаизм сөздерге үнемі түсіндірме жұмысын жүргізу ләзім. Мұндай жұмыстар тіл байлығын дамытады, танымын арттырады, шешен де оралымды сөйлеуге баулиды. Әдебиетті оқытудағы мақсаттың өзі де осы.
Әңгіме жанрын жоғары сыныптарда оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар. Теменгі сыныптарда әңгімелер монографиялық жолмен оқытылса, ал жоғары сыныптарда өтілгелі отырған ақын, не жазушының бірнеше әңгімелері көтерген тақырыбы, ортақ мәселелері бойынша қатарынан топтап беріледі. Мысалы, ұлы жазушы М.Әуезовтің алғашқы әңгімелерінен «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Барымта», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық», т. б. әңгімелері оқуға берілген (11-сынып, шолу дөрежесінде олар оқулыкта талданған). Бұл әңгімелер - жиырмасыншы жылдардағы әңгімелері. Оқытқанда, оларды тақырыбы, идеясы, көтерген проблемаларының үндестігіне қарай топтап алып, талдау керек. Мысалы, алғашкы әңгімелерінің ішінен «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Оқыған азаматта» көтерген проблемалары негізінде «М.Әуезовтің алғашқы өңгімелеріндегі қорғансыздар проблемасы, жазушы қорғансыздарын қалай қорғайды?» деген ортақ сұрақпен талдауға болады.
Сыныпты талданғалы отырған шығармалардың санына байланысты топ-топқа бөліп, берілген әңгімелерді өз беттерімен оқып келу, талдауға жұмылдыру керек. Жазушының алғашқы әңгімелері қысқа, оқиғасы қызықты болып келетіндіктен, өз беттерімен талдауға ұсыну тиімді болмақ. Жоғары сыныптарда көркем шығармаларды өз беттерімен талдауға көп көңіл бөлу дұрыс.
Осы үш өңгіме бойынша ортақ мәселе - қорғансыз тағдыры. С.Мұқанов айтқандай: «М.Әуезов өзінің алғашқы өңгімелерімен-ақ қазақ прозасын еуропалық дәрежеге жеткізді». Еуропалық прозаның өлемдік алыптары: Бальзак, Мопассан шығармаларында ақша, тек қана ақша билеп тұрған буржуазиялық қоғамда махаббат та, ар да, отбасылық қарым-қатынас та, әке мен баланың махаббаты да – бәрі-бәріне ақша үстемдік ететіні айдай шындықпен көрсетіледі. Жалғыз қызы үшін бөрінен айырылып, ешкімге керексіз боп, пансионатта жалғыз қалған Горио әкей (Бальзак), тағдыр жезөкше етсе де, адамдық рухынан, мейірімділіктен ада болмаған Пышка, т.б. (Мопассан) - бәрі-бәрі де қорғансыздар. М.Әуезов қорғансыздары да сахара тағылары, жауыздарының құрбаны болып көрсетіледі. 13-тегі сәби, қорғансыз Ғазиза, жалғыз ұлдан айырылып, тас бауырлар түбіне жеткен бейшара ана, жетім Қасым тағдырлары - жеке адамдар, жеке қорғансыздар тағдырлары емес, ол өркениет пен гуманизм дәні көктемей жатқан, мал, байлыққа деген аш көздік жайлаған сахара, дала, оның қорғансыздарының тағдыры. Әңгімелер негізіндегі осындай басты-басты проблемаларды дөп тауып, тұжырымды, нақты ғана талдау жасау - жоғары сыныптарда әңгіме жанрын өтудің ең бір өзекті мөселесі. Проблеманы шешу төмендегідей сұрақтармен жүзеге асырылмақ.
Информация о работе Әр түрлі жанрдағы шығармаларды оқытудың әдістемелік ерекшелігі