Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2013 в 12:19, курсовая работа
Дулатов Міржақып (1885-1935) - қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайреткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Туған жері - бұрынғы Торғай уезінің Сарықопа болысының үшінші ауылы. Әкесі - Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі - Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған.
Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды.
Кіріспе
Дулатов Міржақып (1885-1935) - қазақтың
аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайреткері,
ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.
Туған жері - бұрынғы Торғай уезінің
Сарықопа болысының үшінші ауылы. Әкесі
- Дулат аймағына аты шыққан шебер
кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі
тіккен. Шешесі - Дәмеш ойын тойдың базары,
әнші кісі болған.
Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен
он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың
қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың
Міржақыптың оқып, білімді азамат болып,
өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің
оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше
көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен,
ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл
мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының
ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін
көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды.
Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап,
мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне
бар болмысымен бүтіндей беріліп, «Қалғанша
жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа
жараса, алаш!» деп бар даусымен жар салады.
Өз бетінше талпынып, білім жинап, орыс
тілін жетік меңгерген Міржақып орыстың
озық ойлы азаматтарының еңбектерімен
танысуы арқасында замана тозаңын суырып,
дүниені дүр сілкіндірер дауылды күндердің
тақап келе жатқанын өзгелерден бұрын
сезеді. Кең даласында алаңсыз өмір сүріп,
мал бағып жатқан бейқам халқын: «Көзіңді
аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда
бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып,
оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке
шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің
басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық
ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан
арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп
ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның
үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының
түбінен «маса» болып, маза бермей ызыңдап
оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас
үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсынұлының
үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар
шарлады. Сол егіз үн тарих мінбесінен
қатар көрінген екі алыптың қашан соңғы
демдері таусылғанша, тағдыр талқысымен
екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп,
қамауға алынса да үзілмей, қатар естіліп
тұрды. Ол екеуі екі атадан туса да, бір
туған бауыр еді, екі баспен ойласа да,
қорытар ойы бір еді, екі ауызбен сөйлесе
де, шығар сөзі бір еді. Өйткені оларды
туыстырған халқының мүддесі, ойландырған
халқының қамы, сөйлеткен халқының мұң
зары болатын. Сондықтан да халқы оларды
жанашыр жақыным деп білді, олардың жұбын
жазбай, « Ахаң Жахаң» деп бірге атады.
Пенделік бар қазақтан бас тартап, халқының
бақыты үшін күрескен есіл ерлерді өз
халқының жауы атандырып, кешегі күні
Қызылдың қызылкөз жендеттері екеуін
еріксіз айырып, екі жерде атып өлтіріп,
атын өшіреміз дегенде де халқы олардың
асыл есімдерін есінен шығарған жоқ, аялап
жүрегінде сақтады, ардақ тұтты.
Ерте оянып, ерте есейген өр мінезді Міржақып
қашанда күрес шебінің алдында болды.
Жалынды сөзімен де, тындырымды ісімен
де, жеке басының жүріс- тұрысымен де ол
өзінен кейінгі жастарға әсер етіп, оларды
халық ісіне алаңсыз берілуге үндеді.
Оның публицистикалық толғауларынан шағын
өлеңдеріне дейін, «Бақытсыз Жамал» романынан
газет журналдардағы шағын мақаласына
дейін халық мүддесіне арналды. Сонымен
бірге ол Ахмет ағасы секілді жастарды
тәрбиелеу жөнінде көп ойланып, көп еңбектенді,
халықтың пайдалы әдет-ғұрпын сақтауға,
елін, жерін сүйетін тәрбие беруге күш
салды. Жазушылық, қоғамдық қызметке педагогтік
міндетті қосарлап көтеруі де Міржақыптың
халқын беріле сүйетіндігінің айғағы
еді. Ел бейнетіне өгіз болып жегіліп,
ертеңі үшін жанын қиған Жақаң: «Ем таба
алмай дертіңе мен ертеден, Сол бір қайғың
өзегімді өртеген. Тырп етпейсің бас көтеріп
көрпеден, Еңсең неге түсті мұнша, елім-ай»
деп, дүниеден арманда кетті.
.
Болашақ Алаш қайрат-керінің
балалық шағының өткен жері –
Қызбел өзенінің бойы. Ел аузындағы
аңыз- ға арқа сүйесек, қыратты жер
алыстан қарағанда жат- қан қыздың
бейнесін елестетіп, орта шенінде жота
жіңішкере келіп, қыз беліне ұқсағандықтан,
бұл жер Қызбел деп аталған. Кері-
сінше, Әбілбек Нұрмағам-бетұлының
айтуынша, «Ерте- дегі түркі жазба
ескерткіштерінде «қыз» сөзінің
бірнеше мағынасы бар. Соның бірі
– «сараң, сығырдаң». Бізше, «Қызбел»
біріккен сөздің біріншісіне, осы мағына
сәй-кес көрінеді. Өйткені мұнда
бұлақ көзі тапшы. Ал, «бел» сөзіне
келсек, ол «қырат, төбе» мағынасында
тек бізде ғана емес, сағай, қойбол
сияқты түркі тілдерінде де «пел»
қалпында айтылып, «төбе, төмпешік»
ұғымын ие- ленеді. Осыларға сүйене отырып,
«Қызбел» - ді қазіргі түсінігімізге
сәйкестесек, «Са- раң төбе» болмақ.
Жорама- лымыз аталған жер таби-
ғатына жуықтай түсер де- ген ойдамыз»
(Ә.Нұрмағам-бетұлы, Жер-судың аты
– тарихтың хаты, Алматы, «Балауса»,
1994 ж.). Қызбел өзені Ұлытау жерінен
ағатын Дәмді, Мойын- ды, Сары өзендерінен
бастау алады. Сарықопа – іргелес
отырған Мадияр, Өтей, Шымболаттардың
мекендеген құтты қонысы. Мадияр –
арғын тайпасының руы.
Ақынның тағдыры өте күр-делі болды. Ол
екі жасында шешесінен, он екі жасында
әкесінен айрылды. Алайда әкесі көзі тірісінде
баласын оқытып үлгірген еді. Сегіз жасында
Міржақыпты ауыл молдасына оқуға беріп,
ол он жасқа толғанында орыс тілі мен қазақ
тілі, әдебиеті-нен дәріс беретін мұғалім
Мұқан Тоқтабайұлына оқы- тады. Міржақыптың
Абай, Шоқан, Ыбырай шығарма-ларымен танысқаны,
Пушкин, Лермонтов, Тургенев, Толстойдың
прозасымен су- сындағаны осы кез. Сол
себепті де Міржақып Мұқан Тоқтабайұлы
туралы «Менің алғаш білімге көзімді ашқан
сол кісі еді», - деп жазады. Мұнан кейін
оның білімін жетілдірген оқу орны – 1880
жылдары Торғай дуанында бой көтерген
Ыбырай Алтынсариннің уездік орыс-қазақ
мектебі. Онда Міржақыппен бірге Ахмет
Байтұрсынов, Асқар Дула- товтар да білім
алған болатын. Міржақып осы орыс-қазақ
мектебіне 1897 жылы оқуға түсіп, оны 1902
жылы ойдағыдай бітіріп шығады.
Он екі жасында тұл жетім қалған Міржақыпты
бауы- рына алып, бағып-қаққан кі- сі оның
үлкен ағасы Асқар Дулатұлы. Сауатын ауыл
мек- тебінде ашып, одан әрі қа- зақша, орысша
оқып, білімін өз күшімен толықтырған
Асқар-би, Алаш қозғалысы- ның белсенді
қайраткері болған қазақ зиялысы. Ке- зінде
патша үкіметі М.Ду-латұлының «Оян, қазақ»
атты өлеңдер жинағын тәр-кілегенінде,
ол осы кітапты жасырын түрде ел арасы-
на таратады, Қазақстанда кеңестік билік
орнағанында ауылшаруашылығында жұмыс
істейді, ал күштеп ұжым-дастыру тұсында,
яғни, 1928 жылы оның мал-мүлкі тәр-кіленіп,
өзін 1929-1932 жылдары Мәскеудің Бутырка
түр- месіне қамайды. Ол 1930 жыл-ғы 4 сәуірде
ату жазасына кесілгенімен, 1931 жылғы 30
сәуірде бұл жаза 10 жылға бас бостандығынан
айырумен алмастырылып, Карелиядағы Майгуба
лагеріне айдалады. Асқар Дулатұлы бұл
лагерде М.Жұмабаев, Е.Омаровтармен бірге
болады. Содан ол 1991 жылы ғана ақталды.
Жазушы Марат Әбсемет Міржақыптың үлкен
ағасы Ас- қардың қамқорлығында бол- ған
кезінде рухани жан-дүние-сіне қандай
нәр алғандығы туралы былайша ой толғайды:
«Міржақып он екі жасында тұл жетім қалады.
Ендігі жер- де ол үлкен ағасы Асқар-дың
қолына біржола көше-ді. Асқар Дулатұлы
жаңа қалыптасып келе жатқан қа- зақ буржуазиясының
жар-қын өкілдерінің бірі болды. Ол Торғайда
танымал сот және қазақ даласынан кен
өндіруге келген француз, ағыл- шын капиталистерімен
тығыз байланыста болды. Бұрынғы Францияның
президенті Са- ди Корноның ұлы Эрнест
Жан Корно жергілікті тұрғындар-дың назарын
аудару мақса- тымен ауруханалар, дүкен-дер,
француз-қазақ мектептерін ашты. Асқар
қоғамдық жағдайлармен айналыса жү- ріп,
қазақ халқының көңіл кү-йін толығымен
отаршылдық-қа қарсы аударды. Жас ақын
ағасының жеке кітапханасында ұзақ отырып,
ХІХ ғасырда-ғы «Түркістан уалаятының
га- зеті» және «Дала уалаяты- ның газеті»
секілді баспасөз тігінділерін, қиындыларын
қа-рап танысты. Бұл басылым- дар оның назарын
қатты ау- дарды. Әсіресе, испан, ағыл- шын,
француз, неміс, жапон, грузин, орыс, фин,
литва, армиян және көптеген жа-зушылардың
шығармалары-ның қазақ тіліне аударылуы
ерекше әсер етті. Міржа- қып Асқар ағасына
келген француздың кен өндіруші дос-тарының
шай үстіндегі көп уақыттарға созылған
әсерлі әңгімелерінен алыстағы Батыс
Европа өмірінен көпте-ген жайттарды естіп
біледі» (М.Әбсемет, Міржақып, Алматы: КЕНЖЕ-Пресс,
1995 ж.). Ыбырай мектебін оқып-бітіргеннен
кейін Міржақып өзінің ұстаздық қызметін
Торғайдағы Терісбұтақ деген жерде ауыл
балаларын оқытудан бастайды. Алты – жеті
жыл ел ішінде-ақ ол Торғай дуанына танымал
мұғалім болып шыға келеді. Ауыл балаларының
білім алу-ға, халықтың ауыз әдебиеті-не
қатты құмарлығын көрген ұстаз қазақша
хрестоматиялық оқу кітабын құрастыруды
қол-ға алады. Қазақтың дүмпіл- дек, марламқаш,
айқұлақ тә- різді ұлттық ойындарын, ма-қал-мәтелдері
мен шешендік сөздерін жинап, сабақ беру
барысында кеңінен пайдаланады.
Жасы жиырмаға да толмаса да Міржақып
мектептен алған білімін, өзінің дүниетанымын
одан әрі дамытып, оны еліне арнауды ойлап,
соған сәйкес іс-қимыл жасау үшін қазақ
зиялылары шоғырланған Ом-бы қаласына
қоныс аударады. Бұл – 1904 жыл еді. Мұнда
ол Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейхановтармен
таныса- ды. Омбы, Қарқаралы, Орал, Санкт-Петербург
қалаларын аралап, көрнекті қоғам қай-раткерлерімен
пікірлеседі, мәдени – саяси шараларға
қатысып ой-өрісін кеңейтеді. Мұның бәрі
Міржақыптың саяси-әлеуметтік көзқарасы-ның
қалыптасуына үлкен ық- пал етеді. Бұл
– Ресейдегі буржуазиялық – демократия-лық
бірінші революцияның қарсаңы, елдің дүрлігіп,
қо- ғамдық қозғалыстардың өз қазанында
қайнап, тасып жатқан тұсы болатын. Және
де бұл кезде Ахмет Байтұрсынов қазақ
даласына әлеуметтік қозғалыстың беделді
басшысы ретінде танылып қалған-ды. Ахаң
мен Жақаң бірін-бірі іштей тез ұғысып,
бұдан былай-ғы өмірлерін бір мақсаттың
жолына арнайды, ақтық демдері біткенше,
жұп жазбайды, Міржақып Ахмет ағасына
еріп, Омбыдан Қарқаралыға келеді. Осында
астыртын жұ- мыстарға қатысады. Алаш қай-раткерлерінің
осы астыртын жұмыстары жөнінде М.Әуезов
өзінің 1922 жылғы мақала- сында былай деп
жазады:
«1905 жылы Қарқаралыға Ахаң менен біраз
оқығандар бас қосып, кіндік үкіметке
қазақ халқының атынан петиция (арыз, тілек)
жіберген. Ол петициядағы аталған үлкен
сөздер: бірінші – жер мәселесі. Қазақтың
жерін алу- ды тоқтатып, переселендер-
ді жібермеуді сұраған. Екінші – қазақ
жеріне земство беруді сұраған. Үшінші
– отар-шылдардың орыс қылмақ саясатынан
құтылу үшін, ол күн- нің құралы барлық
мұсыл-ман жұртының қосылуында болғандықтан,
қазақ жұртын мүфтиге қаратуды сұраған.
Петициядағы тілек қылған ірі мәселелер
осы. Ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының
дертті мәселелері осылар бол-ғандықтан,
Ахаңдар бастаған іске қыр қазағының ішінде
тілеулес кісілер көп шыққан, көпшіліктің
оянуына себепші болған».
Осы мақаладағы «Ахаң ме- нен біраз оқығандар
бас қо- сып» деген сөз петиция жа- зуға
Міржақыптың да қатыс-қанын айғақтайды.
Ал енді «Қазақстан. Ұлттық энцикло- педия»
кітабының 3 томында- ғы 295 бетте Міржақыптың
Қарқаралы петициясын жазу- ға қатысқандығы
жөнінде былайша баяндалады: «М.Дулатов
1905 ж. 17 қазанда Ре- сей үкіметіне қазақ
халқы атынан жолданған Қарқара- лы құзырхатын
дайындау- шылардың бірі болды. 1905-07 жылдары
Зайсан уезіндегі
Бекмұхамбет қажы ашқан қазақ мектебінде
сабақ бер- ген. 1906 жылы Дулатов Конститутциялық
демократтар партиясы делегаттары қатарында
Санкт-Петербургке барады. Түрлі сипатты
жиындар мен саяси күштер ұйымдастырған
көше шеру-леріне, ереуілдерге қатыса-ды.
Осы кезден бастап Ресей үкіметі құпия
полициясының саяси сенімсіз адамдар
тізіміне ілігеді». І-Думаның депутаты
Марков кезінде: «Қазақтар Шың-ғысхан
мен Ақсақ Темірдің ұр- пақтары, сондықтан
да олар- ды Америкадағы үндістер қандай
күйге ұшыраса, нақ сондай күйге ұшырату
керек», - деген-ді («Товарищ», № 442, 6 желтоқсан,
1907 ж.). Ресейдің патша өкіметі де осы саясатты
ұстанды. Міржақып отарлаушы орыс мемлекеті-
нің бұл сұрқия саясатына қарсы шығып,
«Жұмбақ» деген мысал жазады. Кейін ол
Міржақыптың «Оян, қазақ!» атты жинағына
енеді. Бұл кітап және «Жұмбақ» мысал жөнінде
Орынбор губернаторы 1911 жылғы 19 қыркүйекте
Баспасөздің Бас басқармасына бы- лай
деп жазады:
«... өзінің мазмұны жағынан бұл ис- лам
дінін ұстану-шылардың жол бастаушысы
жә- не қазақтар ара- сында орыс өкі-метінің
саясатына қарсы наразылық туды- рушы,
сонымен қатар, «Жұм-бақ» атты мысалда
ұлы мәр- тебелі императорды қорлай-тын
сөздер бар» (ЦГИАЛ, 776 қор, 21 тізбе, 2 бөлім,
249-іс, 1 бет). 1905 жылы Мәскеуде жел- тоқсан
көтерілісі болып жат- қанында Оралда
бес облыс- тың құрылтайы болып, он-да қазақ
конституциялық-демократиялық партиясының
құрылғаны мәлім. Осы құ- рылтай жұмысына
көрнекті қазақ, татар қоғам қайрат-керлері:
Ә.Бөкейхан, А.Бай- тұрсынұлы, М.Дулатұлы,
Ғ.То- қай, А.Бірімжанұлы, Б.Қара-тайұлы,
Ш.Қощығұлұлы, М.Тухватуллин, Б.Құлақметұлы,
Х.Досмұхамедұлы, М.Тыныш- байұлы және
тағы да бас-қа алаш қайраткерлері ба-
рып қатысады. 1905 жылғы 25 желтоқсанда Орал
қала- сында шығатын қазақ консти-туциялық
– демократиялық партиясының органы –
«Пікір» газетінде осы құрылтайдың бағдарламасы
жарияланады.
Сол арқылы құрылтай мінбесінен делегаттардың
дін бостандығы, ұлттық мәде-ниетті дамыту,
туған тілдің теңдігі тәрізді маңызды
мә-селелер туралы ой толғап, шешім қабылдағаны
халыққа мәлім болады. 1906 жылы бұл құрылтай
өкілдерінің құ-рамында Міржақып Дулат-
ұлы да Санкт-Петербургке келіп, мұнда
алдыңғы қатарлы қазақ зиялыларының өкілде-рі:
Сералы Лапыұлы, Дінмұха-мед Сұлтанғазыұлы,
Мұстафа Шоқай, Халел Досмұхамедұлы тәрізді
қайраткерлермен кездеседі.
Осындай қазақ зиялылары бас қосқан жиындардың
бірінде Санкт – Петербургте «Серке»
деген қазақтың баспасөз орталығын ашу
ұй-ғарылып, 1907 жылғы 28 наурызда Ш.Қощығұлұлының
қаражатымен, А.Ибрагимов-тың басшылығымен
«Серке» газетінің алғашқы нөмірі татардың
апталық «Ульфат» газетінің қосымшасы
ре- тінде жарық көріп, онда Міржақыптың
«Жастарға» деген өлеңі жарияланады. Шахмардан
Қощығұлов өзі- нің естелігінде бұл газет
ту- ралы былай деп жазады:
«Серке бір отар қойды боранда дұрыс жолға
алып шыға- ды. Олай болса, «Серке» езілген
қазақ халқына дұрыс жол көрсететін, оның
ұлттық сана – сезімін оятатын жолбасшысы
болуы керек». Қазақтың демократиялық
баспасөзінің бастамасы болған «Серке»
газетінің екінші нөмірінде Міржақыптың
«Арғын» деген бүркеншік атпен «Біздің
мақсатымыз» деген мақала-сы басылады.
Міржақып «Қа- зағым менің, елім менің!»,
- деген сөздермен бастаған бұл мақаласында
1905 жылғы Қарқаралыдағы бас көтеру мен
Оралдағы құрылтайда айтылған талаптарды
жинақ-тап көрсетіп, патшаның зұ-лымдық
саясатын мынандай сөздермен ашына әшкерелей-
ді:
«Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді
халық ... Оның ешқандай да правосы-ның
жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан
жиналатын салық қаражатының көп бө- лігі
халыққа тіпті де керек емес нәрселерге
жұмсалады... Чиновниктер, урядниктер кедей
қазақтарды ұрып – соғып, мал – мүлкін
тартып алып, ойына не келсе соны істейді.
Бүкіл Россияны генерал-дарға бөліп берді.
Соғыс жағдайын енгізіп, 87 статья бойынша
әр жерлерде соттарын құрды. Бұл сот-тардың
шешімдері бойынша жанымен, тәнімен туған
халқына берілген азамат- тар асылып, атылып
кетті. Қазірдің өзінде мыңдаған ерлеріміз
шалғай жерлерде жүр, немесе түрмелерде
отыр» (М.Дулатұлы, Біздің мақсатымыз,
«Серке» газеті, Санкт – Петербург, 6 мау-сым,
1907 жыл, №84). Осы мақала жарияланысымен
– ақ, патша полициясы Санкт – Петербургтегі
Загородный көшесіндегі 34 – үйде орналасқан
Антокольск баспаханасына келіп, «Ульфат»
және «Серке» газеттерін тәркілеп тастайды.
Сонда жасалған құжатнамада былай деп
жазылады: «Серке» газетінің №84 және «Ульфат»
газетінде 6 июль күні (1907 ж.) жарияланған
«Біз- дің мақсатымыз» мақала-сында қылмыстық
белгілер көрінеді» (ЦИГАЛ, 777 қор, 7 тізбе,
958 іс). Бұл мақала бүкіл қазақ халқын барлық
өкімет орындары мен оның өкілдеріне қарсы
күреске шақыратын «Барлық қазақ халқына
арналған үндеу сияқты» деп есептелгендіктен,
Санкт – Петербургтің Баспасөз істері
комитеті «Газеттің осы нөміріне қа-тысты
барлық адамдар жау- апқа тартылсын» деген
шешім қабылдайды. Ал енді 1912 жылы Санкт
– Петербургтегі баспасөз комитеті-нің
кеңесшісі В.Д.Смирнов Міржақыптың тәркіленген
кітаптарын қарап отырып, одан «Біздің
мақсатымыз» деген мақалаға тән тәсіл
мен ұқсастықты байқап, мұ-рағаттан «Ульфат»
газеті мен оның қосымшасы «Серке» газетін
алдырып, сот палатасының шешімімен 1913
жылғы 15 мамырда оны жойып жіберткізеді.
Міржақып Дулатұлының алғашқы өлеңдер
жинағы 1909 жылы Қазан қала-сындағы «Шарқ»
баспасынан «Оян, қазақ!», - деген атпен
басылып шыққанын білеміз. Бұл кітаптың
арқала-ған әлеуметтік жүгі өте зор болғандықтан,
ол қазақ даласына тез тарап кетті. Бұл
жөнінде Ж.Ысмағұлов бы- лай деп жазады:
«Бола-шақ кітабының арқалайтын әлеуметтік
жүгін айқын тү- сінген ақын дереу Уфа
қа-ласындағы «Шәрк» баспасынан «Оян,
қазақ!» деген атпен 1909 жылы бастырып шығарады.
Дәл сол жылы қазақ хал-қының өз тілінде,
оның бо- лашақтағы бүкіл интеллек-туалдық
қабілетінің жаршы-сындай, көркемдік ойлау
мүм- кіндіктерінің алғашқы қар-лығаштарындай
болып үш бірдей өлең кітабының баспа
жүзінде жарық көруі – біздің рухани,
мәдени өміріміздің болашағы үшін тарихи
оқиға болғанын осы тұста ерекше атап
көрсеткіміз келеді.
Өз бетінше талпынып, білім жинап, орыс тілін жетік меңгерген Міржақып орыстың озық ойлы азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында замана тозаңын суырып, дүниені дүр сілкіндірер дауылды күндердің тақап келе жатқанын өзгелерден бұрын сезеді.
Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсыновпенкездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi — ұстаз, бipi — ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып А. Байтұрсыновпен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады.
Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсыновтың үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар көрінген екі алыптың қашан соңғы демдері таусылғанша, тағдыр талқысымен екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға алынса да үзілмей, қатар естіліп тұрды. Ол екеуі екі атадан туса да, бір туған бауыр еді, екі баспен ойласа да, қорытар ойы бір еді, екі ауызбен сөйлесе де, шығар сөзі бір еді. Өйткені оларды туыстырған халқының мүддесі, ойландырған халқының қамы, сөйлеткен халқының мұң зары болатын. Сондықтан да халқы оларды жанашыр жақыным деп білді, олардың жұбын жазбай, «Ахаң Жахаң» деп бірге атады. Пенделік бар қазақтан бас тартап, халқының бақыты үшін күрескен есіл ерлерді өз халқының жауы атандырып, кешегі күні Қызылдың қызылкөз жендеттері екеуін еріксіз айырып, екі жерде атып өлтіріп, атын өшіреміз дегенде де халқы олардың асыл есімдерін есінен шығарған жоқ, аялап жүрегінде сақтады, ардақ тұтты.
1906 жылы Петербургке барып қайтады.
Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана
емес, шабытты ақын болып оралады. 1907 жылы Петербургте
1913 жылы ол Ахмет Байтұрсыновпен бipre "Қазақ" газетін шығарып,
басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене
араласады. 1920 жылы Ташкентке
Шығармалық мұрасы
Міржақып Дулатов —
әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам
тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы —
"Оян, қазақ!" деген атпен Петербург
қаласындағы жарық көрген өлең жинағы.
Одан кейін1913 жылы Орьнборда "
Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза жанрына да қалам сілтейді. 1910 жылы оның осы жанрдағы туындысы "Бақытсыз Жамал" романы Қазан қаласында басылып шықты. Бұл - қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңгыш роман еді. Кітап 1914 жылы екінші peт басылды.
Бұл жылдары Міржақып бірқатар
мақалалар мен фельетондар жаза
М. Дулатовтың шығармалары қазақ елінің тәуелсіздік алған кезінен бастап кеңінен жариялана бастады. 1991 жылы шығармаларының бip томдық, ал 1996-1997 жылдары екі томдық жинақтары жарык көрді. М. Дулатов шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірқатар кітаптар мен мақалалар жарияланды.
Өлеңдері
Өлеңдері. Өзінің алғашқы өлеңдерінен бастап туған халқының тағдырындағы қиындықтар мен ауыртпалықтардың сырына үңіліп, оның әлеуметтік тамырын әшкерелеуді мақсат еткен ақын Міржақып "Оян, қазақ!" атты тұңғыш өлеңдер жинағьн мынандай өлеңжолдарымен бастайды:
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамасты.
Ресей патшасының отарлау саясаты, қазақ жұртының хал-жағдайы, өнер-білімнің аздығы, басқа да түрлі қacipeттep осы төрт жолға сыйып тұрған секілді. Оның үстіне бұл жолдарды Міржақып шығармашылығының өне бойына тартылған темірқазық, идеяның басты бағдардың көрінісі деуге де болады. Ақын үшін халқының өмірін жырлаудан асқан мәртебелі тақырып жоқ. Көп өлеңдерінде ол қазақ елінің ауыртпалықтағы, отарлық езгідегі жағдайын баяндай келіп, елдің мүддесіне қызмет ету – әpбip азаматтың парызы деген тұжырым жасайды. Атап айтқанда, "Қазақ халқының бұрынғы һәм бүгінгі халі", "Таршылық халіміз хақында аз мінәжат", "Сайлаулар хақында", "Жастарға", “Қазақтың ру басшыларына", "Атқамінер сұмдарға", тәрізді өлеңдерінде қазақ қоғамының сипаты, ондағы адамдар психологиясы, соларды көрген ақынның өкінішті күйі анық бейнеленген. Ақынның сол тақырыптағы шығармаларының бipi – "Шағым" өлеңі.
…Бір қарағанда "Шағым" өлеңі ақынның аз ғана сәттік көңіл күйінен туған тәрізді. Әйтсе де мұнда жеке бастың мұңынан гөpi әлеуметтік ой басым жатыр. Ел ішіндегі білімсіздік, бойкүйездік, жалқаулық, енжарлық, алауыздық тәрізді толып жатқан кеселдерді көре тұрып, ақын мұңаяды. Тығырыққа тірелгендей болады.
Жүректен қашан шығар қадалған оқ,
Жандырған жанды нахақ сөнер ме шоқ?
Қажыған қам көңілді бip көтерер
Жанымда жан ашитын адам да жоқ, –
деп Міржақыптың өзі айтқандай, халқының тұрмысындағы әлгіндей керітартпа кемшіліктер оның жүрегіне оқ болып қадалады. Сондай сәттерде айналасынан өзіне серік болатын, тірек болатын адам іздейді. Таппай көңілі құлазиды. Дегенмен ақынның мұңы терең қайғыға ұласып кетпейді. Өлеңінің соңында: "Әділдік аста қалған еш күні жоқ", – деп, түптің түбінде әділдіктің жеңетініне сенеді. Сол жолда өзінің бар күшін, өмірін аямайтынын былайша жеткізеді:
Мен біткен ойпаң жерге аласа ағаш,
Емеспін жемісі көп тамаша ағаш
Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі –
Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!
Аталған өлең азамат ақынның алдына қойған мақсатын қаншалықты айқын түсінетінін байқатады. Ақынның мақсаты – халқының тағдырына ара түсу, елі үшін еңбек етуге, бел буу. Сол себепті де ақынның өлеңдері ел ішіндегі надандықты, әділетсіздікті әшкерелейді, олардан арылудың жолын іздейді. Мәселен, "Таршылық халіміз хақында азмінәжат" өлеңінде қазақ ауылының көpiнісі суреттеліп, ондағы ішкен-жегенге мәз, жайбарақат тіршіліктің беті ашылады. Ел ішіндегі бірліктің, ынтымақ пен бірауыздылықтың жоқтығын айта отырып, ақын ел билеу жүйесіндегі жүгенсіздік пен әділетсіздікті сынға алады.
Міржақыптың осы тәрізді азаматтық, әлеуметтік сарындағы өлеңдерінің тақырыбы да, айтар ойы да, кұрылысы да, айтылу ерекшеліктері де әр алуан. Ақын бірде халықтың тағдырын, бүгінгісі мен келешегін толғаса, бірде жастарды оқу-білімге шақырған насихат айтады немесе күнделікті өмірдегі құбылыстарға қатысты адамгершілік мәселесін қозғайды, ал енді бірде патша өкіметінің озбыр саясатын, ел билеушілердің әділетсіздігін сынайды.
Міржақып қаламынан туған көркем де күрделі туынды – "Алашқа" өлеңі. Ақын халқына қарата сөйлеп, оның өткендегі өмірін есіне түсіріп, жақсы мен жаманды, кешегімен бүгінгіні салыстыра отырып, бірқатар әлеуметтік шындықтың бетін ашады.
Ақын алдымен күні кеше төскейі төрт түлік малға толған бетегелі қырлардың, онда көшіп-қонған берекелі ауылдардың сәнін әсем суреттейді, ел баскарған ақылды хандар мен билерді еске алады
Өзінің алғашқы өлеңдерінен бастап туған халқының тағдырындағы қиындықтар мен ауыртпалықтардың сырына үңіліп, оның әлеуметтік тамырын әшкерелеуді мақсат еткен ақын Міржақьш "Оян, қазақ!" атты тұңғыш өлеңдер жинағьн мынандай өлең жолдарымен бастайды: