Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2014 в 20:10, курсовая работа
Көкшенің көк тұйғыны Сәкен Нұрмақұлы Жүнісов шығармашылық бақыттың шынайы биігіне көтерілген жазушы, суреткер әрі драматург.Ол классикалық үлгіде жазылған шығармаларымен елге танылып, оның әрбір элементі қорғасындай салмағы бар, жақсының нұрын тасытатын,жаманнын жүзін жасытатын, нұрлы сезімге шомылдыратыны сөзсіз.Жазушы тербеген сырлы қаламынан туған әрбіршығармаларында тағдырдың тезіне ұшыраған қазақтың әрбір бозарып атқан таңымен қызарып батқан күні мың күдік, бір үмітпен сынаптай сырғып өткенін асқан шеберлікпен жеткізе отырып,үнемі оқырманының жүрегіне жол таба білген.
Кіріспе
Көкшенің көк тұйғыны Сәкен Нұрмақұлы Жүнісов шығармашылық бақыттың шынайы биігіне көтерілген жазушы, суреткер әрі драматург.Ол классикалық үлгіде жазылған шығармаларымен елге танылып, оның әрбір элементі қорғасындай салмағы бар, жақсының нұрын тасытатын,жаманнын жүзін жасытатын, нұрлы сезімге шомылдыратыны сөзсіз.Жазушы тербеген сырлы қаламынан туған әрбіршығармаларында тағдырдың тезіне ұшыраған қазақтың әрбір бозарып атқан таңымен қызарып батқан күні мың күдік, бір үмітпен сынаптай сырғып өткенін асқан шеберлікпен жеткізе отырып,үнемі оқырманының жүрегіне жол таба білген.
Сәкен Жүнісов - аңызы ақиқатқа, ақиқаты аңызға айналған суреткер. «Атадан ұл туса із қалады»,- демекші Сәкен Нұрмақұлы Жүнісов ерен шығармашылық еңбектерімен қазақ даналарынан ұрпақ сабақтастығы арқылы жеткен барша халықтың ұлына айналды.
Зерттеу жұмысының көкейтестілігі.
Көрнекті жазушы С.Жүнісов шығармаларының тілі ұлттық таным тұрғысынан талдауға түсті.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Жұмыстың негізгі мақсаты – Сәкен Жүнісовтің тілдік тұлға ретінде танытатын ұлттық құндылықтарды оның көркем туындыларында сөз қолдану даралығын анықтау арқылы көрсету. Қазіргі антропоцентристік бағыттың ғылыми теориялық қағидаларына сәйкес шығармадағы кейіпкердің дүниетанымы мен болмысын, тілдік қолданысын этностың ұлттық танымымен байланысты концептілік құрылым ретінде тұжырымдау, сондай-ақ жазушы шығармаларындағы кейіпкер қолданысындағы фразеологизмдер, тілдік көріктеуіш тәсілдері, ұлт психологиясының когнитивтік құрылымы анықталады. Бұл мәселелерді анықтау үшін мынадай міндеттер қойылды:
- қаламгер кейіпкерлерінің
- сан қилы көріктеуіш тәсілдерді қолдану аясында кейіпкердің тілдік тұлғасын анықтау;
- С.Жүнісов шығармаларының
- қаламгер тілін стильдік-
- жазушы шығармаларының сөз (лексикалық) байлығын бағдарлап, оның лексика-грамматикалық ерекшеліктерін бағамдау;
- кейіпкер санасындағы ұлттық танымға сәйкес символдық ұғымдардың қалыптасуын нақты дәйектеу;
- жазушы шығармаларындағы
- ұлттық дүниетанымның
1 бөлім Көсем сөздің көк семсері
1.1 Өмірбаяны
Сәкен Жүнісов 1934 жылы 11 ақпанда Көкшетау (қазіргі Ақмола) облысының Қызылту ауданы, Кішкенекөл ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдағаннан кейін еңбек жолын “Пионер” (қазіргі “Ақ желкен”) журналында әдеби қызметкер болып бастады. М. Әуезов атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімшесінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы қызметтерін абыройлы атқарды.
Сәкен Жүнісов бірыңғай жазушылықпен айналысқан жарты ғасырға таяу шығармашылық өмірінде қазақ әдебиетін өркендетуге өлшеусіз үлес қосты. “Ақан сері” дилогиясы, “Жапандағы жалғыз үй”, “Заманай мен Аманай” романдары қалың оқыр¬ман қауымнан да, әдеби сыннан да жоғары баға алды. “Ажар мен ажал”, “Тұтқындар”, “Қызым, саған айтам”, “Жаралы гүлдер”, “Қос анар”, тағы басқа пье¬салары республика театрларында табыспен қойылды. “Өліара” пьесасына 1986 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Көптеген шығармалары шет тілдерге аударылды. Өзі де Л. Толстойдың, С. Цвейгтің, О. Гончардың әңгімелері мен романдарын қазақ тіліне сәтті тәржімалады.
С. Жүнісовтің қаламынан туған таңдаулы шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қорынан берік орын алған құнды дүниелер болып табылады.
Ол өз замандастарының арасында ауқымды шығармашылық қарымымен де, біртуар азаматтық болмысымен де ерекшеленетін. Туған халқы талантты перзентін сан қырлы өнері үшін Сәкен сері атап, аялап еркелетті.
Аяулы азамат, үлкен қаламгер Сәкен Жүнісовтің жарқын бейнесі әрдайым ел жүрегінде сақталады. Оның озық туындылары халқының рухани қазынасына айналып, болашақ ұрпақтармен бірге жасай береді.
Сәкен тірлігінде көп еңбектенді, мол жазды. Әдебиеттің қай жанрында да көсіле қалам тербеген Сәкен Нұрмақұлы Жүнісов жазып қалдырған алтын қазына былайғы уақытта жұртымен бірге жасайтынына күмән жоқ.
Бір қазақ Сәкендей-ақ болсын, халқын, ұлтын сүюден айнымай өткен Сәкен серіге бұл жалған дүние разы болуға да тиісті.
Елден ерек, басқаша сыр ақтарысатын ғазиз дос, Алаш десе ішкен асын жерге қоятын Сәкен, қазақ өнерін дамытудан күшін аямаған сері, ұлт әдебиетінің көшін дүзеуге жегілген Жүнісовтің, төрт аяғы тең тұлпар-таланттың ендігі жерде арада жүрмеуі өкініш.
1.2 Ақталған әке үміті
Сәкен Жүнісов ел-жұртына кеңінен танылған, халқының бір туар жазушысы. Оның азан шақырып қойған аты-Нығымет.Оған өз әкесінің есімі Нұрмақ болуының себі тисе керек.Сәкен ағамыздың туған жылы Сәкен Сейфуллиннің қырық жасқа толу мерейтойымен тұспа-тұс келген екен.Осыны ескерген көзі ашық, көкірегі ояу, ұстаздық жолда қызмет етіп жүрген аяулы әкесі Сәкен Сейфуллиндей талант иесі болуын тілеп, сәбиінің есімін "Сәкен" деп өзгертіпті. Иә, әке үміті толығымен ақталғандай.Сәкен Жүнісов ешкімге ұқсамайтын қайталанбас тұлғасымен,зор талантымен,ерен шығармашылығымен елінің еркесі, халқының серкесі атанды.
Жазушының қалам тартқан әрбір еңбегіне көз жүгірсек, майталман жазушының шығармалары үнемі халықтың жүрегінен ерекше орын алып,сарқылмас қазынасына айналған.Ұлттық дүниетанымды шынайы тұрғыдан берудің үлгісін жазушы Сәкен Жүнісов прозалық шығармалары арқылы айқын танытқан.Жазушы «Сонарда», «Әжем мен емші және дәрігер», «Кімнің мекені жақсы», «Сақау бәтеңке», «Алдыңғы вагон» атты балаларға арналған туындыларында бүгінгі өмір тынысын шыншыл да сыршылдықпен өзек еткен.
Жазушының атақты «Ақан сері» романын оқыған адам оның авторы Сәкен сері екенін дөп басып айтады.Себебі,сері тұлғасын тек сері ғана сомдай алады.Яғни, бұл роман Сәкен сері шығармашылығының тағдырлық сыйы деуге әбден болады.Жазушы аталмыш романында табиғат пен адамды,адам мен жылқы малының төресі Құлагерді суреттей отырып,шығарма табиғатын аша түскен. Сайып келгенде,бұл батыл ізденіс қазақ романының абыройын көтерді,эпикалық туындыны әлемдік әдебиеттің тың ізденісіне жеткізді.
Ата жұртта отырып Қытай жеріне ауған, тағдыр тәлкегіне түскен қазақ жұртының қайғы- қасірет тартқаны жайлы қаламгердің жазған шығармасы- «Заманай мен Аманай» атты классикалық туындынысы. Жазушы бұл повесте өмір құбылыстарын ой-сана батылдығымен,сезім тереңдігімен суреттеуде соны шығармашылық серпінін,қажырлы ізденісін танытқан.
Қазақ әдебиеті көгінде жарқырай жанып өткен Сәкен Жүнісов шығармашылығы- қалың елі қазағы үшін мәңгілік рухани сарқылмас қазына.
2 бөлім Сан қырлы талант иесі Сәкен сері
2.1 Шығармашылығы
Жүнісов Сәкен Нұрмақұлының жасөспірімдерге арналған тұңғыш әңгімелері студент кезінде жарық көрді. “Сонарда” (1958), “Әжем мен емші және дәрігер” (1961), “Кімнің мекені жақсы?” (1961), “Өшпейтін іздер” (1968) атты әңгімелер мен повестер жинағы жарық көрген. “Жапандағы жалғыз үй” романы (1965) кезінде қазақ әдебиетіндегі елеулі құбылыс ретінде бағаланды. Мұнда тың игеру кезіндегі қазақ даласындағы әлеуметтік қайшылықтар алғаш рет көркем шығарма арқауына айналған. Өнерде жарқын із қалдырған ақын, әнші-композитор Ақан сері Қорамсаұлының әдебиеттегі көркем образын сомдаған “Ақан сері” романы (1-кітап, 1971; 2-кітап, 1978) шығармашылық адамының қоғамдағы жеке трагедиясына ғана бойлап қоймай, 19 ғасырдың 2-жартысындағы қазақ қоғамындағы әлеуметтік қарым-қатынастарды терең қопара көрсетіп берді. Туған жерге деген перзенттік махаббат пен Отанға деген сүйіспеншілікті суреттейтін “Аманай мен Заманай” романы (1987) бойынша “Заманай” атты көркем фильм түсірілді. Жүнісов Сәкен Нұрмақұлының “Ажар мен ажал” (1967), “Тұтқындар” (1972), “Жаралы гүлдер” (1973), “Қызым, саған айтам” (1973) сияқты драмалық туындылары республикалық және облыстық театрлар сахнасында қойылып, көрермендердің ықыласына ие болды. Онан кейінгі кезеңде “Қысылғаннан қыз болдық”, “Кроссворд”, “Қос анар”, “Әр үйдің еркесі”, “Елім-ай”, “Сабалақ Абылай”, “Сәукеле”, т.б. пьесалары көптеген театрларда табыспен қойылды. Жүнісов Сәкен Нұрмақұлы – әдебиет пен театрдың келелі мәселелерін қозғаған жүзге жуық зерттеулер мен сын мақалалардың авторы. Көркем аударма саласында да жемісті еңбек етіп, Л.Толстойдың, П.Федоровтың, В.Кочетовтың, С.Цвейгтің, О.Гончардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1986).
2.2 Сәкеннің Ақан серісі
Қазақ даласы қашаннан дарынды тұлғаларға бай халық екеніне ешқандай шүбә келтіруге болмас. Кешегі Ақан сері, Біржан сал, Балуан шолақтардан берірек, Мұхтар Әуезов, Ілияс Жансүгіров, Ғабит Мүсіреповтердей алтындардың сынығы іспеттес ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ әдебиетіне тың жаңалық, соны ой әкелген ірі тұлға, ол – Сәкен сері Жүнісов еді. Киелі Көкше жерінде дүниеге келген Қазақстанның халық жазушысы, драматург, дарынды талант иесінің қалымынан туған туындылар қазақ әдебиетінетың жаңалықтар әкелгені сөзсіз.
Жазушының қай шығармасы болмасын әрқайсысын жеке-жеке сөз етуге тұрарлық қомақты дүниелер. Бірақ солай бола тұрса да Сәкен сері шығармаларының арасында ғана емес, қазақ әдебиетінде ерекше орын алатын «Ақан сері» романы екендігі даусыз.Бұл роман жазушының ізденісін, аталмыш тақырыпқа мол дайындықпен келгенін аңғартады. Басты кейіпкер – Ақан серінің мінез қырлары, оның ақындық, шешендік толғамды тектілігі, өзіне ғана тән ірі кісілік қасиеттері, аңшылық, саятшылығы, әнші-серілігі бәрі-бәрі де қамтылған. Автордың бұл туындыны жазудакейіпкерлердің әрқайсысының мінез-құлқын тайға таңба басқандай көрсетуі, жазушының адам жан дүниесіне еркін бойлайтын дарынды психолог екендігін де айқын аңғартады.
Жазушы Ақанның жоғарыда айтылған қасиеттерін көптеген жиын-тойларға, қоғамдық талас-тартыстарға араластыра отырып айқындап көрсетеді. Ақанның ел арасындағы беделін, халқының қалай құрметтейтіндігінің дәлелі ретінде Әлтай ақсақалдың серіге көрсеткен құрметінен байқауға болады. Ақан сері – қазақ әдебиетінен орнын ойып тұрып алған өнерпаз. Ақан сері туралы қалам тартқан бірнеше ақын-жазушылардың проза, поэзия, драма жанрларында жазылған көлемді туындылары бар. Атап айтқанда, Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы, Мағжан Жұмабаевтың «Ақан сері» очергі сияқты ірі туындыларымен қатар, Қ.Бекхожин, Т.Әлімқұловтың баға жетпес мұраларына Сәкен серінің «Ақан сері» романы қосылып отыр. Бұлар тек Ақанның өмірі ғана емес, кешегі көшпенді қазақ даласының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын кейінгі ұрпаққа насихаттаудың таптырмас құралы болып табылатын туындылар.
Жазушының образсомдаудағы, сөз
саптаудағы шеберлігі, романның
оқырман жүрегінен еркін жол
табуының бірден бір себебі. Ол
Құлагер бейнесін суреттеуде, оған
дейінгі жазылған Ілияс
"Ақан сері” романында
сонау бұлыңғыр заманда өмір
сүрген дарынды өнер иесін
айқын бейнелеген.Ақансолбір
Міне, осындай ұлы тұлғаны суреттеуіне сүйсінген және автордың бойынан жоғарыда айтылған қасиеттердің барлығы дерлік бар екеніне сүйене отырып, академик Ғабит Мүсірепов:"Бойындағы қасиеттері, жазушылығына қосымша әншілік, домбырашылық өнеріне, мінез тіршілік әрекетіне орай мен Сәкенді Біздің Сәкен серідеп атағаным бар”,-еді деген.
Сан ғасырлар бойы қазақпен бірге жасасып келе жатқан қасиетті жылқы жылында Сәкен серінің туғанына 80 жыл толғалы отыр. Мейлі сексен, мейлі жүз, тіпті талай ғасырлар өтсе де, дарынды қаламгердің мұралары қазақ халқының жадында, жүрегінде мәңгі сақталып, рухани өшпес мұра болып қалары сөзсіз.
2.3 Сәкен Жүнісов эзотеризміндегі бүгінгі мақсат
Сәкен Жүнісов қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдың екінші жартысындағы тарихында өз орны бар жазушы деген жалпылама анықтама бере салатын дарындар қатарына жатпайды. Одан гөрі дәлірек нақтылау, терең дәйіптей отырып барып зерделей анықтауды қажет етеді. Әдебиет пен өнерде эзотеризм ұғымы бар. Ол жақсы, атақты, ел таныған, қоғам мойындаған Ұстаздың өзінің тәрбиелеген, баптаған, үміт артқан шәкірттерінің ішіндегі таңдаулысына, озық ойлысына ауызба-ауыз беретін, жекелей үйрететін тәлімін айтады. Көне дәуірлерде атақты риторалар мен элоквенттер (шешендер) өздерінің ондаған, жүздеген шәкірттерінен санаулысына ғана бата бергені белгілі. Қазақтың шешендік өнерінде де осы үрдіс үлгі болған. Эзотеризм ілімі бізді жазушы С.Жүнісовтің шығармашылық өмірбаянын зерттеуде қазақтың заңғар жазушысы, әлемдік классикалық әдебиет қорына шығармасы енген дара тұлға М.О.Әуезовке жетелейді. Бәрімізге аян, Сәкен Нұрмақұлы М.Әуезовтың шәкірті, яғни аспиранты болған және де соңғысы. Ғасыр жүгін мойнына артқан, өмір бойы «кеңестік» идеологияның қамытын еріксіз киюге мәжбүр болған, бірақ саналы ғұмырында ішкі дүние сарайы, рухани жан дүниесі ұлттық болмыс-бітіммен өмір кешкен жазушы тіршілік соңында сүйікті шәкіртінен зор үміт күткен, мүмкін ішіндегі құпияларымен де бөліскен шығар. Кім білген. Бұл – ірі тұлғалар арасында ғана болатын құбылыс, қарапайым пендеге жұмбақ, тылсым дүние. Эзотеризмнің болмыстағы ең табан тірер тегеріші – түйсік (интуиция), яғни субъектінің өзін қоршаған ортаның, қоғамның бар қыр-сырын, даму эволюциясын, адамдар әлеміндегі шым-шытырық қозғалыстың мән-жайын тамыр ұстаған балгердей түйсікпен айыра білу, сезіне білу, жоғары сананың микроәлемдік кеңістігіне еніп, сол арқылы синтезге шығу қабілеті. Сәкен де эстетикалық ой биіктігін ұстазы М.Әуезовтен алған деген пікірді ұсынсақ, жаңсақтыққа жатпайды деп білемін. Оған куә - оның Мұхтар Омарханұлынан алған дәрістер жинағы.
Сәкен Жүнісов қаламынан шыққан «Ақан сері» дилогиясында ұлы тұлға лабораториясынан үлгі алған, соған еліктеу сарыны бар. Әдебиеттегі компаративтілік әдісін Сәкен өз романындағы басты кейіпкер – Ақан образында аса шеберлікпен пайдаланған.