Ә.Кекілбаев шығармашылығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2014 в 12:00, реферат

Краткое описание

Әбіш Кекілбаев 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Әбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды. Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады. 1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады.

Содержание

І. Әбіш Кекілбаев – қазақ әдебиетіндегі тынысы кең қаламгер
ІІ. «Ханша-Дария хикаясы», «Күй», «Аңыздың ақыры» прозалық шығармаларындағы аңыз бен шындық тоғысы
ІІІ. Ә.Кекілбаев прозасындағы сана ағымы мәселесі
IV. Ә.Кекілбаев – мәдениет және қоғам қайраткері

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ә.Кекілбаев шығармашылығы.docx

— 42.89 Кб (Скачать документ)

Сонда қалай, мына әйел манағы құрт шыққан алманы әліге дейін көрмеген, білмеген болғаны ма? Көрсе, бұдан неғып қысылмайды? Қызметші әйел беті бүлк етер емес, дастарқанды реттеп болды да, басын иіп, тағзым еткен күйі жұп-жұмыр бөксесіне сарғыш шытыра көйлектің етегін бұлқ-бұлқ тепкілетіп, тек әйел ғана ойлап таба алатын бір әдемі әзәзіл  жүріспен есікке жылысты ".

Адам психологиясын ашуға  қызмет ететін көркемдік компоненттер-портрет (сыртқы детальдар) іс-әрекет, бет-жүздегі  құбылыстар т.б. бәрі бірігіп жан дүние қозғалысы мен жағдайға (душевные движение и состояние) Кекілбаевтың жиі жүгінетін тәсілі. Әміршінің ішкі дүниесіндегі ой-сезім құбылыстары мен жан арпалыстары да осындай сыртқы детальдар (дененің қозғалыстары, беттің құбылуы, жест т.б.) арқылы ашылады. Тоқтаусыз ағын судай ойы (монолог) бар Әмірші табиғаты ішкі тағдыры арқылы енген құпия тұлға. "Әйгілі әйел бәрін біледі екен" деген бір сөйлемді баяндау желісін үзбей келе жатқан авторлық сөзі екен деп қаласың. Шындап зер салсақ, бұл Әміршінің ішкі ойы-монологы екен. Әйелдің әрбір әрекетін, қимыл-қозғалысын қадағалап шығарғандағы өзіндік шешімі. Осы жерде автордың өз ссзімен кейіпкердің сөзін бөлшектемей, бір-бірімен ажыратқызбастай етіп, қолданатын өзіндік өрнекке, ерекше баяндау стилі де қылаң береді. 
Кейіпкер ойын осындай оқыс бір детальдар арқылы автордың шеберлігіне қосаа, ой-сезім ағысының табиғилығын да аңғаруға болады. Өйткені сыртқы детальдар адам санасы мен жан дүниесіндегі үздіксіз жүріп жатқан психологиялық, процестің ұшқындары. Кішкентай детальдан үлкен философиялық-әлеуметтік ой түюді творчествалық кредо еткен жазушы үшін әлгіндегі қызыл алма да-деталь, сиқырлы мұнара да-деталь, кіші ханымның түсі де- деталь. Алайда, олардың бәрі романға үлкен жүк артып тұр. Осындағы әр деталь сол кезеңнің әлеуметтік-қоғамдық мәнін, өлім мен ақиқат алдындағы адамзаттың жалғыздығын, әлсіздігін әшкерелеп, бүкіл адам нәсіліне ортақ махаббат, адамгершілік, әділет, қайырымдылық секілді ізгі қасиеттердің мәңгілігі туралы философиялық ой түйеді. Ақыры осы үш деталь Әміршінің талай түнгі тынышын тонап, сан күннен бергі санасын сарсытқан жауапты тауып береді: "...Иә, көп мұнараның өне бойынан өліп-өшкен махабатты тану қиын емес. Бірден көзге ұрып тұр. Бірақ ол кімге кімнің махаббаты?..

Жоқ, жоқ, шебер мұнараны салдырған ханымнаң алыс жорықтағы  жарына деген пейілін емес, өзінің ханымға деген көңілін бейнелеген... Өліп өшкен махаббатын бейнелеген..." деген Әмірші монологінің ізін ала автордың коментарий жалғасады: - Иә, солай. Көк мұнараның сиқырын ол енді түсінді... Әлгі бір көзбен көріп қолмен ұстатқандай ұрымтал ойдан жаңылып қалармын дегендей, іштей қайта-қайта ойлап, әбден жаттап отыр. Иә, бәйбішесі жіберген өзегіне құрт түскен қызыл алманың жауабы енді табылды...

Қазақ прозасында ішкі монолог, сана тасқыны тәсілдерімен жазылған "Аңыздың ақыры" романындағы "Мұнара" тарауында да сол көркемдік екпінінен  жаңылмастан жалғасын тапқан. "Қырсыққанда қымыран іриді " дегендей шебер жігіттің жұтқыншағын жыбырлатып бара жатқан жөтел - бұл бөлімдегі бірінші деталь - әрі бұл "сезікті секіреді" дегендей, Әмірші алдындағы құпия қылмысын жүзімнен, көзімнен білініп қалмас па екен?" деген бозбала жігіттің ішкі толғанысын, үрейін де жеткізіп тұр. Автор жігіттің сасқан, қысылған жайын елеусіз қалдырмай, бүге-шігесіне дейін қазбалап жазады:

"... Дымы ішінде боп,  тыныш тұруға тырысқан ол бәріне  де шыдап бақпақшы болды. Бірақ  көмейі әлленеге қыж-қыж жыбырлап, тамағы қышып қоя берді. "Қап,  қайдағы пәле қайдан тап болды" - деп ойлауы мұң екен, алқымға  толып, қылғындырып тұрған пәлекет  босанатын жер іздеп абайсыз  жөткірініп қалды. Ол аз дегендей  тағы жөткірінді... Екі беті ду  қызарып кетті...»

Автор шебер "жігіттің "Әмірші намазға келеді деген хабар естісімен  дегбірі кеткен беймаза көңілін  осылай әдемі кестелей білген. Сондай-ақ, суреткер шебер жігіттің көңілі қалаған 3урадан торығып өмір қызығынан түңіліп жүрген тұсында осы мұнараның салу туралы тапсырма алып, оның күннен-күнге биіктеп бара жатқан құрылысымен бірге көңілі де көтерілгенін жазушы параллельді психологиялық тәсілмен шебер қиюластырған. «Жаппар мұнараның кемшілігін енді көрді. Біресе көңіліне қонбайтын ерсі бірдеңені көзі шалып қалғандай, басын шайқап өз өзінен таусылып, жан-жағына түкірініп бітеді...»

Осы үзіндіден кейіпкердің  ішкі толғаныс тебіреністерімен қоса, сыртқы қимыл әрекет, кескін келбет құбылысы да қалыс қалмайды. Мұнда кейіпкердің өз түрінен алар сезім толқынысын жариялау фактісі, қимыл-әрекеттері өзгеріс сыры мен оның сыртқы эффектісі де орын алған. Үшінші жақтан баяндай отырып кейіпкердің ішкі өміріне, сырт көзден тысқары тіршілік-тынысын тап басумен бірге оқыс, тосын іс-әрекеттерін де сол бір шабытты шақтың шалт сезімдерін қапы қалдырмайды. Ішкі жан дүние арпалысгары да мұнда сыртқы қозғалыс арқылы ашылады. Бір-бірімен жымдасып, бірігіп кеткен осынау көркемдік компоненттер жазушы шөберлігінің тағы бір қырын танытқандай.

Ә.Кекілбаев тірі сананың  тозуын, әлсізденуін, өмірден мән  таба алмай күйзелуін көрсетеді. Қоспан монологі еңбек адамының үш күнгі бастан кешкендері арқылы оның бүкіл өмірінен, өткені мен бүгінгісінен мағлұмат беріп, бойыңда үлкен аяныш сезімін оятса, Алмас хан басындағы жай бұдан 600 жыл бұрын өмір сүрген қай-қай әміршінің де бастан кешкен оқиғасы екеніне көз жеткізеді. Қоспанның толғаныстары еріксіз шаруашылық жайын ойлауға жетелеп отырса, «Аңыздың ақырындағы» төрт-бес бетті көктей алып жататын көлемді монологтар сол уақыттағы әлеуметтік орта мен әмірші арасындағы психологиялық конфликтіні, шектен шыққан қаталдықты, бас айналдырар эгоизмді көрсетуге арналды. Терең философия, адам өмірінен еш ләззат таппаған өміршінің ғұмыр бойы өз-өзін алдап өтуі, оның көз алдындағы тіршілік аясына келуі мен кетуі, міне, Ә.Кекілбаев романындағы монологтар осыны бейнелейді. Iшкі монолог демекші, қазір әдебиетке ішкі монологпен бірге «сана ағымын» ұғымы келді. Неге екені белгісіз, қайсыбір қаламгерлер бұған үрке қарайды. Ертеректегі Платон «сананың өз-өзімен сөйлесуі» деген сөзді айтса, социалистік реализм әдебиетінің басында тұрған Горький: «Адам мен үшін оның ойынан басталады»- дейді. Әдебиеттегі мұндай жаңа формаларды, сайып келгенде, творчестволық ізденістің нәтижесі, әдеби дамуымыздағы мазмұн мен түрдің жаңа үйлесімі деп бағалау керек секілді. Осыған дейін әдебиетшілер мен зерттеушілер тырнақшаға алып айтып жүрген «сана ағымының» әдебиеттегі көрінісі қандай? Адам бойындағы бұлқыныс-буырқаныстарды, санамыздағы өзімізге де түсініксіз болып келе жатқан қайсыбір психологиялық процестерді тап басып суреттеуде психологиялық талдаудың өзі де жетпей жататын көрінеді. Алғаш психологияға, артынша әдебиетке енген «сана ағымы» ұғымының өмірге келуі де осыған байланысты болса керек. Зерттеушілер «сана тасқыны»(сана ағымы) принципіне құлай берілгендерге алғаш әсер еткен - өлімге өз еркімен бара жататын сәттегі Анна Каренинаның ішкі монологы екенін әлденеше рет ескертеді. Бұл монолог кейіпкердің шектей тартылған ауыр күйін, жан тақсіретіне толы толғаныс тізбектерін, әйелдің сыртқы өмірден жиреніп, оған немкетті көз салуының ішкі себебін, жүрек құсасынан, азаптан арылудағы жалғыз жол – ажалды соңғы қадам етіп алуға итермелейтін, әрі өкшелеп қалмайтын ғаламат күнәһар қиялдың ұлғаю, даму процесін ерекше нанымдылықпен бейнелейді.

Біз аталмыш мақаламызда  Әбіш Кекілбаев прозасының даму сипаты, ондағы сана ағымының көркем образдарды жасаудағы ролін талдап көрсетуге  талпындық. Ол үшін жалпы «сана ағымы» деген терминнің табиғатын ашып алуды жөн көрдік. Прозалық шығармалардан мысал келтіре отырып, бұл мәселе төңірегіндегі тұжырымдарды жүйелеуге тырыстық. Бұл тараптағы зерттеулерге назар аударып ол пікірлердегі ортақ байламдарды негіздедік.

Зерттеу жумысында біздің негізге алып отырғанымыз сана ағымы  түсінігінің көркем әдебиетте алатын орны, сана ағымын талдаудың шығармадағы  образдық даралауға әсері болғандықтан, жұмысты жалпы сана ағымы ұғымының пайда болуы, зерттелу тарихынан  басгадық. Психологиялық талдаудың стильдік ерекшелігі мен көркемдік қызметін таныту үшін Ә. Кекілбаевтың туындыларына сүйендік. Адамдық ой-сананың, сезім күйдің сәулеленуін, оның шығармадағы өзіндік сипатын сақтап адам жанының диалектикасын ашуға лайықтап қолдану жазушының шеберлігіне байланысгы Әдеби сана ағымы  элементтері әдеби процестің қалыптасуында әр түрлі шамада көрінген. Оның аналитикалық және сиитетикалық түрлері қаламгердің қолданысына қарай қүбылып отырды. Біздің басты міндетіміздің өзі осыдан туындайды, себебі Ә.Кекілбаевтың шығармаларындағы сана ағымы мәселесінің бұрынғы қолданыстан ерекше екеніне, айырықша сипаттылығына тоқталдық.

Сана ағымы әдісінің щығармадағы  көрінісі-ішкі монолог. Ішкі монолог Әбіш психологизмнің басты амал тәсілі. Ішкі монологты ұлғайта қолдану, оны толғаныстарға ұластыру, сол арқылы авторлық идеяны, көтерген мәселені таныту-қаламгердің басты ерекшелігі. Психологиялық талдаулардың булардан басқа әдебиетгерде ертеден орын алған тағы бір түрі-психологиялық егіздеу мен пейзаж, шығармалардың көркемдік образдылық аясын кеңейте түседі. Пейзаж бұрынғы әдеби қолданыстағыдан қысқарғанымен нақтылана бейнеленіп, көйіпкер жанының сол сәттік жан дірілін танытуға айырыкша әсер етеді.

Сонымен қазіргі әдебиет  сыншыларын, зерттеушілерін психологизм, психологиялық талдаулар елеңдете бастады. Осыған байланысты психологизмнің қаламгер туындыларындағы психологиялық талдаудың негізі мен мәніне тұжырым жасап, ой қорытуға тырыстық. 
Ә.Кекілбаевтың "Аңыздың ақыры" шығармаларына жасалған талдаулар сана ағымы әдісінің бірден бір көрінісі.

Сана ағымы әдісінің щығармадағы  көрінісі-ішкі монолог. Ішкі монолог  Ә.Кекілбаев психологизмнің басты  амал тәсілі. Ішкі монологты ұлғайта  қолдану, оны толғаныстарға ұластыру, сол арқылы авторлық идеяны, көтерген мәселені таныту-қаламгердің басты  ерекшелігі. Психологиялық талдаулардың булардан басқа әдебиетгерде ертеден  орын алған тағы бір түрі-психологиялық  егіздеу мен пейзаж, шығармалардың  көркемдік образдылық аясын кеңейте  түседі. Пейзаж бұрынғы әдеби қолданыстағыдан қысқарғанымен нақтылана бейнеленіп, көйіпкер жанының сол сәттік жан дірілін танытуға айырыкша әсер етеді.

Әдебиеттегі мұндай жаңа формаларды, сайып келгенде, творчестволық ізденістің нәтижесі, әдеби дамуымыздағы мазмұн мен түрдің жаңа үйлесімі деп бағалау  керек секілді. Осыған дейін әдебиетшілер мен зерттеушілер тырнақшаға алып айтып жүрген «сана ағымының» әдебиеттегі көрінісі қандай? Адам бойындағы бұлқыныс-буырқаныстарды, санамыздағы өзімізге де түсініксіз болып келе жатқан қайсыбір психологиялық процестерді тап басып суреттеуде психологиялық талдаудың өзі де жетпей жататынын зерттеушілеріміз айтып келеді. Алғаш психологияға, артынша әдебиетке енген «сана ағымы» ұғымының өмірге келуі де осыған байланысты. 
«Сана ағымында» бейнелеу құралдарының бірі - әдеби түс көру. Көркем шығармада әдеби түс көру кейіпкердің іс-әрекетін психологиялық тұрғыдан нанымды әрі дәл бейнелеу үшін және әр кезеңнің өзіндік дүние танымына орай фантастикалық, мистикалық, лирикалық, комедиялық немесе гротестік эффекті, акцент беру үшін қолданылады.

Мысалы, Ә.Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» мен «Ханша-дария хикаясы» роман-повестері бастан-аяқ түстен тұрады десе де болады. Бұл шығармалардың идеялық, көркемдік тұтастығын құрайтын түс – ішкі монологтың бір элементі ретінде кейіпкердің көңіл-күйін, санасында үздіксіз жүріп жатқан психологиялық процесті бейнелейтін бірден-бір тәсіл. Қазақ прозасында Түске соншалықты мән беріп, одан үлкен философиялық ой, әлеуметтік-қоғамдық мәселе көтеретін Әбіш Кекілбаев болды. Кекілбаевтың «Күй» повесінде де Сырым деген жігіттің Құрбан қариядан естіген Жөнейт батыр туралы хикаясы да бастан-аяқ түстен тұрады. Күй шежіресіне айналған бұл аңыз-әңгімеде Жөнейт батырдың ұлы Дәулет күйшінің жауға барып, қайтыс болғаны, оның құнанына әкелген қазақ күйшісін тірідей жерге көмгелі батырдың көрген күні азаппен, түні түс көрумен өтеді. Мұндай мысалдар жеткілікті. «Ханша-дария хикаясы» атта повесінде де оқиғаның өмірге келуіне түрткі болған жайт – Шыңғыс ханның түсі. Жалпы Ә.Кекілбаевты түс көрмейтін кемде-кем. Және олардың бәрі де шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымын қолынан шығармайтын идеялық-эстетикалық құндылықтың қазығы бола білетін, бүкіл туындының көркемдік дәрежесін биік деңгейге жеткізетін бірден-бір көркемдік тәсіл болып табылады.

Ә. Кекілбаев шығармаларында түс көру тәсілі түрлік, тәсілдік, жанырлық, стильдік жағынан жаңартылып, коркемдік  әлемі жаңғыртылып қана қоймай, философиялық, әлеуметтік, психологиылық мазмұн-мәні де тереңдетіліп, байыпталап, көркемдік  құндылығы мен сапасы жағынан да өскені байқалады.

Әдебиетші ғалымдар Ә.Кекілбаевтің “Құс қанаты”, “Бір шоқ жиде”, “Шеткері үй”, “Бәйгеторы”, “Күй”, “Бәсеке” повестерін  психологиялық проза  қатарына  жатқызып  жүрген  себебі де осыдан. Бұл  туындылардан  диалогты  жиі  кездестіре алмайсыз. Көбінесе  монологтық  баяндауы басым   түсіп  жатады. Автор қарапайым  көзге іліне  бермейтін елеусіз  құбылыстың  өзінен терең  философиялық ой  түюді стильдік  машығына  айналдырған. 
Қорыта айтқанда, сана ағымы құбылысы «ішкі монологтың» ерекше күрделенген, шиеленіскен түрі.«Ой тасқыны» әдісінің қалыпты реалистік үлгіден негізгі айырмашылығы  онда сюжеттің оқиға желісінің әлсіреуі, не мүлде болмауы. Бірыңғай психологиялық ой тасқынмен, суреттер тізбегімен шығарма  композициясын  құру. Мұндай құбылыс Ә.Кекілбаев  прозасынан айқын көрінді.

 

Ә.Кекілбаев –  мәдениет және қоғам қайраткері

Әбіш Кекілбаевты біздің қазақ оқушысы, қазақ қоғамы ең алдымен ақын, жазушы ретінде таныды. Кекілбаев толғанса – роман, көсілсе көсемсөз туады. Өндіріп, өнімді жазатын суреткер. Туындыларының көрінісі көркемдігімен, кейіпкер бейнелері шежірелі шешендігімен, оқиғасы тарихи деректілігімен қатар өріліп, астарлы сөз, ой дариясының тұңғиығына шомылдырады. Менің қатарым оның әдебиет сыншысы ретінде қарымды еңбек еткенін де біледі.

Ә.Кекілбаевтың қоғамдағы феномені – оның толассыз ізденгіштігі мен зерттеушілігі, сол қазынасын жиылған жүк құсатып тең-тең етіп қоймай, түйдек-түйдегімен оқушысына, еліне, жұртына тасқындатып төгіп жатуында. Сондықтан да әдебиет сүйер қауым Әбекең не жазды екен деп күтіп жүреді, шыққан дүниесін іздеп тауып, оқып жүреді. Әбекең оқушысын жерітпеген, ренжітпеген, көңілін қалдырмаған, қаламы демікпеген, шабыты сарқылмаған жазушы, қоғамның сергек сарапшысы. Асқар Сүлейменов өзінің бір мақаласында былай деп жазыпты: “Кекілбаев дарыны мейлінше ғибратты дарын. Оның кеңістігінің өзінен ұғымтал көкірекпен жіті көз адуын өнердің мінезін көреді”.

Оның “Аңыздың ақыры”, “Үркер”, “Елең-алаң” тарихи романдары тек  тарихи шежіре емес, бүгінгі қоғам үрдісімен, ұлт мүддесімен астасып, бостандық рухы мен өркениеттің өшпес құндылықтарына ұмтылатын мінез тәрбиелерлік қуатты шығармалар. Әбіш Кекілбаевтың қай қасиетін сөз етсек те ең алдымен қазақ санасында оның әдебиет сыншысы, шебер, көркем шығарма жазушылығы алғы кезекке шығады. Әдебиетке бала кезінен мол дайындықпен келгені оның терең шығармаларынан айқын көрінеді. Әдеттегідей жасқана, имене әдебиеттің есігін ашқан жас өскін емес, білімі толық, кемелі келісті, қаламы төселіп, дауысы орныққан дарын иесі екендігі шүбәсіз, нық басқан салмақтылықпен келді. Ол өзінің көркем сөз зергерлігімен біздің рухани өмірімізді байытты, көзімізді ашты, көкірегімізге ұлттық сенім, сана ұялатты.

 


Информация о работе Ә.Кекілбаев шығармашылығы