Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2014 в 12:00, реферат
Әбіш Кекілбаев 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Әбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды. Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады. 1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады.
І. Әбіш Кекілбаев – қазақ әдебиетіндегі тынысы кең қаламгер
ІІ. «Ханша-Дария хикаясы», «Күй», «Аңыздың ақыры» прозалық шығармаларындағы аңыз бен шындық тоғысы
ІІІ. Ә.Кекілбаев прозасындағы сана ағымы мәселесі
IV. Ә.Кекілбаев – мәдениет және қоғам қайраткері
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Филология факультеті
Қазақ тіл білімі кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Әбіш Кекілбаев шығармашылығы: тарихи шындық пен көркемдік ізденістер
Автор: Назым Кеңесбай, ФҚТ-41 тобы
Ғылыми жетекші: ф. ғ. к., доцент Г.Ержанова
Астана – 2013
МАЗМҰНЫ
І. Әбіш Кекілбаев – қазақ әдебиетіндегі тынысы кең қаламгер
ІІ. «Ханша-Дария хикаясы», «Күй», «Аңыздың ақыры» прозалық шығармаларындағы аңыз бен шындық тоғысы
Пайдаланған әдебиеттер
1. Ә.Кекілбаев. Дала балладалары. 1 том. – Алматы: Жазушы, 2001. – 248 бет.
2. Ж.Дәдебаев. Өмір шындығы және көркемдік шешім. – Алматы: Ғылым, 1991. – 208 бет.
3. Сұлтанов Қ. Кекілбаев кеңістігі. // Егемен Қазақстан. 2006, желтоқсан.
4. Құныпия Алпысбаев. Аңыз бен шындық тоғысы. Түркі Академиясы. Астана қ.
Әбіш Кекілбаев – қазақ әдебиетіндегі тынысы кең қаламгер
Әбіш Кекілбаев 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Әбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды. Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады. 1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әдебиетінен» кейін 1962-65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.
Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді. Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты. Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды. 2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді. 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты.
«Ханша-Дария хикаясы», «Күй», «Аңыздың ақыры» прозалық шығармаларындағы аңыз бен шындық тоғысы
Тарихи өткен дәуір
Ал, Әбіш Кекілбаев өзінің роман, хикаяттарында
аңыз желісін негізге ала отырып, тарихи
дәуірдің шындығын айтудың басқаларға
ұқсамайтын өзгеше жолын іздейді. Әбіш
Кекілбаев үшін көркем шығарма арқылы
көрінетін негізгі мәселе ондағы оқиғалар
тізбегі емес, сол оқиғалар нәтижесінде
пайда болған түрлі тағдырлар туралы ой
түйіні, тарих сабағы. Кезінде: «Әбіш алғашқы
кезде көне тақырыпқа қалам тартқанда,
біздің ұғымымызда қалыптасқан үйреншікті
үлгі бойынша белгілі бір тарихи тұлғаны
кейіпкер етіп алып, соның ғұмар кешкен
дәуірі мен ортасын суреттеп жатпайды.
Әбіш шығармаларының негізгі фабуласы
– халық тағдыры, оның жүздеген жылдар
ішіндегі басынан өткерген алуан түрлі
тауқыметі, сенімі, түсінігі, намысы, сезімі,
елдігі, ерлігі, жақсылығы, ездігі – рухани
өмірі. Біз айтып отырған «тұтас бір дәуір»
жүз жылды былай қойып, мың жылға дейін
созылуы мүмкін», - деген М.Ысқақбай пірікі
соған саяды.
Қаламгердің тарихи тақырыпқа жазылған алғашқы шығармаларының бірі «Ханша-Дария хикаясына» Шыңғыс хан тұлғасына қатысты аңыз негіз болғанымен жай фон үшін ғана алынғаны шындық. Шығармада тарихи дерек нақты суреттелмейді. Шыңғыс ханның әлемді тітіренткен қаталдығы мен жауыздығына байланысты аңыздарды автор ой сүзгісінен өткізе отырып, өз мақсатына орай жаңғырта, жетілдіріп пайдаланады. Шығармада арпалысқан айқас та, кескілескен шайқас та суреттелмейді. Бірақ ой ағымы, психологиялық талдау арқылы автордың философиялық пайымы оқырманды терең тебіреніске жетелеп, зұлымдық пен жауыздық, тәнқұмарлық пен қанқұмарлық жайында сыр ұқтырады. Тәкәппар көңіл, зұлымдық әрекет өз кезінде толағай жеңіске жетіп, белгілі уақыт өмір сүргенімен, түбінде жеңіліс табатыны, халық қарғысына ұшырайтыны, зауал ұратыны кәміл. «Ханша-Дария хикаясындағы» ой түйіні осыған тілереді. Ханның зұлымдығы жарты әлемді қанға бөктіріп, Таңғұт сияқты тұтас бір халық тарих санасынан біржолата жойылды. Еркек кіндіктісі түгел қырылып, әйел, қыздары хан сарбаздарының мазағы мен күңіне айналды. Алайда қанқұмарлыққа қоса тәнқұмарлық билеген жиһангер әміршіге Таңғұт ханының ханымы Гүрбелжіннің қолынан ажал ұрығы егілді. Көне аңызға философиялық мән, терең астар қоса отырып, әйелге тән құдіретті көрсетеді. Гүрбелжін бейнесі арқылы туған халқына, ақ некелі жарына адалдық, еліне деген сүйіспеншілік, отансүйгіштік қасиеттер дәріптеледі.
Бұл орайда шығарма өмірге келген кезеңдерде жазылған көрнекті сыншы Сағат Әшімбаевтың мына бір пікірі ойымызды бекіте түсетіндей: «Гүрбелжіннің Шыңғыс ханға жасаған қастығы жайжан жай, кездейсоқ әрекет емес. Әйел жүрегінің түкпірінде қордаланған, аяусыз тапталып жоқ болуға айналған туған Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктің бас көтеруі. Ондай қастықты күбің күйкі әрекетпен шатастырмау керек. Отанына шын берілген адал жанды арлы әйел сол жерде болмағанмен басқа орында болсын бәрібір сол қастыққа баратыны сөзсіз. Міне, осы жайға кітапты оқу үстінде сенесің».
Ежелгі аңыз-әңгімелерді бүгінгі көзқарас тұрғысынан електен өткізіп, екшей отырып, сол аңыз-әңгімелерден бүкіл адам баласына тән ортақ қасиетті табуға тырысқан шығармасының бірі – «Күй» хиқаяты. Бұл шығарма ежелгі туыстас тайпалар арасындағы тай-талас, араздық жөнінде, надандық пен қатыгездік жайлаған замандағы түрлі жағымсыз әдет-ғұрыптар туралы. Шығарма сюжеті түрікмен дутаршы Құрбан қарттың тартқан күй сарыны бойынша айтылатын аңызға құрылған. «Ханша – Дария хикаясы» секілді мұнда да оқиға желісі тәптіштеліп суреттелмейді. Түрлі оқиға, іс-әрекеттің болғаны, соңғы нәтижесі психологиялық талдау, ой ағымы арқылы беріліп отырады. Сегіз тараудан тұратын хикаятта оқиға желісі бірінші, сегізінші тараулардан басқа алты тарауда баяндалады. Алғашқы тарау негізгі желіге барар кілт іспетті. Сырым атты геодезист жігіт бастаған бір топ жер барлаушылар картаға түсіру мақсатында Қақпақты тәрізді сайын дала, сахараны аралауға шығады. Алайда, көзге ілінер бір белгі, картаға түсірер бір нысан таба алмай әуреге түседі. Бір жарым ай бойы босқа қаңғырғандай болған бұлар түрікменнің Қосаба дейтін ауылынан Құрбан атты жасы жетпістен асқан қартты тауып алып, жолсерік етеді. Міне, осыдан кейін ғана Құрбан ақсақал айтқан әңгіме ауқымында сайын дала сыры ашыла бастайды. Осы тұрғыдан шығарма мәтініне назар аударып көрейік: «Құрбан ақсақал жасы жетпістен асса да, сыр алдыра қоймаған сіңір қара шал. Жұмыртқадай шап-шағын басын қақшаңдатып шапшаң сөйлеп, шапшаң қимылдайды. Кеше бұлар тек жылмиған жазық қой деп жүрген қара жондағы қоңыр жусанның арасынан еміс-еміс көзге түсетін әр бұдырға ат тауып береді. Қапелімде соның бәрі сыртынан көзге түсер-түспес елеусіз көрінгенмен, аттары дардай. Әне бір қалың бұйырғанның қақ ортасында қалып, айналасына құмырсқа илеу салған көк тастың аты – «Қанжар жаныған», ал ана бір жалғыз қылауытқан тоқымдай кебірдің аты – анау-мынау емес – «Қол қырылған».
Негізгі тарауларда осы бір астарында талай құпия сырлар жатқан атаулардың қалуына себеп болған тарихи, қоғамдық жағдайлардың түп төркінін түсініп білуге жетелейді. Құрбан шал тартқан дутар үні, күй сарыны алыс дәуірлер қойнауына енгізіп, ой құшағына бөлейді, сана жылымына бойлатып бара жатады. Сан жылдар бойы қатар отырған туыстас екі халықтың арасындағы жалғасып келген қақтығыстар жеке адамдар тағдырына қатысты өріле отырып, үлкен қоғамдық, әлеуметтік мәселе ретінде терең философиялық тұрғыдан түйінделеді. Қазақ пен түрікмен арасындағы бітіспес дау мен кекшілдік «Жаулықтан тек жаулық туады» деген Абай сөзінің түйіні аясында көрініс табады. Сол кекшілдіктің, аса үлкен қатыгездіктің салдарынан адамдардың мәңгүрттікке айналуы, адамның жерге тірідей көмілуі шығармада өткен дәуірдің жиіркенішті әрі өте қатыгез құбылысы ретінде бейнеленеді. Әбіш Кекілбаевтың осы «Күй» хикаятындағы мәңгүрт туралы эпизодтың негізінде «...аңыз емес, өткен дәуірдегі әдет-ғұрып заңына сәйкес жүргізілген жазалау актісі жатыр», – дейді профессор Ж.Дәдебаев.
Қалай болғанда да Ә.Кекілбаев шығармаларында аңыз желісінің қолданылуы суреттеліп отырған заман шындығын бейнелеудің, өмір шындығын көркем шындыққа айналдырудың жолы. Ә.Кекілбаев үшін шығарманы аңыздық желіге құру қаламгерлік тәсіл, ой айтудың кілті ретінде қызмет атқару. Бұл сипат оның «Ханша – Дария хикаясы», «Күй» хикаяттары мен «Аңыздың ақыры» романында үндесе, сабақтаса, бірін-бірі толықтыра көрініс табады.
Ә.Кекілбаев прозасындағы сана ағымы мәселесі
Сана ағымы (ағылшынша Stream of consciousness) – XX ғасыр әдебиетіндегі модернистік бағыттың бір кең тараған тәсілі. Кейіпкердің рухани әлемін, жан қозғалысын, күйзелісін, кейіпкер характерін ашудағы таптырмайтын әдіс. «Сана ағымы» термині американдық философ-идеалист Уильям Джеймске тиесілі. Ғалым өз еңбегінде: «сознание — это поток, река, в которой мысли, ощущения, воспоминания, внезапные ассоциации постоянно перебивают друг друга и причудливо, «нелогично» переплетаются» (Уильям Джеймс. «Основания психологии», 1890) - деген анықтама береді. Кез келген көркем шығармада адам тұтас бейнеленеді. Көркем әдебиеттегі кейіпкер бар болмысымен, ішкі және сыртқы табиғатымен толық танылуы үшін бейнелеу құралдары тұтас және шебер ұйымдастырылып, қолданылуы тиіс. Әдебиеттегі жаңалық өзінен бұрынғыны біржолата мансұқтау, біржолата құрту жолымен емес, адамзаттың суреткер өнерін реальді болмыстың барша әрі мен нәрін жеткізе алатын соны түр, соны әдістермен байыту жолымен өрістейді.
Сана ағымы - адамның ішкі
жан дүниесіне талдау жасау. Сана
ағымы қат-қабат тізбектеліп, бірін-бірі
толықтыра келетін ойлар ағыны
болады, яғни көркем туындыдағы кейіпкер
ойына, ішкі дүниесінің арпалысына, санасындағы
процестерге негізделінген
Ә.Кекілбаевтың қазақ әдебиетіндегі
психологиялық прозаны дамытуға
қосқан үлесі мол. "Аңыздың ақыры"
романында жазушы байсалды баяндау, философиялық,
психологиялық терендікті өз творчествосына
темірқазық етіп алған. Тарихи тақырыпқа
барғанда кейінгі уақытта қалыптасқан
үрдістен бойын аулақ салып, тарихи тұлғалардың
көркемдік бейнесін кескіндеуде кейіпкердің
моральдық болмысынан тұтастықты сақтап
дамытады.
"Қызыл алма", "Мұнара", "Махаббат"
атты үш тараудан түратын роман әу баста
Үлы Әміршінің алыс сапардан оралу сәтінен
басталады. Әңгіме кейіпкер бейнесіне
көшкен автор атынан, үшінші жақтан баяндалады.
Бірақ ондағы ойдың бәрі ішкі монолог,
еске алу, көңіл түкпіріндегі күпті ойлар,
қартайғандықты мойындатқан қажу, т.б.
арқылы бөріледі. Романдағы кейіпкерлер-Ұлы
Әмірші, Бибі ханым, шебер іс-әрекеттерімен
емес, көбіне көңіл-күйлеріндегі күйзелістерімен,
жан әлеміндегі арпалыстармен, ішкі буырқаныстан
сыр берер бет-жүздегі, мінез-құлықтардағы
сезімдік құбылыстарымен көрінеді. Романда
диалогтан гөрі монологтың басым болуы
да жатырқатпайды.
Психолог-прозаик кейіпкерінің
сұңғылалығына нандырады. Әккі Әмірші
қарамағындағыларды уысында ұстау
үшін елді қабағынан тануды қажет
құрал етті. Айналасындағы адамдардың
іші-сыртын, пендешілік осалдығын, көңіл
түкпіріндегі құпия сырларын Әміршінің
қалай тап басып зерттейтінін
бейнелеуінде суреткерлік алымдылық
бар. Роман тек Әміршінің ойы-
Роман басында Әміршінің
тынымсыз ойға, небір қиялдарға бөленген
ұзақ жол, жол бойындағы оңашалық,
жалғыздық болса, еліне келген бетте
оны мазалайтын нәрсе-өзегіне құрт
түскен қызыл алманың өзіне сәлемдеме
боп жіберілуі. Бұл жерде қызыл алма
- Әміршінің тынышын тонаған көркемдік
нышанның басты кілті. Осы бір өзегіне
құрт түскен қызыл алма арқылы үй-ішінің,
өз шаңырағы астындағы алауыздықты, өзі
жоқта орын алған опасыздықты ғана түсініп
қойған жоқ Әмірші, сонымен қатар, жалған
өмірінің өткіншілігін, жер жүзінің жартысын
билеген қаһары да, атағы жер жарған даңқ
пен дақпырттың да шын ғашықтың жүрегінен
шығып, көңілінен қаланған мұнара меңзеп
тұрған адал да таза махабаттың жанында
ешқандай мәні жоқ екендігін де түсінеді,
түсінеді де күйінеді. Күйініш оны күйреуге
әкеледі. Өзегіне құрт түскен қызыл алма
Әміршінің де өзегіне құрт салады. Қасындағы
адамдардың қас-қабағынан-ақ аңдып барлық
жайды, сырды ұғатын Әмірші енді өзінің
бастапқы қалпына келе алмайды, бұрынғы
эгоистік мінез, көзқарастан біртіндеп
өзгере бастайды. Бұрындары тек өзім дейтін,
төк өзінің ғана үстемдігімен есептейтін
ол енді төңірегіндегі адамдардың қасқабағын
аңдитын дәрежеге жетеді. Неге? Бәріне
өзегіне құрт түскен қызыл алма кінәлі.
Бұл Әміршінің ойы ғана емес, тіршілігінің
де контрасты, екіге жарылуын көрсетеді.
Суреткер Әміршінің ойы мен санасындағы,
бүкіл тіршілігіндегі осындай аяқ астынан
пайда болған қақ жарылуын бейнелеген
сәтіне көз салып көрейік: "...Былайғы
пенденің күндізгі қысылып-қымтырылып,
өз аяқ-қолын өзі матаған сіреспе тіршіліктен
бір сәт босап, арқасы жазылатын түндері
бар, түнде ол жұрттың көзіне көрінбейді,
сөзін де естімейді, ың-шыңсыз оңашаға
көшеді. Бұның ондай түні де жоқ. Бұл түнде
де тас қаранғыда да ояу отырғандай. Түнек
қараңғының түкпір-түкпіріндегі жымысқы
көздердің бәрі бұны көреді, ал бұл төңірегін
тас қып қымтап алған тас қарағының тасасында
не болып, не қойып жатқанынан атымен бейхабар.
Ол адамдық тіршіліктің күндізгі бейнетін
бір кісідей-ақ тартқанымен, түңгі ләззатынан
біржола мақұрым..."
Жан әлемін аяусыз соққылаған сауал жауабын
ол өзінен, жанындағы адамдардан іздейді.
Кез-келген кісінің ішкі сырын, құпия ойын
айтқызбай қас-қабағынан, көзқарасынан,
қимыл-әрекетінен танитын әккі Әмірші
екі қайтарса да алманы қайта алып келген
қызметші әйелдің жұмбақ қылығын жазушы
көркемдік компоненттердің портреттік
бейне, мимика, іс-әрекет, бет-жүздегі құбылыстары
арқылы ашады: «...Бұрын қызметшілеріне
назарын тіктемеуші еді, бұл жолы тінте
қарады. Тайсала қоятын қызметші әйел
көрінбейді.