Кеңес дәуір әдебиеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2015 в 16:33, реферат

Краткое описание

Қазақ әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.

Содержание

1 Қазақ әдебиетінің жіктелуі
2 Қазақ әдебиетінің арғы тарихы
3 Қазақ әдебиетіндегі Алтын Орда дәуірі
4 Қазақ хандығы дәуірі әдебиеті
5 Бодандық дәуіріндегі қазақ әдебиеті
5.1 Қазақ әдебиетінің бодандық дәуіріндегі ренессансы
6 Тәуелсiз Қазақстандағы қазақ әдебиеті
7 Шет елдегі қазақ әдебиетінің өкілдері
7.1 Қытай қазақтарының әдебиеті
7.2 Монголия қазақтарының әдебиеті
8 Дереккөздер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақ әдебиеті.docx

— 41.57 Кб (Скачать документ)

 

Әсіресе М.Әуезовтің “Абай жолы” романынан бастап қазақстандық атақты қалам қайраткерлерінің туындыларын аударуға өмірін арнаған ақын-жазушы Жамлиха Шалұлы мен А.Құнанбайұлы, М.Өтемісұлының шығармаларының толық жинағын моңғол тілінде сөйлеткен ақын, аудармашы Жүкел Қамайұлының еңбегін ерекше атауға тиіспіз. Сонымен бірге моңғолдың көне фольклорлық мұралары мен классикалық әдеби шығармалары қазақ тіліне молынан аударылды. Бұл іске Қ.Мұқамадиұлы, М.Сұлтанияұлы, Б.Құрманханұлы, Қ.Жұмаханұлы секілді көптеген қаламгерлер үлес қосты.

 

Әдеби сын, зерттеу саласында ф.ғ. докторы Қабидаш Қалиасқарұлы, ф.ғ.кандидаты Қуанған Жұмаханұлы, ф.ғ.кандидаты Есенгүл Кәпқызы секілді ғалымдар қажырлы еңбек етті.

 

Соңғы буынға келсек, Қазақстан тәуелсіздігінен кейін Рысбек Зұрғанбайұлы, Жүкел Қамайұлы, Сұраған Рахметұлы, Бақытбек Бәмішұлы, Абай Мауқараұлы, Есенгүл Кәпқызы, Дәулеткерей Кәпұлы, Жандос Бәделұлы, Бақытгүл Баймолдақызы секілді ақын-жазушылардың көбі тарихи отанына оралып, әдебиет саласында еңбек етіп отыр.

 

Түйіндеп айтқанда, моңғолиядағы қазақ әдебиеті қазақ пен моңғол халықтарының рухани бай қазынасынан тең сусындап, мазмұны байып, жанрларының барлық түрі дамып, ұлт әдебиетінің алып дариясына құятын мөлдір бұлаққа айналып отыр.[1][2]


Информация о работе Кеңес дәуір әдебиеті