Кеңес дәуір әдебиеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2015 в 16:33, реферат

Краткое описание

Қазақ әдебиеті — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.

Содержание

1 Қазақ әдебиетінің жіктелуі
2 Қазақ әдебиетінің арғы тарихы
3 Қазақ әдебиетіндегі Алтын Орда дәуірі
4 Қазақ хандығы дәуірі әдебиеті
5 Бодандық дәуіріндегі қазақ әдебиеті
5.1 Қазақ әдебиетінің бодандық дәуіріндегі ренессансы
6 Тәуелсiз Қазақстандағы қазақ әдебиеті
7 Шет елдегі қазақ әдебиетінің өкілдері
7.1 Қытай қазақтарының әдебиеті
7.2 Монголия қазақтарының әдебиеті
8 Дереккөздер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақ әдебиеті.docx

— 41.57 Кб (Скачать документ)

Қазақ әдебиеті

 

Қазақ әдебиеті  — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.

 

Халық фольклоры мен поэзиясының негiзi сол тайпалар шығарған ертегi, аңыз, мақал-мәтелдерде жатыр. Батырлардың отаншылдық сезiмi, туған халқының азаттығы жолындағы күрестерiн жырға қосқан батырлық эпостар («Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», т.б.), халық арасына кең тарап, сүйiктi шығармасына айналған, жастардың адал махаббаты, алмағайып тағдыры жырланған лиро-эпикалық дастандар («Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Қыз Жiбек», т.б.) қазiргi қазақ әдебиетінiң өз алдына мол мұрасы болып саналады; қараңыз: Ауыз әдебиетi.

A.

"Қыз Жiбек"

 

Мазмұны

 

    1 Қазақ әдебиетінің жіктелуі

    2 Қазақ әдебиетінің арғы  тарихы

    3 Қазақ әдебиетіндегі  Алтын Орда дәуірі

    4 Қазақ хандығы дәуірі  әдебиеті

    5 Бодандық дәуіріндегі  қазақ әдебиеті

        5.1 Қазақ әдебиетінің  бодандық дәуіріндегі ренессансы

    6 Тәуелсiз Қазақстандағы  қазақ әдебиеті

    7 Шет елдегі қазақ  әдебиетінің өкілдері

        7.1 Қытай қазақтарының  әдебиеті

        7.2 Монголия  қазақтарының әдебиеті

    8 Дереккөздер

 

Қазақ әдебиетінің жіктелуі

 

Егер қазақ әдебиетін тарихи өлшеммен бөлсек, төмендегідей жіктеледі:

 

    Көшпелі тайпалық әдебиет

    Ежелгі дәуір әдебиеті

    XV—XVIII ғасырлардағы қазақ  әдебиеті

    XIX ғасыр — XX ғасырдың  бас кезіндегі әдебиет

    Кеңес дәуіріндегі қазақ  әдебиеті

    Тәуелсіз қазақ әдебиеті

 

Ал жанрлық жағынан бөлсек:

 

    ауыз әдебиеті

    жазба әдебиеті

 

 

Қазақ әдебиетінің арғы тарихы

 

Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б.з.б. дәуiрлерде шығарылған «Алып Ер Тоңға», Шу батыр, «Атилла», «Көк бөрi» және «Ергенеқон» дастандары бүгiнгi қазақ әдебиетінiң қайнар-бастаулары болып табылады. Сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи кезеңдердегi — Түркі қағандығы тұсындағы (8 ғ.) әдеби жәдiгерлердiң («Күлтегiн», «Тоныкөк», «Бiлге қаған» жырлары) жазылуына үлгi-өнеге, негiз болды. Түрiк қағандығы тұсындағы жазба әдебиет өзiнен бұрынғы сақтар мен ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен генезистiк, типологиялық, дәстүрлiк үндестiкте дамыды.

A.

"Қорқыт ата кітабынан үзінді"

 

Түркі қағандығы дәуiрiнде шығарылған ерлiк эпосының бiрi — «Қорқыт ата кiтабы». Ал, бұдан кейiнгi Қарахан мемлекетi тұсындағы немесе ислам дәуiрi (10 — 12 ғ.) деп аталатын тарихи кезеңдегi түркi халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы Қайта өркендеу — Ренессанс дәуiрi деуге болады. Бүкiл түркi қауымын әлемге танытқан Әбу Насыр Әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Жүсiп Баласағұни, Ахмед Жүгiнеки, Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. осы Қайта өркендеу дәуiрiнде тарих сахнасына шықты. Олар өзерiнiң ғылыми және көркем туындыларында гуманистiк идеяларды, адамгершiлiк пен қайырымдылықты, т.б. iзгi қасиеттердi көтердi. Бұған әл-Фарабидiң «Риторика», «Поэзия өнерi туралы», ибн-Синаның «Данышнамесi» («Бiлiм кiтабы»), әл-Бирунидiң «Хикметтерi» («Даналық сөздерi»), Махмұт Қашқаридiң «Диуани лұғат ат-түрiк» («Түркi сөздерiнiң жинағы»), Баласағұнидiң «Құтты бiлiгi», Иасауидiң «Диуани хикметi» («Ақыл кiтабы»), Бақырғанидың «Бақырғани кiтабы», т.б. толық дәлел бола алады.

Қазақ әдебиетіндегі Алтын Орда дәуірі

 

Алтын Орда дәуiрiнде (13 — 15 ғ.) Қыпшақ даласындағы түркi халықтарының әдебиетi мен мәдениетi мүлдем жаңа сапалық дәрежеге көтерiлдi. Бұл кезде мемлекет астанасы болған Сарайшық қаласына Батыс пен Шығыстың аса көрнектi ғалымдары, сәулетшiлерi, ақындары, өнер қайраткерлерi, т.б. жиналған едi.

 

Алтын Орда дәуiрi әдебиетi тұсында әл-Хорезмидiң «Мұхаббат-наме», Сайф Сараидiң «Гулистан бит-турки», («Түркi тiлiндегi Гүлiстан», Құтбтың «Хосрау — Шырын», Дүрбектiң «Жүсiп — Зылиха» дастандары ерекше мәшһүр болды. Сондай-ақ, Насреддин Рабғузидiң «Қиссасул әнбия» деп аталатын прозалық шығармасы да кең тараған болатын. Қыпшақ тiлiнiң сөздiгi — «Кодекс куманикус» атты кiтап та заман талабы бойынша өмiрге келген туынды едi.

A.

"Кодекус куманикус кітабы"

 

Қазақ әдебиеті тарихының ежелгi дәуiрiн танып-бiлуде тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежiрелер де ерекше маңызды рөл атқарады. Сан ғасырлар бойы атадан балаға ауызша да, жазбаша да рухани мұра болып келе жатқан мұндай шежiрелердi қазақтың зиялы ойшылдары, ақындары мен жыраулары жақсы бiлген. Қазақ халқының тарихы мен әдебиетiне тiкелей қатысты түркi тiлiндегi осындай жәдiгерлердiң iшiнен Әбiлғазы Баһадүр ханның «Шежiре-и Түрк» («Түрiк шежiресi»), Қадырғали Жалайыридiң «Жамиғ-ат тауарих» («Шежiрелер жинағы»), Захир әд-Дин Мұхаммед Бабырдың «Бабыр-наме», Мұхаммед Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашидиi» ерекше орын алады. Бұлар ежелден-ақ қазақ оқырмандары арасында тарихи тақырыпқа жазылған көркем туындылар ретiнде қабылданды. Қадым замандардағы сақтар мен ғұндардың аңыз-әфсанаға айналып кеткен ерлiк тарихынан, көк түрiктердiң ежелгi қаһармандық шежiресiнен сыр шерткен жыр-дастандар бертiн келе, қазақтың батырлық жырларының идеялық және көркемдiк тұрғыдан қалыптасуына тiкелей ықпал еттi. Ал, ислам дiнi дәуiрiнде өмiрге келген этикалық-дидактикалық мазмұндағы дастандар мен сопылық сарындағы хикметтер, моральдiк-философиялық трактаттар, ғибрат сөздер, т.б. қазақ ақын-жырауларының толғау-жырларынан өзiнiң логикалық, тарихи, көркемдiк жалғастығын тапты.

Қазақ хандығы дәуірі әдебиеті

 

Қазақтың ұлттық әдебиетiнiң төл тарихы қазақтардың ұлт болып қалыптасуы мен дербес мемлекеттiгiн құрудан басталады. 15—16 ғ-ларда қазақ жыраулары ежелгi түркi поэзиясындағы дидактик. сарынды мазмұндық, тiлдiк, стильдiк жағынан жетiлдiре түстi, гуманистiк, философиялық ой-пiкiрлердi қоғамдық дамудың жаңа асқар биiгiне шығарды; қараңыз: Жыраулық поэзия.

 

18 ғ-дың соңына қарай, Қазақ әдебиетіндегi жыраулық дәстүр бiртiндеп ығысып, жеке ақындық өнерге орын бере  бастады. Жыраулық поэзияның қалыптасқан  сөз саптауы, ел тағдырын ту  етiп ұстап, ерлiктi мадақтаған биiк  үнi бiр iзге түсiп, жеке ақындық  өнер арқылы күнделiктi тiршiлiктiң  сан-саласына, адам өмiрiне, оның iсi мен  мiнез-құлқына, қоғамдағы орны мен  қызметiне көңiл бөлiндi. Бұл — әдебиет дамуындағы жаңа дәуiрдiң басы едi. Ақындар шығармаларының тақырыбын кеңейтiп, өмiр шындығын нақты тануға, оған өз көзқарасын бiлдiруге ұмтылды. Бұл арқылы жеке ақындық өнер байып, өзiндiк көркемдiк бояу iздеу жолына түстi. Осы жолмен ол ауыз әдебиетi дәстүрлерiн сақтай отырып, кәсiптiк поэзияның қалыбына кiрдi. Осындай жеке ақындық шығарм-тың туу кезеңiнде өмiр сүрген Көтеш, Шал ақын өлеңдерiнде жеке адамға бағытталған арнаулар, адам өмiрi, оның мәнi мен сәнi, фәнилiк пен бақилық жайы суреттелдi, оларда тапқырлық, бейнелiлiк, шынайы поэзияға тән лирикалық «мен» көрiнiс тапты.

Бодандық дәуіріндегі қазақ әдебиеті

 

19 ғасырдан бастап қазақтың жазба  әдебиетi — әлеумет халiн ұғып, ел қамын жақтауға кiрiсiп, өлең  бұрынғыша, қызық, сауық сияқты ермек  емес, қауым қызметiн атқара бастады, елдiң саяси пiкiрi мен тiлек, мақсат, мұң, зар сияқты сезiмдердiң басын  қосып, жаңадан ой негiзiн, салт  санасын құрауға кiрiстi, бұл уақытқа  шейiн болмаған әлеуметшiлдiк сарыны, азаматтық нысанасы бой көрсеттi. Осындай әлеуметшiлдiк сарынды  көбейткен тарихи оқиғалар бұл  дәуiрде орыс отаршылдығымен байланысты  туды. Ресей империясына бодан  болу, сонымен байланысты туған  ел iшiндегi өзгерiстер, қанаудың күшеюi, халықтың тiршiлiк ету аясының  тарылуы, ұлттық намыстың тапталуы  қазақ ақындары шығармаларында  кеңiнен бейнелендi. Осы өзгерiске  қарсы анық наразылық Махамбет  Өтемiсұлы өлеңдерiнен айқын көрiнедi. Махамбет жырлары — Исатай  Тайманов бастаған көтерiлiстiң (1836—37) ұраны, үнi. Мұнда көтерiлiстiң мақсат-мұраты («Қорлықта жүрген халқыма бостандық  алып берем деп»), оған қатысатын  ерлердiң сипаты («Ереуiл атқа  ер салмай»), соғыс суретттерi («Соғыс»), Исатайдың батырлығы мен оны  жоқтауға арналған жырлар («Тарланым», «Мұнар күн»), ақынның өз жайына, көңiл-күйiне («Баймағамбет сұлтанға  айтқаны», «Қызғыш құс») байланысты  өлеңдерiне жалғасып, тұтастай көтерiлiс  тарихын, сол кезеңдегi әлеум. жағдайды  бейнелейдi. Исатай-Махамбет көтерiлiсiне  тiлектес ақындар қатарындағы  Шернияз Жарылғасұлының Исатайды  мадақтап, Баймағамбеттi даттайтын  өлеңдерi батылдығымен, тапқырлығымен  бағалы. Исатай—Махамбет көтерiлiсiне  жалғас туған Кенесары—Наурызбай  бастаған ұлт-азаттық қозғалысы  да (1837 — 47) өзiне тiлектес әдебиет  тудырды («Наурызбай — Қаншайым», «Топ жарған», «Жасауыл қырғыны», Нысанбай Жаманқұлұлының «Кенесары-Наурызбай»  жыры). Сыр бойында, Батыс Қазақстанда  өткен патша отаршылдығына қарсы  көтерiлiстер кезiнде жаңа жырлар  туды («Бекет батыр», «Жанқожа батыр»). Отаршылдыққа қарсы күрес поэзиясы  қазақ көркем сөзiнiң дамуында  озық идеясымен, халықтық мазмұнымен  жаңа белес саналады. Билеушiлерге  қарсы наразылықты ашық айтқан  шыншыл поэзия туды, адамды суреттеудiң  жаңа тәсiлдерi қолданылды. Осы қатардағы  ақындар iшiнде Жанақ Сағындықұлы, Шөже Қаржаубайұлы, Сүйiнбай Аронұлы  елеулi орын алады. Отаршылдық дәуiр  әдебиетiнiң ақындары шығармаларында  ел байлығының талауға түсiп, халықтың  кедейшiлiкке ұрынып, қоныстың тарылуы, зорлық-зомбылықтың күшеюi, парақорлықтың  етек жаюы, адамдар мiнез-құлқының  өзгерiп, ұсақталып, берекесiздiкке түсуi, дiн шарттарының еленбеуi, т.б. жағдайлар  кең қамтылып, көркем бейнелендi. Оларды заман қайғысы, өткендi ойлап  торығу, алдағы өмiрден шошыну  зары бiрiктiрдi. Бұл сарынның көрнектi ақындары — Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Кердерi Әбубәкiр Шоқанұлы, т.б. халықтық  поэзияның түрлерiн жетiлдiрдi. Оны  заман шындығын бейнелеумен шебер  байланыстыруда, реализмдi байытып, адам  психологиясындағы өзгерiстердi жарқын  суреттеуде, тiл өрнегiнде сан  алуан жаңалықтар табуда осы  топтағы ақындардың еңбегi үлкен. Олардың бiразы отарлаушыларға  шошына қарады, дегенмен шығыс  әдебиетiмен, дiни әдебиет үлгiлерiмен  жете таныс болуы арқасында  көркемдiк құндылығы жоғары туындылар  жасады; қараңыз: Зар заман ақындары.

Қазақ әдебиетінің бодандық дәуіріндегі ренессансы

A.

"Абай Құнанбаев"

 

Қазақ әдебиетiнiң өскелең бағытын айқындауда 19 ғасырдың екiншi жартысында туған демократиялық ағартушылық әдебиеттiң орны ерекше. Бұл әдебиеттiң өкiлдерi Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов ғылым-бiлiм, оқу-өнер арқылы алдыңғы қатарлы елдерге теңелуге, теңдiкке жетуге болатынына сендi. Шоқанның ғыл. көзқарасы, қызметi арқылы қазақ елi iшiнде ағартушылық, демократиялық идеялар тарады. Ыбырай әдебиетке деген ұғым, түсiнiктi жаңартып, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегi ұлы күш екенiн көрсеттi. Өзi балаларға арналған әңгiмелер, өлеңдер жазды. Көркем сөз өнерiнiң кемелденуi, өлең сөздiң қоғамдық қызметiн көтеру, сол негiзде жаңа көркемдiк әдiс — реализмдi қалыптастыру ұлы Абайдың үлесiне тидi. Ол Еуропа мен орыстың классикалық әдебиетiн еркiн меңгерiп, көркемдiк таным мен талғамға жаңа талаптар қойды, жаңа сипатты поэзия туғызды. Классикалық әдебиет үлгiлерiн қазақ тiлiне аударып, қазақтың төл әдебиетiмен қатар қойды, Қазақ әдебиетінiң эстетикалық принципi Абай шығармаларында жүзеге асты. 19 ғ. әдебиетi ұлттық таланттардың көптiгiмен және олардың бiр-бiрiне ұқсамайтын сан алуандығымен көзге түседi. Онда айтыс ақындары (Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек, Бақтыбай, Кемпiрбай, Сабырбай, Сара, Ырысжан, Ұлбике, Тәбия, Ақбала, т.б.), әншi ақындар (Бiржан сал, Ақан Серi, Сегiз Серi, Мұхит, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, т.б.), қиссашыл ақындар (Жүсiпбек Шайхисламов, Ақылбек Сабалов, Шәдi Жәңгiров, Мәулекей Юманчиков, Кашафутдин Шахмарданұлы, т.б.) жыршы-жыраулар дәстүрiн жалғастырып, халықтық әдебиет үлгiлерiн сақтап жеткiзушiлер (Марабай, Абыл, Нұрым, Мұрын, Ығылман, т.б.) қатар өмiр сүрдi. Бұлардың барлығы өз мүмкiндiктерiнше әдеби арнаны толықтырды, өмiрдi өзiнше танып жырлады. Қазақ тiлiндегi алғашқы кiтаптар осы кезде басылды («Өсиет наме» — 1880, «Бала зар» — 1890, «Диуани хикмет» — 1896, т.б.), фольклорлық мұралар жинақталып, жарық көре бастады. Қазақ әдебиетінiң көршi халықтар әдебиеттерiмен байланыстары ұлғайып, жаңа аудармалар пайда болды; қараңыз: Әдеби байланыс.

 

20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті  ұлы Абайдың ағартушылық, демократиялық  дәстүрiн жалғастыра отырып, отаршылдыққа  қарсы күрес пен тәуелсiздiктi аңсау идеясын ашық және батыл  көтердi. Ахмет Байтұрсынұлы, Мiржақып  Дулатов қазақ халқының тарихи-мәдени  дамудан кенже қалып, қараңғылықта  отырған күйiн суреттеп, елдi өнер-бiлiмге  үгiттедi. Жаңалыққа енжар, ұйқыда  жатқан қазақты бiрi «Маса» боп  құлағына ызыңдап, бiрi «Оян, қазақ»  деп, бар дауыспен жар салды. Ғасыр  басында әдебиетке келген ақын-жазушылардың  барлығы да осы дүбiрмен оянғандар  едi. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ  әдебиетін көркемдiк-эстетикалық  тұрғыдан байытып, жаңа жырлардың  туып, жетiлуiне үлес қосты. Оның  «Қамар сұлу», «Кiм жазықты?» атты  романдары, «Адасқан өмiр», «Кедей», «Таныстыру», «Қала ақыны мен  дала ақынының айтысы» поэмалары, лирик. өлеңдерi, публицистик. мақалалары  ақынның әр саладағы iзденiстерiн  танытты. Әдебиеттегi сыншылдық бағытты  дамытып, ағартушылық идеяны көркем  сөз арқылы өрiстетуге Сәбит  Дөнентаев, Мұхамеджан Сералин, Спандияр  Көбеев, Бекет Өтетiлеуов, Тұрмағамбет Iзтiлеуов, Ғұмар Қараш, Нарманбет  Орманбетұлы, Бернияз Күлеев, т.б. елеулi еңбек сiңiрдi. Олар ақындық өнердi әр жағынан жетiлдiрдi. Сәбит шағын, сюжеттi өлеңдер мен мысал жанрында  өнiмдi еңбек етсе, Бернияз заман  шындығын лирик. өлеңдермен ашуға  ұмтылды. Ауыл мектептерiнде сабақ  берген Спандияр мен Бекет  еңбектерi олардың ұстаздық, ағартушылық  көзқарастарымен байланысты едi. Көбеев «Қалың мал» атты роман  жазды. «Айқап» журналын шығарған  белгiлi журналист Сералиннiң әлеуметтік  теңсiздiктi бейнелейтiн дастандары («Гүлқашима», «Топжарған») басылды. Отаршылдық  қанауды, ел билеу жүйесiндегi саясатты, қазақ қоғамының мешеу күйiн  сынауда Ғұмар мен Нарманбет  өлеңдерi едәуiр көркемдiк табысқа  жеттi. Бұл дәуiрдегi әдебиет ақын-жазушылардың  ұстаған жолы мен көркемдiк iзденiстерi, бағыт-бағдары жағынан бiркелкi емес  едi. Олардың iшiнде таза қазақы  дәстүрге сүйенген, аракiдiк шығыс  әдебиетiнен хабары бар ақындар  тобы болды. Олар да ел iшiн жайлаған  надандықты, ел билеушiлердiң әдiлетсiздiгiн, патшаның отаршылдық саясатын  сынады. Мәшһүр-Жүсiп Көпеевтiң, Нұржан  Наушабаевтың реалистiк өлеңдерi дәуiр шындығын ашып көрсеттi. 20 ғ-дың басындағы әдебиеттi толықтыруда  «Исатай-Махамбет» дастанының авторы  Ығылман Шөрековтi де, Қ. ә-нiң дәстүрлi саласын дамытқан әншi-ақындар  легiнде (Майра, Иманжүсiп, Мәди, Кенен, Үкiлi Ыбырай) атап айтуға болады. 1917 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң  батырлары Амангелдi, Бекболат, т.б. туралы жырлар туды. Көтерiлiске  байланысты туған халық поэзиясы  ғасыр басындағы әдебиеттiң демокр.-халықтық  бағытын толықтырып, оны жаңа  мазмұнмен байытты; қараңыз: Қазақ  халық поэзиясы.

 

=

Тәуелсiз Қазақстандағы қазақ әдебиеті

 

Тәуелсiздiк жылдарының рухани нәтижесi Нұрпейiсов («Соңғы парыз»), Қабдолов («Менiң Әуезовiм»), Мұртаза («Ай мен Айша»), Мағауин («Сары қазақ»), Жүнiсов («Аманай мен Заманай»), Нұршайықов («Жазушы мен оның достары»), Ысқақ («Ақсу туралы аңыз»), Тоқтаров («Абайдың жұмбағы»), Софы Сматай («Жарылғап батыр»), С.Елубай («Тағзым»), Мұратбеков («Ай туар алдында»), Исабеков («Ай-Петри ақиқаты»), Тарази («Қара жұлдызға сапар»), Жұмадiлов («Тағдыр»), А.Жақсыбаев («Тiрек»), Қ.Исабаев («Шоң би»), Д.Досжан («Құм кiтап»), Б.Мұқай («Өмiрзая»), Ә.Сарай («Едiл-Жайық»), О.Сәрсенбай («Шеңбер»), т.б. көрнектi жазушылардың роман, повесть, әңгiмелерiнде көрiнiс тапты.

 

Әдеби онжылдықта Қ. ә-нiң дәстүрлi жанры поэзияда ұлттық үн мен азаматтық әуен жоғары деңгейге көтерiлдi. Барлық уақыт қабаттарына барлау жасау, поэтикалық қиялдың ауқымдылығы, лирикалық, баяндаушылық, публицистік және сыншылдық көңiл-күйдiң байлығы, суреттеу тәсiлдерi мен құралдарындағы батыл iзденiстер осы жылдар поэзиясына тән болды. Мүшайра, айтыс, әдеби-поэтикалық байқаулар шығармашылық iзденiстердiң молаюына түрткi болды.

 

20 ғ-дың 90-жылдарында ұлттық драматургияның  ең басты нысанасы болған Кекiлбаевтың  «Абылай хан», Ш.Құсайыновтың «Томирис», М.Байсеркеновтың «Абылай ханның  ақырғы күндерi» тарихи драмалары  ендi ғана тәуелсiздiк алған елдiң  егемендiгiн сақтап қалудағы қиын  күрестiң тiрегiн iздеудiң ерекше  түрi iспеттi болады.

 

Қазақ әдебиеті өзiнiң бүкiл даму барысында күрделi де қайшылықты жолдардан өттi. Бүгiнгi қазақ ұлттық әдебиетi өсiп-өркендеген көп салалы, көп жанрлы, көрнектi авторлары бар, әлемдiк әдебиет деңгейiне көтерiлдi.

Шет елдегі қазақ әдебиетінің өкілдері

Қытай қазақтарының әдебиеті

 

Әдебиет деген алып байтеректің сандаған бұлақтардан құралатыны даусыз. Олай болса қазақ әдебиеті деп аталатын ұлы ұғымды Қазақстан көлемімен ғана шектесек сыңар жақты көзқарас болар еді. Қазақ әдебиеті әлемдегі қазақ қоныстанған барлық елде өз өркенін жайып, тамыр тартты. Әсіресе, екі милионға жуық қандастарымыз қоныстанған қытай елінде де біздің әдебиетіміз өз жетістігімен өзгешеленеді, әрі қазақ әдеби мұраларының құнды да құнарлы қазынасы сақталған алып әдеби орта екені ақиқат. Ал, біз кейде сондай әдебиетімізбен мәдениетіміздің мәйегі болған қандастарымыздың құнды еңбегін бағалай алмай жатамыз. Жақында ғана Алматыда «Жазушы» баспасынан жарық көрген Шәміс Құмарұлының «Бөке батыр» романын оқып отырып ойларымыздың шындығына онан ары көз жеткіземіз. Осы орайда қытайда болған күндерімде жазушы Шәміс Құмарұлы ағамызбен сәті түсіп сыр бөліскен едім. Сөзіміздің дәлелі де мәйегі сол сұхбатымыз болсын.

Информация о работе Кеңес дәуір әдебиеті