Фонетика туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 11:21, реферат

Краткое описание

Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады. Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс. Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене; 2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш; 3) ауа толқырлық кеңістік.

Содержание

Негізгі бөлім
Фонетика туралы түсінік. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері.
Қазіргі қазақ тілінің зерттеу нысаны мен міндеттерін ашу.
Қазақ тілінің жалпы халықтық әдеби тіл екендігі.Қазақ тілінің тарихи даму жолы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

казак тили 1 .docx

— 44.08 Кб (Скачать документ)

Өткен ғасырдың 2 жартысында күн тәртібіне қойылған қазақ  жазу мәселесі. Ол жөніндегі пікірлер. Орыс графикасын пайдалану жөніндегі  әрекеттер. Орыс графикасымен шыққан әдебиеттер.

Қазақ әдеби тілі лексикасының нормалану процесі. (барлық үлгілер мен барлық стильдер бойынша жеке топтап алғанда), арабизмдер мен фарсизмдердің осы кезеңдегі қазақ фарсизмдердің осы кезеңдегі қазақ лексикасындағы үлесі, актив қолданылған стильдер. Орыс тілінен, оның ішінде жазба әдебиет арқылы сөз ену процесі.

Грамматикалық нормаланудың жай-күйі: варианттылықтың орын алуы, іздену жолындағы ерекшеліктер, грамматикалық  тұлға-тәсілдердің стильдерге қарай сараланбаған сипаты.

Бұл кездегі жазба үлгілер  тіліндегі диалектизмдер мен  қарапайым сөздердің көрінісі, олардың қызметі, арасалмағы.

Қазақ даласындағы «кітаби» әдебиеттің шығуы, таралуы, мазмұны, оның тілі – «кітаби тіл» туралы мағлұмат. Діни әдебиет және кітаби қазақ ақындары (Әубәкір, Кердері, Қаша-фуддин Шаһмардан, Нұржан Наушабаев, т.б.). Діни тақырыптағы қисса-дастандар. Бұлардың тіліне лексикасы, морфологиясы, орфографиясы, және көркемдеу тәсілдері тұрғысынан талдау жасау.

ә) ХХ ғасыр басындағы  қазақ әдеби тілі. Бұл кезде  жазба әдебиеттің тақырыптық аясының  кеңейе түскендігі. Бұл тұста жарық  көрген көркем шығармалардың тілдік ерекшеліктерін әдеби тіліміздің даму, оның функционалдық стильдерінің қалыптасуы тұрғысынан алып талдау.

ХХ ғ. жиырмасыншы жылдарында А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың көркем сөздері шығып тұрған «Қазақ», «Қазақстан», «Дұрыстық жолы», «Серке» тәрізді газеттер мен «Айқап», «Абай» журналдарының бұл ретте қазақтың публицистикалық стильдік жан-жақты дамыта бастағандығы.

Осы кезеңде әр алуан тақырыптағы көпшілік ғылыми кітапшалардың («Жамандату, күйдіргі»-1902, «Айал жайында» 1903, «Афат яки холера әңгімесі»-1905) кейбір ресми құжаттардың («Устав Тургайского сельскохозяйственного общества»-1903), көркем шығармаларының (А.С.Пушкин. Капитан қызы -1903, М.Бекинов) аударыла бастағандығы.

Әдеби тіліміздің көркем шығарма  және публицистикалық стильдерімен қоса, бұл жылдары ғылыми стильдің дараланып көріне бастағандығы. Публицистика мен ғылыми әдебиеттің дами түсуіне Шәкәрімнің сіңірген еңбегі, оның прозалық шығармаларының тілі мен стилі. Әдеби тіліміздің осы еңбегі осы кездегі (ХХ ғ. алғашқы жиырмасыншы жылындағы) даму дәрежесін, оның грамматикалық және лексикалық бірізділігі жағынан нормалануын, саралана түскенін әр саладағы әдебиеттердің материалы негізінде талдап көрсету. ХХғ. Бас кезіндегі қазақ тілі мен жазуына қатысты Ахмет Байтұрсыновтың еңбегі, оның қазақтың ұлттық жазуына ұғынуы, қазақ тілі оқулықтарын жазуы, қазақ тіл білімінің іргетасын қалаудағы қызметі. М.Жұмабаевтың басқа да кейбір қалам қайраткерлерінің қазақ тілінде әліппе және өзге де түрлі оқулықтар жаза бастауы, олардың стилі. Қазақ тілі мен жазуы жайындағы әлеуметтік пікірлер мен көзқарастар. Қазақ әдеби тілінің әрі қарай дамуындағы қоғамның әлеуметтік, мәдени өміріндегі өзгерістердің әсері. Жиырмасыншы жылдардан былай әсіресе көркем әдебиет жанрларының қарқынды дамуы, олардың әдеби тілімізді дамытудағы орны. Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Шәкәрім, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Б.Майлин, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұқанов, И.Байзақовтың т.б. прозалық, драмалық және поэзиялық шығармаларының, публицистикалық туындыларының лексикасы, көркемдеу тәсілдері, морфологиялық-синтаксистік тәсілдердің берілуі жағынан қазақ әдеби тіліне қосқан үлесі. М. Әуезов және қазақ әдеби тілі. М.Әуезов шығармаларындағы мәдениеттің үш салада дамыған тілдік көріністері. Оның әдеби тілімізді ең алдымен қазақтың халықтық тіл қазынасын жан-жақты және мол қамту арқылы байытқандығы; бұл ретте қазақ тілінің байырғы сөздерін, жалпытүркілік тіл өрнектерін, диалектизмдерді, фразеологизмдер мен тұрақты сөз тіркестерін; мақал-мәтелдерді, шешендік нақыл сөздерді, дәстүрлі көркем-бейнелеу құралдары мен айшықты тіл құралдарын, екі мыңға жуық таза түркі антропонимдерін, жеті жүздей түркі топонимдерін, әсіресе екі жарым мыңдай тарихи-этнографиялық атау-терминдерді қолданғандығы. ХХғ. 20-жылдарынан бергі аралықтағы мерзімді баспасөздің (газеттер мен журналдардың), ғылыми әдебиеттің, әр түрлі білім салаларына қатысты оқулықтар мен оқу-құралдарының, аударма әдебиеттердің әдеби тіліміздің даму жүйесіне, нормалану процесіне тигізген әсері. Жаңа стильдік тармақтардың пайда бола бастауы, бұрыннан бар стильдердің енде ерекше қарқынмен әрі қарай дамуы. Қоғамдық-публицистикалық стиль, көркем проза, драма жанрының да стиліне, ғылымдық әдебиеттердің тіліне, ондағы терминдік, сөзжасам проблемасына жеке-жеке тоқталу. Баспасөздің, саяси әдебиеттің кең етек алуына байланысты қоғамдық-публицистикалық стильдің жаңа сапалық сипат алуы, қоғамдық-саяси терминдердің қалыптасу барысындағы алғашқы кездегі кейбір ала-құлалықтар. 20-30 жылдардағы тіл, әліпби, орфографиялық саласында жүргізілген реформалар. Олардың әдеби тілімізді дамытудағы маңызы. Латын жазуына көшу мәселесі. Орфографиялық ережелерді жетілдіру жолдары. 20-30 жылдардағы қазақ тілі жөніндегі зерттеулердің жай-күйі. Грамматикалық және лексикографиялық еңбектер, олардың әдеби тіл нормалары бірізге келтірудегі орны. 

1940 жылғы орыс графикасына  негізделген жазу жүйесін қабылдау, мұның әдеби тіліміздің сол  кездегі дамуы процесіндегі көрінісі. Қазақ әдеби тілінің кеңестік  дәуірдегі дамуына орыс тілінің  тигізген әсер-ықпалы. Қазақ әдеби  тілінің жалпы кеңес заманындағы  нормаларының (қалыптасу) мәселесі. Әдеби тіл нормаларының әр  түрлі тарихи кезеңдерде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 
 
1.    Абалкова Б., Игібаева А.К. Интерактивті әдіс арқылы тіл 
мәдениетін дамыту / Б. Абалкова, А.К. Игібаева // С. Аманжолов атындағы ШҚМУ –дың жас ғалымдары конференциясының баяндамалары.-Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы,2004.-392 б. 
2.    Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениетінің мәселелері / М.Балақаев.- 
Алматы:Қазақстан,1965.-186 б. 
3.    Сыздық Р. Тіл мәдениеті және оның проблемалары / Р. Сыздық  
// Тілдік норма және оның қалыптануы.-Астана: Елорда,2001.- 230 б. 
4.    Педагогический словарь.-М.: Наука,1960.-774 с.  
5.    Ожегов   Л.И.   Лексикология.   Лексикография.   Культура   речи  
/  Л.И. Ожегов. - М.: Высшая школа, 1974. - 352 с.  
6.    Қазақстан Совет энциклопедиясы.- Алматы: ҚазССР Ғылым 
Академиясы,1977.-631 б. Т.11.  
7.    Педагогическая энциклопедия.- М.: Советская энциклопедия, 1965.- 
311 с. Т.2.  
8.    Мейірманқұлова Т. Отбасы және тәрбие / Т. Мейірманқұлова //Ұлт 
тағлымы.-2001.-№7.-Б.3-6  
9.    Жапбаров А. Қазақ тілі стилистикасын оқыту негіздері.- Алматы: 
Қазақ университеті, 1991.-156 б.  
10.    Кунапьянова А. Д., Аубакирова Л. Р. Тіл мәдениетінің өлшемдері  
және оған қойылатын талаптар / А. Д. Кунапьянова, Л. Р.  Аубакирова // «С. Аманжолов оқулары – 2004»: Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары.- Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы,2004.-464 б. 
11.    Қосымова Г., Дәулетбекова Ж. Қазақ тілі: Оқыту әдістемесі. Жалпы 
білім беретін мектептің 5-сынып мұғалімдеріне арналған / Г. Қосымова, Ж. Дәулетбекова.- Алматы:Атамұра, 2001.-112  б.  
12.    Дәуітбекова Ж., Арын Е., Махамбетова Г. Қазақ тілін тереңдетіп 
оқыту бағдарламасы / Ж. Дәуітбекова, Е.Арын, Г. Махамбетова.- Алматы:Жеті жарғыі, 2003.-72  б.  
13.    Балақаев М., Серғалиев М.  Қазақ тілінің мәдениеті: Оқулық  
/ М.Балақаев, М. Серғалиев.-Алматы:Зият Пресс,2004.-140 б. 
14.   Аубакирова Л. Р. Кунапьянова А. Д. Оқушылардың тіл мәдениетін қалыптастырудағы отбасының орны /  Л. Р.  Аубакирова, А. Д. Кунапьянова // С. Аманжолов атындағы ШҚМУ –дың жас ғалымдары конференциясының баяндамалары.-Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы,2004.-392  
15.   Қазақстан Республикасы Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасы». (1998 жыл 5 - қазан). 
16.   Тілдерді   қолдану   мен   дамытудың   2001-2010   жылдарға   арналған мемлекеттік бағдарламасы. 
17.  Уәлиев Н. Сөз мәдениеті / Н. Уәлиев.-Алматы,1984


Информация о работе Фонетика туралы түсінік