Фонетика туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Декабря 2013 в 11:21, реферат

Краткое описание

Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады. Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс. Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене; 2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш; 3) ауа толқырлық кеңістік.

Содержание

Негізгі бөлім
Фонетика туралы түсінік. Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері.
Қазіргі қазақ тілінің зерттеу нысаны мен міндеттерін ашу.
Қазақ тілінің жалпы халықтық әдеби тіл екендігі.Қазақ тілінің тарихи даму жолы.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

казак тили 1 .docx

— 44.08 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

Реферат

 

Такырыбы : Фонетика

 

 

 

Орындаған : Педагогика және бастауыш  сынып окыту әдістемесінің        студенті Баракова  Сания Нурдавлетовна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

Негізгі бөлім

  1. Фонетика туралы түсінік.  Қазіргі қазақ тілінің фонетикасының нысаны мен міндеттері.
  2. Қазіргі қазақ тілінің зерттеу нысаны мен міндеттерін ашу. 
  3. Қазақ тілінің жалпы халықтық әдеби тіл екендігі.Қазақ тілінің тарихи даму жолы. 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

       Фонетика гректің фоне деген сөзі негізінде қолданысқа еніп қалыптасқан. Фонеманың мағынасы – дыбыс, үн, дауыс. Фонетика – тіл ғылымының, тілдердің дыбыстық жүйесін зерттейтін саласы. Ол тіл дыбыстарын, олардың құрамын, тілдегі дыбыстардың өзгеру заңдылықтарын зерттейді. Тілдегі лексикалық және грамматикалық құбылыстар тіл дыбыстарымен, тілдің дыбыстық жүйесіндегі фонетикалық заңдылықтармен байланыста, қарым-қатынаста болады.  
Қазақ тілінде дыбыс деген сөздің мағынасы әр түрлі. Дыбыс деген ұғым тек тіл дыбыстарына ғана айтылмайды, бізді қоршаған ортаға тән құбылыс. Жалпы дыбыс болу үшін мынадай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене; 2) дыбыс шығаратын денені қозғалысқа келтіретін күш; 3) ауа толқырлық кеңістік. Сөйлеу тілінің дыбыстарының пайда болуына да осындай үш түрлі шарт керек: 1) дыбыс шығаратын дене- сөйлеу мүшелері, 2) қозғалысқа келтіретін күш - өкпеден шығатын ауа, 3) кеңістік – тыныс мүшелері, тамақ, ұуыс мүшелері. Тіл дыбыстарының тілдік емес дыбыстардан негізгі айырмашылығы – олардың адамның сөйлеу мүшелері арқылы жасалатындығында.  
Сөйлеу мүшелері дегеніміз – тіл дыбыстарын жасауға қатысатын дыбыстау мүшелері. Тіл дыбыстары дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Сөйлеу дыбыстарын жасаудағы дыбыстау мүшелерінің қызметін артикуляция дейміз. Сөйлеу мүшелері – сөйлеу органы немесе дыбыстау аппараты деп те атала береді. Сөйлеу мүшелерінің тіл дыбыстарын жасау қызметі адам жаратылысында, туа пайда болатын биологиялық қасиет емес, ұзақ мерзімдік жаттығу нәтижесінде, өзін қоршаған ортадан, өмірден үйренетін қосымша қызметі. Адамның сөйлеу органы үш бөліктен тұрады. 1. тыныстау аппараты; 2. көмей (тамақ, желбезек) дауыс шымылдығы деп те аталады; 3. мұрын қуысы мен ауыз қуысы. 
Дыбыс. Әріп. Фонема. 
Фонема туралы түсінік. Тілдегі сөздер бір-бірімен мағыналары мен дыбысталуы жағынан ажыратылады. Мысалы, қазақ тіліндегі тас пен тес, тоз – тез деген сөздердің әр басқа сөздер екендігін, олардың мағынасы мен дыбыстарының әр басқа болуына қарап ажыратамыз. Мағына мен дыбысталуының әр басқа болуы сөздердің формаларында морфемаларды да ажыратады. Тіл білімінде дыбыстың осы қызметіне орай фонема деген ұғым пайда болды. «Фонема сөздер мен олардың дыбыстық формаларын ажырататын әрі қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық единица». Фонемаларды зерттейтін ілім фонология деп аталады. Тілдердің дыбыс жүйесі әр түрлі болады. Олардағы дыбыстың сапасы да бірдей емес.Кейбір дыбыстардың немесе олардың ерекшеліктерінің бір тіл үшін мәні айрықша боса,екінші бір тіл үшін оның айтарлықтай мәні болмайды.Мысалы:қырғыз,неміс,ойрат тілдерінде дауысты дыбыстың қысқа не созылыңқы айтылуының сөз мағынасын ажыратуға әсері яғни фонетикалық қасиеті болса,орыс,қазақ,татар тілдерінде оның ешбір әсері болмайды.Фонема дегенімізде тіл дыбыстары,бірақ ол тіл дыбысы болғанда сөздің жігін өзгертіп,морфемалардың жігін ажырататын дыбыс.Фонологияда дыбысты зерттейтін фонетика да екі түрлі пән емес.Тіл туралы ғылымның бір бүтін саласының екі жағы. Түркі тілдерде дауыссыздардың жуан және жіңішке болуы дыбыстарға байланысты болады. Сөз құрамындағы дауысты жуан болса, онымен тіркесе айтылған дауыссыз да жуан түрде айтылады. Керісінше, дауысты жіңішке болса, оған тетелес дауыссыз да жіңішке болып келеді. Мысалы: сан – сән, сол – сөл, ар - әр т.б. Бірақ түркі тілдерде дауыссыз дыбыстардың фонемалық қасиеті жоқ. 
 Ал орыс тіліндегі дауыссыздардың қасиеті түркі тілдердегі дауыссыздардан басқаша болып келеді. Орыс тілінде белгілі жағдайда дауыссыздардың жуан немесе жіңішке айтылуының сөз мағынасын ажырататын қасиеті бар. Қатаң мен ұяң дыбыстардың да мағына ажырататын қасиеті бар. 
Сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей емес. Көзбен көріп отырған яғни жазылған тілді – сөзді қатесіз жазу және жазылғандай етіп оқу, сөйлеудің ролін төмендетпейді де, кемітпейді. Ал шындығында, сөйлеу, айту – жазудан көрі маңыздырақ. Басқасын былай қойғанда, кез келген адам алдымен сөйлеуге жаттығып, үйренеді де, содан кейін барып жазуды үйренеді. Сөз дыбыстардан құралады. Бірақ дыбыс болған жердің бәрі де сөз болып қалыптаса бермейді. Сөзді фонемалық дыбыстар ғана құрайды. Сөз бен дыбыстың арасында заңды бірлік бар. Бұл заңдылық дәстүрлік принципке сүйенеді. Сөз бен дыбыстың бірлігі мынада: 1. сөз болмаған жерде дыбыс жүйесі жоқ. 2. дыбыссыз сөз жоқ. Дыбыс – сөздің материалы. Тілдегі сөйлеудің ең кіші бөлшегі - сөз болып табылады. Ал дыбысқа келсек, ол мейлі жалаң болсын, мейлі күрделі болсын мағынаға ие бола алмайды. Бірақ дыбыс сөздің мағынасын ажыратуға құрал болады. Әріп – дыбыстардың жазудағы таңбасы. Қазіргі қазақ жазуындағы әрбір әріптің өзінше пішіні формасы бар. Сөз ішінде әрбір әріптің екінші әріптен жігі көрініп тұрады. Әріп кейде жеке дыбысқа сәйкес келсе, кейде бір әріп – бірнеше дыбыстардан (ю, я) құралады. Ал кейбір әріптердің (ь,ъ)дыбыстық мәні болмайды. Әріп пен дыбыстың бірнеше түрлі айырмашылығы бар: 1. әріп дыбысты тек шартты түрде таңбалаумен бірге, қағаз бетіне, не жазуға келетін басқа затқа түсіретін белгі болғандықтан, оған дыбыс мүшелерінің қатысы жоқ, сондықтан ол құлаққа естілмейді, тек көзбен көруге келеді. 2. әріп құбылмалы емес. Үнемі бір белгімен таңбаланады, бірақ ол шартты белгі екенін есте ұстау керек.  
Тіл дыбыстары сөздер мен морфемаларды ажыратуға қызмет ететін болса, бұл – фонеманың да негізгі қызметінен саналады. Тілімізде сөздердің мағыналары мен формаларын ажырата алатындай дыбыстар тобы – фонемалар бар. Мысалы ат, ет, от, өт секілді сөздерде бірыңғай т дыбысы бар. Дауысты дыбыстардың әсерімен т дыбысы бірде жуан, бірде жіңішке, бірде еріндік, бірде езулікболып біршама ауытқушылықпен, ерекшеліктермен айтылады да, қызметіне қарай бір ғана фонема деп танылады. Бір дыбыстың айтылуындағы мұндай ауытқушылық аллофон делінеді. Демек сөз - дыбыс емес, фонемадан құралады.  
Қазақ тілінде дыбыстардың айтылуындағы ауытқулардың сөздің мағынасы мен формасына әсері жоқ деуге болады. Сондықтан дыбыс пен фонема бірінің орнына бірі синоним ретінде қолданыла береді.  
2-тақырып. Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі 
Дәріс жоспары (1 сағ) 
1.Фонетика және оның зерттеу нысаны. 
2. Қазақ тілінің фонетикалық жүйесінің басқа жүйелерден айырмашылығы.  
Дыбыстың аккустикалық қызметі. Аккустика дегеніміз дыбысты зерттейтін физиканың бір саласы.(akustikos - естілу) 
 Акустикалық тұрғыдан алғанда дыбыс қандай да болсын бір дененің белгілі бір ортада теңселіп қозғалуының нәтижесінде пайда болады да, құлаққа естіледі.Дыбыс өтетін орта-ауа кеңістігі.Акустика дыбыстағы төмендегі белгілерді ажыратады: 
1)Дыбыс ырғағы. 
2)Дыбыс күші. 
3)Дыбыс әуені. 
4)Дыбыстың созыңқылығы. 
Дыбыс ырғағы уақыт мөлшерінің ішіндегі дірілдің санына байланысты болады.Дірілдің саны неғұрлым көбейе берсе дыбыстың ырғағы соғұрлым күшейе береді.Адам құлағы бір секунд ішінде 16-дан,20000-ға дейінгі дірілдің нәтижесінде пайда болған дыбысты ести алады.Сөйлеу дыбыстың күші өкпеден шыққан ауа күшінің дауыс шымылдығына түсетін қысымымен айқындалады.Сөйлеу дыбыстың ырғағы дауыс шымылдығының ұзындығы және оның қысылу қалпына қарай айқындалады. 
 Тіл дыбыстарының түрлері. Тілдің барлығында да тіл дыбыстарды екі топқа бөледі.Дауыстылар мен дауыссыздар.Негізгі ортақ белгісі олардың буын құрау қызметі. Дыбыстарды дауыстылар мен дауыссыздар деп топтастырғанда олардың акустикалық жақтары мен физиалогиалық жақтары да еске алынады.Акустикалық тұрғыдан қарағанда дауыстылар мен дауыссыздарды бір-бірінен ажырату музыкальді үн (тон)және салдырға негізделеді.Дауыстыларда үн басым болады.Дауыссыздарда салдыр басым .Осыған орай ұяң немесе санор дыбыстарды дауыстылардың немесе дауыссыздардың қатарына тікелей теліп қою өте қиын.Физиологиалық тұрғыдан алып қарағанда дауыстыларды айту үстінде шыққан ауа бірінші, кедергіге ұшырамай еркін шығады; екінші, дыбысталу мүшелеріне күш түспей, оның қалпы жайдары болады; үшінші, ауа баяу шығады (а,о,у). Ал, дауыссыздарды айтқанда фонациялық ауа бірінші, кедіргіге ұшырап, тосқауылмен айтылады; екінші, тосқауылдан өту кезінде дыбысталу мүшелеріне күш түселеді; үшінші, ауаның шығу қарқыны күштірек болады. Сонымен дауыссыз дыбыстар 2 топқа бөлінеді. Үнді және үнсіз (салдыр) дыбыстар. Салдыр дыбыстар ұяң және қатаң деген 2 топқа бөлінеді. Дауссыз дыбыстардың жүйесі консонантизм деп аталады. 
 Дауысты дыбыстар жүйесі вокализм терминімен аталады. Дауысты дыбыстарға тән артикуляцияға тән ерекшелік оларда музыкальды үннің болуы.Дыбыстардың классификациялық 2 түрі бар. Оның 1-физиологиялық классификация; 2-акустикалық классификация. Физиологиялық классификация акустикалық классификацияға қарағанда әлдеқайда қолайлы. Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі үш түрінің қатысымы мен қалпына қарап, атап айтқанда 1- тілдің қалпына; 2- еріннің қалпына; 3- жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады. 
1. Тілдің артқы таңдайға қарай жиырылып, бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дауыстылар жасалады (а,о,ұ,ы т.б.), ал тілдің таңдайдың алдыңғы жағына жақындап айтылуынан жіңішке дауыстылар жасалады (ә,е,й,і,ү т.б.). 
2. Еріннің қатысуына қарай еріндік және езулік болып бөлінеді (о,ө,ұ,ү,у - еріндік). 
3. Жақтың ашылу қалпына қарай дауыстылар ашық және қысаң болып бөлінеді. 
4. Қысаң (ұ,ү,ы,і). 
Тілде келте, қысқа, созылыңқы дауыстылар да болады.

Дауысты дыбыстар кестесеі

Еріннің қатысына қарай Иектің (жақтың) қатысына қарай Тілдің қатысына қарай  Еріндік дауыстылар Езулік дауыстылар Ашық дауыстылар Қысаң дауыстылар Жуан дауыстылар Жіңішке дауыстылар 
О, Ө, У, Ұ, Ү А, Ә, Ы, І, (Э) А, Ә, О, Ө, Е Ы, І, (И), У, Ұ, Ү А, О, (У), Ұ, (И) Ә, Ө, Ү, І, Е, (И), (У)

Бұл кестедегі и, у дыбыстары сөз немесе буын ыңғайына қарап бірде жуан, бірде жіңішке болып айтылады. Тіліміздегі жалаң дауысты фонема э болғанымен, қазақ сөздерінде е жазылатындықтан, кестеде бұл фонема е (э) түрінде көрсетілді. 
Дауыссыз дыбыстар (Консонантизм) 
Дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық ерекшелігі: а) дауыссыздарды айтқанда өкпеден шыққан ауа әйтеуір бір кедергіге ұшырайды. ә) дауыссыздарды айтқанда үн бәсең, солғын болады. б) дауыссыз фонемалар буын құрай алмайды. в) дауыссыз фонемаларды айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді яғни пассив қатысады.  
Дауыссыз дыбыстар дегеніміз - өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалатын дыбыстар. Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,л,м,н,п,р,с,т,(у), һ,ф,х,ц,ч,ш,қ,ң.  
Дауыссыз дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа сөйлеу мүшелеріне соқтығып, одан салдыр пайда болады. Сондықтан да дауыссыз дыбыстарда үнге салыдр араласады.

Дауыссыз дыбыстар кестесі 
Қатаң дауыссыздар Ұяң дауыссыздар Үнді дауыссыздар 
П,ф,к,қ,т,с,ш,щ,х,ц,ч Б,в,г,ғ,д,з,ж,һ Р,л,,й,у,м,н,ң 
Айтылу ерекшелігіне байланысты 
Шұғыл Ызың 
п,б,т,д,қ,к,г,ч,ц;  
 в,ф,г,ғ,з,ш,щ,ж,х,һ  Дыбысталу жағынан алып қарағанда сөйлеу жік-жігімен айтылған дыбыс шумақтарының тізбегінен құралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде жігі ажырап, кіші топтарға бөлшектенеді. Олар сөйлеудің фонетикалық бірліктері (единицалары) ретінде қаралады. Олар мыналар: фраза, такт, буын дыбыс. Фраза ең ірі фонемалық единица. Бірінші фонема екі фразадан пауза (кідіріс) арқылы ажыратылады. Кідіріс жасалғанда дем ішке тартылады да, екінші фразаны айтқанда сыртқа шығады. Мысалы: қонағы сүймеген үй иесі баласын ұрады. Бұл фразалардың басын біріктірген нәрсе – интонация. Интонацияны құрайтындар: 1) Мелодика – дауыс ырғағының көтеріліп барып бәсеңдеуі немесе керісінше; әрбір тілдің өзіне тән мелодикалық кестесі болады. Паузамен бірге мелодика да сөйлеуді мүшелеу тәсілі немесе құралы ретінде қызмет атқарады. Сөйлемнің бөлшектері айтылуда дауыстың көтеріліптөмендеуі немесе төмендеп барып қайта көтерілуі арқылы ажыратылады. Хабарлы сөйлемде паузаның алдындағы сөз көтеріңкі дауыспен айтылады да, онан кейінгі бөлшектің құрамындағы сөздерде дауыс біртіндеп бәсеңдей береді. Мысалы: Сіркіреп жауған жауын түні бойы басылмады - деген сөйлемнің мелодикалық кестесі мынадай болады:  
 Жауын  Түні бойы  Сіркіреп жауған   Басылмады. 
2) Сөйлеудің темпі – шапшаң немесе баяу болуы;3) Сөйлеудің үдемелілігі, айтылудың күштілігі немесе әлсіздігі (демнің қатты немесе әлсіз шығуы) дегенді білдіреді; 4) Сөйлеудің әуені айтылудың мақсатына қарай «көңілді», «ойнақы», «қайғылы» немесе «қорқынышты» секілді түрліше болуы мүмкін. Сөйлеу әуені бар да, дауыс әуені деген де бар. Дауыс әуені (мысалы, баритон, бас, тенор, сопрано, т.б.) мен дыбыс әуені сөйлеу әуенінен басқаша болады. Бұларды бір-бірімен шатыстырмау керек. 
  Такт - фразаның бір екпінге байланысты бөлшегі. Фраза тактыларға ажыратылып бөлшектенеді. Тілдегі атауыш сөздердің әр қайсысы бір-бір екпінге ие болғандықтан өз алдына такт құрай алады. Көмекші сөздер атауыш сөздердің не алдында не соңында келіп, олармен тіркескен қалпында бір такт жасай алады. Ал, көмекші сөздер бөлек екпінге ие бола алмайды.  
 Буын. Дауыс ырғағы, екпін.  
Дәріс жоспары (1 сағ) 
1. Буыннның түрлері 
2.Фразалық екпін 
3. Логикалық екпін 
4.Интонация  
Сөз айтылғанда тұтас, бірден айтылмайды. Сөздердің айтылуында ауа толқыны үзіліп-үзіліп шығады. Бір сөздің ішінде ауа толқынына негізделген бірнеше бөлшек бола береді. Сөздегі бір дауыстының немесе дауысты мен дауыссыздың бөлшектеніп айтылуын буын дейміз, өйткені ауа сөздің құрамындағы дауыстыларды айтқанда еркін шығады да, дауыссыздарды айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан фонациялық 
Ауамен тікелей байланысты болады. Сондықтан сөздің буынға бөлінуі дауысты дыбысқа байланысты. Сөзде қанша дауысты дбыс болса, сонша буын болады, өйткені тек дауысты дыбыс қана буын жасай алады. Дауыссыз дыбыс буын жасай алмайды, ол дауысты дыбыспен бірге буын құрамына кіреді. Мысалы: қа-ла, ө-нер, жас-тық, та-ма-ша,т.б 
Буынға тән негізгі белгілер: 1. буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болу керек және оның саны бір буында біреуден артық болмауы тиіс. 2. буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе морфологиялық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп қалады. Мысалы: ат-ты-лар-ға деген төрт буынды сөздің бірінші буыны – ат (түбір), екінші буыны – ты – сын есім тудыратын жұрнақ, үшінші буыны – лар- көптік жалғау, төртінші буын – ға – септік жалғау. 3. қазақ тіліндегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, немесе жіңішке буынды болып келеді. Қазақ тілінде жуан және жіңішке буынды (аралас буынды) орыс және өзге тілдерден енген сөздер кездеседі. 4. қазақ тілінің байырғы сөздері, буындары екі дауыссыздан басталмайды. 5. тіліміздің байырғы сөздерінің соңында еліктеуіш сөздерден басқа екіден артық дауыссыз дыбыс келмейді. Қазақ тіліндегі буынның дыбыстық құрамы төмендегідей болып келеді:  
Бір дыбысты, екі дыбысты, үш дыбысты, төрт дыбысты. Ал орыс тілі арқылы енген сөздерде буын бес, алты дыбысты бола береді. Мысалы: спорт, пункт, спектр, спринт. Дыбысталу жағынан қарағанда сөйлеу жік – жігімен айтылған дыбыс шумақтарының тізбегінен құралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде кіші топтарға бөлшектенеді. Олар сөйлеудің фонетикалық единицалары ретінде қаралады: 1) фраза, 2)такт, 3) буын, 4) дыбыс немесе фонема.  
Буынның түрлері 
Буын құрамының түрліше болуына байланысты буынның қазақ тілінде үш түрі бар: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын. 
Жеке дауыстыдан болған немесе дауыстыдан басталып, дауыстыға бітетін буын ашық буын деп аталады. М-ы: а-ға, ба-ла... 
Дауыстыдан басталып, дауыссызға бітетін буын тұйық буын деп аталады. М-ы: ат, ақ, ін... 
Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталған, екі жағынан дауыссызбен қоршалған дауыстысы бар буын бітеу буын деп аталады. М-ы: жоқ, зор, бұлт..  
 Сөз құрамындағы буындардың барлығы бірдей айтылмай,біреуі басқаларына қарағанда айқынырақ ажыратылып, көтеріңкі айтылады.Мұндай қасиетке екпін түскен буын ие болады.Осыған орай бұл буын екпінді буын деп аталады. 
1.Буынның біруі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы лебізді немесе динамикалық екпін деп аталады.Динамикалық екпін фонациялық ауаның қарқыны буынның күшімен байланысты болады.(славян,герман,түркі т.б.тілдерге тән) 
2.Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы арқылы ерекшеленіп дауыс шымылдығының дірілінің жиіленуіне негізделеді.Екпінің бұл түрі тоникалық немесе музыкальды екпін деп аталады (қытай,корей,жапон,литва). 
3.Квантитативті екпін (количество).Басқа буынның ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстылардың созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады. 
1. Фонетикалық заңдар. 
Тілдегі фонетикалық құбылыстар және олардың өзгеруі мен дамуының белгілі бір заңдылықтары болады. Белгілі бір тілдің дамуының әр түрлі кезеңдерінде немесе туыс тілдердің арасында дыбыстардың тұрақты сәйкестілігі фонетикалық заңдар деп аталады. Фонетикалық заңдылықтардың тілдің немесе тілдердің тарихына ғана емес, сонымен бірге қазіргі кездегі қалпына да қатысы бар.  
        Түркі тілдерінде дауысты дыбыстардың не біркелкі жуан, не жіңішке болып келуі – ертеден бері өмір сүріп келе жатқан және әбден қалыптасқан фонетикалық заң. Фонетикалық заңдылықтардың ішінде кейбіреулері туыстас тілдердің барлығына бірдей қатысты болады да, қайсыбіреулері біреуіне немесе бір-біріне өте жақын бірнешеуіне ғана қатысты болады. Мысалы, жоғарыда айтылғандай, дауыстылардың не бір өңкей жуан, не жіңішке болып үндесуі немесе қатар келген дауыссыздардың не біркелкі қатаң, не біркелкі ұяң болып үндесуі – түркі тілдерінің барлығына бірдей қатысты, ортақ заңдылық.  Тілдің фонетикалық жүйесі үшін дыбыстық өзгерістердің ішінде фонемалардың санын өзгерте алатын өзгерістер өте мәнді болып табылады.           Тілдің тарихи даму барысында біріне –бірі қарама-қарсы екі түрлі дыбыстық өзгеріс болуы мүмкін. Оның бірі – конвергенция құбылысы, екіншісі – дивергенция құбылысы. Тілдің тарихи даму барысында әр түрлі екі фонеманың бойына сіңісіп, ұласып кетуі конвергенция деп аталады. Көрнекті ғалым В.А.Богородицкий ш дыбысының өзгеріп, с дыбысына айналуын, соның нәтижесінде о бастағы ш мен с дыбыстарының ұласып, бірдейлесіп кетуін қазақ тіліне тән құбылыстардың бірі деп есептейді. Бұл өзгерістерді конвергенция құбылысының нәтижесі деп қарайды.  
Фонетикалық заңдар туралы ұғым көбінесе белгілі бір тілдің немесе туыстас тілдердің дамуының әр түрлі кезеңдерінде дыбыстарының өзгеруінің бір ізділігін ашып айқындаумен байланыстырылады.  
Тілдің тарихын және оның өзгеруі мен дамуын жете түсіну үшін фонетикалық заңдарды білудің айрықша маңызы бар. Алайда тек мұнымен шектеліп қою жеткіліксіз болады. Тіл тарихын жете білу үшін фонетикалық сәйкестілікпен бірге сөздердің семантикалық жақтан өзгеру, даму заңдылықтарын да есепке алу қажет. Лингвистикалық зерттеулерде фонетикалық заңдар мен семантикалық заңдарды ұштастыра білу – тіл тарихын, оның даму жолдарын танып білудің кілті. 

Ежелгі түркі тілді  әдебиет- бертін келе қазақ халқының этникалық құрамына енген тайпалардың  көне дәуірдегі әдебиеті, олардың  ежелгі түркі ру-ұлыстармен бірге  жасаған көркем сөз өнері .

Түркі тілді халықтарға ортақ  әдебиеттің көп  ғасырлық тарихын  негізінен үш кезеңге бөліп қарастыру  қажеттігі.

Қазақ халқы өзінің қоғамдық өмірі, тұрмыс-тіршілігі, харекет-кәсібі, дүниетанымы мен наным-сенімі, қуаныш-қайғысы, арман-үміті және т.б. жайында сан  алуан түрлі тасқа жазылған ескерткіштер , түркі халықтарының шежірелері, трактаттары, сөздіктер, т.б. біздің заманымызға  жеткен. Мазмұн-мәні терең  ежелгі дәуір  әдебиет үлгілерін аса бағалы байлық ретінде оқыта отырып, оның өзіндік сипатын танытып, студенттерге тағылым беру көзделеді.

Әдеби тіл туралы жалпы  мәлімет. Әдеби тіл жайындағы  түрлі көзқарастар, анықтамалар. Әдеби  тілдің нормалық белгілері, түрлері. Әдеби  тіл нормаларының әр түрлі тарихи кезеңдерде тұрақтылық дәрежесі мен  талаптарының бірдей еместігі.

 Әдеби тіл және көркем  әдебиет тілі, функционалдық стильдер.

 Әдеби тіл мен ауызекі  сөйлеу тілінің өзара байланысы.  Сөйлеу тіліне тән ерекшеліктер. Сөздердің сөйлеу тіліндегі синтаксистік, морфологиялық және фонетикалық  ерекшеліктері. Әдеби тілдегі  сөздік қор мен ауызекі сөйлеу  тіліне тән сөз байлығының  бір еместігі. Диалектизм мен  қарапайым сөздердің өзара айырмашылығы  және олардың әдеби тілге қатысты,  стильдік қызметі. Диалектизм  мен дублет сөздер (қазір-кәзір,  бағана-мана, т.б.).Қазақ халқы –  ежелгі түркі тайпаларының ұрпағы. Сондықтан түркі тайпаларының арасында туып, ғасырлар бойы ауызша және жазбаша түрде сақталып келген туындылар түркі халықтарының көпшілігіне, оның ішінде қазақ халқына ортақ екендігі.

     Ежелгі түркі тілдері ескеркіштері (Орхон-Енисей жазу нұсқалары) мен ұйғыр жазу ескерткіштерінің тілі.Орта ғасыр (Х-ХҮ ғасырлар) түркі ескерткіштері батыс түркі тілдерінің ескерткіштері. 1) «Кодекс Куманикустың» тілі; 2) қыпшақ тілдері (мамлюк қыпшақтарының тілі; армян қыпшақтарының тілі; Қожа Ахмет Иассауидің «Хикмет» өлеңдер жинағының тілі, оның қазақ тіліне қатысы; шығыс түркі ескерткіштері); 1) Қараханидтер түріктерінің тілі; 2) Хорезм түріктерінің тілі; 3) шағатай түріктерінің тіліндегі ескерткіштер. Олардың фонетикалық, грамматикалық, лексикалық сипаты.

Ауыз әдебиетінің үлгілерінің  тілін, біріншіден, олардың пайда  болу дәуіріне қарай бөліп сипаттау, екіншіден олардың жанрлық классификациясына  қарай айырып көрсету. Ауыз әдебиетінің  лексикалық, морфологиялық сипаттамасы, көркемдеу тәсілдері, сөз тіркестіру амалдары; проза бөліктерінде сөздердің  сөйлем ішіндегі орын тәртібі, құрмалас сөйлемдердің берілуі, т.б.

Қазақ тілі тарихын дәуірге  бөлу принциптері, әдеби тіліміздің даму кезеңдері. Бұл жөніндегі көзқарастар. Қазақ әдеби тілінің бастамасы  мен дәуірлерге бөлінуі туралы зерттеушілердің  әр түрлі көзқарастарын жинақтай келгенде қазақ әдеби тілі тарихын  ХХ ғасырдан бастап, оны мынадай  дәуірлерге бөлуге болатындығы: 1) Қазақ  халқының ұлттық кезеңге дейінгі  әдеби тілі. ХҮ-ХІХ ғ. екінші жартысы; 2) Қазақ халқының ұлт болып қалыптасқан  кезеңіндегі әдеби тілі ХІХ ғ. екінші жартысынан қазіргі кезеңге  дейін.Осы дәуірлердегі қазақ тілін  танытатын үлгілер: а) халықтың сөйлеу тілі негізіндегі; б) жазба әдеби  тілі дәстүріндегі нұсқалар болып бөлінетіндігі. Бұл – қазақтың тілінің жасалып, қалыптасқан кезі.

ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ  тілін танытатын үлгілер. Қазтуған Сүйншіұлы, Сыпыра жырау Сұрғалтайұлы, Асанқайғы, доспамбет, Шалкиіз Тіленшіұлы, Жиембет, Марғасқа, Шобан жыраулардың  өлең-толғау, жырларының лексикалық, грамматикалық  сипаты. Олардың сөз қолданысын, көркемдегіш-бейнелеу тәсілдерін ауыз әдебиеті үлгілерімен байланыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету.

Қадырғали Жалайырдың «Жамиғ-ат-тауарих» (ХҮІ ғ.) Абулғазы Баһадурдың «Шежіре-түрк» (ХҮІІғ.), шығармаларының тілін, ХҮ-ХҮІІ ғасырлардан қалған қазақ хандарының, тархандарының жарлықтары мен әр алуан іс-қағаздарының (арыз, мәлімдеме, бұйрық т.б.) тілін талдап, олардың  қазақ тіліне қатысын көрсету. Бұлардағы  орта ғасырлық түркі жазба тілінің  белгілері, қазақтың сөйлеу тілінен  алшақтайтын тұстары.

ХҮІІІ ғ. мен ХІХ ғ. 1-жартысындағы әдеби тіл бірқатар зерттеулерде өз алдына жеке кезеңдер болып қаралып  жүргені. Бұл кезеңдегі халықтың сөйлеу тілі мен ауыз әдебиеті тілі негізінде жырлаған ақын-жыраулардың (Шал, Көтеш, Досқожа, Ақтамберді, Тәтіғара, Үмбетей, Бұқар т.б.) шығармалары тілінің лексикасы, морфологиялық сипаты; сөз тіркесу амалдары, көркемдеу тәсілдері. Ақындар мектебінің әдеби тілі дамуындағы рөлі. Қазақ әдеби тілі дамуындағы Махамбет, Дулаттың алатын орны. Олардың шығармалары тілінің өзіне дейінгі халық тілімен ұштасатын және ерекшеленетін жерлері, өздеріне тән тілдік элементтері мен тәсілдері. Дулат ақын тіліндегі жазба әдеби тілге тән белгілер.

ХІХ ғасырдағы қазақ хандарының, старшиналарының әр алуан эпистолярлық құжаттарының тілі. Эпистолярлық стильдің ерекшеліктері. Кеңсе іс-қағаздары  стилінің пайда болуы. Патша үкіметі  мен жергілікті әкімшілік орындарының  бұйрықтары, мәлімдемелері т.б. қазақ  тілінде жазылуы. Олардың тіліндегі  түркі жазба әдеби тілі дәстүрінің көрінісі, стильдік нышандар, лексикалық сипаты, грамматикалық ерекшеліктері, орфографиясы. ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарына  дейінгі қазақ әдеби тілінің  демократтана түсуі. Жазба дәстүр мен  ауыз екі сөйлеу элементтерінің араласа  бастауы.

а) ХІХ ғ. 2-жартысында қазақ тілі. Бұл кездегі қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі өзгерістер. 1867-1868 жылдардың реформалары бойынша халық ағарту саласында бірсыпыра шаралардың жүзеге асырылуы.

Қазақстанда оқу-білімнің кеңірек  таралуына жағдайлар жасалуы. Ы.Алтынсариннің  ағартушылық қызметі. Ғасырлар бойы жасап келе жатқан ауыз әдебиетінің озық үлгілерінің осы дәуірде қағазға түсіріле бастауы; кейбіреулерінің бастырылып шығарылуы. Қазақ тілінде алғашқы мерзімді баспасөздің шығуы «Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалаятының газеті», «Торғай газеті», «Ауыл шаруашылық листогі». Қазақ жазуы мен әдеби тілді қалыптастыру туралы мәселелерінің көтеріле бастауы. Алғашқы газеттердің әдеби тілімізді дамытудағы, публицистикалық стильдің қалыптасуындағы рөлі. Ресми қағаздар стилінің әрі қарай дамуы. Эпистолярлық стильдің пайда бола бастауы. Аударма ісінің пайда болуы және оның қазақ әдеби тіліне тигізген әсері.

Бұл кезеңде бұрынғы поэзия тілінің одан әрі дамуы. Шөже, Сүйінбай, Шортанбай, Күдері, Біржан, Ақан, Мұрат, Базар жырау т.б. шығармаларының қазақ әдеби тілінің даму барысындағы  орны.

ХІХ ғ. 2-жартысында қазақ  тілінің зерттеле бастауы, зерттеуші  Н.И.Ильминский, В.В.Радлов, П.М.Мелиоранский, В.Катаринский т.б. сіңірген еңбектері. Қазақ тілі жайындағы алғашқы  грамматикалар. Қазақ тілі материалдарын  қамтыған сөздіктер, олардың түрлері, сипаты, сапасы және қазақ әдеби  тілінің дамуына тигізген әсері.

Бұл кездегі әдеби тілдің ерекшеліктері. Сол тұста айтылған пікірлер: орыс ғалымдарының, Ыбырайдың, Абайдың айтқандары мен «Дала  уалаятының» бетінде жарияланған  мақалалар.

Ағартушы-демократтық бағыттағы  адамдардың ХІХ ғ. 2-жартысындағы қазақ  әдеби тілінің дамуына тигізген игілікті әсері. Мұны пайдалана отырып, Ыбырай мен Абайдың қазақ әдеби  тіліміздің жаңа сапа-қасиетке ие болуы, әрі қарайғы даму бағытының айқындалуы.

Қазақ әдеби тілін дамытуда Ы.Алтынсариннің орны. Ыбырай Алтынчсарин  қара сөзінің тілі және оның поэзиядағы сөз тігісі. Бұлардың сол кездегі  қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы маңызы. Қазақ әдебиетінде мысал  жанрының пайда бола бастауы. Осы  мысал жанрының, қазақ әдебиетінде  енді-енді көріне бастаған қара сөз  үлгілерінің әдеби тілімізді  мүсіндей түсетіндігі.

Абай және жаңа дәуірдегі  қазақ әдеби тілі. Абай поэзиясының  тілі – қазақ әдеби тілінің  дамуындағы жаңа белес. Абай өлеңдерінің тақырыптық аясы, сөз қолдану аясының әр тараптылығы. Поэтикалық шеберлік - әдеби тілдің дами түсуі. Абай «Қара сөздері», оның жанрлық және стильдік сипаты. әдеби тілімізді дамытуға қатысы. Лексикалық құрамы, бөгде сөздер, грамматикалық және фонетикалық ерекшеліктер, бұл ерекшеліктердің арғы шығу тарихы.

Информация о работе Фонетика туралы түсінік