Фариза Оңғарсынова

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2013 в 13:28, реферат

Краткое описание

Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында дүниеге келген. 1967 жылы "Бұлбұл" деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көреді. Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем. Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады. "Маңғыстау монологтары" ақынның отыз жасындағы қолтаңбасы. Содан бері "Мазасыз шақ", "Мен сенің жүрегіңдемін", "Шілде", "Сенің махаббатың", "Дауа" сияқты кітаптары адам атты күрделі жаратылысты сан зерттейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Фариза Оңғарсынова.doc

— 218.00 Кб (Скачать документ)

Тұрғызсаң қолды қақпаңдар.

Сендер деп жүрмін әйтеуір

Аялаңдар, не таптаңдар!

Марғасқа жырауда:

Шығырмақ бұлт жай тастар,

Ағытқан қойды жол бастар,

Ақ желкенді жел бастар,

Ғадыл төре ел бастар,

Батыр жігіт қол бастар,

Шешен адам сөз бастар.

Немесе Фаризада:

Жолымда талай орлар бар,

асуын бермес жолдар бар,

Жанымды теңдей тондар бар-

қиналғанымды қолдаңдар.

Сәулелеріңмен қорғаңдар.

Жиембет: Жалаулы тайда тарқа  жоқ,

Жаңа кисең, ескі жоқ.

Күдінілген балдан сарқыт жоқ,

Күлімсіреп айтқан сөзде қажау  жоқ.

Фаризада: Махаббатым -

Мөлдір әуен, сұлу саз көктемдерім,

көктемдерім - өзіңнің өбкен демің.

Бұқарда: Ай не болар күннен соң,

Күн не болар айдан соң - деген  еспе қайталаулар да ұшырасады.

Сонымен, жыраулар мен қазіргі ақындар мұрасы тақырып, мазмұн, жанрлық жағынан сабақтас, байланысты келеді. Өмір талабына орай, бұл екі сала да ақыл-насихат, тәрбиелік дидактикаға аса мән беріп отырған.

Толғауда ақын-жыраудың қуанып, шаттанған, не кектеніп ызаланған жан тебіренісі де, сол дәуірдегі әлеуметтік ірі оқиғаларға айтқан парасатты пайымдаулары да, яки дүние, өмір, адам, табиғат, заман сырын таразыға салып тебіренген философиялық-дидактикалық пікірі бой көрсетеді. Жазба ақындар творчествосында бұрын толғау табиғатынан табылатын қасиеттерді енді лирика атқара бастады. Толғау табиғатында тек лирикаға тән тебіреніс, толғаныс қана емес, үндеп, жарлап, жалындай келетін жауынгерлік рух, өмір, дәуір, заман т.б. сан алуан мәселелерді кеңінен қамтып, шабытпен шалқыта бейнелейтін көсемсөз- публицистиканың да сипаты танылады. Жыраулар поэзиясы мен қазіргі қазақ лирикасының арасындағы ұқсастық тек мазмұны, тақырыбы жағында ғана емес, түр жағынан да сабақтасып жатады. Өлеңнің сыртқы құрылыстарын қарастыратын болсақ, аралас, ерікті, кезекті, егіз, қара өлең ұйқастарын қолданған. Ұйқастың өзін ішкі ой мен мазмұнға бағындырған және шумаққа поэзиялық қасиет дарытып тұратын дыбыс үндестігі де жиі кездеседі.

Қазіргі қазақ лирикасынан жыраулар поэзиясының түрлі үрдістерін байқауға болады. Қазіргі лириктер жыраулар дәстүрін жалғастырушы, қазақ әдебиетінің асыл арнасын жалғастырушы.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Ғабдуллин М., Сыдықов Т. Қазақ  халқының батырлық жыры. Алматы, 1972.

2. Қазақ тарихи жырларының мәселелері. Алматы, 1979.

3. Жармұхамедов М. Айтыстың даму жолдары. Алматы, 1976.

 

 


Информация о работе Фариза Оңғарсынова