Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2013 в 13:28, реферат
Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында дүниеге келген. 1967 жылы "Бұлбұл" деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көреді. Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем. Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады. "Маңғыстау монологтары" ақынның отыз жасындағы қолтаңбасы. Содан бері "Мазасыз шақ", "Мен сенің жүрегіңдемін", "Шілде", "Сенің махаббатың", "Дауа" сияқты кітаптары адам атты күрделі жаратылысты сан зерттейді.
Біз күткенбіз әкені, ана күткен.
Күту қиын, адам бұны ұқпаған,
Солдат көрсем, әлі күн тұрып қалам,
Әкем емес екен деп қадалып мен… –
немесе:
Келеді, рас, Жеңістер қасіретпен,
Құрбандықпен… талайдың шашы ағарып, –
деген жолдарынан «Жеңіс күні» оңайлықпен келмегенін ашып айтады.
Табиғатты жырлау. Мұнда ақынның ешкімге ұқсамайтын өзіндік үні, даусы анық байқалады. Ақынның «Жаз» деген өлеңі тұла бойы қолмен қашалып жасалған әдемі мүсінді көз алдына елестетеді. Сурет пен теңеу, өткір ойлар қосылып өрілгенде көз алдыңа ғажап дала бейнесі келеді. Жаздың ыстық жалынына төзе алмаған ерке бұлақ көрінісі – ғажап! Биік таудың басына ызғар, мұзы жатса да, төсінде қызыл ала қызғалдақтар жайқалып тұр. Бұл – әсем Алатаудың көз тоймас келбеті ғой!
Сұлулар барған сайға бұғып,
Қарайды көлдің бетін айна қылып.
Шіркін, жаз, жомартсың-ау базарлыққа,
Бересің жан біткенге жайдарылық.
Адам жанына шуақ сеуіп, күлімдеп жүретін жандар болады. Осындай адамды жадыраған жаз мінезді адам дейді. Бұл жерде ақын жаз бен адамды салыстырып отыр.
Табиғат тірі. Оған мына бір жолдарды оқи отырып көз жеткіземіз:
Бас иіп қырдың жасыл қияқтары
Тұрғандай жаныңа әсем күй ақтарып.
Көп-нәзік қырдың гүлі албырайды,
Алғашқы балғын сезім сияқтанып.
Күн шықты жанарыңнан нұр атылып,
Құм жатыр бұйра жонда шұбатылып.
Жартыкеш ай барады жаутаң қағып,
Үйінен кеткен қыздай ұзатылып.
Анықтап көз салсақ, осы өлең жолдарында небір әдемі теңеулер, айшықтап суреттелген табиғат көрінісі бар. «Жарты-кеш ай ұзатылған қызға ұқсаса, қыр тәтті ұйқысын қимай қалғып қана тыныштық құшағында жатыр. Ал нәп-нәзік қырдың жұпар гүлі алғашқы балғын сезімге ұқсайды», – дейді ақын. Шынында мұндай тапқыр да сұлу тіркестерді тек Фариза ақын ғана таба алатын сияқты. Осылай еркелей жырлау Фаризаға тән секілді.
Фариза өлеңдеріндегі табиғат тақырыбы ғажайып суреттерге толы. Жыр әлеміне құлаш ұрған ақын жырлары өз оқырмандарын қуанта берері сөзсіз.
1939 жылдың 5-желтоқсанында Гурьев (қазіргі
Атырау) облысы, Новобогат ауданына
қарасты Манаш ауылында туған.
1961 жылы Гурьев мемлекеттік
Орыс, туысқан республикалар ақындарының,
Чили ақыны П. Неруданың жырларын, кейбір
драмалық шығармаларды қазақ тіліне аударған.
Фариза Оңғарсынованың өлеңдерінде жасандылық
жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен,
қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз
тұстарды дәл нысанаға алумен ерекшеленеді.
«Жүрек сенсің...» деген өлеңіндегі төмендегі
жолдарды оқыған кезде азаматтық сарын,
ар-ождан тазалығына тәнті боласыз. Бар
сияқты менде де сана шыдам, Жылағанды
демеуге тағы асығам,
Жасайын-ақ десем де бір астамдық, Қорқам
ардың айбалта – жазасынан.
Немесе ақын арсыз жандардың жағымсыз
жат қылықтарын ашына былайша жырлаған:
Не қасиет күтерсің бүгінгі елден,
Жасқаншақтап күйеудей ұрын келген.
Айтар сөзін көмейге көміп қойып,
Күн кешеді қорқумен, дірілдеумен.
Ақының творчествосына тән басты қасиет
– шындыққа бас ию. Оның бұл қасиеті кез
келген туындысынан да айқын көрініп тұрады.
1979 жылы жарық көрген «Сенің махаббатың»
жинағындағы «Сырласу немесе ақын әйелдің
анасымен диалогы» атты поэмасы ақын творчествосының
шындық шырқауы, негізгі қағидасы. Шындық,
қайсарлық, адамгершілік, махаббат, сенім
сияқты философиялық категориялар Ф. Оңғарсынованың
поэмасында нанымды, салмақты көрініс
тапқан.
1984 жылы «Үйім – менің Отаным», «Маңғыстау
монологтары», «Революция және мен» өлең
топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты атанды. Ленин комсомолы
Орталық Комитетінің, Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Құрмет
Белгісі», «Парасат» ордендерімен марапатталған.
Республика мәдени-ағарту ісіне еңбегі
сіңген қызметкер. Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.
Фариза Оңғарсынованың ақындық әлемі
– адамның жан-жүрегінің қатпар-қатпар
қазынасы мен қат-қабат құпиясы өжеттесе
өрілген, кісі болмысының тазалығы мен
таяздығы, әлеуеті мен әлсіздігі, мәрттігі
мен можантопайлығы шарға салғандай шарпысқан,
сөйтіп жыр жолдарына қорғасындай құйыла
қаланып, тұтас бір тарихи-әдеби дәуірдің
идеялық-көркемдік бет-бейнесін қалтқысыз
танытқан рухани ризығымыз. Оның сипатына
үңілу, сырына үздігу, сезімін үңгу –әрі
қызық, әрі қиын…Асылы, ақын шығармашылығы
мен жоғары мәртебелі оқырман қауым арасының
проблемасы ешқашан шешімін таптырмайтын,
шетін ұстатпайтын жайт болса керек-ті.
Орыстың Пушкинін «ақын» мен «тобыр» мәселесі
толассыз толғандырған болса, сөз ұғу
(«Сөзімді ұғар елім жоқ», «Сөзді ұғар
осы күнде кісі бар ма?») мен сөз тану («Бұл
жұрттың сөз танымас бір парасы», «Әттең,
дүние-ай, сөз таныр кісі болса») турасындағы
Абайдың жұбанышсыз жалғыздығы да бәрімізге
белгілі. Қазіргі әдебиеттануда бұл тараптағы
қисындарды «ақын» мен «оқырман» ұғымдарының
ая-ауқымына сыйғызып жүрміз.
Осы орайда бір оқиға ойға оралып отыр.
Өткен ғасырдың 60-жылдарында аузы-мұрны
лық толы стадиондар мен ине шаншар орны
жоқ зәулім залдарда дулатып, шулатып
жыр оқып, әбден жырғап қалған «эстрадашыл»
ақын Андрей Вознесенскийдің бір күні
Еуропаға жолы түсіпті. Сонымен не керек,
мейлінше меймандостықпен күтіп алған
жергілікті азаматтар оның жұртшылықпен
шығармашылық жүздесуін жоспарлап қойған
екен. Межелі мезгілде – келісілген кездесуге
келген ақынның ә дегеннен құты қашып,
мазасы май ішкендей болады. Себебі құрқылтайдың
ұясындай ғана бөлмеде ұзын саны оннан
асар-аспас адам тосып отыр… «Мәссаған,
мынау не мазағы?!» дегенінше болмай, қабағы
шытыңқы ақынға бұл жүздесуді ұйымдастырушылар:
«Осы арада сіздің өлеңдеріңізді бес саусағындай
білетін, талантыңызды шын бағалайтын
кісілер ғана отыр», – дейді, – Әйтпесе
Қызыл алаңды толтыратындай халық жинауға
біздің де шамамыз жетеді…». Күмілжіген,
күмәнданған ақынның көнбеске шарасы
жоқ. Сөйтсе, расында да, бұл жерге жиналғандар
Вознесенскийдің поэзиясы туралы пікірлерін
өзі ойлағаннан артық пайымдап, парықтап
беріпті. Ақынның да сәлден соң жүзі жылып,
көңілі өрекпіп, көзқарасы өзгереді; еліне
ризалықпен масаттанып қана емес, рухани
марқайып қайтады. Ендеше, айналаңда атойлап,
азан айтып, шашбауыңды көтергеннің бәрі
бірдей жырың мен сырыңды ұға бермейтін
болғаны да; біраз бөлігі – жай қатардан
қалмауды көздеп, дүрмекке еріп, дақпыртқа
елігіп, әншейін қара көбейткеніне мәз
пенде-пақырлар да…
Мұнша мысалдап отырғанымыз, Фариза Оңғарсынованың
поэзиясы әу бастан өлеңге тұшынатын талғампазы
мен түсінбейтін тоғышары мидай араласқан
көпшілік ортаның көтермешілігін керексінбеген;
өткінші құрмет, өтірік қолпашсыз-ақ жүректерге
төте жол тауып, жаулап алған. Кешегі жүзжылдықтың
сексенінші жылдарында студенттік жатақханалардың
алақандай фойелері мен оқу орындарының
қуықтай аудиторияларында өз көзімізбен
көрген жарқын да жанды, табиғи да татаусыз
кездесу-кештерінің барысы жастардың
ақынға деген шынайы, шексіз махаббатымен
көмкеріліп тұратын. Ол – ол ма, соған
қарамастан:
…Жерді басып жүргеннің барлығына
Түсінікті болуға міндетті емен!
немесе
Жақсы болып көріну – мақсат емес, -
деп мәймөңкесіз қиялай бір-ақ кесетіні
тағы бар.
Мұнысын қара сөзбен былай баяндайды:
«Мен өз өлеңдерімді кім болса да түсінеді
деп ойламаймын және жұрттың баршасына
түсінікті болуға тырыспаймын да. Поэзиядан
жанына ләззат алатын, өлеңнің әр жолына
үңіліп, жүрегіне ұнаған тіркес-шумақтарды
рахаттана астын сызып тұрып оқитындарға
өлеңім ұнайды деп сенемін. Ондайлар сан
жағынан көп болмауы мүмкін. Бірақ, сол
аз ғана топтың көңілінен шықсам өкінбеймін».
Бұл – Фаризаға жарасатын ақындық мінез,
адуынды максимализм. Өйткені ол, өзі айтқандай,
«ештеңені байыппен ұқпаса да, дабырларға
дуылдап қол соғатын» түрпі тобырға, жайдақ
жұртқа жағынуды әсте қаламайды.
Есесіне, «қасіреттен тұрады бақытым да»,
«бақытым да – азап» деп тосын түйіндер
жасаған Фаризаның өмірге жақын өзекжарды
өлеңдерін жалпы жамиғат, сүйіспеншілік
сарындарын – әсіресе қызыл орамалды
қыз-қырқын жаппай жатып-жастанып, оңашада
таңды атырып, кешті батырып оқыды. Қазақ
топырағында ілгеріде кезікпеген нағыз
«поэтикалық эмансипациядан» туған жырлардан
әйел заты өз жаратылысының бұрын дәл
бұлайша сөзбен көркемделе кестеленіп
көрмеген ділгір дүниесін, сезім сырларын
таныды (Ақынның бір байламы – «Өзінің
әлсіздіктерін сезінумен мықты әйел»).
Сонымен қатар, анасының етегіне жармасып,
кәмпит сұраған баладай жамыраған еліктеуші
сіңлілері де жетіп артылды (Ақын базынасы:
«Жүрегіме еніп ап, ойран салып, мені өлтіріп
тынады-ау осы қыздар!»). Қолына қиялдана
қалам ұстағандарының көбісі тұп-тура
осы Ақын Апайына ұқсауға тырысып бақты.
Әрине, мұнан зәредей зиян шеккен жоқпыз:
Фаризаның қуатты «ықпал өрісіне» (Т.Шапай)
тартылған қыз-келіншектер поэзиясы құнарлана,
құлпыра түсті. Бірақ жер бетінде шағылған
күллі сәулені көлдей айнаның бетіне құшақтап
жисаң да, көктегі Күн шықпайтыны секілді,
әлбетте, олардың бірде-бірі нақпа-нақ
Фариза бола алмады. Өйткені шын ақынның
дара бітімі, дүнияуи болмысы – өр талант
пен өзгеше тағдырдың тоғысы. Ал талант
та, тағдыр да тап сол күйі қайталанбайды.
Сондықтан Фаризаның қайсыбір тұста жыр
кейіпкерінің аузымен «еліктеуден аспайды
жас бүгінгі» деп наз айтуы да тегін емес
көрінеді.
«Сыздаған барлық жараның аузында» (Т.Айбергенов)
жүретін, қоғамның қайшылықтарына салғырт
қарамайтын, әлеуметтік әділетсіздіктерге
ыңғай бермейтін ақынның таусылмайтын
тұсы, күйзелмейтін кезі болмайды деу
– күпіршілік. Фариза Оңғарсынованың
лирикалық қаһарманы жалғанның жайы, тағдырдың
тәлкегі тәрізді мәңгілік тақырыптарды
толғағанда, Абаймен андас («Саяламай,
сай таппай…»), Мағжанмен мұңдас («Сұм
өмір абақты ғой саналыға») болып, дәстүрлі
әуезені дамытып әкетеді:
«Саналыға бұл өмір неге түрме»?
Жан сиреді жаныңмен сенетін де.
Сайдан сая таппаған
сайғақтайын
ойлылардың тағдыры жел өтінде…
*****
… Қай заманда ойлылар қайғы-мұңсыз,
Жүрді деп ең бақытқа батып белден!?
Сонда ақынның қайғысын, қамырығын туғызған
не? Оның жауабы жалғыз-ақ: адамшылық һәм
азаматтық арман-аңсарға жегілген көңіл-күйінің
мазасыздығы мен мігірсіздігі.
«Желпініске, жарқылға заты жат» Фариза
өлеңдерінен әлеміші көп әшекей, баттаса
жағылған бояу, жарнама кейіпті жасандылық,
бұйдасын ұстатпайтын бұлдырлық, жосыла
кеткіш жүргедектік ұшыраспайды. Оның
поэзиясының тұрақты да тұрлаулы лейтмотиві
– шыншылдық. Содан буырқанып-бұрсанып,
тасып-толқып, шапшып-ширығып, лаулап-лапылдап,
гулеп-гүрілдеп жатқан шумақтардың шатқалында,
түйдектердің тасқынында әлдебір кесірлі
күштермен кескілесіп жүргендей күй кешесің.
Жеті түннің ішінде қиялын мүлгітпей,
қаламын мүдіртпей, дүниенің қызығы мен
қуанышынан бойын аулақ ұстап, шабытқа
шомылған шағындағы ақынның көздегені
мен көксегені қай қиыр, қандай құштарлық
екен?
Рақат түн, дырду мен дабыр қалып,
жазылған жыр жүректің шамын жағып,
елдігі мен ерлігі қалғығанды
аттан салып оятсын дабыл қағып!
Декларациясы мен дәйегі шебер үйлескен
неткен әсерлі жолдар! Адам нәпсісін билейтін
рақат та, дырду мен дабыр да – адыра; жын
төңіректейтін жеті түннің ішінде хикметтің
сәулесі түскен жүректің шамы жарығын
төге жанып тұр; елдігі мен ерлігін қалғытып
алғандардың өздері де қаперсіз ұйқы құшағында;
оларды оятатын күш – аттан, дабыл; ал
сол аттанды салатын, дабылды қағатын
– намысқа суарылған наркескендей ақын
жыры. Сол үшін жүрек – қида, жан – пида.
Себебі Фаризаның санаткерлікпен кіріккен
суреткерлік кредосы мына шумақтан білінеді:
Жаны кірсіз, жас қиял – бұла халық,
көрсетем деп соларға бір ағалық,
өнер-құздың мұнарсыз биігіне
бастадым шырақ алып…
Міне, тағы бір керемет: «ағалық көрсету»
деген ер азаматқа лайық ірі, іргелі қазақы
сөзді «шашы ағарған қыз» айтып отыр! Фариза
– сонысымен де Фариза! (әйтпесе, «Қыз
болып туғаным да артық екен, жүргенше
намысы жоқ жігіт болып!» дер ме еді?!).
Оның елдік пен ерлікке үндеген қайсар,
қайратты жырлары қашаннан да жігіт атаулының
жігерін жанып, ожданын оятып келе жатыр.
Бірде жеңіл қағытпамен («мендегі батылдықты
бермепті жігіттерге»), бірде назды ренішпен(«орынсыз
маған, жаным, иілмеші – ер жігітке лайық
мұның несі?!»; «жігітте табындырар күш
болмай ма…»), бірде тірлік түйінімен
(«Бірақ, өмір – шарт мінез. Көтермейді
күйректігін жігіттердің!», «Ел қорғау
– ер жігіттің қастерлі ісі»), бірде ірілік
іздеумен («Мен тілеймін: күңкіл мен ұсақтықтан
сақтағай деп даламның жігіттерін»), бірде
мақтау-мадақпен («Жігіттерін көрсең-ау
– арғымақ ат астында алшаңдаған, тәуекелден
алдына жан салмаған») ат жалын тартып
мінер бауырларын ширықтырудан жалыққан
емес. Мұқағалидың Фаризаға «қыз да болса,
мұң шағуы» осыдан кейін мейлінше түсінікті
шығар деп ойлаймыз.
Сөз жоқ, халқын «өнер-құздың мұнарсыз
биігіне шығару» – ұлы миссия («Түбі әйтеуір
мәңгілік бір Күнгейге// жетуім мүмкін
менің!») Бір қызығы, жер жүзіндегі алты
құрлықтың ұлт азаттығына ұмтылған жатжұрттық
езгідегі елдерінің қай-қайсысында да
көштің басында, күрестің белортасында
ақындары жүріпті. Мысалы, Анголада –
Агостиньо Нето, Антониу Жасинту, Сенегалда
– Леопольд Седар Сенгор, Эме Сезер, Конгода
– Патрис Лумумба, Кубада – Хосе Марти,
Венесуэлада – Андрес Бельо, Аргентинада
– Эстебан Эчеверриа, Эквадорда – Хосе
Хоакин Ольмеда, т.с.с. Олар қаламгерлік
пен қайраткерлікті қатар ұстаған тұлғалар.
Бұл тылсым заңдылықтан біздің тарихымыз
да тысқары тұрған жоқ. Баяғы Алаш арыстарының
«милләтқа қызмет – жұмләңа міндет» (А.Байтұрсынов),
«артымда қазақ – қалың ел» (М.Жұмабаев)
деп, болашаққа бағдар берген меже-мұраттарына
адалдық Фариза жырларынан да аңғарылады.
Ел егемендігімен бірге – өзінікін өзгенікінен
ажыратып, айыра білетін ұлттық рухымыздың
тәуелсіздігіне де айдынды жол ашылды.
Фариза поэзиясы бұған жарты ғасыр бойына
«елу жылда ел жаңартқандай» қызмет етіп
келеді. Әдебиетші-ғалым Сауытбек Абдрахманов
дөп басып жазғандай, «Фариза – қазақ
рухына әсер еткен ақын. Сексен алтының
желтоқсанында Алматының қақ ортасындағы
қарлы алаңға шыққан қарындастарымыздың
арасында Фариза жырынан жанына жылу алғандар
аз болмағаны анық».
Өнердің заңы – қатал. Онда «өлі нүкте»,
яки «алаңсыз аялжай» деген болмайды.
Жақпар тасқа талақша жабысқан альпинист
сияқты, не құздың төбесіне қарай қиялайсың,
не құрдымның түбіне қарай құлдырайсың.
Шығармашылығың иә өседі, иә өшеді. Аралық
аймақ – тоқмейілсігеннің, таусылғанның
тоңқалаң аса тайып түсер өткінші тұрағы
ғана. Осының бәрін білетін Фариза Оңғарсынова
өзін-өзі ұдайы қамшылаудан, қайраудан
танбайды. Оның лирикалық «мені» алдымен
өз кемшілігіне өзі күрсініп, өз жанын
өзі жегідей жейді.
Мөлдірліктің бесігі – лағыл аспан,
ұмтылсам да, қойды бір дарымастан.
Былығыппын өзім де,
қара жерді
тазартам деп жүргенде шаң-ластан, -
деген жыр кейіпкерінің әшкересі ашық,
үкімі аяусыз.
«Қатыгез боп барамын күннен-күнге…»,
«Егілмеймін елжіреп жат қайғыға», «Көкірегіме
құрт түсті, сырқат жаным», «Мамыражай
өмір жоқ өлеңімде», «Ғұмыр кештім ақ арман,
жігерменен», «Мына менен қанағат кеткен
мүлде», «Данышпан ба – ол мейлі – басқа
адам ба», т.б. өлеңдері – дүниеқоңыздық
пен даңққұмарлық, көрсоқырлық пен күншілдік,
салғырттық пен селқостық, қызғаныш пен
қайырымсыздық секілді ізгілікке жат
індеттерді сын тезіне салады.
Бұл ретте этика тұрғысындағы «эгосын»
таразылаған ақынның тоқтаған түпкілікті
тұжырымы: «..басқаларды емес, ең алдымен
өзімді-өзім жеңуім керек менің!».
Адамшылық пен азаматтықтың да, онымен
өзектескен ақындықтың да тіршілік тәжірибесіндегі
әрбір келесі кезеңі, соны соқпағы осы
– «өзін-өзі жеңуден» басталатыны кәміл.
«Сен өз отыңа өзің өртенуің керек; әуелі
күлге айналмай тұрып, қалайша қайта жанданбақшысың?»
дейді атақты философ Ницшенің кейіпкер-Заратустрасы.
Бұл әлемдік мифологиядағы ежелден келе
жатқан «өліп-тірілу» мотивімен байланысты
символикалық сарын. Адам жанының тазару
арқылы қайта түлеуін және түрленуін меңзейді.
Фаризаның лирикалық кейіпкері «күлге
айналар сәтімде ұшқындадым», «тірлігімде
талай сөндім, қайтадан тағы атылдым…»
десе, міне осы күмілжі күйді, қылует қалыпты
бастан кешіп, бүтін болмысымен аяғы басқан
сатыдан аясы басқа сапаға көшуі деп ұйғарамыз.
Оқып қараңызшы:
…Жанымда сәуле, жоқ ұшқын,
Найзағайын аспан бермесе!
*****
Енді бүгін құба жон, құла дүзде
Иесіз қалған үйдеймін шамы жанбай…
*****
Шашыраған салдырап уықтаймын, т.с.с.
Бұл – адам өзін көкірек көзі бітелгендей,
жаны жұтағандай, кенезесі кепкендей сезінетін
шақтарының шері мен шемені.
Оның сыртында қымызы сарқылған торсық,
қанаты сынған сұңқар, аққусыз көл, моншақтай
шашылып қалған арман жұлдыздар, т.с.с.
образдар арқылы сипаттаулар мен суреттеулер
де жолығысады.
Бірақ мұның бәрі – дауыл қарсаңындағы
дамыл, тасқын алдындағы тыншу секілді
уақытша хал-ахуал.
Оның жайын «мұз толқындардың оянып, кеудесінен
аспанға бұлт ұшқанын» көрген ақын былайша
жариялайды:
Теңіз қайтса,
тартылу емес шығар,
Шығар арпалыстарға тағы да ертең!
Сол сияқты:
…толықсимын, қайтадан жанданамын
Тағы бір шырқау үшін!
Міне, ақын рухының қайта жаңғыруы, қайта
жасаруы дегеніміз – осы.
Фәни жалғанда екі аяқты, жұмыр басты пенде
қуанышпен де, қасіретпен де сыналады.
Тәңіріне жүгініп, тәубасынан жаңылмағанның,
сабырына сүйеніп, сағы сынбағанның көрешегі
көп, келешегі кең боларын Фаризаның мына
шумағы меңзейді:
Зарығудан түн болып барлық таңым,
быт-шыт қылған денемнің қалдықтарын
құрастырып,
қайтадан адам бола
бастағаным…
Осыны бар ма ұққаның!
Лебізінен лепті риторика лекіген ақын
өзін елінің еркелеткенін де қалайды («Мені
еркелетіңдер – тым азып кеттім»). Ыстық
алақандардың ықыласын аңсаған ол:
Сонда бір жасап қалайын
бұлақтай толып.
Қайтадан сосын жанайын
Шырақтай болып, – деп тілеу тілейді.
Шын мәнінде, Фариза Оңғарсынованың «поэзия
планетасы» – оны көзі де, көңілі де ұдайы
сағына, сарғая іздеп тұратын халқының
рухани галактикасындағы көмескі, күңгірт
тартпас шамшырақтардың бірі.
Амантай ШӘРІП, филология ғылымдарының
докторы
Жыраулар поэзиясы дербес мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген қазақ хандығының әдеби мұрасы. ХҮ-ХҮІІІ ғасырларда қазақ хандығы құрылып, тайпалар бірлестігінің, феодалдық мемлекеттің нығая бастаған дәуірі. Осы кезден бастап қазақ халқы мәдениетінің де өзіндік беті айқындала түсті. Ол әсіресе халықтың тілінен, әдебиетінен айқын сезілді. Жыраулық поэзия өзінің көркемдік ізденістері мен өмірдің шындық көріністерін бейнелеуде біршама жетістіктерге қол жеткізді. Жыраулар негізін қалаған толғау жанры жеке жанр ретінде қалыптасумен қатар, ең алдымен әлеуметтік-қоғамдық өмірді, сондағы әр алуан адамдар қатынастарын сараптап, ертеңгі болашақ туралы ой түйді. Мұның бәрі дерлік ақыл-нақыл, насихаттық сипаты арқылы көрініп, әдебиетіміздегі дидактикалық мазмұнды жырлардың сапасын арттырды. Бұл дәстүр кейінгі жазба әдебиет өкілдері Абай, Шәкәрім, Сұлтанмахмұт жалғастырған бұқарашыл, ағартушылық бағытқа жол салды. Сондықтан бұған Асан қайғыдан басталып, Бұқар шығармашылығымен дамитын жыраулар творчествосынан тыс, жаңа мазмұнды әдебиетіміздің қалыптасу қарсаңында тұрған ақындық поэзияның ірі өкілдері - Көтеш пен Шал ақындардың қосқан үлестері де аз емес. Бұлар, әрине, өзінің ұстанған ақындық дәстүрі мен өмірді көркем бейнелеу тәсілі жағынан жақын тұрғанмен, дәл сол деңгейге иық тіресіп, көтеріле қойған жоқ. Алайда, бұлар суырып салма дәстүрінің өкілдері болғандықтан, жыраулық поэзияның қол жеткен табыстары мен игіліктерін игере отырып, соны ілгері қарай дамыта білді.
Халқымыздың тарихи тағдырын қамтыған, оның беймаза дүрбелең кезеңдерін тек басынан өткізіп қана қоймай, бүкіл адамзаттың дұшпаны - зұлымдықпен белдесуде шыныққан ХҮ-ХҮІІІ ғғ. қазақ өлеңінің эстетикалық қуаты мәңгіліктің өзімен тіл табысқандай еді. Ол өткен ғасырларда нұрлана түсіп, жаңа кезеңде қайта түлеп, ерекше ажармен бүгінгі біздің саңлақ санамыз бен инабатты жүрегіміздің қақпасын қағады.
Қазіргі қазақ лириктерінің жыраулар поэзиясынан алған үлгі- өнеге, тағылымы мол дерлік. Турашылдық пен бұқарашылдық, әрине, өрелі өнерге тән салауат. Бірақ, ол ақын біткеннің барлығына жарасты мінез деу қате. Мұны поэзияда үлкен саяси- әлеуметтік концепцияға айналдырған Қазтуған бастаған қазақ жырауларының тобы. Ал Махамбет осы поэтикалық концепцияны ұлт-азаттық күрестің қаруына айналдырды.
ХҮІ ғасыр түлегі Доспамбет те, ХҮІІІ ғасырдың Ақтамбердісі де, ХІХ ғасырдың қақ ортасында кемеліне жеткен Махамбет те «өлі» дүниемен «сұхбатқа» түсіп отырады. Мәселен, осы ақындардың барлығы Жайық пен Еділ өзеніне адамша арыз айтады:
Айналайын, Ақ Жайық!
Ат салмай өтер күн қайда?
Еңісі биік боз орда
Еңкейе кірер күн қайда? (Доспамбет
Қайран менің, Еділім,
Мен салмадым, сен салдың... (Қазтуған)
Еділді көріп емсеген,
Жайықты көріп жемсеген
Таудағы тарлан шұбар біз едік. (Махамбет).
Махамбеттің «Жалған дүние» өлеңі Шәлгездің «Қоғалы көлдер, қом сулар» толғауымен, «Тайманның ұлы Исатай» толғауының бірқатар жолдары Шәлгездің «Айырдан туған жампоз бар» шумағымен, Ақтамбердінің «Күмбір-күмбір кісінетіп» толғауымен Махамбеттің «Күн қайда» толғауларынан іштей де, сырттай да ұқсастықты байқау қиын емес. Мысалы, Шәлгезде:
Айырдан туған жампоз бар,
Жүгін нарға салғысыз.
Арғымақтан туған будан бар,
Күніне көрінім жерді алғысыз.
Жаманнан туған жақсы бар,
Адам айтса нанғысыз.
Жақсыдан туған жаман бар,
Күндердің күні болғанда,
Бір аяқ асқа алғысыз, - деген жолдар Махамбетте былай оқылады:
...Айырдан туған жампоз бар,
Нарға жүгін салғысыз.
Аруанадан туған мал бар,
Асылын айуан десең нанғысыз.
Жаманнан туған жақсы бар,
Атасын айтса нанғысыз.
Жақсыдан туған жаман бар,
Күндердің күні болғанда,
Жарамды бір теріге алғысыз.
Қазақ даласының шалғай шеттерінде ғұмыр кешкен екі ақын поэзиясының біршама ұқсастық, үндестіктері, олар өмір сүрген ортаның әлеуметтік теңсіздігінен, билер мен сұлтандардың халыққа жасаған озбырлығына наразылықтың нәтижесінен, бақытты өмірді аңсағандықтарынан туса керек.
Жыраулар поэзиясының дәстүрі Махамбетке дейін ғана емес, қазіргі қазақ поэзиясының белгілі өкілдері - Фариза Оңғарсынова, Нұрлан Мәукенұлы, Есенғали Раушанов және Жанат Әскербекқызының шығармашылықтарынан да өз жалғастығын табуда. Қазіргі қазақ лириктерін көне жыраулық дәстүрді жалғастырушы әрі әдебиетімізді одан әрі қорландыра түсуші талант иелері деу де артық болмас. Екі дәуір поэзиясында дыбыстардың қайталануы, аяққы немесе сөз басында бір сөздің қайталануы, афоризмдердің қолданылуы, ұйқас ұқсастықтары көптеп кездеседі.
Мәселен, Қазтуған жыраудың толғауында:
Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ағала ордам қонған жұрт.
Атамыз біздің бұ Сүйініш
Күйеу болып барған жұрт,
Анамыз біздің Бозтуған
Келіншек болып түскен жұрт,
Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт, - деп келсе,
Ж. Әскербекқызының «Баба жұртына оралу» өлеңінде:
Шалкиіз жырау шалған жұрт,
Қазтуғаннан қалған жұрт,
Доспамбеттей қыршын ер,
Соңғы демін алған жұрт,
Ақтамберді толғанып,
Махамбет атой салған жұрт,
Дауға түскен ептінің
Жауға түскен тектінің
Таңдайынан түйірлеп,
Сөз асылы тамған жұрт, - деген шумақтар бар. Тек осы ұқсастық қана емес, айта берсек бұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Нұрлан Мәукенұлының поэзиясын алып қарасақ та жыраулық дәстүрдің ізі айқын көрінеді. Мысалы:
Жылқыдағы боз айғыр
Шұрқыраса болар ма?
Сойылды жау сыдыртып,
Үйірді алса, қалар ма?
Тұяғымен тас илеп,
Ойлы-қырлы шабар ма?
Жау қолына жеткізбей,
Елдің шетін табар ма? – десе,
Ақтамберді жырауда:
Арудан асқан жар бар ма?
Жылқыдан асқан мал бар ма;
Биенің сүті сары бал -
Қымыздан асқан дәм бар ма? – деген риторикалық сұрау ұйқастарды ұшыратамыз.
Н. Мәукенұлының:
Күннен құдірет қашқаны-
Қара бұлттың басқаны,
Қамырыққан көңілдің
Құлағаны аспаны...
Айдан айбын қашқаны-
Айдын көлдің тасқаны,
Айдай аппақ көңілді
Ауыр мұңның басқаны, - деген жолдарына ұқсас Шалкиіз жырауда:
Аспанды бұлт құрсайды -
Күн жауарға ұқсайды,
Көлдерде қулар шулайды -
Көкшіліден ол айуан.
Соққы жегенге ұқсайды, - деген сияқты сәйкестіктерді аңғаруға болады. Бұл өлеңдердің бойында тек ұйқас ұқсастығы ғана емес, сонымен бір дыбыс үндестігі (аллитерация мен ассонанс) де бар.
Сондай-ақ, жыр жолдарындағы сөздер мен буындардың қайталанып келуі жыраулар мұрасынан өнеге алған. Жыраулар поэзиясы мен қазіргі ақындар поэзиясын салыстыра қарасақ, мынадай қайталаулар кездеседі: Н. Мәукенұлы: « Тасқын, тасқын, тасқын су», «Отар, отар, отар қой», «Қара, қара, қара түн» т.б. Доспамбет жырауда: «Тоғай, тоғай, тоғай су», «Сіреу, сіреу, сіреу қар», Шалкиізде: «Асқар, асқар, асқар тау»; Е. Раушановта: «Жолдар да жолдар, жолдар-ай». Ақтамбердіде: «Бұлан да бұлан, бұлан сан», Есенғалида «Жасыл да жасыл, жасыл бел». Ақтамбердіде: «Жел, жел есер, жел есер», Есенғалида: «Сеңгір де сеңгір, сеңгір-ай». Бұқарда: «Ай, заман-ай, заман-ай». Мұндай қайталаулар көбінесе толғаудың, яки шумақтың басқы тармағында кездеседі. Қайталаулардың бірқатарында ақындар бір нәрсеге, яки құбылысқа тыңдаушы назарын аударып, сосын барып ол туралы өз толғамын ағытады.
Есенғали Раушанов шығармашылығы жайлы сөз етсек, жыраулар поэзиясына тән мынадай сабақтастықтар бар.
Есенғалида:
Уа, Алатаудай асқағым,
Жайдың оғын жасқадың.
Үмбетей жырауда:
Уа, Алатаудай Ақшадан
Асып тудың, Бөгембай!
Есенғалида:
Бозаңға біткен боз жусан,
Боқыраудың күні болғанда
Бозарып барып солар ма.
Шалкиізде:
Саздауға біткен қара ағаш
Кімдерге сайғақ болмаған, - деген сияқты үндестіктер аз емес.
Ақын-жырауларда бір сөзді бірнеше рет қайталау арқылы бір нәрсеге, яки құбылысқа ерекше мән беріп, назар аудару сияқты тәсілдерді жиі қолданған.
Қазіргі қазақ лирикалық поэзиясының белгілі өкілдерінің бірі Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы мен жыраулар поэзиясы ұқсастығын қарастыратын болсақ, ең алдымен тіл мен бейнелілік мәселесіне назар аударарымыз заңды. Мәселен, Ф.Оңғарсыновада:
Мен үшін зауза, ақпан бар,
Қара сулар бар, ақ қар бар.
Мүсіркемеңдер - сақтаңдар!
Итерсең жығып тастаңдар,