Қазіргі әдебиеттану ғылымының теориялық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2013 в 19:26, реферат

Краткое описание

Қазіргі әдебиеттану ұдайы өзгеру, даму, жетілу үстіндегі әр түрлі пәндер жүйесінен тұрады. Әдебиет теориясы- әдеби шығармашылықтың табиғаты мен қоғамдық міндетін зерттейтін және оны талдаудың әдіснамасы мен әдістемесін айқындайтын әдебиеттану саласы. Әдебиет тарихы - әдебиеттану ғылымында көркем сөз өнерінің даму жолын әлемдік немесе белгілі бір халықтық деңгейдегі идеялық бағыт-бағдарларды, әдеби ағым-бағыттарды және олардың көркемдік ерекшеліктерін қоғамдық-әлеуметтік, экономикалық-саяси құрылысымен тығыз байланыста танып-білуге бағытталған басты салалардың бірі. Әдебиет тарихы әдеби даму үрдісін қарастыру арқылы әр алуан әдеби құбылыстардың әдебиет дамуындағы мән-маңызы мен орнын айқындайды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазіргі әдебиеттану ғылымының теориялық негіздері.doc

— 90.00 Кб (Скачать документ)

Кеңестік дәуірде өнер мен әдебиеттің дамуына түбегейлі өзгерістер әкелген  қаулы–қарарлар мол болды. Солардың бірі - 1925ж. 18 маусымда «Көркем әдебиет  саласындағы саясат туралы» қарар. Бұл қарар өнердегі буржуазиялық жат ағымдарға қарсы күресті  күшейту, жас пролетар қаламгерлерді әдебиет жасау ісіне тартуда зор маңызға ие болды. 1932ж. 23-сәуірде  БК(б)П ОК-нің «Көркем әдебиет ұйымдарын қайта құру туралы» қаулысы кеңес жазушыларын ұйымдық жағынан топтастыру мәселесін жолға қойды. КСРО Жазушылар Одағы құрылды. ВАПП, РАПП сияқты шығармашылық ұйымдардың жұмысы сынға алынды. БК(б)П 1946ж. 14 тамызда «Ленинград» және «Звезда» журналдары туралы қаулы қабылдады. Қаулыда кеңес әдебиетінің күші мен қуатының мәні онда мемлекеттің, халықтың мүддесінен басқа мақсаттың болмайтындығында деп айрықша атап көрсетілді. Сондай–ақ М.Зощенко, А.Ахматова сияқты ақын-жазушылар шығармашылығы біржақты қате бағаланды.  Аталмыш қаулы КОКП ОК саяси бюросының 1988 жылғы 20 қазандағы шешімімен күшін жойды. 1972ж. КОКП ОК-нің «Әдеби-көркем сын туралы» қаулысы қабылданды. Бұл қаулы әдеби сын мен әдебиетттану ғылымының өркендеуіне ықпал жасады. 70-ж.ж. кейін әдебиеттану, фольклортану, сын салаларындағы тың ғылыми ізденістерге жол ашты. Қазақстан компартиясы ОК-нің 1957ж. «Қазақ халқының әдеби поэзиялық және музыкалық мұрасын зерттеудің, сын тұрғысынан қарап пайдаланудың жайы және оларды жақсарту шаралары туралы» қаулысы қабылданды.Қаулы әдеби, мәдени мұраларды бағалауда орын алып келген кемшіліктерді әділ атап, оларды жоюға, әдебиеттану, өнертану ғылымдарының өркендеп дамуына жол ашты. 1989ж. желтоқсан айында 1930-40ж.ж. мен 1950ж.ж. қабылданған қаулыларды зерттеумен айналысқан Қазақстан Компартиясы ОК-нің Комиссиясы өз қорытындысын шығарды. Онда Шортанбай, Мұрат, Шәңгерей, Ғұмар Қараш, Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылықтарына баға берген 1930-40ж.ж. және 1950ж.ж. қаулылардың кемшіліктері аталып, бірсыпыра әдебиетші ғалымдарға (Е.Ысмайылов, Ә.Қоңыратбаев, т.б.) тағылған айыптаулардың негізсіз екені айтылды.    

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қабдолов З. Сөз өнері. -Алматы, 1976.
  2. Абрамович Г. Введение в литературоведение.-М, 1979.
  3. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - Алматы, 1969.
  4. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. -Алматы, 1989.
  5. Ахметов К. Әдебиеттану әліппесі. –Алматы,2000.
  6. Әуезов М. Әдебиет тарихы.- Алматы, 1991ж.
  7. Введение в литературоведение. Хрестоматия.–М, 1979.
  8. Введение в литературоведение. Хрестоматия.–М, 1997.
  9. Виноградов В.В. О языке художественной прозы.–М,1980.
  10. Горький М. Әдебиет туралы. -А,1954.
  11. Дүйсенов М. Әдебиеттегі форма мен мазмұн  бірлігі.
  12. Дәстүр және жаңашылдық. – А,1980-1981.
  13. Негімов М. Өлең өрімі. -А,1970.
  14. Атымов М. Көркем шығарманың композициясы туралы.-А, 1969.
  15. Мақпыров С. Әдебиеттану. -Алматы, 1991.
  16. Негимов С. Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелігі. -А, 1991.
  17. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. - Алматы,1973.
  18. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. –Алматы, 1995.
  19. Кенжебаев Б. Қазақ өлеңінің құрылысы. - Алматы,1955.
  20. Кәкішев Т. Қазақ әдеби сынының тарихы. - Алматы,1994.
  21. Қазақ әдебиеті тарихының өзекті мәселелері.- Алматы,1994.
  22. Мақпыров С. Әдебиеттің тектері мен түрлері. - Алматы,1994.
  23. Майтанов Б. Суреттеу мен мінездеу. – Аламты, 1991.
  24. Литературный энциклопедический словарь. – Москва, 1987.
  25. Жұмалиев Қ. Стиль-өнер ерекшелігі. - Алматы,1966.
  26. Мүсірепов Ғ. Заман және әдебиет. - Алматы,1982.
  27. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. - Алматы,1978.
  28. Нұрғалиев Р. Трагедия табиғаты. – А,1972.
  29. Пірәлиева Г. Ішкі монолог. – А, 1994.
  30. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. –А, 2004.
  31. Нұрғалиев Р. Арқау. – Аламты,
  32. Әуезов М. Абай Құнанбаев. – А,1995.
  33. Нұрғалиев Р. Телағыс. – А, 1989.
  34. Әдебиеттану терминдер сөздігі. –А,1999.
  35. Кәкішев Т. Кер заманның кереғар ойлары. – А,1997.



Информация о работе Қазіргі әдебиеттану ғылымының теориялық негіздері