Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2013 в 07:43, реферат
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде өзіндік орны мен айқын қолтаңбасын қалдырған жазушы, ақын, драматург, аудармашы Ж.Аймауытовтың әдеби мұралары күн санап өз құндылығын артыра түсуде. Әсіресе, қазақ прозасының бастауында таза роман жанрында жазған шығармалары әдебиеттің өзінен кейінгі буыны үшін көркемдік, суреткерлік қырымен ғана емес идеялық тұрғыдан да өнегелі үлгі ретінде бағаланады. Атап айтар болсақ, жазушы Жүсіпбек Аймауытұлының «Ақбілек» романы. Ғасыр басындағы ұлттық сананың өрлеуі мен дамуы жазушының шын дарынын мойындата білген шығармасы «Ақбілек» романын дүниеге әкелді.