Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2013 в 07:43, реферат
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде өзіндік орны мен айқын қолтаңбасын қалдырған жазушы, ақын, драматург, аудармашы Ж.Аймауытовтың әдеби мұралары күн санап өз құндылығын артыра түсуде. Әсіресе, қазақ прозасының бастауында таза роман жанрында жазған шығармалары әдебиеттің өзінен кейінгі буыны үшін көркемдік, суреткерлік қырымен ғана емес идеялық тұрғыдан да өнегелі үлгі ретінде бағаланады. Атап айтар болсақ, жазушы Жүсіпбек Аймауытұлының «Ақбілек» романы. Ғасыр басындағы ұлттық сананың өрлеуі мен дамуы жазушының шын дарынын мойындата білген шығармасы «Ақбілек» романын дүниеге әкелді.
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде өзіндік орны мен айқын қолтаңбасын қалдырған жазушы, ақын, драматург, аудармашы Ж.Аймауытовтың әдеби мұралары күн санап өз құндылығын артыра түсуде. Әсіресе, қазақ прозасының бастауында таза роман жанрында жазған шығармалары әдебиеттің өзінен кейінгі буыны үшін көркемдік, суреткерлік қырымен ғана емес идеялық тұрғыдан да өнегелі үлгі ретінде бағаланады. Атап айтар болсақ, жазушы Жүсіпбек Аймауытұлының «Ақбілек» романы. Ғасыр басындағы ұлттық сананың өрлеуі мен дамуы жазушының шын дарынын мойындата білген шығармасы «Ақбілек» романын дүниеге әкелді.
«Ақбілек»романы «Әйел теңдігі» журналының 1927 жылғы 2, 5, 10, 11, және 1928 жылғы 3, 4, 9, 10 сандарында жарияланған. Бірақ өз алдына дербес кітап болып басылған жоқ. Кейіннен қазақ елінің арыстары ақталған тұста жазушы Ж.Аймауытұлының «Ақбілек» романы белгілі аудармашы Х.Өзденбаевтан алынған нұсқасы бойынша 1989 жылы «Жазушы» баспасынан таңдамалылар жинағында жарық көрді. «Ақбілек» романы бұдан кейінде қазақ баспасөздерінде жарияланды. Роман тәуелсіздіктен кейін жазушының бес томдық шығармалар жинағының бірінші томына енді.
«Ақбілек» романы халық тұрмысы мен өмірінен ойып алынған шындық негізінде қазақ қоғамында болып жатқан әлеуметтік революциялар кезіндегі қазақ ортасына жат қылықтарды әшкерелейді. Әрине, Ақбілектің басындағы ахуал жалғыз оның ғана емес, бүкіл қазақ жұртының басындағы ауыр жайт болатын. Қаймағы бұзылмаған қазақи дәстүрі берік елдің естілерінің есін алып, қызды қасиет деп білетін халқымыздың асылын, қыз баласының етегін көтеріп, абыройсыз етіп, сүйекке таңба, жүрекке жара салып кеткен сол бір жылдар ғана емес, сондай жат қылыққа барған патша әскері ақтардың зауалы ел есінен шыға қоймасы анық. Қарғыс пен нала арқалаған патша әскерінің кейінгі тарихы айтпасақ та белгілі жай.
Романның жазылу, суреттелу сәттеріне назар аударып, арғы бергі деректерді сараптап, салыстырып қарар болсақ Ж.Аймауытов шығармашылығын зерттеушілердің бір–бірімен қиыспайтын қиындау деректерін де кездестірмей қалмаймыз. Мәселен, профессор Р.Тұрысбек романның жазылуына қатысты деректерді жазушы Ж.Аймауытұлының белгілі ақын М.Ж. Көпеевке жазысқан хаттарынан алып, соған орай осы хат негізінде романның жазылу тарихын өзінше таратып айтады. Әрине, бұл дерек жайдан– жай айтылмаса керек. «Мәселен, романға қатысты ойын автор былай білдірген: "Екі жарым ай болды, үйден түзге шықпағаныма. Не істеді десеңіз, "Қылуатта" жатып бір роман жазып бітірдім, өзіңіз көрген "Қартқожадан" үлкендігі екі есе болады. Бар ойым, ынтам, рухым сол романға кетіп, тап жынды болыппын, досты, жолдасты, құрметті қымбат ағаны ұмытып кете жаздаппын. Мен күнді қалай өткізеді десеңіз, міне былай: таңертең сағат сегізде тұрамын да, шай ішіп, қызметке - бала оқытуға кетемін. Күніне алты сағат бала оқытамын. Сағат үште үйге келемін, тамақ ішемін. Одан кейін ұйықтаймын. Сағат алты-жетілерде оянамын. Сүйтем де жазуға отырамын. Сол отырғаннан түнгі сағат екі-үшке дейін отырып қалам. Әбден талғанда барып ұйықтаймын. Міне, екі жарым айдай көрген өмірім осы". Бұдан кейін автор сөз еткен романының соңғы нүктесін қойып, "баспаға жіберіп отырмын" дейді. Жазушы өмірі мен шығармашылығын зерттеушілер үшін бұл келтірілген үзіндінің маңызы жоғары екені арнайы дәлел, дәйектемені қажет етпесе керек» - деп профессор Р.Тұрысбек өз зерттеулерінде келтіреді. Осынау жайтқа қосымша филология ғылымдарының кандидаты Ә.Оспанұлының "Ақбілек" - Шымкентте жазылған" атты мақаласындағы: "...ең әуелі жазыла бастауы да, аяқталуы да біздің облыс орталығында жүзеге асқан" деген жолдар нақтылай түседі. Дегенмен жазушының «Ақбілек» романының жазылуы жайындағы мұндай топшылаулармен келіспейтін мүлде бөлек пікірлер де жоқ емес.
«Әйгілі "Ақбілек" романы Жүсіпбек Аймауытовтың Алтай аймағына, дәлірек айтқаңда Күршім мен Марқакөл аудандарын жалғастырған Қалғұты бойына сапарға шыққанында жазылғанын біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін.
Романның басында: "Өскеменнің
ар жағында, Бұқтырманың оң жағында
әлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың
күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан,
құлай ағып Ертіс түскен, күз күзеткен
Күршім бар..." - деген жолдар сол
сапар әсерінен туған. Жүсіпбектің
Алтай сапары Алаш қайраткерлерінің
саяси және ағартушылық істерімен
байланысты. Ж.Аймауытовтың 1914-1919 жж. Семейдегі
мұғалімдер дайындайтын семинарияда
оқығаны белгілі. Сол жылдары
бұл оқу орнын Қалғұты
Сондай – ақ зейнеткер Әлтай Есқалиұлы «Ақбілек туралы біздегі дерек» атты мақаласында: «Ел әңгімелерінен түйгенім: Дәриға бұрыннан болыс болған. Екі кісіге тұрмысқа шыққан, біріншісінен қызы болған. Жасы Жүсіпбектен көп үлкен. Отағасы Өтеулі молла, мектептерге малдай, ақшалай көмек беріп тұрған. Жүсіпбекті Дәриғаға қосу - қисынға келмейді. Солдаттар Ақбілекті алып кетті деп Дәриғаны мегзеу де қисынсыз. Сондықтан мен Дәриға болыс пен Ақбілек қыз екі бөлек кісі, бірі егде, бірі жас деймін. Жүсіпбек жазған көркем шығармада жиынтық бейне сомдалған. Әнікей апай да бекер іздестірмесе керек. Сол кездерде керек екенін білдік пе? Анығын айтып беретін қарттар бар еді ғой!» – деп естеліктер келтіреді.
Жоғарыда аталған кісілердің деректерімен да санасу керек сияқты. Ол кісілердің айтуынша Жүсіпбек Алтайға ақын Иса Байқазов пен бірге барған. Бірақ екеуі екі бөлініп, Жүсіпбек Үкіртайдың Зейнолласымен бірге кеткенде Иса ақын өз жолын ары қарай жалғап кеткен. Романның басындағы Алтай көріністерін «Өскеменнің ар жағында, Бұқтырманың оң жағында әлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс түскен, күр-күр еткен Күршім бар. Алтай, Күршім — не заманнан калың найман мекені. Сол Алтай мен сол Күршімнің қысы қыспақ, жазы самал. Күн жылт етсе, төрт түлік мал қарағайлы қарт Алтайдың, Алтай сынды анасының көкірегін аймаласып, тыраңдасып, мәйек басып, мамырласып жатқаны. Қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында, бал татыған айна сулы, түрі де аспан, сыры да аспан, шарап сулы Марқакөлі. Марқакөлді алқалаған — ақ ауылды Алтай елі. Алтай елі — алты ай жазы тау еркесі — киік болып, өзге елдерден биік болып, Марқакөлдің самалында сайран етіп жатқаны. Марқакөлдің суы балдай. Марқакөлдің суын ішіп, отын жеген сары қарын, тұтам емшек жануардың бауырынан сүт сорғалап, сүт емес-ау, құт сорғалап, көнек-көнек лықылдайды; қара саба емізіктеп, қою, салқын, сары қымыз, быжылдаған дәрі кымыз шара-шара шыпылдайды. Бір шарасын ішкен адам дәл қор қызын құшқандай боп, беті шиқан дуылдайды, аузы қобыз гуілдейді, мас болады, жас болады: жел жетпеске мініп алып, Алтай тауын дүсірлетіп, таудың тасын күтірлетіп, көкпар, жарыс, алыс-жұлыс, асыр салып жатқаны» деп асқар Алтайдың ғажайып келбетін таң қала жазушы Ж.Аймауытов суреттейді. Ал Иса ақын болса: Марқаның көлі туралы:
Қайнаған етегінде қарт Марқакөл,
Биіктен бетін сүйіп құлайды жел.
Құбылтып судың бетін, толқындырып,
Жарқырап жайқын Марқа тулайды сол,
- деп жырға қосады. Аңғарып
қараған кісіге екі ұлы
Жоғарыда айтылған деректер «Ақбілек» романының жазылу хақында зерттеушілердің аз – маз пікірлерін айттық. Енді романдағы кейіпкерлер турасында тоқталсақ.
Жазушы Ж.Аймауытов романның басында Алтай суреттерін қара сөзбен ақ өлең үлгісінде көркем суреттейді. Мұндай суретті Жүсіпбектен асып жырлаған әлі ешкім жоқ. Асқар Алтайдың мөлдіреген сұлу суретін сөзбен жасаған жазушының хас шеберлігін кезінде замандасы Б.Майлин де өте жоғары бағалап, «Мұндай суреткерді бұрын – соңды көрген емеспін» деп қара қылды қақ жара әділін айтады. Романға алтын арқау болған қазақтың бір қызының өмірі сол тұстағы қазақ халқының басындағы ауыр жағдай болды. Жазушы Ж.Аймауытұлы қазақ қоғамындағы әлеуметтік революциялар тұсындағы ахуалды, ел басына туған ауыр сәттерді Ақбілек бейнесін алға тарта отырып шынайы шындықты бейнелеп береді. Осы бір аласапыран кезде қоғамдық тенденциялардың алмасуы елдегі болып жатқан құбылыстарды тым шиеленістіріп, мұндағы жұртшылықтың еркінен тыс әрекеттер көбейеді. Патша өкіметінің қирай жеңіліп, жөңкіле қашқан офицер – солдаттары жолындағы момын да аңғал қазақ халқын жусатып кетеді. Текке ғана жусатып емес, асылын арамдап, жасығының бағы асып, қазақтар үшін аса қасиет саналатын, ұрпақ тәрбиесіндегі құндылық қыз абыройын аяқасты етіп, жүрекке жара, сүйекке таңба салып, елді күрсіндіріп өтеді. Романдағы адамдық мұрат пен міндет төңірегінде кейіпкердің монологтары жандүниелерін ашу үшін, шығармадағы орнын көрсету үшін шебер қолданылады. Романның соңғы бөлімінде әуелде кездескен бейнелердің іс – әрекеттерінің жемісі, нәтижесі көрініп біршама есейіп, өмірлік көзқарастары өзгере, нақты өмірге бейімделген қалпында кездеседі. Романның төртінші бөліміндегі Ақбілек пен Кәмиланың әңгімесі, Ақбала – Ақбілек - Балташ линиялары, күнделік жазбалары арқылы өткен өмірді салыстыра отырып, жаңа өмірдің шуағын оқырман алдына жайып салады. Бұл жайлар романға ешқандай кері әсер бермей, қайта шындық өмірдің бейнесі ретінде оқырманға жақсы әсер қалдырады. Романдағы кейіпкерлер екі дәуір арасындағы құбылмалы кезеңде уақыт талаптарына лайық іс – әрекет жасайды. Романда автор Ақбілекті өтпелі кезеңдегі тағдыр талқысына сала отырып, туған ауылынан қорлық пен мазақ, өсек-аяңнан, қара мұрт алдында бейшаралығын білдірмей, жаңарған, білімге кенеліп санасы ояна бастаған қала қоғамында пісіп жетіліп бақытын табуы – советтік кезең талабы, әйелдер теңдігін нақтылы суреттеу мұраты болатын.
Романда кейіпкер монологтары арқылы жазушы шығармадағы Мұқаш, қара мұрт офицер, Бекболат бейнелерін нанымды суреттейді. Бекболаттың монологы арқылы оның қандай адам екенін суреттейді. Бойында өнері бар, ауылдағы сылқым-сері жігіттердің қатарында екенін, Мамырбайдың Ақбілегіне ғашық екенін айтады. Алайда, ескі көзқарастың адамы екендігі кейбір қылықтарынан әшкере болып, сүйгенін өсек-аяң мен басына түскен тағдыр талқысына амалсыз көнген бейшара халінде тастап кетеді. Яғни, махаббат жолында әлдекімдердің қысастығы арқасында бейшара болып, абыройынан айырылып қалған аяулы жарына қайырылмай кетеді. Бұл - Бекболаттың махаббатта жігерсіз, жасық, өз арманы жолында табансыз бейне екенін жазушы роман соңында анық көрсетеді. Ақыры, Бекболат ескі көзқарасының құрбаны болады. Бұл ретте осындай жасық, жігерсіз адам ретінде шығармада Мамырбай бай бейнесі айқын көрінеді. Кемпірі өлгеніне қарамастан әлдекімдердің азғыруымен «сұр жылан сықылды» қатыгез Өрік тоқалды алуы, ақ түлегі Ақбілектің абыройсыз болып қалғанын өзге емес, өз әкесі бетіне басқандай ауыр халдегі жағдайы, тоқалының айтқанын шыға алмай бауырында еркелеп өскен бұла қызы Ақбілегін үйінен кетуіне ешқандай қарсылық білдіре алмай Өріктің тасасында бұғып қалуы, ақырып тұрып, қайрат көрсететін адамдық, адалдық қалпымен балаларын қорғаштар мінез Мамырбайдың бойында жоқ. Өйткені ол да ескі қоғамның басшыға жалпаңдар дүниеқоңыз, қараңғы адамы. Өз отбасына қайырымы жоқ адам ешкімге де жаны ашымайтын қара жүрек адам екенін жазушы анық суреттейді. А.С. Ысмақова өзінің «Роман және стиль» еңбегінде: «Ақбілекті өгей шешесі толғағы келген шақта үйден қуып шығады», - деп жазған. Жеңгесі Ұрқия Ақбілекті қарт кемпірдің үйіне әкеліп, босандырады. «Бұлайша баланың дүниеге келуі қазақ прозасында бұрын-соңды кездеспеген», - деп А.С. Ысмақова әкелік қамқорлықтан ада Мамырбайдың шынайы бейнесін ашына айтады.
Романдағы Ақбала мен Балташ бейнелерінің де суреті қанық емес. Өйткені іскер, оқыған Ақбаланың махаббатта жолы болмай, адамгершілік, сымбаттылығымен баураған Ақбілектің басынан өткен жағдайды естігенде теріс айналады. Ал Ақбілекке ғашық Балташтың оны қызғанып, Ақбаланың күнделігін ұрлап, қызға көрсету арқылы Ақбілекпен жанұя құруы, Балташтың жігіттікке ғана емес адамдыққа жат қылығы шығармада түсініксіз болып қалады. Біреудің затын ұрлап, айыбын ашып жүрген адамнан ұлылық күтудің өзі қисынсыз нәрсе. Бұл тұрғыда жазушы аталмыш кейіпкерлерді жеріне жеткізе суретін жасамаған деп топшылаймыз. Мұндай кейіпкерлер туралы әрқилы пікірлер де жоқ емес. Осы ретте біз С.Мақпырұлының пікірлерімен санассақ артықтығы болмас деп ойлаймыз.
Кәмила бейнесі де нанымды,
тағдырына көнген ауыл әйелі ретінде
суреттеледі. Оқыған Ақбілек пен
туысы Кәмиланың таным
Кейіпкерлерінің жандүниесін, болмысын ашатын монологтарды жазушы Ж.Аймауытұлы «Ақбілек» романында тиімді қолданған. Бекболат, ақ офицері, Мұқаштың кім екендігі, олардың арман-мақсаттары, дүниетанымы, адамдарға қатынасы, айласы мен амалы, арамдығы олардың монологтарынан-ақ белгілі болады.
«Ақбілек» романында жазушы Ақбілектің жеңгесі Ұрқияның жақсылықтары, баласы Ескендірді бауырына басып өз баласындай тәрбие беруі, Мұқаш, Ақбала, Балташ, ағасы Төлеген, өгей шешесі Өріктің Құдайға шет қылықтары барлығыда өмірден ойып алынған шындық. Романның реалистік шығарма екендігін осындай кейіпкер табиғаты мен шынайы оқиғалар нақтылай түседі. Жазушы қазақ қоғамының төңкерісі тұсындағы қысқа ғұмырында надандықтан арылатын, білім алып ел болатын, әйел затына теңдік беру арқылы өмірдің жасампаз жолын ардақты әйел аналармен бірге жасау қажеттігін айтып, кемел шығармаларымен дәуірге үн қатты. Осы орайда профессор Р.Тұрысбек жазушы шығармашылығына қатысты мынадай ой айтады: «Жазушы шығармашылығына тән психологизм табиғаты, кейіпкердің жансарайы З.Бисенғали, Ш.Елеукенов, Б.Майтанов, Г.Пірәлиева т.б. зерттеу еңбектерінің негізгі нысандарына айналды» (Тұрысбек Р. Жүсіпбек Аймауытұлы және 20 жылдардағы қазақ прозасы(Монография). Алматы:Қазақ университеті,1998 301- бетте).
Жазушы Ж.Аймауытұлының аталмыш романында кейіпкер болмыстары арқылы замана шындығын шынайы бейнелеп, кейіпкер монологтары, әр түрлі нанымды оқиғалармен қазақ қоғамының сұлбасын анық таңбалайды. Бұл ретте жазушы Р.Тоқтаров: «Ақбілек» романынан адам мінездерінің энциклопедиясын көруге болады» - деп азғана сөзбен түйінді пікір айтқан.
Қорыта айтқанда жазушы Ж.Аймауытұлының «Ақбілек» романына аудармашы әрі жазушы Г. Бельгердің «Аймауытовты оқығанда еріксіз таң қаласың, әсіресе сөз кестесі, айшықты, әшекей тілі оқушының өзін бірден баурап, үйіріп әкетеді. Шын мағынасында эстетикалық ләззат алып, шынайы сезімге бөленесіз» - деп баға бергеніне толық қосылуға болады. Атақты жазушы Ғ.Мүсіреповтың романды «Чудесный нәрсе» деуі талант табиғатын тап басы танығандығы болса керек.
Қолданылған әдебиеттер
Аймауытовтың Алтай жеріндегі күндері / А. Жүнісұлы // Абай. - 2009. - N2.- Б.101-104
Байғабылов Б. Қайта оралған қаламгер: Талантты жазушы Ж.Аймауытов туралы / Байғабылов Б. // Зауал / құраст. Б.Қойшыбаев.- Алматы, 1991.- 191-198 бет.
Тұрысбек Р. Жүсіпбек Аймауытұлы және 20 жылдардағы қазақ прозасы(Монография). Алматы:Қазақ университеті,1998