Абай Құнанбайұлы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2015 в 18:23, реферат

Краткое описание

Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) —ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілініңнегізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімдіисламға таяна отырып, орысжәне еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Прикрепленные файлы: 1 файл

абай.docx

— 63.99 Кб (Скачать документ)
  • «Абай жолы» эпопеясының поэтикасы және оның жазылу тарихы — монографиялық зерттеу. Авторы З. Ахметов. 1984 ж. орыс тілінде «Ғылым» баспасынан жарық көрген.

  • «Абай жолы» эпопеясының тарихи негіздері — монография. Авторы Л. Әуезова. 1969 ж. орыс тілінде «Ғылым» баспасынан жарық көрген.

  • Абай Құнанбаев шығармашылығын зерттеудің маңызды мәселелері (мақала) — Мұхтар Әуезовтің мақаласы. Алғаш рет 1954 жылы «Қазақстан мұғалімі» газетінің 1 шілдедегі санында жарияланды.

  • Абай Құнанбаев қазақ халқының ақыны және ағартушысы — (10. VIII. 1945) газетінде жарияланған. Мақалада Абайдың ақындық өмір жолымен қалың окырманды таныстыру мақсат тұтылып, негізінен өмірбаяндық деректер қамтылған.

  • Абай Құнанбаев (150 жылдық мерейтойына) — Мұхтар Әуезовтіңғылыми еңбектерінің жинағы. Абайдың 150 жылдық мерейтойына байланысты «Санат» баспасынан 1995 ж. жарық көрген.

  • Абай Құнанбаевтың 100 жылдық мерейтойына әзірлік жөніндегі ойлар —Мұхтар Әуезовтің 1940 ж. жазған мақаласы Ә. Тәжібаевпен біріге).

  • Абай (деректі фильм) — деректі фильм. 1954 ж. Алматы киностудиясы шығарған.

  • Абай (диафильм) — диафильм. 1956 ж. Мәскеу «Диафильм» студиясы шығарған.

  • Абай (жарнама кітапша) — осы аттас операның қойылымына арналған орыс тіліндегі жарнама кітапша. 1958 ж. Қазақ КСР Мәдениет министрлігі шығарған.

  • Абай (кинодрама) — жазушының кинодрамасы. Қолжазба жазушы мұрағатында сақтаулы (№141-папка), араб әрпімен жазылған, көлемі 53 бет.

  • Абай (М. Әуезовтың зерттеу еңбегі) — Мұхтар Әуезовтың 1933 ж. жазған зерттеу еңбегі. «XIX ғасыр мен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің оқу құралына» енген.

  • Абай (әдеби журнал) — 1918 ж. Мұхтар Әуезов негізін салған (Ж. Аймауытовпен бірге) әдеби журнал. С. Шикібаев ұйымдастырған «Уақ қарыз серіктестігінің» демеуімен 12 саны жарық көрген.

  • Абай (әдеби сценарий) — жазушының әдеби сценарийі. Автор Абайдың ақындық өнepiн суреттеуді шәкірт ақындар шығармашылығымен қатар өрбітуді мақсат еткен.

  • «Абай» және «Абай жолы» романдарының жазылуы туралы — («Как я работал над романами «Абай» и «Путь Абая»), Мұхтар Әуезовтыңмақаласы. Оқырмандармен кездесу кештерінде ойға оралған ой-пікірлері мен оқырмандар сұрауына қайтарған жауаптары негізінде, әсіресе М. Горький атындағы Әдебиет институтында оқитын студенттермен кездесу үстінде сөйлеген сөздері негізінде жазылған.

  • Абайды білмек керек ойлы жасқа — Мұхтар Әуезов жазған оқу құралы. 1997 ж. «Санат» баспасынан толық нұсқасы жарық көрді. Кітап құрастырушы әрі ғалым М. Мырзахметұлының «Мұхтар Әуезов және Абай әлемі» деген көлемді алғы сөзімен ашылады.

  • Аймақтану, білім арттыру — «Аймақтану, білім арттыру», Мұхтар Әуезовтің мақаласы. «Жаңа мектеп» журналының 1929 жылы 11-санында жарияланған. Жазушының шығармалар жинағының 50 томдық толық басылымының 3-томында (1998) қайта басылды.

 


Информация о работе Абай Құнанбайұлы