Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2015 в 18:23, реферат
Краткое описание
Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) —ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілініңнегізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімдіисламға таяна отырып, орысжәне еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Кез келген халықтың тарих сахнасына
шығуы — жүйеге бейімделген біртектес
өмір салттың ғана нәтижесі емес, сонымен
бірге қасиеттік деп саналатын- арман-аңсардың
(идеал) да біртұтастығына айғақ. Олай
болса Абай сынының тәлкегіне түскен еріншектік,
дарақылық, жалқаулық, күншілдік, өтірікшілік,
өсекшілдік, мақтаншақтық, жағымпаздық,
жікшілдік сияқты қасиеттер қазақ баласының
кейбірінің бойындағы туа біткен кемшілік
емес, сол Абай өмір сүрген қоғамдағы саяси
әлеуметтік қатынастардың нәтижесі екеніне
ден қою қажет. Сонда, Абай бұрынғы бабаларымыздың
бойынан көрген «кемшіліктерді» себеп
ретінде емес, сол замандағы саяси-әлеуметтік
қатынастардың салдары ретінде қарастыруға
жол ашқан.
Қара сөздері
Толық мақаласы: Абайдың қара сөздері
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік
және дінге көзқарастары терең білінген
еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның
сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап
көрсететін классикалық стильде жазылған
прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық
бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан
бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның
алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі
мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды
болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың
ажарына ғана назар аударып қоймай, оның
тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған.
Сөйтіп көркемдік шеберлік
пен ғылыми зерделік арқылы көркемдік
сана менфилософиялық сананы ұштастырады. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік,
ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп,
тұтас бір қазақ халқының философиялық
концепциясын құрайды. Абайдыңкара сөздері сондай-ақ жалпы
адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
Оның қара сөздерінің бірнешеуі
ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында
жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай,француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне
аударылды.
Қара сөзде айтылған
ой
Абайдың "Жетінші сөзінде" ұшырасатын "жанның тамағы"
деген күрделіфилософиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір
сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі
нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің
жинақталған қоры ретінде қарайды. Осы
себептен де Абай:
«... құмарланып, жиған
қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның
тамағы еді,»
— деп қайыра түсінік беріп
отыр... Абайдай ұстаз ақынның бұл "Жетінші сөзде" көздеген мақсаты адамның бойыңда
туа пайда болатын жан құмары арқылы өз
ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы
тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр
алған бір саласының қайнар көзі осы жақта
жатыр.
Абай бұл бағыттағы ойларын өзге
сөзбен "Ғылым таппай мақтанба" т.б.
өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол "жанның
тамағы туралы" ұғымды өз заманынын
тұрғысынан келіп, "адам болу" үшін
қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын
толық адам болу туралы өзінің жүйелі
де қалыптасқан көзқарасының тезисін
ұсынады. Онысы:
«Адам болам десеңіз...
Бес нәрседен қашық
бол...,
Бес нәрсеге асық
бол,»
- деген жолдарда жатыр.
Ақынның бүкіл шығармаларындағы
негізгі бір тұтас тақырыпта
өзекті идея болған. Абайдың пікірінше, ішкі рухани казынамыздың
молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы
іс. Осы реуішті пікірАбайдың "Он тоғызыншы сөзінде" де қайталанады. Абайдың дүние танымы бойынша сананың,
ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің
нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс.
Соңдықтан да Абай "Он тоғызыншы сөзінде":
«Адам ата-анадан
туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп,
ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы,
жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені,
көргені көп болған адам білімді болады.
Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген
кісі өзі де есті болады... Сол естілерден
есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе,
жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды,
сонда адам десе болады,»
— деп жоғарыдағы өлең үзіндісендегі
ойын осы сөзіңде одан ары кеңіте отырып
дамытатынын көруге болады.
Абай лексикасы
Толық мақаласы: Абай лексикасы
Абай тілінің негізі қазақтың жалпы
халықтық сөйлеу тілі мен ауызша әдеби
тілі болғандықтан, оның лексика-фразеолия
қазынасы тегі жағынан, ең алдымен, қазақтың
төл сөздерінен, одан соң шағын мөлшерде
араб-парсы және орыс сөздері қабатынан
құралады. Өз тұсындағы қазақ қоғамының
саяси-әлеуметтік, мәдени-экономикалық
күй-жағдайына орай қазақ лексикасында
болған өзгеріс-жаңалықтарды Абай тілі
айқын көрсетеді. Мысалы, кейбір атаулар
ескіріп, қолданыстан шыға бастаса, Абай
ондай сөздерді көбінесе көнені суреттеу
үшін немесе образ үшін пайдаланады.
Хан, уәзір, аламан, абыз, жылыс, тоғыс, наурыздама сөздері көбінесе
Қара сөздерінде тарихты баяндайтын тұстарда
қолданылады. Ал, өмірге келген жаңа атауларды
жатсынбай қабылдап, өзі де бұларға қоса
жаңаларын жасайды (қ. Жаңа сөздер). Абай
шығармаларының тақырыбына орай төл лексиканың
ішінен этнографизмдерді де (шілдехана, үш тоғыз, қынаменде,ақшомшы, ықтырма, күзеу т. б.), көне киім-кешек,
сауыт-сайман, құрал-жабдық атауларын
да (дәндәку, жарғақ шалбар, пыстан, шақпақ, шөншік,дулыға, шарайна т. б.) пайдаланады.
Сондай-ақ сыртқы тұлғасы жағынан көнерген
сөздерді (мыс, Ұлы дегеннің орнына ұлық,
кіші сөзінің орнына кішік, тураның орнына
туғры тұлғалары) ұйқас құрау, мағыналық
реңк үстеу сияқты белгілі бір мақсатпен
қолданады. Дегенмен, Абай тұсында бірқатар
сөздердің кенеру дәрежесі қазіргі көздегіден
әлдеқайда солғындау болғаны байқалады.
Мысалы, ағайын, туысқан мағынасындағы
қарындас сөзі, ел, жақын және жат, алыс
семантикалы алаш, әскери мағынасындағы
қол сөздерінің әлі де осы ұғымдарда еркін
және жиі қолданылғандығын сол көзеңдегі
қазақ әдеби тілі де, Абай тілі де көрсетеді.
Қоғам өмірімен етене қабысқан тіл, әсіресе,
оның лексикасы сол қоғамның әр кезеңдегі
тыныс-тіршілігіне орай өзгеріп отырады,
яғни бірқатар сөздердің мағыналары ауысады,
бірсыпырасы терминдік дәрежеге кетеріледі,
енді бір алуанының қолданылу жиілігі
артады. Бұл процеске қалам қайраткерлері
белсене қатысады. Осы ретте Абайдың еңбегі
көзге түседі.
Араб және парсы ықпалы:
Абай тілі лирикасының келесі
қабаттары - араб және парсы сөздері. Бұрыннан қазақтың
жалпы халықтық тілінде қалыптасқан шығыс
сөздерін Абай жатсынбай, еркін қолданады.
Олар дінге, оқу-ағартуға, өнер-білімге,
әкімшілікке, сауда-саттыққа т. б. қатысты
болып келеді. Араб-парсы сөздерінің басым
көпшілігін, жалпы халықтық тілдегі сияқты,
Абайда да дерексіз ұғым атаулары құрайды
(ар, абырой, мейір, нала, парыз, қаһар, қиял,
қудірет, дәурен т. б.). Абай тілі лирикасының
бір ерекшелігі - мұнда қазақ тіліне енбеген
араб-парсы сөздерінің де қолданылғандығы.
Олар, негізінен, Абайдың қарасөздерінде,
онда да барлығында емес, тақырыбына қарай
белгілі біреулерінде ғана шоғырланған.
Ол шығармалар жүрегінің қуаты перзентлеріне
арналған атақты Отыз сегізінші сөзі мен қазақ оқырмандарына иман
деген - алла табарақа уатағаланың... жарлығына...
мойынсұнып, инанмақ» екенін баяндаған
13-сөзі. Бұларда философия мен моральға қатысты ой-пікірін
айтуда автор осы салалардағы ұғымдардың
араб тілінде қалыптасқан атауларын қазақшаламай,
сол күйінде пайдаланды.
Орыс сөздері:
Абай лирикасының келесі қабаты
- орыс сөздері. Олар сан жағынан араб-парсы
қабатынан әлдеқайда кем болганымен, әрі
қарайғы орын тебу бағыты жағынан басым
тұседі. Бұл бағытқа себепкер, ең алдымен,
қазақ қоғамының сол кезеңдегі және әрі
қарай әлеуметтік, саяси, экономика күй-қалпы
болса, екіншіден, қазақтың ұлттық жазба
тілінің демократтық сипатта дамуы еді.
Абай мен Ыбырай орыс тілі элементтерін
текжалпыхалықтық сөйлеу тәжірибесінен
емес, тікелей орыс әдеби тілінен алды.
Абайдың жалпы халықтық қолданыс тауып
пайдаланған сөздерінің көпшілігі әкімшілік,
заң, шаруашылық салаларына қатысты. Олар: болыс, кандидат,
ояз, сияз, старшын, майыр, шен, партия,
сот, шар, закун, закуншік, кателешке, бодан,
расход, кір, лапке, барқыт, самаурын, пәтер,
сома, бақалшік, мәліш (сауда), аршепке,
барабан, зауыт, машине.
Абайда өзіне дейінгі және өз
тұсындағы қазақ әдеби үлгілерінде көздеспейтін
бір топ орыс сөздері бар. Олар адвокат, доктор,
губернатор, начальник, визит, монастырь, ладан, штык, картечь,
такт, номер, химия, трагедия, единица,
ноль, образование, назначение, посредник,
жеребе, прошение, дезнание, прямота, икра,
фабрик, электр, румке, стакан, счет дегензат
есімдер мен уөздный, военный, здравомыслящий,
уголовный, самородный (сары алтын), виноват
деген сын есімдер және гуляйттау, пошел,
занимайся деген етістіктер.[6]
Абай және Пушкин
Аудармашыға екі қасиет қажет.
Бірі талғампаздық, екіншісі ой тереңдігі.
Талғампаздық деп отырғанымыз Абайдың
хакімдігінің бір қыры. Абай бас салып
кім көрінгенді аудармағаң ол аудармақшы
болған автормен өзі бәсекеге түскен.
Абайдың аудармалары, шын мәнінде, ой жарыстыру.
Сондықтан Абай жасаған аудармаларын
оның ой кеңістігінің өрісі деп қабылдаған
жөн. Абай тілін еркін меңгерген орыс халқынан
таңдап, талғап, әсіресе екі ақынды аударғаң
олар Александр Пушкин және Михаил Лермонтов. Абайдың талғампаздығына таң-тамаша
қаласың. Орыс елімен, оның мәдениетімен
мәңгілік қалатын, ешқандай өзге құндылық
өлшемдеріне түспейтін екі генийді Абай
бұлжытпай таныған және қазақ халқына
таныстыру мақсатында, олардың шығармаларын
қазақтіліне аударған.
Абай орыс ақыны Александр Пушкиннің өлеңмен жазылған "Евгений Онегин" деген романын толық аудармағаң
одан үзінділер тәржімалағак Абай: "Онегиннің сипаты,"
"Татьянаның Онегинге жазған хаты,"
"Онегиннің Татъянаға жауабы," "Онегин
сөзі," "Онегиннің Татьянаға жазған
хаты," "Татьянаның сөзі," "Ленскийдің
сөзінен" және "Онегиннің өлердегі
сөзі" - деп жеке-жеке сегіз шығарма
етіп аударған Неге Абай романды қазақ
тіліне толық аудармаған, әрине оның себебін
дөп басып айту қиың бірақ мен ойлаймың
егер "Евгений Онегинді" толық
аударса, оны қазақ оқырмандары қабылдамас
еді, сірә, Абай соны түсінген, Қазақ оқырмандары
махаббат, ғашықтық тақырыбына "Ләйлі
Мәжнүннен" бастап өңкей классикалық
ғажап туындылармен сусындап келе жатқан
қауым, сондықтан болар Онегиннің Татьянаға
шалажансар сезімін қалайша қабылдамақ.
Әрине, қабылдай алмайды. Шығыстық дәстүрде
ғашықтар құрбандыққа дейін барулары
керек, айталық Қозы Көрпеш-Баян сұлусияқты. Осыны түсінген Абай "Евгений Онегиннен" үзінділерді
таңдап алып аударып, олардың өзін қазақы
ұғымдармен сөйлетіп қойғаң ол "Татьяна сөзін"
"Тәңірі қосқан жар едің сен",
деп бастайды.[8]
Музыкалық мұра
Толық мақаласы: Абай музыкалық мұрасы
Ұлы ақын, ағартушы Абаймузыкалық саласында да айта
қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл
өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп,
кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық
жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады.
Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта
музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық
музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан
Абай әндері де қазақтың басқа халықтық
ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан
заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында
жазба мәдениеттің болмауына қарамастан,
Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі
- олардың халықтың жүрегінде сақталуға
сапасы сай келетін шығармалар болғандығында,
халық санасынан өшпес орын алғандығында.
Абай әндерінің өзгешелігі - мелодиялық,
ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында,
идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік
алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне
бірдей тұсінікті бола қоймады, болмақшы
да емес еді. Мәдениеттің дамуына кедергі
болатын феодалдық жағдайда кейбіреулер
үшін ол әндердің жаңа тілдері қазақтың
халықтық ән дәстүрінен шығып кеткендік
болып көрінуі де мүмкін еді. Бірақ жаңа,
прогресшіл мәдениет күрескері болған
Абай өз бетінен қайтқан жоқ. Сейтіп, Абай
әндері алғашқыда оның өз айналасына -
ауыл-аймағына, кейін жалпы қазақарасына
тарай бастады. Абай әндері халықтық негізден
нәр алғандықтан, халық әндерімен тамырласып
жатқандықтан, нотаның жоқ кезінде-ақ,
ауыздан ауызға көше отырып, қалың бұқараның
игілігіне айналды. Бұған бұрын-соңды
халықтың музыкалық салтында болмаған
жаңа өткір тілмен өлең тексіне құрылуы
да себеп болды.
Абайтану
Толық мақаласы: Абайтану
Абайтану қазақ әдебиеттану ғылымының саласы. Абайтану Абайдың өмірі мен шығармашылық өнері, философиясы, қоғамдық, эстететикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді
дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы
сан-салалы зерттеу еңбектерін қамтиды.
Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын
зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды деуге
болады.
Ахмет Байтұрсынұлы 1913 ж. «Қазақ»
газетінде басылған «Абай – қазақтың
бас ақыны» атты мақаласында «Одан асқан
бұрын-соңғы заманда қазақ баласында біз
білетін ақын болған жоқ» – деп Абайды
аса жоғары бағалады. Абай шығармаларын
жинап, қағазға түсіріп, реттеп баспаға
дайындау ісі ақын қайтыс болған соң ұзамай-ақ
қолға алынғанын дәлелдейтін нақтылы
деректер жетерлік. Жарық көруінен бірнеше
жыл бұрын құрастырылып, 1909ж. Санкт-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің
жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңі
(аударма өлеңдерін қосып санағанда) мен
«Ескендір», «Масғұт» поэмалары басылғаны,
яғни осы күнгі белгілі поэзиялық шығармаларының
көрнектілері түгелге жуық қамтылды.[10]
Абай Құнанбайұлының дінге
көзқарасы
Абайдың дінге көзқарасын бағалап,
тұжырымдауда екі түрлі қате пікір орын
алып келді. Кейбір зерттеушілер Абай
«ислам дінінің қазақ
ішінен шыққан өкілі» деп келсе, екінші
бір зерттеушілер Абайдың дін туралы ойлары
ақын шығармашылығының әлсіз, кертартпа
жағы деп түсіндіреді. Алғашқы пікір Абайға
тағылған жала болса, соңғысы - ақынның
дін туралы түсініктеріне тарихи, диалектикалық
тұрғыдан қарамай, тұрпайы социологияға
бас июдің салдарынан туған болжам. Абайдың
дін туралы толғамдарын дұрыс түсініп,
бағалау оған тарихи тұрғыдан қарауды
талап етеді. Абай заманында қазақ даласында қос дінділік орын
алды, ресми өмірде ислам діні үстемдік еткенімен, күнделікті
тіршіліктешаманизмдік түйсіктер мен түсініктер басым
болды. Қос дінділік қазақ халқының сол
кезеңдегі наным-сенімі мен дүниетанымынан
айқын байқалады. Шаманизмдегі негізгі категория-«Тәңірі», исламдағы - «Алла»қазаққа тән ұғымдар. Шаманизмде
тәңірінің, аруақтардың адамдармен ұштастырушы «жын» болса, исламда Алланың адамдармен
байланыстырушысы «періштелер» деп саналды. Қазақтың күнделікті
өміріңде шаманизмнің өкілі, іс жүргізушісі
- жын шақыратын бақсылар, ал ислам дінінде
- өздерін пайғамбардың ұрпақтары санайтын қожалар
болды. Абай «Біраз сөз қазақтың
түбі қайдан шыққаны туралы» еңбегінде
қазақ жерінде ислам дінінің қалай тарағандығын
және оның шаманизммен байланысын арнайы
талдайды.
Абайдың дін мәселелері - құдай мен адамның, өмір мен өлімнің, жан ментәннің, иман мен ұяттың, дін мен ғылым, дін мен дін иелерінің өзара
байланысы туралы түсініктері антиклерикалдық
бағыттағы талдау. Құдай мен адамның қарым-қатынасын Жиырма жетінші, Жиырма сегізіншісөздерінде арнайы талдап, гректің
ұлы ойшылы Сократпен пікір таластырады.[11]