Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2015 в 16:06, реферат
1845жылы 10тамыз бұрынғы Семей облысы,Абай ауданы,Шыңғыс тауының етегінде туылған. 1904жылы 23маусымда қатты ауырып көз жүмады.
Шыққан ортасы-ауқатты,Тобықты руынын белгілі ел билеушілері болған.
Әкесі-Құнанбай,анасы-Ұлжан,әжесі-Зере. Бауырлары-Құдайберді,Тәңірберді(Тәкежан),Ысқақ,Оспан,Қалиолла(жас кезінде шетінеген),Ысмағұл.
Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845—1904)-ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Азан шақырып қойған аты-Ибраһим.