Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 13:44, реферат
Жарапазан — қазақ даласында ислам діні берік орын тепкеннен кейін пайда болған тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Ол ел арасында ораза ұсталатын рамазан айында айтылады. Кешкілік ауыз ашар кезінде ауылдың өлең айтуға бейімі бар жастары жиылып, әр үйдің тұсына келіп Жарапазан айтады. Оны ешкім ерсі санамайтын болған, қайта үйден шама-шарықтарына қарай сыйлық алып шығып, Жарапазаншыларды риза етіп жіберетін болған. Жарапазан мәтіні айтыла-айтыла әбден қалыптасқан жаттанды шумақтардан құрылады. Мазмұн жағынан оны шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады. Ең алдымен, Жарапазаншы үйді, үй иесін мадақтаудан бастайды. Одан ислам дінінің шарттарын уағыздап, имандылыққа шақырып, өсиет айтады.
Айтайын жарапазан есігіңе-ау,
Сәби бітсін осы үйдің бесігіне-ау.
Жарапазан тек қана дін жолы емес,
Бұйыртсын деп айтайын несібіңе-ау,
Ескі жыл кетіп қалған есіркейді-ау,
Жаңа жыл кетіп қалған нені істейді-ау.
Жаңа жыл жетіп келген жүкпен келер,
Жұбайлар жаңа-жаңа жұппен келер.
Әдетте қалыптасқан салт бойынша жарапазаншылар сыйлық алғаннан кейін өлеңін батамен аяқтайды:
Балалардың мінгені,
Жорға-жорға тай болсын.
Жорғалатып келгенде,
Байдың көңілі жай болсын.
Ай жағыңа қарасаң,
Алтыннан терек орнасын.
Күн жағына қарасаң,
Күмістен терек орнасын....
Бөлшіл-бөлшіл, бөлшіл бол,
Бозторғайдай төлшіл бол.
Бәйтеректей бүрлі бол.
Пайғамбердай нұрлы бол.
Бисмилла аллаһу акбар!
Жарапазан тәулсіздік кезеңде қоғамда діни бостандықтың оралуына байланысты ел арасында қайтадан көрініс тауып отыр. Ауылдық жерлерде, жүргіншілер поезында жарапазан айтушылар әредік-әредік кездесуде, сонымен бірге оны белгілі әншілер де сахнада орындап жүр. Тіпті ұялы байланысқа SMS арқылы жарапазан жолдап, бірлік сұрайтын жарапазаншылар да кездесуі – осы жанрдың жаңа заманға бейімделуге мүмкіндігі бар екендігін танытады. Жарапазан атауын кейбір өңірде жарапазан, жарамазан, жәдит-жарапазан, тіпті саһар деп те атайтын болған. Мәселен, Көкшетау облысының шығыс аудандарында саһар айту дәстүрге айналған.
Саһар айтқан балалар,
Елден елді аралар.
Саһаршы бала жатпйды,
Тәтесі жүзік берсе егер,
Саһаршы бала тоқтайды. ...
Мұндай саһар деген сөз сәре (таң сәрі) деген мағынаны білдіреді. Мәселен, ҚХР Шыңжан Тарбағатай өңірінің қазақтары «сәре ішу» дегенді «саһар ішу» деп қолданған. Бұл сөз жайында белгілі тілші ғалым Н.Уәли «Таң сөзімен тіркесе айтылатын сәрі («таң сәрі) – осы сахар сөзінің дыбыстық өзгеріске ұшыраған түрі. Діни салтқа байланысты сахар, сәре сөзі «таң ертеңгі тамақ» дегенді білдіреді. Ораза тұтқан діндар адамдар сәресін (сахарын) құлқын сәріден ішеді» деп жазады. Демек, ауыз бекіткендір саһар ішкен мезгілде айтылатын жарапазанның түрін саһар, ал оны айтушыны саһаршы деп атау да қалыптасқанын аңғаруға болады. Жарапазанды ораза айында кейде ел сәресін ішкен елең-алаңда, кейде күндіз, көбінде ауызашардан соң кешкі алагеуімде ораза ұстаушылардың көңілін көтеру, бойын сергіту, уақытын өнегелі насихатпен өрнектеп өткізу мақсатында қыдырма жарапазаншылар айтатын болған. Жарапазан белгілі дәрежеде өнерпаз жандарды табыс табуға ынталандыратын фольклорлық театрдың мәуелі бұтағына айналған кәсіби өміршең жанр деуге толық негіз бар. Жарапазаншының табысы туралы белгілі ғалым Ә.Қоңыратбаев «Ораза айында үлкен айтушылар жарапазан айтып, түйе алса, кішігірім айтушылар үй жағалап, әйелдерден ауыз ашарға құрт, май, ірімшік, сұраған» деп жазады. Қырғыздар жарапазанды рамазан, түріктер рамазан манисі (жыры) деп атаған. Қазақ пен қырғыз өлеңінде бәлеңдей айырма байқалмайды:
Рамазан айтып келдім есігіңе,
Құдайым бір ұл берсін бесігіңе.
Кел-кел, балдар, келгелі,
Байға бата бергелі.
Байдың көңілі ашылсын,
Жүзге келіп қарысын.
Баяғы кезде жарапазан жыры бүкіл ауыл, қауым болып айтылған болса, ал қазіргі кезде көп қолданылмайтын тіпті қолданыстан қалып бара жатқан жырлардың бірі. Мысалы, менің өзімнің тұрып жатқан аядай ғана Хантау өңірінде қасиетті рамазан айында жарапазан жыры көп айтылмайды, тек үлкен ауыл апалары ғана қолданып айтып жүреді. Ғылыми жұмысымның негізгі тақырыбын жарапазан жыры деп алған себебім, бұл жырды үлкен апаларымызбен қоса жастар да көңіл аударып, қолданады деген сенімдемін.
Жарапазан жастарды:
1. Имандылыққа
2. Шешендік өнерге
3. Бата, тілек айта білуге
4. Суырып – салма
қасиетті дамытуға тәрбиелейді.
Қорыта келе М.Әуезов
« Замана толқыны тарих теңізінің
жағалауына көркем өнердің баға жетпес
меруерт – маржандарын
Пайдаланған әдебиеттер:
1. М. Әуезов «Әдебиет тарихы» Қазақстан 1927 жыл.
2. С.Сейфоллаұлы «Қазақтың
ескі әдебиет нұсқалары»
3. Е. Ысмайлов «Ақындар» Алматы 1956 жыл.
4. Е. Жұмалиев «Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері» Алматы 1958 жыл.
5. М. Ғабдуллин « Қазақ халқының ауыз әдебиеті» Алматы 1972 жыл.
6. « Қазақ фольклорының типологиясы» Алматы 1982 жыл.
7. Ш.Уалиханов « Шығармалар жинағы 5-том» 1984 жыл.
8. Ә. Марғұлан «Ежелгі жыр, аңыздар» 1985 жыл.
9. «Қазақ фольклористикасының тарихы» 1988 жыл.
10. «Фольклор шыңдығы» 1990 жыл.
11. « Қазақ фольлорының тарихилығы» 1993 жыл.
Жарапазан(жарамазан)
(салт). «Жарапазан рамазан деген
сөзден шыққан, ораза уақытында балалар,
бозбалалар түндеүйдің тұсында тұрып
жарапазан өлеңін айтады. Ораза ұстаған
адамдар сауап болады деп жарапазан айтқандарға құрт, май,
ірімшік, бір шаршы шүберек, басқа сол
сияқты нәрселер береді. Жарапазанды кәсіп
етіп, ораза уақытында ел аралап, күндіз
жүріп айтатын үлкен адамдар болады. Жарапазанды
екі адам жүріп айтады. Бірі жарапазан
айтқанда екіншісі, қостаушысы болады.
Мысалы:
Айтушы: Жарапазан айтушының сауалы бар,
Отыз күн оразаға жауабы бар.
Берсеңіз, бермесеңіз не қамым бар,
Боз шұбар астымдағы, шу жануар!
Қостаушы: Жарапазан, жарапазан!
Алла, құдай би жарапазан!
(А.Байтұрсынов)
Жарапазанның ел арасында кең тараған
нұсқасын және разы болғанда жарапазан
айтушының батасымен танысыңыз:
Жарапазан
Үйің, үйің- үй екен,
Ұйдің көркі ши екен.
Ақ төбедей көрінген
Қандай байдың үйі екен?
Кірсін дәулет,
Шықсын бейнет.
Қиын дейді қиямет,
Жақын дейді ақирет.
Ажалға құдай сабыр ет.
Былай жүрген сайтанның
Мойнына мінсін тауқымет!
Оразада айтылар
жарапазан,
Мекке мен Мәдинадан шығар азан.
Мәуесі мәуесіне тиіп тұрған.
Ораза намазыңды күтіп барсаң,
Алдыңда хордың қызы сүйіп тұрған.
Махамбет үмбетайтқан жарапазан.
Оразаң қабыл болсын ұстаған жан.
Ассалаумағалайкүм жаңа келдік
Көргелі, көріскелі сәлем бердік.
Айтты деп жарапазан сөгн көрме
Пайғамбар жолын қуған адам едік.
Айтайын жарапазан есігіңе
Қыз берсін ханышадай бесігіңе.
Тілейміз шебер тусын несібіңе.
Үй ішінде бай-бәйбіше кеңеседі.
Қой ішінде екі қошқар теңеседі.
Бай айтады қой ішінен саулық бер деп.
Бәйбіше сандық ашып, жаулық бер деп.
Біреуі бес намаздың- таң намазы,
Қайнайды тәсілменен бай қазаны.
Ораза намазыңдыкүтіп барсаң.
Алдыңда жайылулы жайнамазы.
Біреуі бес намаздың – бесін дейді.
Кей адам кірін жуып шешінбейді.
Ораза, намазыңды күтпей барсаң.
Күнәңді құдай біледі, кешірмейді.
Біреуі бес намаздың –екінді еді,
Ауызын діл мұсылман бекітеді.
Ораза, намазыңды күтпей барсаң,
Үстінен қыл көпірдің секіреді.
Мінгені пайғамбардың ақ атан-ды,
Көп тұрсақ әрбір үйде таң атады.
Арқасында ақ атаның жауыры бар,
Баратын бұдан былай ауылым бар.
Мұхамбет үмбеті айтқан жарапазан,
Оразаң қабыл болсын, ұстаған жан.
Жарапазанның батасы
Бөлшіл, бөлшіл, бөлшіл бол,
Боз торғайдай төлшіл бол,
Ор қойандай көзді бол,
Жиреншедей сөзді бол,
Бәйтеректей бүрлі бол,
Пайғамбардай нұрлы бол,
Ай жағынан қарасаң,
Алтыннан терек орнасын.
Саған келген мейманның,
Оған атын байласын.
Аты жатып аунасын,
Өзі жатып қунасын.
Менің атым –Сарыбай,
Сақалыма сары май.
Таң мезгілі болғанда
Төсегіңнің басынан
Жастығыңның астынан
Бөденедей пырылдап
Бозторғайдай шырылдап,
Қыдыр келіп дарығай!
Аллаху ақпар!