Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 13:44, реферат
Жарапазан — қазақ даласында ислам діні берік орын тепкеннен кейін пайда болған тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Ол ел арасында ораза ұсталатын рамазан айында айтылады. Кешкілік ауыз ашар кезінде ауылдың өлең айтуға бейімі бар жастары жиылып, әр үйдің тұсына келіп Жарапазан айтады. Оны ешкім ерсі санамайтын болған, қайта үйден шама-шарықтарына қарай сыйлық алып шығып, Жарапазаншыларды риза етіп жіберетін болған. Жарапазан мәтіні айтыла-айтыла әбден қалыптасқан жаттанды шумақтардан құрылады. Мазмұн жағынан оны шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады. Ең алдымен, Жарапазаншы үйді, үй иесін мадақтаудан бастайды. Одан ислам дінінің шарттарын уағыздап, имандылыққа шақырып, өсиет айтады.
Жарапазан — қазақ даласында ислам діні берік орын тепкеннен кейін пайда болған тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Ол ел арасында ораза ұсталатын рамазан айында айтылады. Кешкілік ауыз ашар кезінде ауылдың өлең айтуға бейімі бар жастары жиылып, әр үйдің тұсына келіп Жарапазан айтады. Оны ешкім ерсі санамайтын болған, қайта үйден шама-шарықтарына қарай сыйлық алып шығып, Жарапазаншыларды риза етіп жіберетін болған. Жарапазан мәтіні айтыла-айтыла әбден қалыптасқан жаттанды шумақтардан құрылады. Мазмұн жағынан оны шартты түрде үш бөлікке бөлуге болады. Ең алдымен, Жарапазаншы үйді, үй иесін мадақтаудан бастайды. Одан ислам дінінің шарттарын уағыздап, имандылыққа шақырып, өсиет айтады. Соңы бата берумен аяқталады. Әрине, айтушы өзінің қабілет-қарымына орай, жаттанды мәтіннің қаңқасын бұзбай өз ойынан да шумақтар қосып айта береді. Үй иесінің көрсеткен құрмет-сыйына қарай оның жомарттығын, шүлендігін марапаттап, алғыс-тілек те айтады. Кейде көңілден шықпағандарды қуақы тілмен келекелеп, әзіл-қалжыңға да айналдыратын сәттер болады. Жарапазанды жоқ-жітік замандарда дүние табу кәсібіне айналдырғандар да болған. Дегенмен, Жарапазанның негізгі мақсаты — ораза айында ел көңілін көтере жүріп, ислам дінін насихаттау, жұртты шариғатқа, иманға ұйыту, береке-бірлікке, ізгілікке шақырудан туған. Оған, әсіресе, жастар мен балалар белсенді ат салыса жүріп, өздері де үлгі-өнеге алған. Кеңестік дәуірдегі шектеулердің салдарынан ұмытыла бастаған Жарапазан ислам дінінің жандануына байланысты қайтадан салтқа еніп келеді. Жарапазан айтуға балалар да араласқан, олар, әрине, үлкендер шығарған өлеңдi жаттап айтатын болған.
Астымдағы танады,
Жатайын деп барады.
Құдайдың күнi еңкейiп
Батайын деп барады,
Қасымдағы бала едi,
Қайтайын деп барады,
– деген жарапазан айтушылар тобында балалардың болатындығын бекiте түседi. А.Байтұрсыновтың «...ораза уақытында балалар, бозбалалар түнде үйдiң тұсында тұрып жарапазан өлеңiн айтады», – деп жазуы да осының дәлелi. Жарапазан айту салты көпшiлiк жерлерде, бүгiнге дейiн сақталған, елдiң кейбiр түкпiрлерiнде бүгiнге дейiн бар және оларды айтушылар негiзiнен балалар болған. Бiрақ бұл кезеңде жаңа текст тумаған, тек балалар үлкендерден үйренiп жаттап алып айтқан. Сондықтан да болар 1943 жылы шыққан «Бөбек жыры» атты жинақ дәстүрлi жарапазан жырының үлгiлерiн толық қамтыған бiрден-бiр кiтап болып келедi.
Жарапазан айтуға балалардың қатысуынан жыр құрылысының қарапайымдылығы, жаттауға жеңiлдiгi, мәтін астарында әсiрелеу элементтерi мен жеңiл әзiл, мысқылдық, ойындық элементтердiң жататындығы да аз әсер етпеген. Балалардың әдет-ғұрып жырларына қатынасы, әрине, мұнымен шектелiп қоймайды. Қай халық өмiрiнде болмасын балалар әдет-ғұрып салттарына да қатыстырылған. Бiрақ балалар бұл ғұрып-салттардың мәнiн терең түсiне бермеген, көпшiлiгiн әуестiкпен жаттап алған жырларын өз түсiнiктерiне, тiл ерекшелiктерiне ойын аралас өмiрлерiне ыңғайлап, өңдеп әндетедi. Мысалы, жарапазан жырлары балалар арасында ешқашан тұтас күйiнде емес, тек үзiк-үзiк күйiнде ғана, әр түрлi жағдайға байланысты айтылады. [1] [2]
Аннотация
Ауыз әдебиетінің ерекше
түрі – жарапазан жырлары. Жарапазан
– мұсылмандық –күнтізбелік ғұрып фольклорына
жататын көп таралған байырғы жанр. Жарапазан
айтудың кең ауқымда алғанда жүйелі –
жүйесі мынадай: әдетте рамазан айында
ауыл аралап өлең айтушы (жарапазаншы)
үй иелерінен сыйлық дәметеді, талап етеді,
алдымен олардың үйін (әрбір жабдығын,
жиһазын санамалап) мақтайды, содан кейін
бата береді. Сауаты мол жасау парыз деп
діни+уағыз+насихат айтады. Демек, жарапазан
айтудың құрылым-тізімі былай деуге негіз
бар: үйді мақтау, діни насихат айту, сыйлық
алу, бата беру. Жарапазан жырының әлі
де ашылмай жатқан. Қырларын ескере отырып,
зерттеу обьектісіне айналдыру, тәрбиелік
мәнін ашу.
Мазмұны
Кіріспе
1. Жарапазан – ауыз әдебиетінің ерекше саласы
Негізгі бөлім
1. Жарапазан жырлары – діни салттан туған өлең түрі, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі. 2. Жарапазан – салт жыры, мазмұны бай қазына.
Қорытынды
1. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қосымшалар.
Ғылыми жұмыстың көкейкестілігі:
Ауыз әдебиетінің мол мұрасына сүйене отырып, жарапазан жырларының тәрбиелік мәнін халқымыздың асыл қазына екенін тереңірек білу үшін жұмыстың тақырыбын «Жарапазан – ауыз әдебиетінің ерекше түрі» деп алдым.
Зерттеу мақсаты:
Жарапазан жырлары мен оның ерекшелігі шығу тарихын ізденіп, оқып білу, халықтың басынан кешкен ғасырлар ізін шығармашылық тұрғыда зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
1. Жарапазан жырларының ерекшелігіне, түрлеріне талдау жасау.
2. Қазіргі заманғы жарапазан жырларының жаңаша түрі мен үлгі - өнегесін зерттеу.
Зерттеу болжамдары:
Егер мен жарапаз жырларының қазіргі заманға сай жаңаша үлгісін жинасам, оны халық игілігіне жаратуыма мүмкіндік туар еді.
Зерттеу әдістері.
1. Ақпараттарды интернет
саиттарынан және тақырыпқа
2. Жарапазан жырларының қолданыстан шығып, жойылып бара жатқан түрлерін қайта жаңғырту.
Зерттеу кезеңдері:
2010-2011 оқу жылы материалдар жинақтау, іріктеу және жоба дайындау.
Әдебиет
– «Үлгілі сөз, сөз» деген мағына
береді. Ол өнердің негізгі бір
түрі. А.Байтұрсынов өзінің әйгілі «Әдебиет танытқышында»
әдебиет сөз өнері болады. Қазақша – асыл
сөз, арабша-әдебиет, еуропаша-литература»
- деген анықтама береді
Әдебиет
Ауыз Жазбаша
Ауыз әдебиеті-халық
шығармашылығының айрықша бір-саласы.
Ауызша шығарылып, ауызша тараған поэтикалық
көркем сөз өнері. Ауыз әдебиеті алғашқы
қауымдық құрылыстың көне тас дәуірінде
пайда болып, түркілер тұтастықты бастан
кешіре отырып одан бері де қазақ халқының
қалыптасу тарихымен бірге қайнасып, бірге
жасап келе жатқан теңдесіз мұра. Ол бізге
байырғы ата-бабаларымыздың наным-сенімдерінен,
тарихынан, тұрмыс-тіршілігінен, жақсы
мен жаман туралы түсініктерінен асыл
армандарынан мағлұмат береді. Қазақ ауыз
әдебиеті жұмсалатын орнына қарай әуелі
екі салаға бөлінеді.
Ауыз әдебиеті
Сауықтама
Сарындама саласы жұрттағы келе жатқан салт-сарынымен айтылатын сөздер кіреді. Сарындама үш тарау:
1. Салт сөзі
2. Ғұрып сөзі.
3 .Қалып сөзі.
Салт сөзі
Салт сарынымен яғни салт жөнімен айтылатын сөздер. Салт сөзінің табына жатады: мысалдар, ділмәр сөз, тақпақтар, мақал-мәтелдер.
Ғұрып сөзі
Ғұлып сөзі деп ғұрып сарынымен яғни ғұрып бойынша істелетін істерге байлаулы сөздер айтылады. Мәселен, той бастар, жар-жар, беташар, неке қияр, жарапазан.
Қалып сөзі
Қалып сөзі деп тұрмыс
қалыпында болатын істер
Солардың ішінде батырлар мыналар:
1. Төрт түлік малға,
еңбекке, аңшылық кәсіпке
2. Баланың дүниеге келуіне, есейіп ер жетуіне байланысты туған шығармалар.
3. Үйлену салтына байланысты туған өлең-жырлар.
4. Көңіл-күйді білдіретін өлең-жырлар
5. Бата тілектер.
Жарапаз айтудың
кең ауқымда алғанда жүйе-
Үйің-үйің үй екен,
Үйдің көркі ши екен,
Саба көркі – бие екен,
Сандық көркі – түйе екен,
Әшекейлеп сырлаған,
Ақ сарайдай үйі бар.
Ақ бөкендей қойы бар,
Қара сақал кермиық,
Қандай байдың үйі екен?
Айтамын жарапазан үйіңізге,
Ұстаған үй айнала шиіңізге
Қой берсең, қозы берсең, көпсінбеймін.
Келіпсіз биылғы жыл күйіңізге,
Айтамыз жарапазан үйіңізге,
Туырлық үй айнала шиіңізге
. Осы үйдің шаңырағы шап-шақ екен,
Жеңгеміз осы үйдегі аппақ екен....
Айтамыз жарапазан есіңі,
Қошқардай қос ұл берсін бесігіңе ...
Жарапазан «Жа-Рамазан», яғни арапша «рамазан келді» деген сөзден шығуы ықтимал деген де пікір бар. Сонымен бірге жар, жарлау, жарғы, жар-жар деген сөздердің түрік-монғол халықтарындағы түпкі мағынасы заң, салт, кәде-ырым деген ортақ мәнде кездсуі – бұл атаудың арғы тамыры тереңде екендігін білдіреді. Әйткенмен дәл осы орайда түркімендердің жарамазанды «Я, Ремезан» деп атауын ескерген өте орынды әрі бұл шындыққа жақын пікірді туындатады. Қазақ та бұрынғы заманда осы жырдың қайырмасын көтеріңкі көңіл-күймен «Иә рамазан!» деп аяқтап келіп, кейіннен бұл сөз дыбыс үндемтігіне сәйкес жарамазанға айналып кетуі де әбден мүмкін. Қасиетті ораза айында дінді насихаттап өлең айту сауап деп түсіндірген жарапазаншылар өнер арқылы ораза ұстаушылардың көңілін көтерген, қайыр-зекетін де алған. Ассамағалейкум, ақтан келдік, Ай туып, күні шыққан жақтан келдік. Айтты деп жарапазан сөкпеңіздер, Пайғамбар жолын қуған адам едік. Қайырмасы: Мұхаммет үмбеті айтқан жарапазан, Бір келген он екі айда ораза, иман. Көптеген зерттеушілер жарапазанды діни салттан туған өлең түріне жатқызса, бір ғана Х.Досмұхамедұлы тосын пікір білдірген. Ол «Бұл жырлар жартылай діни сипатты: жараманзашылар өз өлеңдеріндерінде шариғатқа иек арта отырып, қайыр-садақа, сый сұрайды. Әдебиеттің бұл түрі орыстардың «Колядованиесін» еске түсіреді» деп жазады. Халық мұрасының майталман білгірінің бұл пікірі тіпті бекер емес, себебі біріншіден, ислам дінін қабылдамаған бауырлас телеуіттерде үй иелерінен сыйлық сұрап айтатын мұндай өлеңнің түрі бар, оны «үрей» (қайырмасына байланысты) деп атаған, мәтіні қазақтағы осы өлеңмен мәндес, екіншіден, жарамазан жырында туысқан емес славян халықтарының колядасымен де типологиялық ұқсастық бар, демек бұл есте жоқ ескі заманнан бері келе жатқан ең бір байырғы жанр деп түйін жасауға негіз бар. Мысалы, телеуіт мәтіні былай:
Айға тіккен үйіңді, үрей!
Алтын манен құрсасын, үрей!
Оның ішінде әйекем, үрей!
Жетпіс бес жас жасасын үрей!
Күеге тіккен үйіңді, үрей!
Күміс пенен құрсасын, үрей!
Оның ішінде жездекем, үрей!
Жетпіс жасты жасасын, үрей!
Ерей үй иелері сыйлық бермесе, оларды телеуіт балалары былай деп қалжындап қарғап, бопсалайтын:
Айға тіккен үйінді, үрей!
Аюлар келіп тырнасын, үрей!
Күнге тіккен үйіңді, үрей!
Жын-пері келіп тырнасын, үрей!
Жалпы, жарамазанның әу бастағы қызметі мен мәні – шаңырақ иелеріне құт-ырыздықты әсерлі ақ тілек, әдемі алғыс-бата арқылы шақыру, олардан жұт-қырсықты қаһарлы сөз сиқырымен қуып аластау мақсатында жасалатын магиялық шаралар кешенінен туындағаны анық болып отыр. Сол себептен де оның мәтінінде алғыс пен қарғыс жиі кездеседі. Мәселен, «Кіріс дәулет, шықсын бейнет», «Бай үйіне берекет, қаша берсін бәлекет», «Кіріс дәулет есіктен, шықсын бейнет тесіктен», «Келгенде қайыр-зекет бере алмасаң, жібермес ақыретте менің назам», «Асырсын-ау, асырсын, жамандығын жасырсын, осы үйге қастық қылған адамды, қара таспен бастырсын!» т.с.с. Түрікмен үлгісінде де алғыс-қарғыс қатар қолданылады: Қараша күржең үй болсын, Үйіңізде той болсын. Көп бергенге ұл тусын Аз бергенге қыз тусын. Арап-парсы елінде жарамазан жыры жоқ, ал оның түрік тектес көптеген халықтарда ортақ болуының бір сыры – осы ежелгі жанрдың исламға дейінгі мәдениетте ел өмірінде әбден белгілі болғандығының дәлелі секілді. Бұл жайында М.Әуезов «...қазақ жарамазандарының көбін алсақ ... күшті сопылық, өрескел тақуалықты айтып, өзге жұрттың дін өлеңі сияқты үнемі сәжде, үнемі дұға, ұдайы күнакер болуды айтып, көп тәубаменжалбарына беретін сөздер жоқ деуге болады. Бұл жағынан қарағанда қазақтың көп жарамазаны баяғы ақы сұрап айтатын мақтау өлеңдеріне жақын келеді» деп жазады. Өткенмен қазіргі жарапазан исламның шартына толық бейімделген күйде дін салтының жыры болып өмір сүріп отыр деуге болады. Бұл құбылыстың себебін М.Әуезов «Қазақ ортасына ісләм дінінің тарауына көбінесе қазақтың ақындықты сүюі себеп болды деген дұрыс пікір. Елге не жайылса да, әдебиет жұрнағы болып, әдебиет өлшеуінің біріне түскен соң ғана жайылатын болған. Өлеңсіз, әңгімесіз, сұлу сөзсіз келген құрғақ үгіт болса, ондайды ел тыңдамаған да, ұқпаған, ықылас қоймайтын болған. Сондықтан мұсылманшылық дін де қазақ елінің табиғатына, ыңғайына қарай ұйысып келген. ... Жарамазан өлеңі де сондайлық дін мағынасы мен дін үгіті болып шығып, бері келген соң қыдырма жарамазаншылар әнге салып айтатын болды» деп түсіндіреді. Демек, жарапазан әу баста маусымдық-күнтізбелік ғұрыпқа қатысты түкір халықтарының бірлігі дәуірінде әлдеқашан пайда болып қалыптасып, кейіннен ислам дінінің қағидаларымен етене тоғысқан аса байырғы синкретті жанр деуге негі бар. Әзірбайжан мен түркімендер наурыз келгенде яремезан, тәжіктер «бойчечак» гүлі өнгенде «колядка» айтатын болған деген пікір кездеседі. Бұл деректерден осы жанрдың түп-төркіні бағзы дәуірде көктемде күн мен түн теңескен табиғаттың жаңғыру, түлеу мейрамымен сыбайлас пайда болғанын аңғаруға болады. Түрікмен жарамазанын зерттеген В.М.Беляев (1962), Х.Г.Короглы (1976), Ш.Гуллыев (2003) секілді ғалымдар бірауыздан осы мағынада тұжырым жасаған. Ойымызды «Қазақ музыкасының антологиясы» еңбегінде жарияланған Наурыз мейрамында айтылатын жәдит-жарапазанның мәтіні де дәлелдей түсетіндей. Бұл жарапазанның ерекше түрін музыканттшылар 1985 жылы 1929 жылы туған Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының тұрғыны Ұ.Ақшаловадан жазып алып «Жаңа жылдық құттықтаудың сирек түрі. Алдымен ұлыстың ұлы күні – наурызда айтылған, кейіннен рамазан айында айтылатын болған» деп түсінік берген екен. Үлгіде мынадай сөздер кездеседі: