Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 18:51, реферат
Жапония Ниппон, Нихон (“Күншығыс елі”) — Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б. Жер аумағы 372,2 мың км2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астанасы — Токио қаласы (11,9 млн.). Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония — бір ұлтты ел. Халқының 99,4%-і — жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі — жапон тілі. Негізгі діндері — синто және будда діндері. Жапония — конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 жылы 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император — “мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі”.
1 Жапония қалалары
1.1 Жапонияның ең үлкен қалалары:
2 Табиғаты
3 Географиясы
4 Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
5 Жапондардың салттары
6 Тарихы
7 Әдебиеті
8 Өнері
9 Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық ынтымақтастық
10 Пайдаланылған әдебиеттер
Жапония Ниппон, Нихон (“Күншығыс елі”) — Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б. Жер аумағы 372,2 мың км2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астанасы — Токио қаласы (11,9 млн.). Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония — бір ұлтты ел. Халқының 99,4%-і — жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі — жапон тілі. Негізгі діндері — синто және будда діндері. Жапония — конституциялы монархияны сақтаған ел. 1947 жылы 3 мамырда қабылданған конституция бойынша император — “мемлекет пен халық бірлігінің көрінісі”. Ол парламенттің ұсынысы бойынша премьер-министрді тағайындайды және премьер-министрдің ұсынысымен үкімет мүшелерін, Жоғарғы соттың төрағасы мен мүшелерін тағайындайды немесе орнынан алады. Конституция бойынша, мемлекет істерге толығымен премьер-министр басқаратын үкімет жауап береді. Жоғарғы заң шығарушы орган парламент — екі палатадан (өкілдер палатасы және кеңесшілер палатасынан) тұрады. Ұлттық мерекесі 23 желтоқсан (император Акихитоның туған күні). Ақша белгісі — иен.
Азия елдері ішінде орта ғасырлардағы жойқын жорықтардан, және одан кейінгі отаршылық тәуелдіктен аман қалған жалғыз екі елдің бірі - Жапония болады. 19 ғ. Жапония өнеркәсібі қауырт өркендей бастады.Мазмұны [жасыру]
1 Жапония қалалары
1.1 Жапонияның ең үлкен қалалары:
2 Табиғаты
3 Географиясы
4 Әкімшілік-аумақтық бөлінісі
5 Жапондардың салттары
6 Тарихы
7 Әдебиеті
8 Өнері
9 Қазақстан мен Жапония
10 Пайдаланылған әдебиеттер
Жапония қалалары
Токио
Жапония халқының бестен төрт бөлігі қалаларда тұрады. Кеме тоқтайтын айлағы мен зауыттары самсаған қалалар жағаны бойлай бір-бірімен иін тіресе созылып жатыр. Қала шетінде суға бөккен көк күріш алқабы жайқалады. Жапонияның ішкерірек аумақтарында, таулы аймақтары мен автомобиль магистральдары бойынан будда ғибадатханаларын, сондай-ақ хауызы мен нақышты тас қондырғылары бар шағын саябақтарды, сұлтан қамалдарын, шаруалардың сабанмен жабылған шошақ төбе ескі үйлерін көруге болады.
Жапонияның ең үлкен қалалары:
Токио
Иокогама
Осака
Нагоя
Саппоро
Кобе
Киото
Фукуока
Кавасаки
Сайтама
Табиғаты
Жапония аралдарының жан-жағын Тынық мұхит пен оған кіретін Жапон, Охот, Шығысында Қытай т-дері қоршаған. Жерінің көп бөлігі таулы-қыратты болып келеді. Неғұрлым ірі таулары: Хидака мен Китами (Хоккайдо аралында), Оу, Этиго, Хида, Кисо, Аканси (Хонсю аралында). Бұл тауларда сөнбеген жанартаулар әлі де көп. Ең белгілісі — Хонсю аралындағы 3776 м биіктікте орналасқан Фудзияма жанартауы. Елде жиі-жиі жер сілкіністері болады және мұхит жағалауларында цунами желі үнемі соғады. Жазық жерлер аз, ірі жазықтары Канто немесе Токио жазығы (Хонсю аралында), Исикари (Хоккайдо аралында). Климаты муссонды. Территориясының басым бөлігі — субтропикалық белдеуде, солтүстік — қоңыржай, оңтүстік — тропикалық белдеуде орналасқан. Қаңтар айындағы орташа температура Хоккайдо аралында — 5ӘС, оңтүстікте 6ӘС, Рюкю топаралында 16ӘС, ал шілде айында 22, 27, 28ӘС. Жылдық жауын-шашын мөлшері ел аумағының көпшілік бөлігінде 1700 — 2000 мм, оңтүстікте 4000 мм-ге дейін. Көбінесе, жаздың аяғы мен күз айларында болатын тайфундар нөсер жауын алып келеді. Өзендері шағын, бірақ суы мол, сондықтан электр қуатын өндіру мен жер суғаруға пайдаланылады. Территориясының 68%-ін қолдан өсірілген ормандар мен бұта тоғайлары алып жатыр. Өлттық саябақтар (Бандай — Асахи, Никко, Сето-Найкай, т.б.) мен қорықтар көп.
Географиясы
Жапон аралдары солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзыннан-ұзақ созылып жатыр. Жапонияның солтүстігінде, әсіресе Хоккайдо аралында, қар қалың түсіп, қысы едәуір суық болады, ал оңтүстігінің, Рюкю аралдарының ауа райы тропиқалық климатқа жақын. Жапония – негізінен жылы әрі күн шуақты ел, алайда оның климаты әжептәуір ылғалды болып келеді.
Жапон аралдарының бүкіл ауданының алтындан бес бөлігіне жуығын қалың орманды, жартасты таулар алып жатыр. Ең биік тауы – Фудзи тауы. Ол – сөнген жанартау. Фудзиді жапондар киелі тау деп есептейді. Жапонияда толып жатқан сөнбеген жанартаулар, көптеген шипалы арасандар (ыстық бұлақтар) бар. Мұнда жер сілкіну жиі болып тұрады.
Жапония халқы негізінен теңіз
жағалауын бойлай созылып жатқан
құнарлы жазық алаптарда тұрады
Жапондардың салттары
Жапондардың тұрмыс-тіршілігінде басқа бір мәдениетке ұқсамайтын өзіндік салты мол сақталған. Жапон үйлерінде жиһаз аз болады, еденіне күріш сабанынан тоқылған төсеніш - татами - төселеді. Жапондықтар аяқ киімдерін босағаға тастап, үйде шұлықпен немесе жалаңаяқ жүреді. Тамақтанатын әрі ұйықтайтын жері – еден. Сондықтан еденді әрқашан айнадай таза ұстайды.
Жапон өнері де, әсіресе кескіндеме өнері мен қуыршақ театры өзіндік ерекшеліктерге бай. Жапондар – сәнді гүл шоғын өте шебер жасайтын халық. Олардың дзю-до, каратэ, сумо күресі секілді ұлттық спорт түрлері бүгінде бүкіл дүние жүзіне белгілі.
Жапонияда императордың билігі конституция арқылы шектелген: император - тек мемлекеттік символ боп табылады. Жапония Ұлыбритания сияқты – Конституциялық монархия болады.
Тарихы
Қазіргі Жапония аумағына адамдар неолит дәуірінде қоныстана бастаған. Алғашқы тұрғындар Азия құрлығынан топ-топ болып қоныс аударған деген жорамал бар. Олар жер өңдеумен, мал шаруасымен айналысқан (Дзёмон және Яёи мәдениеттері). Б.з.б. 2 ғ-дан бастап тайпалар одағы қалыптасып, ямато тайпалық одағы негізінде ежелгі Жапон мемлекеті пайда болды. Орталық мемлекеттік билік күшейіп, ямато билеушілері Қытай императорына бірнеше елшілік аттандырды (6 ғ.) және осы кезден бастап ел ішінде будда діні тарай бастады. Ямато патшалары өздерін ”тэнно” деп атады және бұл атау күні бүгінге дейін император деген ұғымды білдіреді. 645 жылы болған төңкерісінен кейін "[[Тайка]"] реформаларының нәтижесінде құл иелену жойылып, жалдамалы шаруалар мен ірі жер иелері пайда болды. 710 жылы алғашқы тұрақты астана Нара салынып, 784 жылы орталық Нагаоку, 794 жылы Хэйан қалаларына көшірілді. 11 ғасырдада ірі-ірі әскери топтар арасында билік үшін күрес басталып, 1192 жылдан бастап үкімет билігі тек сөз жүзінде ғана сақталды. Сёгундер елді әскербасыларының (буси) көмегімен басқарды. Бусилардың төменгі бөлігі ұсақ жер иелерінен тұрып, самурай деп аталды. Қытай мен Кореяны басып алған Шыңғыс хан империясы 1274 жылы және 1288 жылы екі рет Жапонияға сәтсіз жорық жасады. Елде 13 ғасырдан бастап сауда және қолөнер бірлестіктері (дза) көптеп құрыла бастады. Қалалардың саны өсті. 15 — 16 ғасырларда Қытай және Кореямен арадағы сауда дамыды. Кен орындары (алтын, күміс, мыс) пайда болды. Жапония жеріне алғаш рет еуропалықтар (1542 жылы португалдар, 1584 жылы испандар), христиан миссионерлері келе бастады. Иэясу Токугава (1542 — 1616) елдің бірігуін аяқтап, 1603 жылы сегун болып жарияланды. Токугава әулетінің билігі 1867 жылға дейін созылды. Аймақ билеушілері (даймё) үлкен жасақ ұстады. Оларға самурайлар қызмет етіп, еңбектері үшін күріш түрінде жалақы алды. Даймелердің үстінен қатаң бақылау орнатылды. Халық 4 әлеуметтік жікке (самурайлар, шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер) бөлінді. Үкімет еуропалықтарға қарсы арнайы заңдар шығарып, олардың елге келуіне және христиан дінін насихаттауына тыйым салды. 1641 жылдан Қытай мен Голландия көпестері үшін Нагасаки (Дэсима) порты ашылды. 18 ғасырдың аяқ кезінен бастап мануфактуралар (жібек өңдеу, қағаз, т.б.) пайда болып, нарықтық қатынастар дами бастады. 1850 — 1860 жылы Жапония АҚШ және еуропа мемлекеттердің қысымымен шетелдіктер үшін жаңа порттар ашуға мәжбүр болды.
1867 — 1868 жылғы революциядан кейін
сёгундердің билігі аяқталып, жоғары
билік императордың қолына
Әдебиеті
Жапон ауыз әдебиеті мен мифологиясы жақсы дамыған. Жапон жазба әдебиетінің алғашқы үлгілері — “Кодзики” шежіресі (712) мен “Манъесю” өлеңдер жинағы (759). “Кодзики” ертедегі мифтік әңгімелер, аңыздардан тұрады. “Манъесю” антологиясы халық поэзиясының 4516 үлгісін және алғашқы жазба әдебиет өкілдерінің (500-дей автордың) шығармаларын қамтыған. Шығармалардың көпшілігі танка жанры үлгісінде жазылған. 9 — 10 ғасырларда жапон прозасының алғашқы үлгілері пайда болды. Мурасаки Сикибудың “Гэндзи — моногатори” романы (11 ғасыр) — әлем әдебиетіндегі алғашқы романдардың бірі. “Хэйкэ — моногатори” (“Тайр әулеті туралы әңгіме”, 13 ғасыр), “Тайхэйки” (“Алып әлем туралы әңгіме”, 14 ғасыр) гунки (әскери эпопея) жанрында жазылған. 15 — 16 ғасырларда поэзия жетекші рөл атқарды. Театрлар ашылып, драматургиялық шығармалар жазыла бастады. Онда, көбінесе, әскери тақырыптар қамтылды. 15 ғасырда әскери эпопеяларды серілік романдар ығыстырып шығарды. Мысалы, “Согамоногатари” (“Ағайынды Согалар туралы әңгіме”), “Есицунэ-ки” (“Есицунэ туралы әңгіме”), т.б. 17 ғасырда Ихара Сайкакудың (1642 — 1693) “Бір еркектің махаббат машақаты” (1682) романы, Тикамацу Мондзаэмоның (1655 — 1724) пьесалары танымал болды. Бұл жылдары ақындар Басе (1643 — 1694), Бусано (1716 — 1783), Исса (1763 — 1827) шығармалары әдебиет тарихынан елеулі орын алды. 18 ғасырда Цурия Нанбоку (1755 — 1829), Каватакэ Мокуами (1816 — 1893) сияқты драматургтердің есімі танымал болды. 20 ғасырдың басында Киносита Наоэнің “Отты бағана” романы, ақын Исикава Такубокудың (1885 — 1912) “Бір уыс құм” (1910), “Көңілсіз ойыншық” (1912) шығармалары әдебиеттің даму бағытын айқындады. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония әдебиетінде жаңа кезең пайда болды. Қоғамның ішкі қайшылықтары әдебиетте де түрліше бағыттар мен ағымдар тудырды. Дәстүрлік бағыттың өкілдері — Нагай Кафу, Сига Наоя, Масамунэ Хакутэ, т.б. болды. Ясунари Кавабатаға “Қарлы ел” (1947), “Мың қанатты тырна” (1951) повестері мен “Таулар дауысы” (1953), “Көне астана” (1961) романдары үшін 1968 жылы Нобель сыйлығы берілді. 20 ғасырдың 2-жартысында Симода Сэйдзидің “Таңсәрі” (1970), Накадзато Кисенің “Айырық” (1963), Суми Суэннің “Өткелсіз өзен” (1970), Кубода Сэйдің “Сякунаго деревнясының күнделігі” (1972) романдарында Жапонияның өткір әлеуметтік мәселелері көтерілді. Жапон әдебиетінен қазақ тіліне “Жапон ертегілері” (1959), “Жапон әңгімелері” (1965), “Хиросима қасіреті” (жинақ, 1969),Симадзаки Тоссонның “Орындалмаған өсиет”, Эндо Сюсанудың “Әйел жүрегі” (1970) кітаптары аударылды. М.Әуезов (1960), Ғ.Мүсірепов (1967) Жапонияда болып, екі ел қаламгерлері арасындағы шығармалар байланыстардың негізін қалаған.
Өнері
Гейша
Жапония өнерінің өзіндік ұлттық ерекшеліктері мол. Төбесі сабанмен жабылған ағаш құрылыстар Жапония архитектурасының ежелгі ескерткіштеріне жатады (б.з.б. 1 ғасырдағы Идзумо Исэ ғибадатханасы). 6 ғасырда будда дінімен бірге келген қытай мәдениеті Жапония архитектурасында өз таңбасын қалдырды (Хорюдзи, Якусидзи, Төдайдан ғибадатханалары). Жапонияның астанасы Нора 8 ғасырда қытай үлгісімен салынды. 12 — 16 ғасырларда Жапония тұрғын үйінің жаңа түрі қалыптасты. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап Жапония архитектурасы Батыс Еуропа мен Американың ықпалында болды. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония архитектурасы ұлттық дәстүрде дами бастады, ірі қалаларды жаңарту ісі қолға алынды (Токио, Нагасаки, Хиросима). Жапония бейнелеу өнерінің ежелгі ескерткіштері неолит дәуіріне саяды. Б.з.б. 3 ғасырда қоңырау пішінді қола бұйымдар мен айналарға жапырақ, т.б. суреттер салу, 3 — 6 ғасырларда “ханива” — адамдар мен аңдардың балшықтан домбаздалған бейнелерін жасау өнері дамыды. 9 — 11 ғасырларда діни мүсінді нақыштай түсуге көңіл аударылса, 12 — 14 ғасырларда өнердің бұл түрі монументті сипат алды (Камакурадағы Будда мүсіні, 13 ғасыр). Жапония өнеріне 14 ғасырдан бастап Қытай кескіндемесі елеулі ықпал етті. 16 — 18 ғасырларда жанрлық кескіндеме дами түсті. 19 ғасырдың аяғында еуропа стильмен сурет салу дәстүрге енді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония бейнелеу өнерінде кескіндеме (Тосико, Маруни Ири, т.б.), графика (Уэно Маното, Хирохару Нии, т.б.) жанрлары дамыды. Жапония музыкасы туралы алғашқы деректер 3 ғасырдан сақталған. 7 ғасырда сарай музыкасы дамыды. Жапония ұлттық музыкасынан корей, қытай, үнді халықтары музыкалық мәдениетінің ықпалы да байқалады. Ежелгі музыкалық дәстүрлер де жақсы сақталған. Соның бір түрі — кагура. Бұл — мифтік сюжетке негізделген ғұрыптық би. Қазіргі кезде халық биі түрінде кездеседі. Музыка халық аспаптары: сямисэн кото (ішекті аспаптар), хи тирики (үрлемелі аспап), фуэ, сякухати (бамбук флейталар). 16 ғасырдан бастап Еуропа музыкасы тарай бастап, 1868 жылдан кейін кең өріс алды. Жапонияның қазіргі музыкасын шартты түрде дәстүрлі, ұлттық және батыс мектебі деп 3 бағытқа бөледі. Дәстүрлі мектептің көрнекті өкілі композитор Миячи (1883 — 1956) болды. Қазіргі ұлттық мектептің өкілдері: Ясудзи, Мақудайра, Ифукуба, т.б. Жапонияның музыкалық орталықтары Токио', Осоко, Киото, Нагоя сияқты консерваториялары бар ірі қалаларға шоғырланған. Жапония театры тарихында гигаку (7 ғасыр), бугаку (11 ғасырдан кейін), сингаку, саругаку деп аталатын халық өнерінің түрлері белгілі орын алады. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында симпа, сингэки, синкокучэки сияқты театр өнерінің жаңа түрлері пайда болды. Сингэки — еуропа театр ықпалымен 20 ғасырдың басында пайда болған драмалық жанрында Жапонияда алғашқы кинофильм 1899 жылы түсірілді. 1908 жылы Киото мен Токиода отандық киностудия ашылды. Алғашқы кезде осы заманғы сюжетке және тарихи аңыздарға негізделген фильмдер жасалды. 1931 жылы дыбысты кинолар шыға бастады. 20 ғасырдың ортасында тәуелсіз кино өндірісі мен прокаттық кинокомпаниялар пайда болды. Ұлттық және еуропалық киноның озық дәстүрін дамытқан Куросава шығармашылығы Жапонияның кинематографиясының жаңа өрістеу кезеңін бастады. 20 ғасырдың 60 — 70-жылдары және одан кейінгі кезеңде бейбітшілікті насихаттап, адамгершілікті паш еткен “Ұмытпа сол бір күндерді” (1963, реж. Х. Теенгахара), “Ереуілші” (1967, реж. М.Кобияси), “Трамвай доңғалағының дүрсілімен” (1971, реж. А.Куросава), т.б. көптеген көркемдігі жоғары фильмдер шықты. Жапонияның ғылыми-көпшілік және мультипликациялық фильмдері де айтарлықтай табысқа жеткен.
Қазақстан мен Жапония арасындағы экономикалық ынтымақтастық
Соңғы төрт-бес жыл бедерінде екі елдің өзара сауда-экономикалық қатынастары еселеп арта түскен. 2005 жылы Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы 736,1 миллион долларды құраса, 2006 жылдың жарты жылында ол 439,2 миллион долларға жетіп отыр. Мұны өткен жылдың аталған мерзімімен салыстырғанда 21 пайызға артқандығын көруге болады. Ал Қазақстан Жапония рыногына негізінен ферроқорытпа, болат, титан, жерасты сирек металдарын экспорттаса, бұл ел бізге автокөліктер мен олардың бөлшектерін, сондай-ақ электр жабдықтары мен тұрмыстық техникаларды импорттап келеді.
Біраз жылдардан бері Жапонияның халықаралық
ынтымақтастық банкі
Қазақстан мен Жапония арасындағы
өзара ынтымақтастықтың жаңа сатыға
көтеріліп, байланыстардың орныға бастауына
1994 жылдың сәуірінде және 1999 жылдың
желтоқсанында Қазақстан
Пайдаланылған әдебиеттер
↑ "Қазақ Энциклопедиясы"
Монғолия
Монғолия (моңғ. Монгол Улс – Моңғол елі) — елі Орталық Азияның шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстігі Ресей Федерациясымен, ал оңтүстігі, шығысы, батысы Қытай Халық Республикасымен шекараласады. Моңғолия бұл екі елдің ортасында орналасқаны мен оның батыс нүктесі Қазақстан Республикасының шығыс нүктесіне өте жақын жерде (18 км) орналасқан. Моңғолияның мұхитқа шығысы жоқ. Жер көлемі — 1 564 116 км². Жер көлемінің үлкендігі бойнша әлемде 17-ші орында. Астанасы - Ұлаанбаатар қаласы. Халық саны: 2 736 800.
Мемлекеттік тілі – моңғол тілі, жазуы кириллица. Моңғол тілінде халықтың 95 % сөйлейді. Қазақтар 4 пайыздан астамын құрайды. Орта мектепте кирилицадан басқа ескі моңғол жазуын оқытылады. Қазақтар көп тұратын Баян-Өлгей аймағында қазақ тілі оқытылады.