Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 00:53, реферат
Мәдениет» ұғымының алғашқы мағынасы (лат. cultura) — жерді өңдеу болған. Көбінесе мәдениетті адам қолымен жасалғанның барлығын дегенді білдіреді.Мәдениет – ол көпқырлі бірлік, адамдармен қоғам мүшелері ретінде қабылданған білімдер, наным-сенімдер, моральдық көзқарастар, заңдар дәстүрлер және т.б. дағдылар мен әдет-ғұрыптар. Көбінесе басым және азшылық топтың мәдениет түрлері бөліп көрсетіледіМәдениет (латын. Cultura - өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет – адам жасаған «екінші табиғат».
Кіріспе бөлім
Жалпы мәдениет туралы түсінік
Негізгі бөлім
Субмәдениет ұғымы
Жастардың бейформалдық бірлестіктерге кіруінің себептері
Жастар субмәдениеті
Қортынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер
Алғашқы кезде субмәдениеттiң қалыптасуына музыкалық топтар әсер еттi. Мәселен, 1980 жылдан бастап Америкада роктың жаңа бағыты готик-рок өмiрге келдi. Нәтижесiнде готтар субмәдениетi қалыптасты. Бұл мәдениеттi ұстанатындар готикалық әуендерге және мистикаға жақын келедi. Басты өзгешелiктерi – киiмдерi қара түстi, металл бұйымдарды тағуы және өздерiне тән макияж жасауында. Сондай-ақ, ең басты қолданыстағы атрибуттары – анх символы, адамның бас сүйектерi, жарқанат және пентаграммалар. Олардың өздерiне тән музыкалық әуендерi де жетерлiк.
Дүниежүзiнде готикалық мәдениеттiң дамығаны соншалық, жыл сайын 25 мыңға жуық адам Германияның Лейпциг қаласында “Wave Gotik Treffen-WGT” атты фестивальге жиналады. Әйткенмен, готтардың субмәдениетiн қоғам жылы қабылдамады. Себебi олар суицидтi, депрессияны, сатанизмдi насихаттайды. Психологтардың пiкiрiнше, аталған топ өкiлдерi үнемi психологиялық күйзелiсте жүредi.
90-жылдардан бастап жастар
Әр топтың өзіндік насихаттайтын мәдениеттері болғандықтан да субмәдениет өкілдері өз мәдениеттерін дамыту барысында өзіндік киіну стильдерін, тілдерін, белгілерін, сонымен қатар ұйымға ортақ өмірлік ұстанымдарын анықтайды. Имидждері мен жүріс-тұрысының өзі өзге адамдар арасынан анық көрініп тұрады. Имидж-бұл субмәдениет өкілдері үшін жай ғана киім емес, бұл өз кейпімен өзінің мәдениетін насихаттау болып табылады. Мысалы, ұзын қонышты Dr.Martens бәтеңкелері бастапқы кезде скинхедтердің ортасында танымал болған.
Кейбір субмәдениет өкілдерінің арасында келіспеушіліктердің туындап отыруы заңды құбылыс. Оның басты себебі-музыкалық талғамдарының әртүрлілігі, соған сәйкес олардың өмірге көзқарастары да әр түрлі. Мәселен, панктер мен рэпперлердің музыкалық талғамының бір арнада тоғысуы ешқашан мүмкін емес. Субмәдениет өкілдері бір-бірімен қақтығысқа түскен жағдайда олардың насихаттап жүрген агрессивті топтардың идеология құралына айналады. Мұндай топтар кейде экстремистік қауіптерге де баруы мүмкін.
Қазақстандағы субмәдениет жастардың батыс мәдениетiне елiктеуiнен, әр түрлi сән үлгiлерiне, әуендерiне қызығушылығынан туған. Елiмiзде, әсiресе, өрiмдей жастардың арасында рэппер мәдениетi кең етек жайған. Дегенмен, мұндай әуендi тыңдағанда “жастарға рэп несiмен қызықты екен?” деген сұрақ туады. Сонымен бiрге бұл мәдениеттiң астарында ұлттық мәдениеттен ада, халықтық салт-дәстүрден мақұрым, ұлттық музыка өнерiнен хабарсыз жас ұрпақтың тағдыры жатқандай.
Сүттей ұйып отырған қазақ елінде әр түрлі сырттан енген субмәдениеттердің кең қанат жаюына жағдай жасап, мүмкіндік бергеніміз соншалық, соңғы кезде облыс, республика орталықтарында жиналып, олар өздерінің басқосуларын өткізіп тұрады.
Жоғарыда аталған жастар ұйымдары субмәдениеттің дүние жүзінде көп тараған түрлері ғана. Ал біздің Қазақстанда арамызға сыналап еніп жатқан біз білмейтін әлі талай ұйымдардың бар екені рас.
Арамызда осындай жастардың көбеюі қауіпті мәдениеттің ұлт арасында қаулап өсіп келе жатқандығын байқатады. Адам денесіне түрлі суреттер салу түрмеде отырған бұзақылардың, баскесерлердің дене суреттері арқылы олардың мәдениетін ел арасында насихаттау қай жетіскендігіміз?
Шынын айтсақ, дәл қазiр жастар саясаты жөнге қойылмаған. Жастар ұйымдарының саны бар да, сапасы жоқ. Өмiршең емес. Бүгiн ашылып, ертең жабылып жатады. Ұлттық, елдiк, мемлекеттiк мәселелердi емес, жеке бастың мүддесiн көздеудi мақсат еткендей. Тiптi жастардың өмiрiне, болашағына керi әсерiн тигiзетiн, мысықтабандап келген субмәдениеттiң республикамызда дамуына шектеу қоятындай арнайы заң жоқ. Екшеп-текшейтiн, қадағалап, тиiмдi-тиiмсiзiн сараптап қадағалайтын мемлекеттiк орган тағы жоқ.
Шпенглер өзінің мифологиялық концепциясында әрбір мәдениеттің негізгі символын
- “прафеноменін” табу қажет, тек сол арқылы ғана оның “жанын” түсінуге болады деп есептеді. Ол ең басты назарды үш мәдениетке - греко-рим, батысевропалық және византиялық-араб мәдениеттеріне аударады. Олардың әрқайсысының “прафеномен” немесе базистік символ арқылы ашылатын өз “жандары” бар. Греко-рим мәдениетінің “аполлондық жаны” сезімдік тән (дене) символы арқылы ашылады. Батыстық мәдениеттің “фаустық” жаны шексіз кеңістік пен уақыт символында, ал “магиялық жан”- жан мен тәнді қарсы қою арқылы ашылады.
Мәдениет “жанның ” пайда болуымен туылады және “жан” өз күшін сарқығанда өледі. Құлдыраушы мэдениет міндетті түрде өркениетке айналады. Мысалы “фаустық” мэдениет күйзеліс үстінде, яғни XIX ғасырда өркениет сатысына өткен ол өзінің машиналы кейіпінде адам тағдырларын тобырымен және бүкіл батыс әлеміндегі өмірдің өзін майдалап тастауда. Сондықтан да оның өзінің оқшау мәдениеттердің морфологиялық концепциясын жария еткен екі томдық еңбегі “Ервопаның дағдарысы” деп аталады.
А.Дж. Тойнби (1899-1975) - ағылшын философы және тарихшы. Ол оқшау өркениеттер концепциясын адамзат тарихының тұтастығы идеясымен келістіруге тырысады. О.Шпенглермен салыстырғанда ол жалпыәлемдік-тарихи процестің мәнін теріске шығармайды, бірақ жекелеген оқшау өркениеттердің өмір сүруін де мойындайды. Олардың типологиясын зерттеу бұл өркениеттердің қалыптасуы мен өмір сүруінің ішкі заңдылықтарын анықтауға негізделуі тиіс. Оның концепциясындағы тарихи процестің бөлінуінің негізгі бірлігі мәдениет емес, өркениет болып табылады. Ол оны қоғамдық дамуға ықпал ететіндей шығармашылық элитасы (зиялысы) бар қоғамның жағдайы ретінде түсінеді. Б.з.д. III мыңжылдықта қалыптасқан алғашқы өркениеттер технология саласындағы секірісті ғана білдірмейді, құрамында шығармашылық элитаның “өркениетті” тобы бар таптық қоғамның құрылуын білдіреді. Өркениеттің өсуі оның прогрессивті және қорытушы түрде өзіндік ішкі сара жолды анықтауымен сипатталады, яғни діни сана мен мәдениеттің неғұрлым жоғары және күрделі формаларына өтуді білдіреді. Ғалым “жоғары” діндер қатарына мыналарды жатқызады: зороастризм, иудаизм, буддизм, христиандық жэне ислам.
Оқшау өркениеттердің типологиясының өлшемінің негізінде антропологиялық сипаттама жатқызылады. А.Тойнбидің пікірінше ”мәңгі адамның” төрт универсалды белгілері болады: сана және өзіндік сана, өз еркін білдіруге деген адами қабілет, қайырымдылық пен зұлымдықты ажырата білу, сана.
А.Тойнбидің тұжырымдауынша оқшау өркениеттер - бұл әлеуметтік және табиғи ортаның талабына деген жауап: табиғи- георафиялық орта адамзат қауымдастығынан үнемі “жауап” талап етеді, ал тарихи көршілер тарапынан төнген қауіп, діни кемсітушілік және т.б. әлеуметтік тұрғыдағы “талап” болып табылады.
Өркениеттің тоқырауын Тойнби өзінің өткен жетістіктерін көшірумен ғана айналысып шығармашылық шарасыз күй кешкен шығармашылық элитаның өз күшін сарқумен байланыстырацы. Бұл қоғамның барлық жағцайына зиянцы әсерін тигізеці. Мұның нәтижесінце өркениет өзінің ішкі бірлігі мен өзінцік бағыт таңцау қабілетінен айрылцы. Өркениеттің құлцырау фазасы үш кезеңнен тұрацы: өркениеттің тоқырауы, бұзылуы, жойылуы. Тоқырау мен жойылуцың арасы ғасырларға, тіпті мыңжылцықтарға созылуы мүмкін. Мысалы, мысырлық өркениетте тоқырау б.з.ц. XVI ғасырца орын алса, ал оның жойылуы б.з. V ғасырына сәйкес келеці. Екі мың жыл бойы ол "өмірцің тас болып қалған өлімі” формасынца өмір сүрці. Тоқырауцан кейін це ұзақ өмір сүретін өркениеттерці белгілеу үшін А.Тойнби осы "тас болып қалған” өркениет терминін қолцанацы. Мысыр екі мың жылға қатып қалса, ал Қытай мың жылға тас болып қалған. Бұл өзге өркениеттерде де кездеседі.
А.Тойнби тарихта типологиялық тұрғыца
ажыратылатын отыз алты өркениет бар цеп
есептейці. Ол өркениеттерді дамуы "толық
іске асқан” және "іске аспаған” (мысалы,
христианцық несторианцық, христианцық
монофизиттік, христианцық қиырбатыстық
және т.б.) цеп бөледі. Дамуы толық іске
асқан өркениеттерцің өзі тәуелсіз және
сателлиттер цеп бөлінеді. Тәуелсізцердің
өзі мынацай өркениеттерге бөлінеді: