«Стиль» сөзінің тарихы мен мағынасы туралы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2015 в 08:01, реферат

Краткое описание

Стилистика ғылымында оның көптеген түсінігі бар. Олай болу себебі, біріншіден, стилистика ғылымының тарихи даму жағдайымен түсіндірілсе, екіншіден, «стиль» ұғымының күрделілігінен туындайды. Стиль – латынша stylos (қазақша – жазу құралы) деген сөз. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болған. Стилистика – ең алдымен стиль туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады.

Содержание

1. «Стиль» сөзінің тарихы мен мағынасы туралы
1.1. «Стиль» - стилистиканың негізгі орталық ұғымы
1.2. Стиль-қаламгердің жазу мәнері, ой түйінін ашу тәсілі, образдар жүйесінің тұрақты бірлігі
1.3. Стиль - жазу мәнері, ой түйінін ашу тәсілі
1.4. Стильдеу
2. Функционалдық стиль және экспрессивтік-эмоционалдық стиль. Функционалдық стильдің түрлері
2.1.Экспрессивтік стилистиканың негізгі ұғымдары
2.2. Функционалды стилистика мен экспрессивтік стилистиканың ара қатынасы
3. Лексикалық жүйенің экспрессивтік стилистикалық құрылымы
3.1 Лексикалық құралдардың экспрессивтік стилистикасы. Синонимия
3.2. Лексикалық құралдардың антонимиясы
3.3 Лексикалық құралдардың омонимиясы және полисемия
3.4 Лексикалық құралдардың паронимиясы және парономазия құбылысы
4. Пайдаланылған әдебиет тізімі

Прикрепленные файлы: 1 файл

Стиль туралы.doc

— 96.00 Кб (Скачать документ)

 

3. Лексикалық жүйенің  экспрессивтік стилистикалық құрылымы

 

3.1 Лексикалық  құралдардың экспрессивтік стилистикасы. Синонимия

Тілдің синонимиялық ресурсын, олардың коммуникативтік мәнерлілік маңызын және саралануын зерттеу лингвостилистиканың негізгі міндеті деп қарауға болады. Кейбір зерттеушілер стилистиканы тікелей «тілдің синонимиялық құралы туралы ғылым» деп қарайды. Тіл біліміндегі лексикалық синонимияға қатысты ғылыми көзқарастарды топтастыра келе, лексикалық синонимия құбылысы туралы анықтаманы мынадай екі топта қарастыру мүмкін болады:

1. Синонимдер дегеніміз  – әртүрлі айтылатын, мағынасы  жағынан жақын, бірақ өзара тең  емес сөздер (А.М.Земский, С.Е.Крючков, М.В.Светлаев, А.М.Финкель, Н.М.Баженов, А.И.Ефимов, А.Н.Гвоздев т.б.).

2. Синонимдер дегеніміз  – ақиқат өмірдегі бір құбылысты білдіріп, мағына реңкі, стилистикалық қатыстылығы жағынан айырмашылығы бар сөздер (Р.А.Будогов, Н.М.Шанский, Е.М.Галкина-Федорук).

Лексикалық синонимияға қатысты берілген анықтамалар бір-біріне кереғар деуге келмейді. Себебі екі анықтама да бірін-бірі толықтырып, анықтап тұр. Алғашқы анықтамадағы мағынасы жақын болып, бірақ өзара тең болмау себебі екінші анықтамада мағына реңкі, стилистикалық қатыстылығы жағынанан тең болмайтындығы нақты көрсетілген.

 

3.2. Лексикалық  құралдардың антонимиясы

 

Антонимдерге қатысты айтылып жүрген ұғымдардың бірі – энантиосемия. Бұл құбылыс көпмағыналы сөздерде байқалады. Көпмағыналы сөздің өзі өз ішінде қарама-қарсы мәндерге ие болуы мүмкін. Мысалы, қайту сөзінің семантикасында «аурудың үшінші күн дегенді беті қайтты» дегендегі өмірге оралу мағынасы және «ауру үшінші күн дегенде дүниеден қайтты» дегендегі  жан тәсілім қылу мағынасы бар.

Антонимдердің сөйлеудегі стилистикалық қолданысы сан түрлі. Қай тілде болсын бір-бірімен жұп құрайтын, өзара қарама-қарсы мағынада және қатынаста тұрып біртұтас ұғымды жеткізетін сөздердің мол лексикалық қоры бар. Бұл сөздердің шығу тегіне қарай табиғатында бойына біткен қарама-қарсы дүниетанымның екі жақ қырын бейнелейді. Өмірдің өзі қарама-қайшылықтардың күресі дейтін болсақ, осындай өмір философиясынан туған сөздер тілде антонимдер арқылы бейнеленеді. Синонимияға семантикалық жағынан ұқсастық тән болса, антонимияға – семантикалық айырмашылық тән. Антоним көркем сөйлеуде көркемдік құралы ретінде қолданылады. Синонимия, антонимия, полисемия, паронимия, парономазия арқылы берілген экспрессивтілік пен автордың бағалау қарым-қатынасы  энантиосемиялық номинацияның белгілері болып табылады. Ол сөздің потенциалды мүмкіншіліктерін анықтап, тілдің екі бастауының логикалық және эмоционалдық-органикалық бірлігін көрсетеді.

 

3.3 Лексикалық  құралдардың омонимиясы және  полисемия 

 

Сөздің әртүрлі мағыналары семантикалық бірлік құрайды, тілді зерттеушілер оны сөздің семантикалық құрылымы деп атайды. Сөздің ауыспалы мағынасының дамуы – ереже бойынша бір құбылысты екінші бір құбылыспен ұқсастырумен байланысты: заттың сыртқы ұқсастығын (оның сырт формасы, түсі және т.б.) негізге ала отырып, атау ауыспалы мағынаға ауысады, оның тудыратын әсері немесе қорғалу сипаты негізінде ауыспалы мағына туады. Осындай жағдайда полисемиялық бастауыш метафора, метонимия, синекдохадан тұрады. Көп мағыналылық тілдік шексіз мүмкіндіктерін көрсетеді, өйткені тілдің сөздік құрамының байлығы сөз санымен ғана өлшенбейді, сонымен бірге, олардың мағыналарының әртүрлілігі, сөздердің жаңа семантикалық реңке ие болу мүмкіндігі де есепке алынады. Сөздің жаңа мағынаға ие болу тілдің лексикалық қорын шығармашылыққа пайдалануға мол мүмкіндік береді. Омонимия мағынасы әр басқа айтылуы мен жазылуы бірдей сөздер, сырттай көпмағыналы сөзге ұқсас, дегенмен омонимияда ортақ семантикасы жоқ бірақ айтылуы мен жазылуы бірдей сөздер қарастырылады.

 

3.4 Лексикалық  құралдардың паронимиясы және  парономазия құбылысы

 

Тілдегі паронимдер мен парономазия экспрессивтік стилистикалық қызметті жүзеге асыруда белсенді түрде жұмсалады. Паронимдердің жасалу тәсіліне қарай мынадай топтарды көрсетуге болады: жұрнақтар арқылы ажыратылатын паронимдер: жамандық – жаманшылық, адамдық – адамшылық т.б.; түбіріне қарай ажыратылатын паронимдер. Паронимдер түбірлес және әртүбірлі болады. Түбірлес паронимдер: егін – егіс, еліктегіш - еліктеуіш т.б. Әртүбірлі, сырттай дыбыстық жағынан ғана ұқсастықтары бар сөздер: эскалатор – экскаватор, білім – бөлім,  т.б.;

Паронимдердің семантикалық ерекшелігіне қарай екі тобы анықталады:

1) өзара мағыналық реңкі бойынша  ажыратылатын паронимдер (дүниелік – дүнияуи, қазақшыл – қазақы, т.б.); 2) мағынасы бойынша ажыратылатын паронимдер (қазақша – қазақы). Мағынасы бойынша ерекшеленетін паронимдер өте  аз кездеседі. Паронимдер функционалдық-стилистикалық сипатына қарай ерекшеліктері бар топ құрайды. Мысалы, тірлік ету – ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз қолданысы болса, тіршілік ету – ғылыми тілге жақын қолданыс.

Парономазия – дыбысталуы бір-біріне жақын сөздердің қатар қолданылуынан туатын бейнелі сөз өрнектері. Мысалы: Бөрінің бөлтірігі, біреудің жыртысын жырту.  Еш туыстығы жоқ, бірақ айтылуы бірдей паронимдер сөйлеуде әртүрлі стилистикалық қызмет атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Экспрессивтілік категориясы тіл бірліктерінің экспрессивтік стилистикалық қызметін анықтауда басшылыққа алынатын негізгі ұғым болып табылады. Ол – тіл бірліктерінің коммуникативтік мақсат-міндеттен туындайтын белгілерінің стилистикалық жиынтығы. Экспрессивтілік белгілі бір тіл бірліктерінің қызметін белсендіру арқылы сөйлеушінің психикалық жай-күйін айқын көрсетіп, сөздің әсер ету әлеуетін арттырады. Экспрессивтілік тілде эмоционалды, бағалауыштық, қарқындылық, көркемдеуіштік тағы басқа мағыналық элементтердің интегративтік жиынтығы болып, ол нақты контексте жүзеге асып, контексте түсіндірілетіндіктен, ол көпқырлы, күрделі құбылыс болып табылады.

Стилистиканы тілдің коммуникативтік  талаптары мен жағдайына сәйкес қолданылуы туралы ғылым ретінде қарастыратын болсақ, оның  функционалдық және экспрессивтік қырларының дихотомиялық байланысын басты назарда ұстауымыз қажет. Экспрессивтіліктің ауызекі сөйлеу тілі мен кітаби жазба тілдегі салыстырмалы сипаты экспрессивтік стилистика мен функционалды стилистикадағы экспрессивтік стилистикалық мағынаның жасалу, қалыптасу, даму жолдарын және тілдің стилистикалық нормасы мен функционалдық жүйесін қалыптастыруға әсерін анықтауға мүмкіндік береді.

Қазақ тілі лексикасының тілдік жүйеде қалыптасқан және сөйлеудегі қалыптан тыс экспрессивтік стилистикалық тетіктері лексикалық құралдардың экспрессивтік стилистикалық әлеуетінің жоғары екенін дәлелдейді. Сөздің, фразеологизмдердің өзіндік табиғатына бағалауыштық (рационалды бағалау, негативті бағалау), көркемдік-бейнелеуіштік, (пейоративті), функционалдық (тарихи коннотациялар, жаңа коннотациялар, диалект коннотациялар, ұлттық-мәдени коннотациялар т.б.) тән болып келеді. Бұл экспрессивтік мағыналардың берілуі лексикалық құралдардың синонимдік ресурстарға бай болып келуімен анықталады. Семантикалық, стилистикалық және семантикалық-стилистикалық синонимдердің экспрессивтік стилистикалық мағынаны жасауға қатысы бірдей емес. Ол сөйлеушінің көркемдік талғамы мен коммуникативтік шеберлігіне қарай нақты контекстерде стильдік мағына, реңк алады. Лексикалық құралдардың антонимиясы,  омонимиясы мен полисемиясы, паронимиясы, парономазия т.б. экспрессивтік стилистикалық мағынаны берудің түрлі жолдары мен шендестіру, оксюморон, литота, градация, гипербола, каламбур және парафразалық, энантосемантикалық тәсілдерін жүзеге асырудың белсенді тілдік құралдары болып табылады. Сол арқылы комизм тудыру, ирония, сарказм тудыруы, көркем бейнені нақтылау, бейнені әр қырынан сипаттап ашу, көңіл-күйге лайық баяндау мәнерін қалыптастыру, мағынаны үдету, қарама-қарсы қойып суреттеу, субъективтік бағалау, салыстыру, айтылған ойдың эмоциялық бояуын қоюлату, оның маңыздылығын көрсету т.б. стильдік мақсатта жұмсалып, экспрессивтік стилистикалық қызмет атқарады.

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ

 

1. “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық  анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.

2. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы

3. Тіл білімі терминдерінін  түсіндірме сөздігі — Алматы. "Сөздік-Словарь", 2005.

4. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық  анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005

5. Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. -Алматы: Атамұра, 2003.208-б.

 Жұбанов Қ. Қазақ тілі  жөніндегі зерттеулер . -Алматы: Ғылым, 1999. -361-б.

 Балақаев М., Жанпейісов  Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ  тілі стилистикасы . -Алматы: Ғылым, 1996. - 190-б.

6. Гридин  В.Н. Семантика эмоцианально-экспрессивных средств языка //  Психологические проблемы. -Москва: Наука, 1972. -211с.

7. Лукьянова Н.А. Экспрессивная  лексика разговорного употребления  // Проблемы семантики . -Новосибирск: Наука, 1986. - 228 с.

8. Жұбанов Қ. Қазақ тілінің грамматикасы. -Алматы: Ғылым,  1996. -210-б.

9. Сыздық Р. Сөз сазы. Сөздерді  дұрыс айту нормалары. -Алматы: Ғылым, 1983. -250-б.

10. Серғалиев М. Синтаксистік  синонимдер.  -Алматы: Ғылым, 1998. -257-б.

11. Кеңесбаев С.К. К вопросу об эксперессивно-стилистических системах литературных языков народов СССР.-Ашхабад: Наука, 1968. -303 с.

Алтаев Ж., Ғабитов Т., Қасабеков А. Философия және мәдениетттану. 
-Алматы: Ғылым, 1988. -95-б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе «Стиль» сөзінің тарихы мен мағынасы туралы