Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2015 в 08:01, реферат
Стилистика ғылымында оның көптеген түсінігі бар. Олай болу себебі, біріншіден, стилистика ғылымының тарихи даму жағдайымен түсіндірілсе, екіншіден, «стиль» ұғымының күрделілігінен туындайды. Стиль – латынша stylos (қазақша – жазу құралы) деген сөз. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болған. Стилистика – ең алдымен стиль туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады.
1. «Стиль» сөзінің тарихы мен мағынасы туралы
1.1. «Стиль» - стилистиканың негізгі орталық ұғымы
1.2. Стиль-қаламгердің жазу мәнері, ой түйінін ашу тәсілі, образдар жүйесінің тұрақты бірлігі
1.3. Стиль - жазу мәнері, ой түйінін ашу тәсілі
1.4. Стильдеу
2. Функционалдық стиль және экспрессивтік-эмоционалдық стиль. Функционалдық стильдің түрлері
2.1.Экспрессивтік стилистиканың негізгі ұғымдары
2.2. Функционалды стилистика мен экспрессивтік стилистиканың ара қатынасы
3. Лексикалық жүйенің экспрессивтік стилистикалық құрылымы
3.1 Лексикалық құралдардың экспрессивтік стилистикасы. Синонимия
3.2. Лексикалық құралдардың антонимиясы
3.3 Лексикалық құралдардың омонимиясы және полисемия
3.4 Лексикалық құралдардың паронимиясы және парономазия құбылысы
4. Пайдаланылған әдебиет тізімі
МАЗМҰНЫ
1. «Стиль» сөзінің тарихы мен мағынасы туралы
1.1. «Стиль» - стилистиканың негізгі орталық ұғымы
1.2. Стиль-қаламгердің жазу мәнері, ой түйінін ашу тәсілі, образдар жүйесінің тұрақты бірлігі
1.3. Стиль - жазу мәнері, ой түйінін ашу тәсілі
1.4. Стильдеу
2. Функционалдық стиль және экспрессивтік-эмоционалдық стиль. Функционалдық стильдің түрлері
2.1.Экспрессивтік стилистиканың негізгі ұғымдары
2.2. Функционалды стилистика мен экспрессивтік стилистиканың ара қатынасы
3. Лексикалық жүйенің
экспрессивтік стилистикалық
3.1 Лексикалық құралдардың экспрессивтік стилистикасы. Синонимия
3.2. Лексикалық құралдардың антонимиясы
3.3 Лексикалық құралдардың омонимиясы және полисемия
3.4 Лексикалық құралдардың паронимиясы және парономазия құбылысы
4. Пайдаланылған әдебиет тізімі
1. «Стиль» сөзінің тарихы мен мағынасы туралы
1.1. «Стиль» - стилистиканың негізгі орталық ұғымы
Стилистика ғылымында оның көптеген түсінігі бар. Олай болу себебі, біріншіден, стилистика ғылымының тарихи даму жағдайымен түсіндірілсе, екіншіден, «стиль» ұғымының күрделілігінен туындайды. Стиль – латынша stylos (қазақша – жазу құралы) деген сөз. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болған. Стилистика – ең алдымен стиль туралы ғылым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады.
Дәстүрлі практикалық стилистикада «стиль» термині тілдің нормативті-стилистикалық ережелеріне сәйкес келу дәрежесін білдіреді (мысалы, «жақсы стиль», «жаман стиль»). Стиль терминінің кең мағынасы – сөйлеу мәнерін білдіріп келсе, тар мағынасы – жеке шығарманың немесе жазушы шығармашылығының тілдік ерекшелігі (көркем әдебиет стилистикасы тұрғысынан алғанда) дегенді білдіреді. Соңғы мағынасында «стиль» термині әдебиеттік стилистикада да қолданылады.
Барлық жағдайда да «стиль» термині тәлдәк қолданымға байланысты айтылады. Стильді тілдің стилистикалық бояуға ие құралдарының жиынтығы ретінде түсіну тілдік құрылымның стилистикалық белгілеріне арнайы назар аударудан туған түсінік.
Ғылымда «тіл стилі», «сөйлеу стилі» ұғымдары да бар. Тіл стильдері мен сөйлеу стильдерінің ерекшеліктері тіл мен сөйлеудің ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Тіл – қатынас құралы, сөйлеу – сол құралдың іске асуы, яғни белгілі бір қызметтегі көрінісі. Сондықтан сөйлеу стильдері дегенді тіл стильдерінің іске асуының нәтижесі, іс жүзіндегі көрінісі деп қарауға болады. Сөйлеу стильдері әр уақытта жанрлармен байланысты болып келеді.
Тіл стильдері, сөйлеу стильдері, сөйлеу жанрлары арасындағы тәуелділікті мынадан байқауға болады. Тіл стильдері сөйлеу стильдерімен сәйкесті болса, соңғыларының нақты көрінісі сөйлеудің әртүрлі композициялық формаларында немесе жанрларында жүзеге асады.
1.2. Стиль-қаламгердің жазу мәнері, ой түйінін ашу тәсілі, образдар жүйесінің тұрақты бірлігі
Стиль (лат. stylus, грек. stylos – жазуға арналған таяқша) – қаламгердің жазу мәнері, ой түйінін ашу тәсілі, образдар жүйесінің тұрақты бірлігі. Стильдің жұмыс стилі, газет стилі, ғылым стилі, т.б. түрлері бар. Әдебиетте көркем құралдар тұтастығы, әдіс ретінде қолданылады. Көркемдік компоненттер мен түр ерекшеліктерін өз қажетіне асыруда, мазмұн байлығын тереңдете түсуде суреткердің стилдік ерекшелігі айқындалады. Стиль суреткердің қолтаңбасын анықтаумен қатар, сөз өнеріндегі көркемдік әдіс-тәсілдерді, әдебиеттің бағыт-бағдарын ажыратады. Стиль түр мен мазмұнның бірлігін қалыптастырып, көркем мәтіннің тұтастығын қамтамасыз етеді. Әдебиеттану ғылымында стильдің дәуір стилі (қайта өркендеу, барокко, классицизм, реализм), түрлі ағымдар мен бағыттардың стилі, ұлттық стиль және суреткерге тән жеке стиль, т.б. түрлері кездеседі. Антикалық дәуірде стиль сөйлеу мәнері, сөйлеу тәртібі ұғымдарын берген, осы негізде классицизм кезеңінде стильдің 3 түрі (жоғары, орташа, төмен) анықталған. 17 ғасырда стиль филологиялық пән ретінде қалыптасса, 18 ғасырда философиялық эстетиканың назарын аударды. И.В. Гете мен Г.Гегель стильді дүниені танудың көркем белгісі санаған. Стиль жайында В.В. Виноградов “стиль көп мәндес” деген пікірді айтса, зерттеуші Л.Шепилова стильді әдіс ретінде танып, “әдіс – өмірді образ арқылы көрудің айрықша түрі” дейді. 20 ғасырдың 20-жылдары лингвистик. стилистика қалыптасып, кеңестік кезеңде стиль шығармалар әдіс ретінде танылды.
Стиль тіл көрінісі ретінде өнердегі стильден ерекшеленіп, шығарманың мағыналы түрі, эстет. тұтастық ретінде мойындалды. Реалистік романның дамуы стильге жаңалықтар әкелді. М.М. Бахтинның пікірінше, пікірталас қарама-қайшылықтары жаңа стильді қалыптастырушы күшке ие болды. Қазақ әдебиеттану ғылымында А.Байтұрсынов “Әдебиет танытқыш” еңбегінде стиль туралы “Әр ақын, әр жазушы сөздің басын өзінше құрастырып, өз оңтайымен тізеді, әрқайсысының лұғатында өзіндік айырымы, өзіндік белгісі болады. Ол белгі әркімнің өз ыңғайымен сөз тізіп, әдеттенуінен, салттануынан болады. Ол салттар жалпы сөз тізу салттарынан, шарттарынан аса алмайды. Сөз шығарушылар, әуелі сөз ұнасымына керек жалпы шарттарды орнына келтіріп, өзінің өзгеше әдісі болса, соның үстіне ғана қосады. Сондықтан сөз шығарушылар бәрінен бұрын лебіз дауысынан шыққан сөздің асыл болуының жалпы шарттарын білуі қажет” дейді. Ол стильді тіл қисыны мен лұғат қисынының бірігуі деп таниды. Абайдың стилін тануда ол: “Не нәрсе жайынан жазса да Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады. Сөзі аз, мағынасы көп, терең. Сөз жазатын адам әрі жазушы, әрі сыншы болуы керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына оның шеберлігі керек, мағыналы, маңызды болуына білім керек. Абайда осы үшеуі де болған” дейді. Зерттеуші Қ.Жұмалиев “Стиль – өнер ерекшелігі” (1966) атты еңбегінде қаламгердің жазу мәнерін, көркемдік шеберлігі мен талант табиғатын, ал З.Қабдолов “Әдебиет теориясының негіздерінде” суреткерге тән шығарм. ерекшелікті стиль ретінде қарастырды. Кеңестік әдебиетте төңкеріс кейіпкерлерінің тілі, сөйлеу мәнері бейнеленіп, қарапайым адамның сөзі, оның әңгімелері стиль ретінде көрініс тапты. Мыс., Б.Майлиннің “Мырқымбайы”, т.б. М.Әуезовтің алғашқы әңгімелеріндегі қыр өмірінің суреттері, “Абай жолы” роман-эпопеясында дәуір келбеті мен адам іс-әрекеттері негізінде кең тыныспен өріс алса, С.Сейфуллиннің “Альбатрос” поэмасында өзгерістер лебі танылды. Бұл шығармалардан қаламгерлердің өздеріне ғана тән стильдік ерекшеліктері, шеберліктері көрінеді. Т.Әлімқұлов, А.Сүлейменов, Ә.Кекілбаев, М.Мағауин, Қ.Ысқақ, О.Бөкей, С.Мұратбеков, Д.Исабеков, т.б. туындыларында қарапайым халық тілі жаңа стильдік арнада көрінді.
1.3. Стиль - жазу мәнері, ой түйінін ашу тәсілі
Абай сез жұмсау қызметінде алғаш халықтың ауыз әдебиеті үлгілерін тұтынған, кейін шәкірт кезінде иран-шағатай әдебиетінің романтикалық сарындарына еліктеп жазған, ал әлеумет өміріне белсене араласқан шағында орыстың және сол арқылы Европаның озық әдеби дәстүрлерін игеріп, қазақ тілінің өз мүмкіндіктерін сарқа пайдалана отырып, ұлттық көркем әдебиетті, әсіресе оның поэзия жанрын классик. деңгейдегі жазба әдеби Стиль мәртебесіне көтерген. Абай ақындық өнерімен қатар ғыл. және діни көпшілік бағыттағы публицистика Стильін де қалыптастырған. Оның «Ғақлия-сөздері» орта ғасырлық кітаби тілді сопылық философия тілінен арылтып, қазақтың халықтық тілінің табиғатына бойсұндыра жасаған эпистоляр (хат) түріндегі дидактика. Стиль туындылары болды. Ап «Бірер сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы» деген еңбегімен Абай өз халқының ұлттық ғылымының салиқалы Стильін орнықтырды.
1.4. Стильдеу
Стильдеу, стилизация (лат. stylus - жазу желісі) — белгілі бір әлеуметтік орта, тарихи дәуір, автордың өзіндік болмысы т. б. жайында жазылған көркем шығармада уақиғаның болған кезіне тәң тілді, сөз қолдану мәнерін әдейі қолдану.
2. Функционалдық
стиль және экспрессивтік-
2.1. Экспрессивтік стилистиканың негізгі ұғымдары
Қазақ тілі экспрессивтік стилистиканың бүгінгі күнде өзекті мәселеге айналуына қазіргі қоғамдағы жеке тұлғаны тануға деген ерекше ықыластың, осыған байланысты қоғамдық ғылымдардың дамуындағы жаңа гуманитарлық парадигманың қалыптасуы да ықпал етіп отыр. Бұл бағыттағы ғылыми-теориялық зерттеулер мен талдаулар психолингвистика, этнолингвистика, когнитивтік лингвистика, этнопсихология, жеке тұлғаның лингвопсихологиясы, лингвокогнитивтік психология, лингвомәдениеттану мәселелерін анықтауға қажетті ақпараттарды береді. Экспрессивтік стилистиканы ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеудің перспективасы тілдегі дара стиль категориясын, көркем шығарма тілін, функционалды стилистика, стилистикалық ресурстар, ортология, сөз мәдениеті т.б. мәселелерді әр қырынан және тереңірек зерттеуге ықпал етеді.
Халықтың ақыл-ой, дүниетанымы, өмір сүру тәсілі материалдық және рухани мәдениеті, тарихы, сол материалдық, рухани дүниелерінің қалыптасуы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары сияқты белгілер ұлт болмысын құраса, оны тіл арқылы танып білу бірінші кезектегі өзекті мәселе болып табылады. Ұлт болмысы – мазмұны кең, терең ұғым, сондықтан лингвистикалық зерттеулердің де шеңбері кеңейіп, этнос табиғатын танытатын ғылымдармен байланысы нығаюмен қатар, ұлт болмысын мәдени байлықтары тұрғысынан ашатын экспрессивтік стилистика тәрізді жаңа лингвостилистикалық саланың өмірге келуіне себеп болып, зерттеу аясының ауқымдылығы оны кең көлемде қарастырудың қажеттілігін қалыптастырады.
Тілдің лексикалық бірлігінің экспрессивтік қасиетін зерттеген Н.А.Лукьянова осы екі түсініктің ерекшеленуін былайша түсіндіреді: «экспрессивтілік экспрессия түсінігіне негізделеді. Бірақ «экспрессия объективтік шынайылық деңгейіне жатады. Экспрессия сөзінің өзі тілден тыс нәрсені білдіретін болса, «экспрессивтілік» тілдік... бірліктің кейбір қасиеттерін көрсететін лингвистикалық термин». Ғалымның ойынша, «объективтік экспрессияға» іс-әрекеттің қарқындылығы, күйі, белгісі, бет-әлпеттің, заттың, құбылыстың «сандық-сапалық» сипаттамасы жатады, экспрессивтілік – тілдік бірліктің әлеуеттік мүмкіндігі, іс-әрекеттің, құбылыстың, заттың, белгінің сипатын, оның сандық-сапалық қасиетін білдіреді. В.Н.Цоллер экспрессияны функционалды, прагматикалық категорияға және сөз деңгейіне жатқызады, ал экспрессивтілік тіл деңгейіне жататын семантикалық категория дейді. Осындай шектеуді О.С.Ахманованың «Лингвистикалық терминдер сөздігінен» көруге болады: «Экспрессивтілік – экспрессияның барлығы... Экспрессия – кәдімгі тілден ерекшелендіріп тұратын және оған өзіндік үлгі мен эмоционалды бояу беріп тұратын сөздің айқын көркемдік қасиеті». Тілтанудың энциклопедиялық сөздігінде бұл категория төмендегідей жүйеленген: «Экспрессивтілік – тіл бірлігі белгілерінің семантико-стилистикалық жиынтығы, ол тілді коммуникативті актіде сөйлеушінің сөз мазмұнына немесе сөз адресатына қатысты субъективті айқындылығының құралы ретіндегі қасиетімен айқындалады. Тілдің экспрессивті құралын, бірлестігін және өзара қарым-қатынасын белсендендіру нәтижесінде сөз сөйлеушінің психикалық күйін айқын көрсетуге қабілеттендіретін экспрессияға ие болады.
Экспрессема, экспрессив, экспрессоид, экспрессемоид. Басқа кез келген тіл категориясы сияқты экспрессивтілік әртүрлі авторлар «экспрессема», «экспрессив», «экспрессоид» /«экспрессемоид» деп әртүрлі атаған сөз қызметінің нәтижесін өзіндік білдіру құралдары бар. Бейнелеу құралдарының аса бай қорын тілдің лексикалық деңгейі құрайды. Бұл – одағай, антонимдік жұптар; морфологиялық туындылар негізінде пайда болатын экспрессивтілік. Экспрессивтілікті жасауға синонимдік қатарлар көмектеседі. И.В.Арнольд компоненттердің ерекше валенттілігінен құралатын лексикалық экспрессивтілікті бөліп қарайды: қысқарған сөздер, лексикалық қайталау; күрделі жеке авторлық сөздер.
Морфологиялық тәсілден басқа, сөз мағынасын алмастыруға негізделген семантикалық тәсілдер де бар: метафора, метонимия т.б. Экспрессивтілік идиомаға, афоризмге, мақал-мәтелге т.б. фразеологиялық бірліктерге тән. Сөз айтылымның айқындылығын арттыру функциясын атқаратын фразеологиялық синонимдер ерекше экспрессивтілікке ие. Ол экспрессивтілік синтаксис құбылысына да тән, оған лингвистикада ХХ ғасырдың ортасында пайда болған «экспрессивті синтаксис» түсінігі куә бола алады.
Қазақ тіл білімінде экспрессивтілік пен бағалаудың айырмашылығы мазмұн межемен байланыста қарастырылады. Экспрессивтілік – лингвистикалық универсалийлердің бірі болып табылады. Экспрессивтілік – табиғаты бойынша функционалды және нақты бір коммуникативтік мақсатқа бағдарланған, таңбалық мәннің динамикалық жүйесі ретінде сөйлеудің (мәтіннің) фундаментальды имманентті қасиеті болып табылады. Сонымен, экспрессивтілік – бейнелеу, бағалау тілдік құралдардың айқындығымен ерекшеленіп, сөйлеушінің белсенді сезім-күй әрекеттері арқылы ойды әсірелеп, көркемдеп жеткізуде сөз өрнектерінің ұтымды қолданылуы деп тұжырымдай аламыз. Ал экспрессивтік стилистика аталған экспрессивтік ерекшеліктердің тілде жүзеге асу тетіктерін зерттейтін қазақ тілі стилистикасының маңызды саласы болып табылады.
Экспрессивтілік құбылысы транспозициямен тығыз байланысты қарастырылады. Транспозиция сөздің стилистикалық бедерін жасауда ерекше қызмет атқарады. Сөзге стилистикалық мәнділік беру мақсатында бір тілдік бірліктің орнына екіншісін парадигматикалық межеге сәйкес қолдану –транспозицияның стилистикалық мүмкіндігі деп аталады. Транспозиция, бір жағынан, айтылымды әртүрлі және бай синонимдік құралдармен қамтамасыз етеді, екінші жағынан, сөздің экспрессивтілігін көтеретін фактор болып саналады. Сөйтіп, бұл құбылыс функциональдық жағынан стилистиканың екі категориясымен – синонимия және экспрессиямен – тығыз байланысты.
Транспозиция тілдік жүйедегі тілдік бірліктер мен құрылымдардың және олардың сөйлеудегі комбинацияларына байланысты туындайтын синонимия мен экспрессивтіліктің сарқылмас қайнар көзі бола отырып сөздің әсерлілік күшін күрт жоғарылататын экспрессивтік коннотацияны іске асырады. Ол көптеген тілдік бірліктер мен құрылымдардың және олардың сөйлеудегі ықтимал комбинацияларына байланысты стилистикалық синонимия мен экспрессивтіліктің көзі болып табылады.
2.2. Функционалды стилистика мен экспрессивтік стилистиканың арақатынасы
Лингвистикада тіл стилистикасын зерттеудің бағыттарын және соған сәйкес стилистиканың салаларын мынадай бинарлық қарама-қарсы қою әдісі арқылы ажыратып көрсетуге болады: зерттеу нысанына қарай бөлінісі (стилистикалық ресурстар немесе құрылымдық стилистика, иә болмаса экспрессивтік стилистика және функционалды стилистика); тіл мен сөйлеудің дихотомиясына қарай стильдердің бөлінісі (тіл стильдері мен сөйлеу стильдері); тілді зерттеудегі мақсат-міндетіне қарай бөлінісі (теориялық және практикалық); тілдерді өзара салыстыра зерттеу ерекшелігіне қарай бөлінісі (жеке және салыстырмалы немесе контрастивті); темпоралдық салыстыруларға қатысына қарай бөлінісі (синхронды немесе сипаттамалы және диахронды немесе тарихи). Осыған байланысты қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының жалпы стилистикалық жүйедегі орны, соның ішінде функционалды стилистикамен байланысы және қатынасы анықталады. Функционалды стилистика мен экспрессивтік стилистиканың байланысы мен айырмашылығын және бірін-бірі толықтыратын қатынасын ауызекі сөйлеу тілі мен кітаби жазба тілді, олардың лексикалық, синтаксистік жүйелерін қарама-қарсылық бірлікте алып қарастыру арқылы көз жеткізуге болады. Тілдік узуста ауызекі сөйлеу тілі кітаби жазба тілге қарағанда динамикалы болып келеді де, жаба тілдің дамуының қайнар көзі болып табылады. Ал жазба тіл ауызекі сөйлеу тілі арқылы статикалы сипат алып, оны өз тарапынан нормаға түсіріп отырады. Осы процесте ауызекі сөйлеу тілінің табиғатына тән экспрессивтілік пен кітаби тілдің табиғатына тән функционалдылық диалектикалық қатынаста танылады.
Информация о работе «Стиль» сөзінің тарихы мен мағынасы туралы