Мемлекеттік рәміздер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 11:06, статья

Краткое описание

Мемлекеттік рәміздер- еліміздің тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Еліміздің туы мен елтаңбасы 1992 жылы 4 маусымда, ал әнұран 1992 жылы желтоқсан айында қабылданған жарлық бойынша мемлекеттік рәміздер болып бекітілді.
Әрбір елдің ел екендігін бекітетін мемлекеттік заңы болады.Тәуелсіз мемлекетіміздің ең алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды.Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тәуелсіз Қазақстан.doc

— 155.00 Кб (Скачать документ)

Құқық қорғау жүйесін  реформалау аясында қазірдің өзінде 16 заң қабылданды.

Меншікті қорғаудың құқықтық тетіктері енгізілді, үлкен қоғамдық қауіп төндірмейтін қылмыстар бойынша қылмыстық заңдылықты ізгілендіру жүргізілді, бостандығынан айырумен байланысты болмайтын, сондай-ақ қамауға алуға балама  жазаларды қолданудың аясы кеңейтілді. Осының арқасында биылғы жылдың өзінде ауырлығы азын-аулақ және орташа қылмыстары үшін сотталған екі мыңға жуық адам бостандықтан айыру орындарынан шығарылады.

Құқық қорғау органдары  аппараттарының саны 15 пайызға қысқартылды. Олардың құрылымдары оңтайландырылды.

Құқық қорғау органдарына  тән емес қызметтер жеке секторға берілді.

Сот жүйесінде елеулі өзгерістер жасалуда.

Сыбайлас  жемқорлықпен бітіспес күрес жүріп жатыр.

Қазіргі таңда  халықаралық сарапшылардың бағасы бойынша Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы ең тиімділердің бірі деп танылған.

Тек 2 жылдың ішінде қылмыстық жауапкершілікке 40-тан астам республикалық деңгейдегі жетекші, облыстық және қалалық ауқымдағы 250-ден астам лауазымды тұлғалар тартылды, олардың арасында 39 әкім мен олардың орынбасарлары бар.

Қоршаған ортаны қорғау, денсаулық сақтау министрлерінің, статистика жөніндегі агенттік төрайымының, төтенше жағдайлар және қорғаныс вице-министрлерінің, «Қазақстан темір жолы» компаниясы басқарма төрағасының, «ҚазМұнайГаз», «Қазатомпром» компаниялары президенттерінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, жауапкершілікке тартылды.

Үш жылдың ішінде біздің еліміз әлемдік антикоррупциялық рейтингтегі көрсеткішін бірден 45 сатыға жақсартты.

Осы индекс бойынша біз бүкіл ТМД-да үздік позицияда тұрмыз.

Бұл жұмыс ымырасыздықпен жалғастырылады.

Бүкіләлемдік  банктің 2010 жылғы баяндамасында Қазақстан бизнес мүддесі үшін реформа жүргізуде көшбасшы деп танылған.

Бизнеске неғұрлым қолайлы ахуал жасау жөніндегі  әлемдік рейтингте Қазақстан 183 елдің арасынан 59-шы орынды иеленеді.

Тұтастай алғанда  мемлекеттік органдардың шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметіне негізсіз араласу фактілері тыйылды деуге жақын қалды.

Өткен жылы Қазақстан, Ресей мен Беларусьтің Кедендік одағы жұмысын бастады.

2010 жылдың 10 айының  нәтижесінің өзінде Ресеймен және Беларусьпен сауданың көлемі 38 пайызға өсті.

Қазақстандық  өнімдердің Кедендік одақ елдеріне экспорты 52,4 пайызға артты. Бюджетке құйылатын кедендік баждың өсімі 25 пайыз болды.

Осының бәрі Кедендік одақтың біздің елдеріміздің экономикалық міндеттерін шешетін  өте прагматикалық әрі нақты жоба екенін ап-анық көрсетеді.

Біз Біртұтас экономикалық кеңістік құру ісінде барынша ілгеріледік. Ол кеңістік қазақстандық өндірушілер  үшін өнім өткізудің байтақ базарын ашады.

Бұл бәсекеге шыдас  беретін тауарлар шығару мен қызмет көрсету үшін біздің бизнесімізді ынталандырады. 

 

2. Әлеуметтік  жаңғырту - жаңа әлеуметтік саясат   

 

Біз өзіміздің  индустрияландыру және экономиканы  технологиялық тұрғыдан дамыту жөніндегі жоспарларымызды нақпа-нақ айқындап алдық.

Біздің бағдарламаларымыздың басты мақсаты - халықтың әл-ауқатын нығайту.

Сондықтан да мен  биылғы Жолдауда әлеуметтік жаңғырту мәселелеріне ерекше назар аударып тұрмын.

Мен үш аса маңызды мемлекеттік бағдарламаларды - білім беру, денсаулық сақтау және тілдерді дамыту бағдарламаларын бекіттім.

Үкіметке әкімдермен бірлесе отырып биылғы 1 мамырға дейін мынандай қағидатты түрде жаңа бағдарламаларды, яғни:

жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясын;

тұрғын үй-коммуналдық  шаруашылықты жаңғырту;

халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламаларын жасап, қабылдауды тапсырамын.

Бұл бағдарламалар елдің миллиондаған қарапайым адамдарының күнбе-күнгі мәселелерін шешуге бағытталған.

Олар қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартады.

Жаңа әлеуметтік саясаттың басты аспектілеріне нақтырақ тоқталып өтпекпін. 

 

2.1. Білім  беру

Біз  білім беруді жаңғыртуды  одан  әрі  жалғастыруға тиіспіз.

Бүгінде мектептерді  компьютерлендіру толықтай аяқталды.

Орта білім  берудің 12 жылдық моделі енгізілуде.

«Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс.

Біз кәсіптік  және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз.

Бүгінде дамыған  елдерде 1 миллион тұрғынға 1-ден 6 жоғары оқу орнына дейін келеді.

Қазақстанда барлығы 149 жоғары оқу орны бар.

200 ғылыми кеңестер кандидаттар мен докторларды қалыптан құйғандай етіп жасап шығарып жатыр.

60 кандидаттың 1-і және 37 доктордың 1-і  ғана ғылымға барады.

Осы жылдан бастап ол кеңестердің жұмыстары тоқтатылады.

Бұдан былай магистрлар мен PhD докторлар дайындалатын болады.

Біз университеттік білім беру мен ғылымды дамытудың жаңа деңгейін қамтамасыз етуге міндеттіміз.

Бүгінде жаңа «Назарбаев университеті» арқауында нарық сұранысына бағдарланған жоғары оқу орнының инновациялық моделі қалыптастырылуда.

Ол барлық қазақстандық жоо-лар  үшін үлгі болуы керек.

Менің тапсырмам бойынша  бүкіл елде ашылып жатқан 20 зияткерлік мектептер дарынды балаларды үздік жоо-лар үшін дайындаудың негізгі арқауына айналатын болады.

Үкіметке мыналарды тапсырамын:

● жоо-лардың инновациялық қызметке көшу тетігін қалыптастыру;

● білім берудің сапасын  арттыру және қолжетімділігін кеңейту  үшін  білім  беруге қолдау көрсетудің жаңа қаржылық-экономикалық құралдарын енгізу;

● техникалық және жоғары білім  берудің деңгейлері үшін бүгінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ипотекалық құрылыста жүзеге асырып отырғанға ұқсас жинақтау жүйесін әзірлеу.

Қазақстандықтарда  мемлекеттен пайыздық бонустар ала отырып балаларын оқытуға қаржы жинаудың жаңа мүмкіндіктері пайда болуға тиіс.

● бизнес-қауымдастықтар мен  жұмыс берушілер өкілдерін қатыстыра  отырып  Кәсіптік-техникалық  кадрлар дайындау жөнінде ұлттық кеңес құру.

Білім  беру  жүйесіндегі барлық жұмыс мынандай нәтижелерге қол жеткізуге бағытталуы тиіс.

Мектепке дейінгі  білім берумен және тәрбиемен  қамтылған балалардың үлесі  2015  жылға  қарай  74 пайызды, 2020 жылға қарай 100 пайызды құрайтын болады.

Менің тапсырмам  бойынша  қабылданған  «Балапан»  бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде тек 2010 жылы ғана 35 балабақша, 1534 мини-орталық, 137 жекеменшік балабақшалар салынды.

Бұрын  жекешелендіріліп  кеткен мектеп жасына дейінгі мекемелерді қайтару есебінен 172 балабақша ашылды.

Балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 30-дан 55 пайызға дейін өсті.

2020 жылға  қарай біз оқытудың 12 жылдық моделіне толықтай көшетін боламыз. Ол үшін біз 2015 жылға қарай республикалық бюджет қаржысы есебінен кемінде екі жүз мектеп салып, осынша мектепті жергілікті бюджет есебінен тұрғызамыз.

2015 жылға қарай  білім беру ұйымдарының 50 пайызы электронды оқытуды пайдаланып, 2020 жылға қарай оның саны 90 пайызға дейін артады.

2020 жылға  қарай халықаралық стандарттар бойынша тәуелсіз ұлттық аккредитациялаудан өткен жоо-лар үлесі 30 пайызды құрайтын болады.

Инновациялық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өндіріске енгізетін жоо-лардың үлесі 5 пайызға дейін артады.

Кемінде 2 жоғары оқу орны үздік әлемдік университеттер рейтингінде аталатын болады.

Сапалы білім  беру Қазақстанның индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс. 

 

2.2. Денсаулық  сақтау

Осы жылдар бойына біз қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту үшін қажет нәрсенің бәрін жасадық.

Денсаулық сақтауды қаржыландыру 2002 жылғы ІЖӨ-нің 1,9 пайызынан 2010 жылы 3,2 пайызына дейін ұлғайды.

Бүгінде бүкіл  ел көлемінде тұңғыш рет медицинаның ең бір күрделі бағыттары бойынша операциялар жасалуда.

Жетекші шетелдік клиникалармен байланысы бар 150 телемедицина орталықтары құрылды.

Осыдан жиырма жыл бұрын бізге ол тек арман ғана болатын.

Жүргізілген жұмыс  нәтижесі ретінде бала туудың 25 пайызға көбейгенін, адам өлімінің 11 пайызға төмендеп, халықтың табиғи өсімінің 1,7 есе артқанын атап өтуге болады.

2013 жылы Біртұтас ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу аяқталады.

Біз аурудың алдын алуға шындап кірісіп, бастапқы медициналық-санитарлық жәрдемнің сапасын арттыруымыз керек.

Халықаралық бағалаулар бойынша, негізгі науқастар түрлерімен ауыратын тұрғындардың 5 пайыздайы  денсаулық сақтаудың барлық қызметтерінің 70 пайыздайын ғана пайдаланады.

Профилактикалық жұмыстарды сауатты ұйымдастырған жағдайда ерте сатыда-ақ аурулардың алдын алуға болады.

Сондықтан Қазақстанда халықтың мақсатты топтарының денсаулық жағдайын бақылаудың ұлттық бағдарламалары кешенін енгізу қажет.

Бірінші кезекте, олар балалар, жасөспірімдер, бала туу жасындағы әйелдер.

Ауыл  тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігін кеңейтуге айрықша назар аудару қажет.

Өткен жылы жаңа әлеуметтік жоба - мамандандырылған емдеу-диагностикалық екі «Денсаулық» пойызы жұмысын бастады.

Олар еліміздің ең шалғай түкпірлерінде ондаған мың адамдардың денсаулықтарын тексеріп, ем жасады.

Қазақстан үшін көліктік медицина өте көкейкесті, сондықтан біз оны дамытатын боламыз.

Биылғы жылы тағы бір пойыз жіберілетін болады.

Жұмылғыш  медициналық кешендер-автоклиникалар санын 50 бірлікке дейін жеткізу қажет.

Оларды шығару Қазақстанда жүзеге асырылуға тиіс.

Үкіметке 2015 жылға  дейін санитарлық авиация мұқтажы үшін кемінде 16 тікұшақ ұйымдастыруды қамтамасыз етуді тапсырамын.

Сол сияқты жол бойындағы медициналық-құтқару пункттерін құру мәселесін жеделдете қарастыруды да тапсырамын. Оларды республикалық маңыздағы жолдардың апаттық қауіпті учаскелерінде орналастыру қажет.

Төтенше медициналық  жәрдем қызметі көп салалы жұмылғыш және аэрожұмылғыш госпитальдармен жарақтандырылуы тиіс.

Бұл шаралардың біздің мыңдаған азаматтарымыздың өмірін құтқарып қалатынына сенімім мол.

Қылмыстық-атқару жүйесіндегі туберкулез бен ВИЧ аурулары және одан болатын өлім деңгейін төмендетуге мұқият назар аудару қажет.

Осы міндеттерді  орындау нәтижесінде 2015 жылға қарай қазақстандықтардың өмір жасының күтілетін ұзақтығы 70 жасқа дейін, ал 2020 жылға қарай 72 жасқа дейін  ұлғаятын болады.

Саламатты өмір салтын насихаттап, барлық жерде салынған спорт базаларын пайдалану керек.

2015 жылға  қарай 350 дәрігерлік амбулаториялар, фельдшерлік-акушерлік пункттер және емханалар салынатын болады. 

 

2.3. Тілдерді  дамыту

Көп тілді және көп конфессиялы қоғамдағы бейбітшілік пен келісім - бұл сіздер мен біздің еңбегіміз, құрметті қазақстандықтар.

Қазақстандықтардың  өзіміз өмір сүріп, елімізді жақсылықтарға  бастап бара жатқан туған жерге атауын берген мемлекеттік қазақ тілін  құрметпен және лайықты оқып-үйрене бастағандығын атап өтудің өзі қуанышты.

Бүгінде мемлекеттік  тілді еркін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі басым көпшілікті құрайды.

Бұл Тәуелсіздіктің орасан зор жетістігі.

Біздің міндетіміз - 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді  білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға дейін жеткізу.

Ал 2020 жылға  қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс.

Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады.

Ол үшін біз  бәрін де жасап жатырмыз.

Біз сол сияқты орыс тілін және өзге де қазақстандық этностар тілін дамытатын боламыз.

Мен қазіргі  заманғы қазақстандық үшін үш тілді  білу - әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін әрдайым  айтып келемін.

Сондықтан 2020 жылға  қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін. 

 

2.4. Жұмыспен  қамтудың жаңа стратегиясы

Екі жыл ішінде дағдарысқа қарсы «Жол картасы» шеңберінде біз халықты еңбекпен қамтамасыз етіп, жұмыссыздықты азайттық және қалаларымыз бен селоларымыздағы инфрақұрылымдарды жақсарттық.

Бұл бағдарламалар қазақстандықтардың кең қолдауы мен разылығына ие болды.

Бүгінде жаңа экономика  білікті кадрлардың жаңа генерациясын талап ететін болғандықтан  еңбек рыногының тиімділігін арттыру қажет.

Өзін өзі  еңбекпен қамтып отырған тұрғындар - біздің экономикамыздың зор кадрлар резерві.

Жаңа кәсіпорындарды біз оларда қазақстандықтардың жұмыс  істеуі үшін салып жатырмыз.

Олар оған дайындалуы керек. Жаңа мамандықтарға үйренулері қажет.

Үкіметке облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, 2011 жылдың 1 мамырына дейін халықты еңбекпен қамту жөнінен қағидатты түрде жаңа бағдарлама  әзірлеуді тапсырамын.

Үкімет бизнес-қауымдастықпен бірлесіп индустриялық нысандарда жұмыс істегісі келетіндер үшін тегін кәсіптік оқу ұсынуы керек.

Әрбір қазақстандықтың елді ауқымды индустрияландыруға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.

Кезінде мен  дағдарысқа қарсы «Жол картасы» бағдарламасы әрбір қазақстандықтың  отбасына дейін жететін болсын деген міндет қойдым.

Ол табысты  жүзеге асырылды.

Осы тәжірибені пайдалана отырып, қазіргі уақытта жұмысты индустрияландыру  шынымен де бүкілхалықтық сипат алып, әрбір қазақстандықтың ісі болатындай етіп құру қажет.

Өз өмірлерін  ауылмен байланыстарғандар үшін Үкімет жергілікті билік органдарымен  бірлесіп, селолық кәсіпкерлікті дамыту жөнінен  шаралар кешенін әзірлеуге тиіс.

Өткен жылы селолық  аумақтарды дамыту бағдарламасы аяқталды.

Енді бұл  жұмыстар Елдің 2020 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамдық схемасы шеңберінде одан әрі жалғасатын болады.

Даму әлеуеті  жоғары елді мекендерде селолық инфрақұрылымдар дамытылып, суаратын суларға, микронесиелеу бағдарламалары мен  табиғи гранттарға қолжетімділік кеңейтіліп, кәсіпкерлік дағдыларына үйрету ұйымдастырылады.

Информация о работе Мемлекеттік рәміздер