Мемлекеттік рәміздер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Апреля 2013 в 11:06, статья

Краткое описание

Мемлекеттік рәміздер- еліміздің тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Еліміздің туы мен елтаңбасы 1992 жылы 4 маусымда, ал әнұран 1992 жылы желтоқсан айында қабылданған жарлық бойынша мемлекеттік рәміздер болып бекітілді.
Әрбір елдің ел екендігін бекітетін мемлекеттік заңы болады.Тәуелсіз мемлекетіміздің ең алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды.Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Тәуелсіз Қазақстан.doc

— 155.00 Кб (Скачать документ)

Тәуелсіз Қазақстан : бейбітшілік, келісім мен жасампаздықтың жиырма жылы.                                                                                                   

 Бейсенбекова  Бадижамал Темірғалиқызы                                                                                                    

 Өлеңті орта мектебінің  химия пәнінің мұғалімі                                  

 Білім күні 

Тәрбие сағаты:   Тәуелсіз    Қазақстан  : бейбітшілік, келісім мен жасампаздықтың   жиырма жылы.  

Мақсаты: жас жеткіншек бойында Отанға, туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін    қалыптастыру, отаншылдық сезім мен тұрақты моральдық мінез- құлықтың беки түсуіне ықпал ету; адамгершілікке, елжандылыққа  тәрбиелеу.        

 Сабақ  барысы :   

 Құрметті  оқушылар, бүгінгі «Тәуелсіз Қазақстан: бейбітшілік, келісім  мен  жасампаздықтың  жиырма жылы»  атты  сынып сағатына қош келдіңдер.     

 Қазақстан Республикасы  Президентінің 1991 жылы 16 желтоқсанда  Тәуелсіздік туралы Жарлығы жарияланысымен-ақ  дүние жүзінің құлағы елең етіп, егемендігін алған ерікті Қазақстанды әлем мойындай бастады.Бұл күнде Қазақстан әлемнің өзге өркениетті елдері сияқты жаңа ғасырдың табалдырығын тең аттап отырған ел .Еліміздің егемен екендігін танытатын жұрт таныған ұлттық белгілері бар.

Мемлекеттік рәміздер- еліміздің тәуелсіздігін  паш ететін нышандар. Еліміздің туы  мен елтаңбасы 1992 жылы 4 маусымда, ал әнұран 1992 жылы желтоқсан айында қабылданған  жарлық бойынша мемлекеттік рәміздер болып бекітілді.     

 Әрбір елдің ел екендігін бекітетін мемлекеттік заңы болады.Тәуелсіз мемлекетіміздің ең алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28  қаңтарда қабылданды.Қазақстан Республикасының қазіргі Ата Заңы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.  

 «Ел бақыты» ұғымын кім  қалай түсінеді? (оқушылардың ойы).  

 Ел бақытының белгілері: Білімді  ұрпақ                                              

 Тәрбиелі ұл- қыздар                                             

  Салт-сананы ұстанған ұрпақ                                             

  Ата-ананы құрметтейтін саналы ұрпақ                                   

            Отанын шын сүйетін патриоттар

Оқушылар, өздеріңіз білесіздер, Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет екендігін Түркия  елі бірінші болып мойындады. Ендеше қазірде әлем Тәуелсіз Қазақстан туралы не дейді?       

1.Қазақстан және Нұрсұлтан  Назарбаевтың өзі бейбітшілікті  нығайтуға жеке үлес қосты.Қазақстаннан  үлгі алған бірнеше мемлекет  ядролық қарудан өз еріктерімен  бас тартты. Менің ойымша, әлем  Қазақстанға алғыс айтуға тиіс.                                                                              

 Дж. Стро. Ұлыбританияның  сыртқы істер министрі.

2. «...Тәуелсіз Қазақстан мемлекеттік құрылыс пен экономикалық дамуда айтарлықтай табыстарға қол жеткізіп, үдере гүлдену мен тынымсыз ілгері басуды бастан кешіріп отыр.Біз Қазақстанның достас көршілесі ретінде бұл табыстарға шын жүректен қуанамыз»             

                                                                Цзян-Цземин.1993-2003жылдардағы   ҚХР-дың  төрағасы 

Оқушы:   Шырқап көкке асқақ ән,             

      Болашаққа бас қадам!                  

 Қазақ рухын биіктет                  

 Ей, бас қала-Астанам!                 

 Жас Астанам – жас қалам,                  

 Тарихың бар ашпаған                  

 Ордасы бол ойшылдың                  

 Ей, бас қала-Астанам.     

     

 Елбасымыздың ең басты мақсаты  - ұлтымызды сапалық жағынан жоғары  деңгейге көтеру.Сол үшін Астанадай әсем қала  Арқа төсінде бой көтерді, сол үшін Елбасымыздың өзі бастап, оның соңынан ерген идеялас «Еуропаға жол» , «Әлемдегі дамыған 50 елдің қатарында болу»  секілді ұзақ мерзімді өміршең саясаты бізді жеткізетін жер, сол сапалық жоғары деңгей екенін ұғуға болады.    

 Елбасымыз  Н.Назарбаев өзі ұдайы биікке ұмтылушы болып келе жатса, соңынан ерген жастардың бойында да осындай қасиеттің болуын қалайтынын байқадық.Тек соңғы 10 жылда ғана адам капиталының әлеуметін айқындайтын салаларға- білім беруге, ғылымға, мәдениетке, денсаулық сақтау мен тұрғындарды әлеуметтік қорғауға мемлекеттің шығыны 8,7 есе өсті.Қазақстандықтардың жас буыны үшін терең білім алуға барлық мүмкіндік ашылып отыр.Тәуелсіздік алған жылдар ішінде 388 мектеп пайдалануға берілді.Бүгінде интернет жүйесіне ауыл мектептерінің 95% қосылды.90 жылдардағы экономикалық қиындықтарға қарамастан «Болашақ» бағдарламасы құрылды.Енді әр жыл сайын 3 мың қазақстандық 25 мемлекеттің ең озық университеттерінде оқып жүр. Астанада «Жаңа университет» ғылыми- білім беру кешені құрылды.      

 Балалар,мына сұрақтарға жауап  беріңдерші:

1.Саммит дегеніміз не?

Жауабы: Жоғарғы деңгейдегі кездесу.

2.Саммитте не мәселелер қаралады?

Жауабы:Сенім қауіпсіздікті нығайту  жөніндегі шаралар және қарулануды бақылау мен адам құқықтары.

3.Осы ұйымға қанша мемлекет мүше?

Жауабы: 56 мемлекет

2010 жылы бұрынғы КСРО қарамағындағы  мемлекеттер арасынан Қазақстан алғаш болып ұйым төрағалығына сайланды.

Қазақстандық төрағалықтың ұраны: Сенім- Дәстүр –Ашықтық –Төзімділік !

ЕҚЫҰ саммитінің өтуі- барша қазақстандықтардың жетістігі мен мақтанышы.   

 Бүгін біз әлемдегі ең  үздіктердің бірі болуға ұмтылуға  тиіспіз, әрбір қазақстандық « Біздің мақтан тұтатын қасиетті тарихымыз бар,  сүйікті Отанымыз бар»  деп бар дауысымен айта алады.

Оқушылардың шығармашылықтары мен  өнері.

«Менің Республикам», «Қазағым менің» әнімен қорытындыланады.          

 

Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!" - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат -   Кеше, 28 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жыл сайынғы халыққа Жолдауын арнады. ҚазАқпарат  Мемлекет басшысы Жолдауының толық мәтінін таратады.

 
Қадірлі отандастар!     
                                                                                        
Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері! 
Ханымдар мен мырзалар!

Биыл - біз үшін ерекше қастерлі жыл.

Біз ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына қадам бастық.

Бодан жұртты бүгінгідей бостан күнге жеткізген бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық.

Естеріңізде болар, 1997 жылғы халыққа алғашқы Жолдауымда мен былай деген едім:

«2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарысында қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады».

Осы сөздерге кезінде күмән  келтіргендер аз болған жоқ.

Дегенмен, діттеген бұл межеге біз 33 жылда емес, бір мүшел жастың  өзінде жеттік!

Күні кеше Астанада 56 елдің басшылары мен халықаралық ұйым өкілдерінің басын қосқан Саммит - соның айшықты айғағы.

Жұлдызымызды жарқырата  түскен бұл мерейлі белестен бұрын  да біз біршама биіктерді бағындырдық.

Біз талайлы заманда тарыдай  шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған әлемдегі үш елдің бірі болдық.

Осы жылдары шет елдерден 800 мыңнан астам отандасымыз келіп, халық саны бір жарым миллионға артты.

Біз Сарыарқаның сайын  даласына сәулеті мен дәулеті  келіскен Астана салдық.

Есілдің жағасына серпінді дамуымыздың символы болған еңселі Елорда қондырдық.

Халқы тату-тәтті, саясаты  сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады.

Қазақстанның халықаралық  резерві бүгінде 60 миллиард долларға жуық қаржыны құрайды.

Ырыс - ынтымаққа  жолығады, дәулет - бірлікпен толығады.

Тәуелсіздік жылдарында ел экономикасына 120 миллиард доллардан астам шетелдік инвестиция тартылды.

Сонымен қатар біз әлемнің 126 еліне 200-ден астам өнім түрін шығарамыз.

Бүгінде ұлттық дәулетіміздің үштен бір бөлігі шағын және орта бизнестен құралады.

Ауыл  шаруашылығы саласы да дамып келеді.

Ішкі  жалпы өнім өсімі 2010 жылы 7 пайыз, өнеркәсіп өндірісі - 10 пайыз, өңдеу өнеркәсібі 19 пайыз мөлшерді құрады.

Орташа айлық  жалақы 2007 жылғы 53 мыңнан 2010 жылы 80 мың теңгеге дейін артты.

Ұлттық  әл-ауқат деңгейі жөнінен әлем мемлекеттерінің рейтингінде Қазақстан өткен жылы 26 сатыға ілгерілеп, 110 ел арасынан 50-ші орынға көтерілді.

Біздегі орташа айлық жалақы 5 жарым  есеге, зейнетақының орташа көлемі 4 есеге көбейді.

Біз дүниені  дүрбелеңге салған дағдарыстан демікпей шығып, дамудың даңғыл жолына батыл бет бұрдық.

Алдымызға ұлан-ғайыр  мақсаттар қойдық және оларға қысқа мерзімде қол жеткіздік.

Тәуелсіздік жылдарында 500-ге жуық жаңа денсаулық сақтау нысандары салынды.

Медицина мекемелерінің  материалдық-техникалық базасы айтарлықтай жақсарды.

Еліміз білім  беру ісін дамытуда 129 елдің арасында көш бастаушылар қатарында келеді.

Өткен онжылдықта білімге бөлінетін қаражат 10 есеге көбейді.

Осы жылдары 750 жаңа мектеп салынды.

Сонымен қатар, 5 302 мектепке дейінгі мекемелер, 1 117 балабақша мен 4 185 орталық ашылды.

Астанада ғылым  мен білім индустриясының жаңа ғасырдағы орталығы болатын университет ашылды.

Біз осылайша аз жылда абыройы артқан айдынды елге, қуатты ұлтқа айналдық.

Осының бәрі жұртымызды жаһандық ауқымда ойлауға баулу мақсатында жасалуда.  

 

1. Жеделдетілген  экономикалық жаңғырту - Үдемелі инновациялық индустрияландыру бағдарламасының жалғасы   

 

Құрметті  қазақстандықтар!

Біз Тәуелсіздіктің жиырмасыншы жылына аяқ бастық.

1991 жылдың желтоқсанында, өзіміздің стратегиялық мақсатымыз ретінде орнықтылық пен табысқа жетуді таңдап ала отырып, біз әр жаңа кезеңнің дамуына жаңа бағдарламалар жасап, алға жылжыдық.

Біз кеуделі  міндеттерге ұмтылып, оларға қол  жеткіздік.

Ел ілгерілеуінің шоғырланған көрсеткішін ғана келтірейін.

1994 жылы жан  басына шаққандағы ішкі жалпы  өнім жеті жүз доллардан сәл ғана асатын.

2011 жылдың 1 қаңтарына қарай бұл көрсеткіш 12 еседен артық өсіп, 9 мың АҚШ долларынан асып түсті.

Біз бұл деңгейге тек 2015 жылы ғана жетеміз деп есептеп едік.

Әлемдік тәжірибе тәуелсіздіктің алғашқы 20 жылында мұндай нәтижеге ешқандай ел қол жеткізе алмағанын көрсетеді.

Мысалы, егемен дамудың алғашқы жиырма жылында жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнім Оңтүстік Кореяда 3 есе, Малайзияда - 2 есе, Сингапурда - 4 есе, Венгрияда - 5 есе, Польшада 4 есе өскен.

2010 жылдың қаңтарында  ел халқына Жолдауымда мен Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жария еттім.

Қазірдің өзінде оны жүзеге асырудың алғашқы жылының нақты қорытындылары бар.

Біз 152 кәсіпорынды іске қостық, 24 мыңға жуық қазақстандықты тұрақты жұмыспен қамтамасыз еттік.

Бүкіл ел бойынша  барлығы сегіз жүзге жуық әртүрлі өндіріс орны құрылды.

Біз химия және жеңіл өнеркәсіпті белсенді түрде қалпына келтіру мен дамыту үдерісін бастадық, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде серпіліс жасадық.

2014 жылға дейін жалпы құны 8,1 триллион теңгені құрайтын 294 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

161 мың  тұрақты жұмыс орны және 207 мың  құрылыс уақытына есептелген жұмыс орны құрылады.

Алғашқы индустриялық бесжылдықтың алғашқы жылының басты қорытындысы - экономиканың нақтылы секторының есебінен экономикалық өсуде елеулі құрылымдық өзгерістердің басталуы.

Таяу онжылдықтағы Стратегиялық жоспардың мақсаттарын тағы да еске салып өтейін.

2020 жылға қарай  біз мынандай көрсеткіштерге  қол жеткізуге тиіспіз.

Ішкі  жалпы өнім өсуі кемінде 30 пайыз болады.

Өңдеуші салалардағы өсім игеруші салалар деңгейінен асып түседі немесе соған жетеді.

Ұлттық  қордың активтері ІЖӨ-нің кемінде 30 пайызын құрайды.

Экономиканың шикізаттық емес секторына салынатын отандық және шетелдік инвестиция кемінде 30 пайызға артады.

Ішкі  жалпы өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 40 пайызды құрайды.

Халықтың саны 18 миллион адамға жақындайды.

Білікті мамандардың  үлесі 40 пайызды құрайды.

Жұмыссыздық деңгейі 5 пайызға дейін төмендейді.

Ауыл  шаруашылығындағы еңбектің өнімділігі 2014 жылға қарай 2 есе, ал 2020 жылға қарай 4 есе өседі.

Аграрлық секторда етті мал шаруашылығын дамыту жөнінде бұрын-соңды болып көрмеген жоба жүзеге асырылады.

2016 жылдың өзінде  ет экспорты 60 мың тоннаға жетеді, мұның құны 4 миллион тонна бидай экспортына тең.

Мемлекет бұл  мақсатқа 130 миллиард теңгелік несие ресурстарын бөледі.

Бұл ауылдық  жерлерде 20 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді, жүз мыңнан астам ауыл тұрғындарының кіріс көзіне айналады. Мұның өзі малдың барлық түрінің асыл түліктері мен тұқымдарының бас санын көбейтуге мүмкіндік береді.

Бұлардың барлығы сабақтас салаларда - ауылшаруашылық мәшине жасауда, химия және тамақ өнеркәсібінде, жемшөп өндірісінде, техника жөндеуде өндірісті ұлғайтуға қозғау салады.

Үкімет, барлық өңірлердің әкімдері селодағы индустрияландырудың осынау маңызды бөлігімен айналысуға тиіс.

Біздің экономикамыздың  бәсекеге қабілеттілігі қуат шығындарын азайтуды қамтамасыз ететін тиімді технологияларға негізделуі керек.

Шикізаттық  емес секторларды дамыту мақсатында Үкіметке Қуат тиімділігінің кешенді жоспарын жасап, бекітуді тапсырамын.

Индустрияландыру өңірлік саясаттың жаңа парадигмасын қалыптастырады.

Үкімет әкімдермен бірлесе отырып Өңірлерді дамыту бағдарламасын жасап, бекітуі керек.

Мұның барлығы - біздің саналған-сараланған жоспарларымыз.

Біз әлі жол  басында тұрмыз.

Егер жақсырақ, дәулеттірек өмір сүргіміз келсе, біз осы жұмысты атқаруға тиіспіз.

Мен бизнес қуатты болса, мемлекет те қуатты деген қағидатты жақтаушымын.

Біз алғаш рет  «Мемлекеттік бақылау мен қадағалау  туралы» Заң қабылдадық.

Бақылау жүргізудің бүкіл мемлекеттік органдар үшін ортақ қағидаттары мен тәртібі белгіленген. Бұл бизнеске әкімшілік қысымды бұрынғыдан да азайта түсу үшін жасалды.

Информация о работе Мемлекеттік рәміздер