Өнер де жалпыны бейнелендіреді,
бірақ оны абстракция формасында
емес, жинақталған жеке образ
формасында немесе, өнер тілімен
айтқанда, типтік образ формасында
бейнелендіріледі. Шындықта жалпы
типтік образ жеке нәрселерде
ғана өмір сүруде, демек, жеке
нәрселер арқылы көрінеді. Сондықтан
өнердегі типтік образ дегеніміз
жинақталған, жалпыланған образ. Бірақ
ол жалпыланған типтік образ
жеке образ арқылы бейнелендіріп
көрсетіледі.
Өнердің шындықты бейнелеу формасының
ерекшелігі сол, ол көркем образ
болып табылады.Көркем образ дегеніміз
ең маңызды, типтік образды жеке
образ арқылы көрсету немесе
өмірдің жалпы, маңызды типтік
жақтарын жеке құбылыс формасында,
яғни нақтылы сезімдік формада
бейнелеп көрсету.Демек, көркемобразды
(бейнені) ұғыммен де, түйсікпен де
теңгеріп қарауға болмайды. Көркем
образдың ерекшелігі сол, ол жалпыны
жеке арқылы танып білу. Нағыз
өнер шығармаларындағы көркем
образдар шындықтың сырт белгілерін
бейнелемей, маңызды жақтарын бейнелейді.
Өнер – қоғамдық сананың идеологиялық
формасы. Өнер идеологиямен екі
тұрғыдан байланысты. Біріншіден, ол
белгілі бір таптың мүддесіне
қызмет етіп, оның саяси, моральдық,
философиялық, эстетикалық және
тағы басқалардың көзқарастарының
насихатшысы және, екіншіден, ол
адамдардың қоғамдық қатынастарымен
тығыз байланысты, қоғамдық сананың
басқа формалары сияқты, қоғам
алдында тұрған әлеуметтік мәселелерді
шешуге қызмет етеді.
Өнердің келесі ерекшелігі сол,
ол – қоғамдық сананың эстетикалық
сезім тудыратын формасы . Суретші,
жазушы шындық құбылыстарына
тән эстетикалық сапаларды ашып
көрсетеді. Сондықтан көркем шығармаларда
өмір белгілі бір эстетикалық
идеяларға сәйкес бейнеленеді, яғни
өнер шындық нәрселері мен
құбылыстарын көрікті немесе
көріксіз, көңілді немесе көңілсіз,
қайғылы немесе күлкілі деген
сияқты категориялар формасында
бейнелеп, баға береді.
Әдемілік, көркемділік адамның күнделікті
өмірінде зор роль атқарады. Адамды
қоршаған орта көркем болса, оның
өзі адамды көңілдендіріп, еңбек
пен өмір шабытын тудырады. Адам
тек ғылым заңдарына сәйкес
қана емес, «әдемілік заңы бойынша»
да еңбек етеді деп атап көрсеткен болатын
К.Маркс.
Өнер арқылы мәдениет өзінің
тұңғиық тереңінде болып жатқан
құбылыстерын дәп бір айнаға
қарап көргендей, байқап отырады.
Сондықтан да өнерді «мәдениеттің
айнасы» деп анықтауда негіз
бар. Нақты тарихи жағдайлар шеңберінде
белгілі бір ұлттың, этностың
мәдениетінде өнер аоқылы сол
мәдениеттің әлемді және әлемдегі
адамды түсінуін көреміз.
Өнер-мәдениеттің айнасы
«Өнер» - мәдениеттің айнасы деп
бекерде бекер айтылмаған. Ол
мәдениеттің жаны, оның өзіндік
танымының түрі. Сұлулық заңы
бойынша адамның дүниені игеру
барысында әдеби мәтіндерге, мүсінге,
сәулет туындыларына, суреттерге, әуенге,
биге және тағы сол сияқты
негізделген өнер түрлері қалыптасады.
Өнер деп адамның рухани болмысына,
сезіміне, эмоциясына әсер етіп,
оны толғандыратын суреткер қолынан
шыққан шығармашылық үлгісін
айтамыз. Өнер – адами ақиқат,
адамдандырылған «екінші әлем».
Өнер, көркем бейне және жасампаздық
тікелей әлеуметтік адам тұлғасымен
байланысты категориялар.
Өнерде үйлесімділік ретінде
танылған кемелділік бейнесі
жасалады. Өнер арқылы адамның
әмбебаптылығы ашылады. Өнер адамның
шексіз болмыстық сұрақтарына
жауап табуға талпыныс барысында
гуманистік принциптерді қалыптастырады.
Нәтижесінде, өнер тек белгілі
бір қоғамның даму нәтижелерін
көрнекілеп қана қоймай, сонымен
қатар, әлеуметтік-рухани өмірдің
күйіне әсер ететіндігін білдіреді.
Әсемдік, әдемілік, сұлулық сынды
бірдеңгейлік ұғымдар мазмұнына
негізделген өнер туындысы үшін
адам мен қоғамнің еркіндік
туралы түсінігінің мәні зор.
Өнерді көп ойшылдар өз ләззаты,
өз рахаты өзінде, ешнәрсеге тәуелсіз
«мақсатсыз» мақсат көздегіштік
деп анықтайды. Бірақ, бұл сипаттамалардан
өнерді беталды, тізгінсіз әрекет
деп түсінуге болмайды. Бұл тұста
таза өнер мен кәсіп-өнерді
ажырата білген абзал. Мысалы, неміс
философы И.Кант таза өнер мен
кәсіп-өнерді ажыратып қарастырды
да, біріншісін – еркін өнері,
екіншісін – табыс үшін жасалатын
өнер дейді. Кант бұл жерде
еркін өнер деп адамныңөзінің
рухани болмысынан шыққан образды
шешімдермен байланысты өнерді
айтып отыр. Ал табыс үшін, сауда-саттық
мақсатында жасалған өнер өзіне
емес, өзгеге ұнау үшін, сатып
алушы талғамына, сұранысына аңғайластырып
жасалынады.
Өнердің жекелеген түрлерін және
олардың бір-бірінен ерекшеліктерін
білу, ажырату адамзатты көнеден
бері толғандырып келеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер
И.Г. Гердер. Идеи к философии
истории человечества. Москва, 1977.
start="2"
Қазақтың дүниетанымы. Алматы,
1993
(С.Мырзалин, Ә.Әлпейісов. Қоғам және мәдениет. Алматы, 1992)
start="4"
Ә. Наурызбаева, Н.Скалон. Диалогтың
мүмкіндігі. «Шаһар», 1993
5. Қазақ
энциклопедиясы