Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Мәдениет
2. Қоғам және мәдениет
3. Өнер
4. Өнер-мәдениеттің
айнасы
Пайдаланылған әдебиеттер:
Кіріспе
Қазіргі заманғы сөзддіктерде мәдениетке
төмендегідей анықтамалар берілген: а)
мәдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен
табыстары мен шығармашылығының жиынтығы;
ә) мәдениет – адамзат қауымының белгілі
бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік
ерекшеліктері (палеолит мәдениеті,критмикен
мәдениеті, қазақ мәдениетіжәне т.б.); б)
мәдениет – адамдық әрекеттің белгілі
бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу
мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті
және т.б.); в) мәдениет - агромәдениет (дәнді
өсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениеті
және т.б.).
Мәдениет
ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын
өтті.
Алғашқы
қауымдық құрылыс адам баласының өсіп
дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының
ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген
мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған
басты дәлел ретінде адамдардың ең алғаш
еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5
млн. Жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ
та жеткілікті.
Дүние
жүзінде жүргізіліп жатқан археологиялық
жұмыстардың нәтижесінде алғашқы адамдардың
қоныстары ашылып, олардың тастан жасалған
құрал-саймандары көптеп табылуда. Олай
болса, археология ғылымының ғылыми зерттеулерінің
дәл осы тас құралдардан басталуыда тегіннен-тегін
емес сияқты. Ғылымдардың пікірінше, алғашқы
қауымдық құрылыс үш дәуірге бөлінеді.
Олар: тас дәуірі, қола дәуірі және темір
дәуірі.
Бріншіден,
көне және орта палеолит дәуірлерінде
алғашқы адамдардың биологиялық эволюциясы
аяқталып «нағыз адам» қалыптасты. Екішіден,
тастан және т.б. жасалған түрлі құралдар
көбейіп қана қоймай, сапалық өзгерістерге
де ұшырады. Үшіншіден, кейінгі палеолит
дәуірінің ең басты жаңалығы – экзогания
болды да, ендігі жерде неке қарым-қатынастарынан
ең жақын туысқандар – ата-аналары мен
балалар, туған ағалары мен қарындастары
шығарылып тасталды. Инцестке (қан араласу
деген сөз) тыйым салу неке қарым-қатынастарының
қоғамдық тұрғыдан тәртіпке келтірудің
бастамасы болды. Осындай түбегейлі қоғамдық-әлеуметтік
Мәдениет (арабша “маданият” – қала, қалалық;
латынша – өңдеу, өсіру деген ұғымдарды
білдіреді) – 1) белгілі бір халықтың қол
жеткізген табыстары мен шығармашылығының
жиынтығы; 2) адамзат қауымының белгілі
бір тарихи кеңістіктегі қызметі мен өзіндік
ерекшеліктері (палеолит мәдениеті, крит-микен
мәдениеті, т.б.); 3) адамдық әрекеттің белгілі
бір саласының жетілу деңгейі (сөйлеу
мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті,
т.б.); 4) агромәдениет (дәнді өсімдіктер
мәдениеті, цитрустық мәдениет, т.б.). Мәдениет –
адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары
және жасап жатқандарының бәрін түгел
қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық
ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің
асқан үлгілі шығармаларын жасағанға
дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет
саласының өрісі кең. Мәдениет – тарихи
құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық
өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп
отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің
мазмұны мен формаларына сөзсіз терең
өзгерістер енгізеді.
Мәдениет – қоғамның өмір сүруінің қозғаушы
күші. Қазақстанның мемлекеттік басшысы
Н.Ә. Назарбаев: «... бүгінгі таңда біздің
төл мәдениетіміздің міндеттерін өзіміз
айқындай алатын мүмкіндігіміз бар. Оны
шешу мәдени санаткерлеріміздің еншісінде
екенін атап көрсетті. Қазақ мәдениетінің
үш мың жылдық тарихы ұрпақтарға жалғастық
пен сабақтастық арқылы жетіп отыр. Мәдениеттің
басты таратушылары болған көшпенді ата-бабаларымыз
рухани қазынаны ең биік құндылыққа қоя
алғандықтан және өздері сол рухани құндылықты
бойына жинақтай да білді. Қазіргі бізге
жеткен ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыптардың
қайсысын алып қарасақ та осыны аңғарамыз.
Кешеге дейін өткеніміз бен бүгінгіміз
жалғастырған нәзік жіп үзілмей, ұрпақ
пен ұрпақты байланыстырып келеді. Сәби
кезімізден анамыздың әлдиі мен әжеміздің
ертегісін тыңдадық. Демек, ұрпақтар сабақтастығы
үзілген жоқ. Мәдениетіміз тірі, оған серпін
мен ырғық керек. Ғасырлар бойы екшеленген
мұраларды бір сәт те естен шығармаған
абзал» - деген.
Мәдениет – жеке адамның өмір
сүру мақсаты мен құндылық
жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен
қарым-қатынасы. Ол- өзара қарым-қатынас
нәтидесінде қалыптасатын ерекше
құбылыс.
Адамдар өздерін қоршаған ортаға,
оның әлеуметтік және мәдени
қатынасына әсер етеді, өзгертеді.
Олар оны мақсатына пайдаланады.
Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра
етіп қалдырады, ал ол мұра
белгілі жағдайда үнемі дамуда
болады.
Мәдениет - әлеуметтік фактор, қоғамның
қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы
қоғамды ілгері жылжытады. Жеке
адам мәдениеті мен қоғам талабы
тікелей байланысты.
Мәдениеттің тұрақты жағы –
мәдени дәстүр, соның арқасында
тарихтағы адамзаттық тәжірибесіне
сүйеніп, оны кемелдендіреді, дамытады.
Адамдар арасында келісім, ауызбіршілік,
бірлік болмайынша, тұрақты дамуды
бағдар тұтқан қоғамды қалыптастыру
мүмкін емес. Сондықтан еліміз
үшін басымдық танытушы идеяға
айналған мәселе әлеуметтік-экономикалық
қиындықтардан, әр түрлі тарихи
кедергілерден мемлекетіміздің
тұтастығын сақтай отырып, өркениетті
елдер қатарына қосылу болып
табылады. Бұл жерде мәдениеттің
гуманистік –адамгершілік принциптеріне
сүйену, рухани бағдарды ұстануы
терең мағынаға ие болды. Өйткені
мәдениеттің құлдырауы адамның рухани
дүниесін аздырады, оның шынайы даму жолынан
ауытқуына әкеліп соқтырады. Бұл еліміздің
ұлттық қауіпсіздігінің түп негізіне
әсер ететін құбылыс болып табылады.
Өмірдің заңына сәйкес мәдениет
үнемі жаңғыруды қажет етіп
отырды. Өзен өзінің мөлдірлігін
суы ағып жатқан кезде сақтайды,
тазалығымен адамды тәнті етеді,
әлемділігімен табиғатты құлпыра
түседі. Сол сияқты кез келген
мәдениет жаңа толқынға, жаңа
мағынаға ұмтылады, оған зәрулік
танытады. Әрине, бұл дегеніміз ғасырлар
сынағынан өткен дәстүрлі құндылықтарды
түбегейлі жоққа шығару дегне
сөз емес. Өйткені, тарихи сабақтастықтың
логикасына сәйкес мәдениеттің
ілгері үлгілері болады, онсыз
ұлттық мәдениеттің қабырғасы
сөгіледі, іргесі шайқалады /1/. Міне,
сондықтанжаңа үлгілерге жаппай
бетбұрыс жасаудың өз қисыны,
өз ырғағы, өзіндік келбеті бар.
Сондықтан, өтпелі кезеңнің мәдени
өзгерістерінен дәстүрлік пен
жаңашылдықтың ерекше синтезін,
симбиозын іздеуіміз қажет сияқты.
Әрбір жаңа нәрсені ұлттық
ерекшеліктерді ескере отырып
қабылдаған абзал.
Мәдениеттің басқа салаларында
жіктелген заттық және руханилық,
объектілік және идеалдық, рационалдық
жәнеэмоционалдық... – осылардың
бәрі өнерде жігі бұзылмай, бірлесе,
біте қайнасып жатыр.
Мәдениетті тұлғалық сипатта
қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге
тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі
маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта,
мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және
мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың
арасында ең түбегейлісі — мәдени әрекет.
Әрекеттену — жалпы адам мен қоғамның
өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі.
Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін
өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған
мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды
атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау
нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін
көтереді. Осы әрекеттің қайнары, түпкі
қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын,
мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады.
Осылардың қатарына біз мынандай адамдық
қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің
мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын
табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс,
альтруизм, гумандылық және тағы басқалары.
Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық
(қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты.
Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік
ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет
орындарынан тұрады. Оларға техника мен
қүрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық
мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі,
кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті
сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар,
мұражайлар, кітапханалар, клубтар және
тағы басқалар) жатады. Қайсыбір ұлттық
мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер
жүйесіне бірден назарымыз ауады. «Салт-дәстүр,
— дейді белгілі философ Гердер, — тіл
мен мәдениет бастауларының анасы» . Мәдениет
өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі
ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан,
осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге
асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет
өзегін қүрастырады. Әсіресе, жазу-сызу
болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар
мен сәуегейлікке, . сенім-нанымдарға,
дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал
салт-дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынандай
баға береді: «Олар — терең философиялық
ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің
сұрыпталған түжырымы, негізгі нәрі, қысқа
да көркем бейнесі». [4]. Ғасырлар бойы күнделікті
іс-тәжірибе негізінде сұрыпталған жазу-сызу
мен азаматтық қоғам өлі жоқ кезде қалыптасқан
салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар мәдени
мирасқорлықтың жалғыз мүмкіндігі болды.
Ескі ырымдар мен әдет-ғұрыптардан надандық,
анайылықты емес, қазіргі үлттық мәдениеттердің
архетипін аңғарған жөн. Кез келген ұлттық
мәдениеттің негізі мен ділін, ондағы
адамгершілік қасиеттер мен дүниетанымды
үғыну үшін мәдениеттің тағы бір түп-тамыры
дінге жүгіну қажет. Тоталитарлық жүйе
ұлттық мәдениеттерді құрту мақсатында,
дінді «апиын» деген марксизм қағидасын
басшылыққа алып, ешқандай қасиетті тірліктері
жоқ, шолақ белсенді мәңгүрттерді тәрбиелеуге
тырысты. Ал шындығында діни Реннесанс мәдени
дамуда орасан зор роль атқарды.Дінге дейінгі
дүниетаным ретіндегі мифте табиғат қасиетті
күштерге баланса, ұлттық немесе дүниежүзілік
діндерде адам мен қоғамның құдіреттілігіне
басты назар аударылады. Осының нәтижесінде
өркениет қалыптасады. Жалпы алғанда,
дінтанусыз мәдениеттану жоқ. Мәдениеттің
өзекті бөлігі — өнер Таңбалы тастағы
кескіндер мен тағы адамдардың ырым-билерінен
бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік
туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық
рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз,
өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің болсын
рухын сезіне алмаймыз. Шынында да, өнер
мөдениеттің алтын қазынасы, адамның ұлылығын
білдіретін ғажап көріністердің бірі
— оның әсемдікке, сұлулыққа үмтылуы.
Осыған дейін қарастырылған анықтамалардан
бір түйінді ой айтуға болады: мәдениет
— адам әлемі. Мәдениет көріністерінде
адамдық парасат, оқыл-ой, ізгілік пен
әдемілік заттандырылып, игіліктер дүниесі
құралған. Сонымен бірге мәдениет адамды
тұлға деңгейіне көтеретін негізгі құрал.
Әл-Фараби айтқандай, адам — «хайуани
мадани», яғни, Мәдениетті жан. Адам —
табиғат туьндысы және ол үшін табиғи
орта мәңгілік қажеттілік болып қалады.
Мәдениет адамнан табиғатты бөліп алады
деген пікір қанша рет айтылса да, адамның
табиғи шығармашылықтың ең жоғары үлгісі
екендігіне күмән жоқ. И. Гердердің тілімен
айтқанда, адам — табиғаттың бірінші азаттық
алған пендесі. Ғасырлар — адамның мәдени
дамуының куәсі. Бірақ осы алға қарай жылжу
Жер-Анаға әр уақытта жайлы бола бермеді.
Адам қоршаған ортаны өзіне ыңғайлы тұраққа
айналдыруға тырысты, алайда осы белсенділік
көп жағдайда табиғатты күйзелтіп, қүлдыратып
жіберді. Мәдениет пен табиғатты қарама-қарсы
қоюдың бір түрі адамның табиғи анти мәдениеттілігі
жөніндегі ілімдер еді (киниктер, Ницше).
Контрмәдениет атты XX ғасыр туындысы бұқаралық
мәдениеттегі руханилықтың затқа, тауарға
айналуына қарсы қозғалыс сипатында болды.
Мәдениет пен табиғатты ұштастыруға тырысатын
ілім — мәдени антропология. Оның негізін
са-лушылардың бірі — Э. Уилсон. Әрине
аталған ілімдер табиғи-биологиялық заңдылықтарды
тым әсірелеп жібереді, әйткенмен оның
қисыны бар сияқты. Өйткені, XX ғасыр мәдениет
пен табиғат дилеммасының адам тағдыры
үшін қауіпті екендігін көрсетіп, заман
талабына сәйкес экологиялық мәдениет
ілімін тудырды. Адамдық шовинизмді тежейтін
бүл ілімнің негізі есебінде мынадай идеяларды
атап өткен жөн:
академик В.И. Вернадскийдің
Ноосфера (парасатты орта) туралы ілімі;
Рим клубының экологиялық түжырымдары;
Тейяр де Шарденнің адам жөніндегі
гуманистік эволю-циялық теориясы;
Л.Н. Толстой, М. Ганди, А. Швейцер,
Э. Фромм т.б. дамытқан гуманистік этика
т.б.
Тағы айта кететін жайт, осы
экология мәселелеріне байланысты Шығыс
пен Батыстың арасындағы айырмашылық
туралы. Интровертивтік Шығыс мәдениеті
табиғатқа жақын, ол үстемдік етуге шақырған
жоқ. Сонымен, мәдениет адам мен табиғатты
бөліп тұрған «қытай қорғаны» емес, керісінше,
олардың арасындағы нәзік үндестік және
рухани қыл-көпір. Осы үндестікті (гармонияны)
одан әрі жетілдіру — адамзаттың алдындағы
келелі міндет. Адам және мәдениет мәселесін
тереңдете түсетін тағы бір жайт адамның
қабілеттілігіне, жан-жақтылығына, шексіздігіне
байланысты. Американ ғалымы К. Поппер
айтқандай, адам бірдей үш дүниеге: физикалық,
ментальдық (психикалық) және идеалдыққа
жатады. Сонда мәдениет осылардың қайсысымен
көбірек анықталады деген заңды сұрақ
туады. Егер біз мәдениетті тек материалдық
және рухани бөліктерге бөлудің қарадүрсін
шеңберінен шыға алсақ, онда мәдениеттің
өзінің ішкі мағынасында идеалды екендігіне
көзіміз жетеді. Себебі, адамды қоршаған
заттар, дүние — бұл мәдениеттің сыртқы
көрінісі ғана, оның мәні — руханилықты
адам әрекетінің нәтижесінде заттандыруда
жатыр. Мәдениеттің ішкі мәні қоғамдағы
өмір сүріп жатқан адамдардың өзіндік
санасында, парасаттылық сезімдерінде,
рухани ізденістерінде айқындалады. Ж.
П. Сартрлық көсемсөзді қайталасақ, адам
әлемге еркін жіберілген, ол еріктілік
жазасына кесілген. Осы сипатта мәдениеттің
құпиясы — адамдағы «Мендік». Одан сыртқа
ерекше бір нұр — азаттық, жауапкершілік,
адамгершілік сәулесі нұр шашып түр. Мәдениетте
адам ғажап биік деңгейге көтеріледі.
Мәдениет дегеніміз менің өмірім, менен
бөлінген, мен өлгеннен кейін де тірі болатын
менің шығармашылығым.
Қоғам және мәдениет
Енді мәдениеттің қоғамда атқаратын
қызметтерін талқылайық. Алдымен қоғам
және мәдениет ұғымдарында қаншама ұқсастық,
үндестік болғанымен, олардың арасындағы
мағыналық, айырмашылықты естен шығармаған
жөн. Қоғам — әлемнің бір бөлігі, белгілі
бір мақсаттарды іске асыру жолында әрекет
етіп жатқан субъектілердің (тұлғалардың,
топтардың, этностардың, мемлекеттердің)
байланыс нысандары. Яғни, қоғам үғымындағы
негізгі мәселе — адам және оның ұйымдасу
нысандары, бұл ретте қоғамды зерттейтін
басты ілімді әлеуметтану деп атайды.
Ал мәдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгілі
бір қасиеті, көрінісі, сипаты мазмұнында
қолданылады. Осыған дейін қарастырылған
ұғымдарды негізге алып, қоғамдағы мәдениеттің
төмендегідей қызметтерін айқындау мүмкіндігі
бар: Адамды калыптастыру қызметі. Бұл
— мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін
бойына жинақтайтын және оның негізгі
мазмұнымен тікелей байланысты нышан.
Егер біз адамды әлде құдай, әлде табиғат,
әлде еңбек жаратты деген пікірталастардан
сәл көтерілсек, адам мәдениетті, ал мәдениет
адамды қалыптастырғанына көзіміз жетеді.
«Жеке адам өзі өмір сүріп жатқан қоғамның
туындысы, төл перзенті». Маугли — көркем
бейне. Жануарлар арасында кездейсоқ өскен
адам мәдениеттік қасиеттерден жұрдай
болады. Адамға ең қиыны — адам болу. Ал
оның негізгі шарттарының бірі ретінде
ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық,
әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен
азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы
адамның таңдауын аламыз. Соның нәтижесінде
жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады,
ол озық мәдениет үлгілерін өз бойына
сіңіреді. Жалпы алғанда, мәдениеттің
алға басуы дегеніміз дүниежүзілік тарихтың
адам үшін, оның мүдделері мен өзіндік
мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы
болып табылады. Жалғастық, мәдениет мұрагерлік
қызметі. Мәдениеттің бұл қызметі бір
ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл
адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне
қатысты. Ақпараттық (информациялық) беріліс
әлеуметтік жүйеде биологиялық тұқым
қуалаушылықтан өзгеше жүреді. Шын мәнісінде
қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды
игеру, қабылдау және оны шығармашылықпен
дамыту арқылы жүзеге асады. Мәдени ақпараттар
— салт-дәстүр, әдет-ғүрып, рәсім-рәміз,
діл мен тіл, дін және өнер, білім т.б. руханилықтың
белгілі бір деңгейін меңгерудің нәтижесінде
мәдениет субъектісінің өзіндік санасының
жанды буынына айналады
Өнер
Рухани мәдениетіміздің зерттелу
тарихын дәл мына уақыттан
басталды деп басып айту қиын.
Халықтық мәдениет қаншалықты
көне болса, оның зерттелу тарихы
да соншалықты тереңге таратады.
Сол сияқты рухани мұрамыздың
жиналу, саралану, насихатталуы да
тереңге тамыр созады.
Өнер
– қоғамдық сананың ең көне формаларының
бірі. Оның сананың басқа формаларынан,
мәселен ғылым мен философиядан айырмашылығы
сол, ғылым мен философия сыртқы дүниенің
теориялық бейнесі, яғни олар теориялық
ойлау болып табылса, өнер шындықтың көркем
бейнесі болып табылады.
Өнер өте ертеде шықты. Алғашқы
адамдар кейінгі ұрпақтарға тас
балталар мен сүйектен жасалған
найзалар ғана қалдырған жоқ,
сонымен қатар үңгірлердің қабырғаларына
салынған түрлі суреттер, балшықтан,
тастан жасалған мүсіндер де
қалдырған.
Өнер қалай пайда болды?
Батыс социологтары мен өнер
теоретиктері әдетте өнерді «адам
жанының құпия қасиетінен» немесе
адамның туысынан бірге болатын «тамашалау
сезімінен». Өнердің шығуы жөніндегі мұндай
көзқарастың теориялық негізі философиялық
идеализм екенін түсіну қиын емес.
Кейбір батыс теоретиктері өнердің
негізін жануарлар дүниесінен, атап
айтқанда, құстардың шырылынан, олардың
түлеуінен, хайуанаттардың ойынынан
тағы басқаны іздейді. Сөйтіп, өнерді
адамның табиғатқа еліктеуі деп
түсіндіреді.Адам еңбек процесінде
айналадағы дүниені танып біледі.
Бұл білім оған өте қажет, өйткені
еңбек дегеніміз білімді қажет
ететін мақсатты да саналы
іс-әрекет. Алайда еңбек ету процесінде
көздеген мақсатқа жету үшін
білім ғана жеткіліксіз, ол үшін
белгілі бір мінез-құлық сапалары,
мысалы табандылық, ержүректілік, ынтымақтылық
сезім және сондай-ақ қара күш
сапалары – күш-қуат, төзімділік,
ептілік тағы басқалары керек.
Ал бұлардың бәрі адамға өздігінен
келмейді, оларды тәрбиелеу қажет.
Өнер сол сапаларды тәрбиелеудің
маңызды бір құралы ретінде
пайда болды. Қысқасы, өнерді тудырған
қоғамдық өмір қажеттіліктері, біріншіден,
дүниетану және, екіншіден, адамды
тәрбиелеу.
Өнердің мынадай үш негізгі
ерекшелігін атап көрсету керек:
біріншіден, өнер шындықты бейнелендіру
формасы, яғни дүниетану формасы;
екіншіден, өнер қоғамдық сананың
адам эстетикалық сезім тудыратын
формасы .
Өнердің шындықты бейнелендіру
формасы ретіндегі ерекшелігі
ең алдымен оның нені және
қалай бейнелендіретінімен анықталады.Өнер
дүниені адамның нақты сезімдік
формада бейнелендіру қабілетіне
негізделеді.Егер құбылыс пен мән бір-біріне
сәйкес келсе, демек, адам сезім мүшелерімен
құбылыстардың мәнін тікелей танып біліп
отырса, онда ешқандай ғылымның керегі
болмас еді. Бірақ құбылыстың мәнін тікелей
сезіну арқылы білуге болмайды. Ғылым
заттар мен құбылыстарға тән жалпы, маңызды
қасиеттердің, қатынастардың бейнесі,
демек мәннің бейнесі. Бұл жалпы мәнді
ғылым жалпы ұғымдар мен категориялар,
заңдылықтар формасында бейнелендіреді