Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Мая 2013 в 10:10, курсовая работа
Зерттеудің өзектілігі. Б.э.д. 18 ғасырда Қосөзен шаруашылық және саяси жағынан едәуір көтерілді. Үй жануарлары арасында жылқы пайда болып, жаңартылған соқа шықты, үлкен егісті жерді өсіру үшін қызмет ететін су көтеру механизмі кеңінен тарады және ирригационды байланыс құрылысының техникасы жаңартылды. Қол өнер едәуір дамып, әсіресе қара металлургиясы: қола шалғылар қолданыла бастады, ал қолөнершілердің қола құралдары ағаштар мен тастарды өңдеуді жеңілдетті. Вавилонның өзінің ішінде, сондай-ақ Элам, Сирия, Ассирия және басқа да көрші мемлекеттерде тауар өндірісі және сауда байланысы үлкеюде.Тауар өндірісінің дамуы жерге деген жеке меншікті нығайтуға әкелді және құлдарды иеленудің дамуына септігін тигізді.
Кіріспе 3
1 Ертедегі вавилон мемлекттінің құрлымы Хаммурапи 5
Ежелгі шығыстың таптық қоғамындағы саяси ой-пікірлер 5
Хаммурапи заңына жалпы сипаттама. 10
2 Ежелгі халықтардың құқықтары 12
2.1 Ману заңы
2.2 Вавилон, Вавилония – ежелгі мемлекет.
2.3 Хаммурапи заңдары — Вавилон заңдарының жинағы.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
2 Ежелгі халықтардың құқықтары.
2.1 Ежелгі халықтардың құқықтары.
Жер бетіндегі алғашқы
1-6 бап |
Жеке |
6-25 бап |
Жеке меншікті ұрлаудаң әр түрлі жағдайы туралы айтылған |
26-41 бап |
Жауынгерлердің құқығы мен міндеттері баяндалған |
42-126 бап |
Жер, сауда, қарыз беру, кепілдік беру мәселелерінің заңдық жүйелері сипатталған |
127-194 бап |
Отбасы, мұрагерлік бала асырып алу тәртібі туралы жазылған |
195-214 бап |
Біреудің денесін зақымдағаны, қорлағаны үшін берілетін жазалар белгіленген |
215-277 бап |
Емшілердің, мал дәрігерлерінің жауапкершілігі айтылған |
278-282 бап |
Құлдарды сатып алу мәселесі айтылған |
Хаммурапи заңы 282 баптан тұрады.
Хаммурапи заңдары — Вавилон заңдарының жинағы. Бұл заңдар Хаммурапи патшалық еткен кезде, шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 1760 жылы қабылданған. Хаммурапи заңдары Ежелгі Шығыстағы құл иеленушілік құқықтың аса маңызды ескерткіші болып есептеледі. Диорит бағанға сына жазуларымен жазылған бұл заңдардың мәтіндері 1901 — 1902 жылдары ежелгі Эламның астанасы — Сузы қаласының орнына жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. Оны ол жерге эламдықтар әскери олжа ретінде әкелген болса керек. Хаммурапи заңдары қазіргі кезде Луврда сақтаулы тұр. Заңның неғұрлым кейінгі көшірмелерінің жұрнақтары Сузы, Ниневия, тағы басқа. Месопотамия қалаларында жүргізілген қазба жұмыстарында табылды. Хаммурапи заңдарының мәтіні кіріспеден, 282 баптан және қорытынды бөлімнен тұрады. Онда әлеуметтік теңсіздіктің салыстырмалы түрдегі жоғарғы дәрежесі бейнеленген. Сына жазуымен баяндалған заңдар азаматтық және қылмыстық құқыққа бөлінбесе де баптар белгілі бір топтарға біріктірілген; сот процесі, меншік, патша қызметі, неке мен отбасы, міндеттер, тағы баскқа. Оның үстіне әрбір тақырып қылмыстық-құқықтық, сондай-ақ азаматтық-құқықтық тұрғыдан түсіндіріледі. Құқық субъектілері болып ерікті қауым мүшесі (авилум — “адам”) және толық құқығы жоқ патша қызметіндегі ерікті адам (мушкенум — “төмен құлайтын”) танылды. Кейбір құқықтарды (ажырасу және қалың малын қайтарып алу құқығы) ерікті әйелдер де пайдаланған. Құлдар мен балалар тек құқық нысандары ретінде ғана қарастырылды. Хаммурапи заңдарында құл иеленушілердің құлдарға үстемдігін, жалпы жеке меншікті нығайтуға және патша қызметіндегі адамдардың мүдделерін қорғауға ерекше көңіл бөлінді. Бұл заңдар бойынша Вавилон патшалығындағы тауар-ақша қатынастарының елеулі дамығаны жөнінде қорытынды жасауға болады. Ғылыми әдебиетте Хаммурапи заңдары әрекет еткен құқық жинағы ретінде (бұл неғұрлым шындыққа жанасады), “әлеуметтік әділеттілікті” бейнелеген заңдық трактат немесе Хаммурапи патшаның өз қызметі жөніндегі құдайларға берген есебі ретінде қарастырылады. Хаммурапи заңдары ежелгі Кіші Азияның өзінен кейінгі заңдарына елеулі ықпал етті.
195. Егер ұлы әкесін ұрса, оның қолын кесу керек.
218. Егер емші қола
пышақпен адамға қиын операция
жасаса және ол адамды өлтірсе,
2.2 Ману заңы
Ману заңы (санскритше манавадхар-машастра) — үнділердің жеке және қоғамдық өмірдегі мінез-құлқын, жүріс-тұрысын анықтайтын ежелгі діни-құқықтық нормалар жиынтығы. Үнді аңыздарына қарағанда оны адамдардың арғы атасы Ману құрастырған. Тарихи деректер бойынша Ману заңын шамамен б.з.б. 2 — б.з. 2 ғ-лар аралығында діни абыздар (брахман-риши) жазған. Діни-әдеби шығарма болғандықтан, Ману заңының мазмұны құқық мәселесінен өзге дін, саясат, әдеп мәселелерін, яғни ежелгі Үндістандағы қоғамдық қатынастардың барлық саласын қамтыды. Ману заңы 12 бөлімнен тұратын 2 652 шумақты өлең сипатында санскрит тілінде жазылған. Заңда варналардың, яғни таптардың пайда болуы егжей-тегжейлі баяндалып, олардың мұрагерлік-кәсіптік сипаты нақтылы көрсетілген. Ману заңы бойынша, брахмандар — абыздар ([[дінбасылар[[), кшатрилер — әскери ақсүйектер, вайшилер — қатардағы қауым мүшелері, шудралар — құлдар. Тіршілікті жаратушы Брахма құдайы брахмандарды өз аузынан, кшатрилерді қолдарынан, вайшилерді белінен, ал шудраларды өкшесінен жаратты делінген. Брахмандар ең биік дәрежеде болды. Әскери іс кшатрилердің құзырында болса, вайшилер жер өңдеумен, мал өсірумен, қолөнермен және саудамен айналысуға, ал шудралар осы варналарға қызмет етуге тиісті болды. Варнаның бірінен екіншісіне өтуге тыйым салынды. Ману заңында жеті түрлі меншік құқығының пайда болу жолдары нұсқалған: мұрагерлік, сыйға алу немесе олжа тауып алу, сатып алу, жаулап алу, өсімқорлық, атқарылған жұмыс ақысына алу, қайырымдылық жасау. Ману заңында патша өзіне қарастыларды қорғамай, салық салса, онда ол тозаққа барады делінген. Қарызын тиісті мерзімде өтей алмаған борышқор жұмыс істеп өтеуге міндетті болды. Бірақ төм. кастаға жататын несиегер жоғ. касталық борышқорды жұмыс істетіп өтетуге мәжбүрлей алмады, ол борышын біртіндеп беріп отырды. Борышқор қайтыс болса, оның міндеттемелері баласына немесе туысқанына көшті. Ману заңы бойынша әйел адам жас шағында әкесіне, кейін күйеуіне, ал күйеуі дүниеден озған соң балаларына бағынуға міндетті болды. Ер адам өзінен төмен варнадан әйел алуға ерікті болғанмен әйел адамның өзінен төмен варна адамына күйеуге шығуына тыйым салынды. Шудраның брахман әйел алуы сорақы күнә болып есептелді. Отбасы мүлкін қожайын басқарды. Қожайын өлген соң дүние-мүлік не әр балаға үлестірілді, не үлкен балаға қалды. Үлкен балаға қалған жағдайда ол басқа балаларды қамқорлығына алды. Қыздарға мұра тиесілі болмады, бірақ оларға бауырлары өз үлесінің төрттен бірін беруге тиіс болды. Заңда патша жауларына қызмет көрсету, қала қорғанын, қала қақпасын бүлдіру секілді мемлекеттік қылмыстар алдыменен сөз етілді. Түнде ұрлыққа түскен адамға тағайындалатын жаза — екі қолын да кесіп, шанышқыға отырғызу. Бір рет ұрлық қылған адамның қолының екі саусағы, екінші ұрлық үшін қол мен аяқ кесілді, үшінші рет ұрлық жасаған адамға өлім жазасы берілді. өрлықты көре тұра айтпаған адам да жазаға тартылды. Ал ұрлықтың ізін жасырушы ұрының өзімен бірдей жазаланды. Адам өлтірушіге де өлім жазасы тағайындалды. Жоғ. сот қызметін патша мен брахмандар атқарды. Қылмыстық және азаматтық іс жүргізушілік арасында айырмашылық болмады, сот отырысы жарыспалы түрде өтті. Ману Заңы 2685 баптардан тұрады. Құқықтық мазмұн негізінен ҮІІІ және ІХ бөлімдерде көрсетілген. Ману Заңының ең маңыздысы – варналық құрылымның қалыптасуы. Бұл жерде діни ілім бойынша әр варнаның пайда болу туралы; варнаның әскери-кәсіптік мінездемесі көрсетіледі; әр варнаның тағайындалуы туралы; жоғарғы варнаның үстемдігі туралы айтылған. Заң негізгі жеке меншіктің түрін жер деп таниды. Мемлекеттің жер қорын патшаның, қауымның, жеке адамның жерлері құрайды. Мемлекеттің бүкіл жері патшаның жеке меншігінде болған жоқ. Патша жерден жеке меншік иеленуші ретінде емес, мемлекет мүддесін қорғаушы ретінде салық алып отырған. Ману Заңы бойынша, егер патша салықты жинап, мүдделерін қорғамаса, онда ол тозаққа барады дейді. Міндеттемелер. Ману заңында көрсетілген сотта қарастыратын істердің 18 жуығы міндеттемеге, жалға беруге, сауда-саттыққа, сақтауға және т.б. арналған. Артхашастра мен Ману заңы қарыздық міндеттемені орындалуына тиімді тәсіл ретінде – залог институтын (Артхашастраның ІІІ тарауы 12 бөлімі 11, 12 баптар) енгізеді. Ежелгі Үндістанда жерді жалға (аренда) беру шарты белгілі болған, Қауымдық меншік мүліктік дифференциация ұшырағаннан кейін аталмыш шарт кең етек жайған. Кедейленген жериеленушілер өз жерлерін жалға беруге мәжбүр болған. Ману Заңында сату-сатып алу шарты да кеңінен тараған. Ману Заңында сыйға беру шарты қарастырылған.Шарттың кейбір түрлерін реттеу үшін заң жалпыға бірдей ережелер бекітеді. Ману заңында келтірілген залалдан туындайтын міндеттемелер туралы айтылған. Неке және отбасы құқығы. Ежелгі Үндістан қоғамына патриархалды отбасы тән. Күйеуі-отагасы. Әйел күйеуіне және ұлдарына толық тәуелді болған. Неке мүліктік шарт сипатты, яғни күйеу өзіне әйелді сатып алады және оның жеке меншігі болып саналды.Отбасы мүлкі толығымен отағасының билігінде болған. 299 бапқа сәйкес «бұзақы қылық жасаған әйелін, баласын, құлын, шәкіртін және туған інісін арқанмен және бамбук шыбыкпен ұруға құқығы бар».Ману заңы жоғарғы дхармаға сай ерлі-зайыптылар арасында «өлер өлгенге дейін толық сенімділік» болады деп жариялай отырып, күйеу жігітке бірнеше әйел алуға және ажырасуына рұхсат береді.Барлық мүлік олардың ортақ игілігі, бірақ күйеуі иелігін жүргізген. Әке-шешесі қайтыс болған жағдайда мүлік ұлдар арасында бөліске түскен, немесе кіші інілеріне қамқоршы болып қалған үлкен ұлы ие болған. Қыздар мұрагерлікке ие бола алмайды, бірақ ағалары ¼ бөлігін бөліп беруге тиіс еді.Қылмыс пен жаза. Ежелгі Үнді құқығында, сол тәрізді Хаммурапи заңында қылмыстық-құқықтық нормалар жалпы құқықтық тыйымдардан жеке бөлінбеген. Ману заңында қылмыс түсінігі сол уақытқа байланысты өте жоғары танылған, жаза түрі қылмыс жасаған жағдайына байланысты тағайындалған. Бірақ қылмыс түсінігі толығымен қалыптаспаған Ману заңында да, Каутилья Артхашастраларында да деликт пен қылмыс арасында айырмашылық шегі анықталмаған. Заңда кінәнің нысандары (қасақана және абайсыздық), қылмыстың қайталануы, қылмысқа қатысушылық, жәбірленушінің және кінәлінің касталық тегіне қатысты қылмыс ауыртпалығы айқындалған.
2.2 Вавилон, Вавилония – ежелгі мемлекет.
Вавилон, Вавилония – ежелгі мемлекет. Даму тарихы төрт кезеңге бөлінеді: 1) ерте Вавилон патшалығы (біздің заманымыздан бұрынғы 1894 – 1518); 2) касситтер дәуірі (біздің заманымыздан бұрынғы 1518 – 1204); 3) саяси құлдырау дәуірі (біздің заманымыздан бұрынғы 1204 – 626); 4) жаңа Вавилон патшалығы (біздің заманымыздан бұрынғы 626 – 538). Месопотамияның оңтүстік бөлігінде (қазіргі Ирак жері) біздің заманымыздан бұрынғы 2-мыңжылдықтың басында пайда болған бұл мемлекет өзінің басты қаласының атауымен аталды. Ол алғашында (біздің заманымыздан бұрынғы 24 – 22 ғасырлар) Аккад мемлекеті патшаларының, кейіннен Ур әулетінен шыққан (біздің заманымыздан бұрынғы 22 – 21 ғасырлар) патшалардың қол астына қарады. Біздің заманымыздан бұрынғы 1894 жылы аморит тайпасынан шыққан Сумуабум әулеті Вавилон патшалығының негізін қалады. Хаммурапи патша (біздің заманымыздан бұрынғы 1792 – 50) тұсында Вавилон нығайып, ірі мемлекетке айналды. Біздің заманымыздан бұрынғы 16 ғасырда елді касситтер жаулап алды. Касситтер дәуірінде сыртқы саясат айтарлықтай табысты болмады. Дегенмен, елдің шаруашылығы қайтадан өркендеп, жылқы өсіру жақсы дамыды. Касситтер әулеті құлағаннан кейін Навуходоносор І (біздің заманымыздан бұрынғы 1146 – 25) патша мен оның мұрагерлері тұсында Вавилон қайтадан күшейіп, Ассирия мен Эламды өзіне бағындырды. Бірақ кейіннен патшаның билігі әлсіреп, бөлініп шыққан Ассирия мен Эламның жасаған шабуылдары шаруашылықты мүлдем құлдыратып жіберді. Ассирия әскерлері қаланы екі рет қиратты, бірақ екі ретінде де Вавилон қалпына келтірілді. Біздің заманымыздан бұрынғы 626 жылы халдей тайпасынан шыққан Набопаласар Ассириядан бөлініп, өзін Вавилонның патшасымын деп жариялады. Ол мидиялықтармен одақтасып, Ассирия патшалығын талқандады да, территориясын бөліп алды. Сөйтіп, Жаңа Вавилон кезеңі басталды. Навуходоносор ІІ (біздің заманымыздан бұрынғы 604 – 562) патша тұсында көптеген аймақтар жаулап алынды. Осы кезде Вавилонның экономикасы да күшейіп, Алдыңғы Азиядағы негізгі сауда орталығына айналды. Навуходоносор ІІ өлгеннен кейін сарай төңкерістері болып, мидиялықтармен үздіксіз соғыс жүргізілді. Біздің заманымыздан бұрынғы 538 жылы парсылардың патшасы Кир ІІ Вавилонды басып алды. Осыдан кейін Вавилон патшалығы өзінің өмір сүруін мүлдем тоқтатты. Вавилон мемлекетінің пайда болуы және дамуы. Месопатамияда қоныс тебу неолит дәуірінен басталды. Алғашқы тұрғындары балық шаруашылығымен, аң аулаумен айналысқан. Б.э.д. ІІІ мың жылдықта Тигр мен Ефрат өзендерінің аралығында бірнеше қала мемлекеттері пайда болған, соның бірі – Вавилон. Демек, Месопатамиядағы ежелгі өркениеттің негізін салушылардың бірі шумерлер.Б.э.д. 2109 жылы кути тайпаларының жеңілуі нәтижесінде Месопатамидағы билік толығымен Ур патшасы Ур-Намурдың қолына көшеді. Ол ІІІ Ур әулетінің негізін қалап біріккен шумер-аккад патшалығына билігін жүргізген. Вавилонның гүлденуі І Вавилон әулетінің алтыншы патшасы Хаммурапи (б.э.д. 1792-1750 жж.) тұсында болды. Хаммурапи ірі мемлекет қайраткері, айлакер дипломат, ақылды заңгер және көріпкел ұйымдас тырушылық қасиетімен көзге және сөзге ілінген. Оның басқару кезінде мемлекет экономикасы суармалы жер шаруашылығына, бау-бақша және мал шаруашылығына, қолөнерге негізделген, сыртқы және ішкі сауданы дамытуға бағытталған еді. Маңызды сауда орталықтарына Вавилон, Ниппур, Сиппар, Ларса, Ур және т.б. қалалар жатқан.
Вавилон мемлекетінің қоғамдық
және мемлекеттік құрылысы. Ежелгіва
Хаммурапи заңдары — Вавилон заңдарының жинағы. Бұл заңдар Хаммурапи патшалық еткен кезде, шамамен біздің заманымыздан бұрынғы 1760 жылы қабылданған. Хаммурапи заңдары Ежелгі Шығыстағы құл иеленушілік құқықтың аса маңызды ескерткіші болып есептеледі. Диорит бағанға сына жазуларымен жазылған бұл заңдардың мәтіндері 1901 — 1902 жылдары ежелгі Эламның астанасы — Сузы қаласының орнына жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. Оны ол жерге эламдықтар әскери олжа ретінде әкелген болса керек. Хаммурапи заңдары қазіргі кезде Луврда сақтаулы тұр. Заңның неғұрлым кейінгі көшірмелерінің жұрнақтары Сузы, Ниневия, тағы басқа. Месопотамия қалаларында жүргізілген қазба жұмыстарында табылды. Хаммурапи заңдарының мәтіні кіріспеден, 282 баптан және қорытынды бөлімнен тұрады. Онда әлеуметтік теңсіздіктің салыстырмалы түрдегі жоғарғы дәрежесі бейнеленген. Сына жазуымен баяндалған заңдар азаматтық және қылмыстық құқыққа бөлінбесе де баптар белгілі бір топтарға біріктірілген; сот процесі, меншік, патша қызметі, неке мен отбасы, міндеттер, тағы баскқа. Оның үстіне әрбір тақырып қылмыстық-құқықтық, сондай-ақ азаматтық-құқықтық тұрғыдан түсіндіріледі. Құқық субъектілері болып ерікті қауым мүшесі (авилум — “адам”) және толық құқығы жоқ патша қызметіндегі ерікті адам (мушкенум — “төмен құлайтын”) танылды. Кейбір құқықтарды (ажырасу және қалың малын қайтарып алу құқығы) ерікті әйелдер де пайдаланған. Құлдар мен балалар тек құқық нысандары ретінде ғана қарастырылды. Хаммурапи заңдарында құл иеленушілердің құлдарға үстемдігін, жалпы жеке меншікті нығайтуға және патша қызметіндегі адамдардың мүдделерін қорғауға ерекше көңіл бөлінді. Бұл заңдар бойынша Вавилон патшалығындағы тауар-ақша қатынастарының елеулі дамығаны жөнінде қорытынды жасауға болады. Ғылыми әдебиетте Хаммурапи заңдары әрекет еткен құқық жинағы ретінде (бұл неғұрлым шындыққа жанасады), “әлеуметтік әділеттілікті” бейнелеген заңдық трактат немесе Хаммурапи патшаның өз қызметі жөніндегі құдайларға берген есебі ретінде қарастырылады. Хаммурапи заңдары ежелгі Кіші Азияның өзінен кейінгі заңдарына елеулі ықпал етті. Хаммурапи заңына жалпы сипаттама. Дүниедегі алғашқы жазылған заң жинақтарының бірі Вавилон патшасы Хаммурапидің заңдары. Ежелгі Вавилон құқығының ескерткіші Хаммурапи патшаның заңы (б.э.д. ХVIII ғ). Хаммурапи заңы белгілі бір жүйесіз, ешбір салаға жатпай жазылған. Бірақ осы заңның ішкі логикасын айқын көруге болады. Заң тексті базальт стильде жазылған. Жоғарғы жағында Шамаш құдайдың суреті бейнеленген, яғни осы заңды тізерлеп, қолын жайып, мойын ұсынып тұрған Хаммурапиға беріп жатқаны. Бұл сурет заңның құдіреттілігін сипаттайды. Хаммурапи заңы баптарға бөлінбеген, бірақ француз ғалымы В.Шейл тұнғыш рет заңды 282 бапқа бөліп қарастырады. Заң жинағы ерекше топтастырылған заң нормаларынан құрылады. Мысалы:1-5 баптар процессуалдық сипаттағы ережелер; 6-126 баптар мүліктік қатынастарға; 127-195 отбасылық –мұрагерлікке; 196-214 баптар жеке тұлғаны қорғауға; 215-282 жалға беру тәртібіне және тағы басқа қатынастарға арналған. Заң баптарға бөлінбегенін айтып кеттік, сондықтан ескерткішті кодекс сияқты жинақ деп қарастыруға болмайды. Ежелгівавилон құқығының таптық мәні мүліктік қатынастарды реттейтін және жеке меншікті бекітетін заң баптарында айқын көрініс тапқан. Вавилонда құлдар басқа да мүліктер (мал,еңбек құралдар және т.б) сияқты меншік объектісі болып табылды. Ежелгі Вавилонның әлеуметтік топтардың құқықтық мәртебелері. Бұл сұрақты қарастырған кезде, қоғамды құлиеленушілік те, феодалдық те деп қарастырмаған жөн, аталмыш қоғамның көп сипаты «азиаттық» құрылымға тән. Сондықтан маркстік 5 формация түрінің (құлиеленушіліктен – социализмге дейін) белгілері сай келмейді. Сонымен қатар, Хаммурапи заңында еріктілер арасындағы теңсіздікті көрсетеді: авилум («адам», «адамның ұрпағы») мен мушкенум (патшаға қызметке орналасу туралы өтініш жасайды) арасындағы теңсіздік. Мушкенум –өз қызметі үшін патша жерінен жер бөлігіне ие болатын, тәуелді тұлға. Авилумдарды толық құқық қабілетті және әрекет қабілетті «жеке тұлға» деп айту қиын, өйткені авилумдардың құқықтық жағдайы территориалдық қоғамға және үлкен патриархалды отбасыға жататынмен анықталады. Әскери адамның құқықтық жағдайы Хаммурапи заңның нормаларының анализінен анықтауға болады, яғни тұтқындағы әскердің өз мүлкін, әйелі мен баланың сатып алуы (выкуп) құқығы. Міндеттемелер. Хаммурапи заңдарында сол кезде маңызды рөл атқарған жер қатынастарын реттейтін бірқатар баптар болған. Жалға алушы өнімнің үштен бір бөлігін төледі. Жалға беру қысқа мерзімді болды (бір немесе екі жылға). Жалға тек қана жер, бақшалар берілмеді, сонымен қатар Хаммурапи заңдарында көрсетілгендей бөлмелер, үй жануарлары, құлдарды жалға берілді. Неке және мұрагерлік құқық. Хаммурапи заңдарының маңызды бөлігі (шамамен 70) неке-отбасы қатынастарын реттейді. Бұл кездейсоқтық емес. Отбасы, отағасы арқылы мемлекетпен және қауыммен байланысқа түсетін маңызды әлеуметтік ұяшық (144-147 баптар). Күйеу жігіт некелесу кезінде қыздың әкесіне жұмысшы қолын жоғалтқаны үшін белгілі бір мөлшерде қалың мал төлеген (176-184 баптар). Егер қыздың әкесі оны күйеуге бермесе, төленген қалың малды екі есе етіп қайтарды. Қалындықтың әкесі қызына төсек орын және жасауын берген, оның ерекше құқықтық ережесі бар, бірақ бұл мүлікті күйеу жігіт билеп төстеген. Қылмыс және жаза. Хаммурапи заңында қылмыс пен жаза ұғымына, анықтамасына және мемлекет үшін ерекше мәнді қылмыстық-құқық нормаларын бөліп қарастыруға ұмтылыс жасамағанын байқаймыз. Бұндай нормалар аталмыш ескерткіште толық көлемде және жүйелі түрде берілмеген. Заңда патша, діни, абыз билігіне және мемлекеттік басындағыларға қарсы бағытталған қылмыс жасаған қылмыскерлер туралы баптар жоқ. Өйткені ондай қылмыскерлерді патша өкіметіне ұстап беру міндетті болған сияқты. Хаммурапи заңы талион («көзге көз, тіске тіс» яғни, кінә үшін оған тең жаза тарту керек) принципіне негізделген қатаң жазаларымен сипатталады. Бірақ бұл принцип қоғамның дамуына байланысты кей кезде жұмсарып отырғанын заңның белгілі баптарынан байкауға болады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Әмірбеков Ш. Мемлекет және құқықтың жалпы тарихы. Өркениет, 2000.
2 Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999.
3 Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999.
4 Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980.
5 Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994
6 Антология мировой правовой мысли. В 5 т. Т.1. Античный мир и восточные цивилизации /Отв. Ред. Л.Р. Сюкияйнен. М,. 1999.
7 Законы Вавилона, Ассирии и хеттского царства /Предисл., пер. и коммент. под ред. И.М. Дьяконова //Вестник древней истории 1952. № 3-4.
8 Хрестоматия по истории государства и права зарубежных стран. В2. / Отв. Ред. Н.А.Крашенникова. Т.1.Древный мир и Средние века / Сост. О.Л. Лысенко, Е.Н. Трикоз. М., 2003.
9 История государства и права зарубежных стран / Под ред. О.А. Жидкова и Н.А. Крашенниковой. М., 1996. Ч.1.
10 Крашенникова Н.А. История права Востока. М., 1994.
11 Оппенхейм Н. Древняя Месопатамия. Портрет погибшей цивилизации. М., 1990.
12 Якобсон В.А. Возникновение писанного права в Древней Месопатамии // Вестник древней истории. 1984. № 4.
13 Якобсон В.А. «Кража» и «грабеж» по законам Хаммурапи // Палестинский сборник. Вып. 26. М., 1978.