Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2015 в 11:14, статья
Германиядағы немістер болсын, Қазақстанда тұратын немістер болсын дәстүрлі кәсіптері – егіншілік пен мал шаруашылығы, балық аулау, қол өнерімен де айналысады. Елімізде тұратын неміс халқы ұлттық қолөнермен, оның ішінде ұсталық, зергерлік, көзешілік, ағашқа алуан бедер салу, кесте тігу дамыған.
Немістер аса ұқыпты, іске тиянақты, әр сағатын, тіпті әрбір минутын пайдалы іске жарататын, бос сөзден гөрі нақтылы істі жақсы көретін халық. «Неғұрлым өнімді жұмыс істесек, соғұрлым жақсы демаламыз» деп есептейді. Күн демей, түн демей, талмай, шаршамай еңбек ету, байлықты еңбек арқылы жасау неміс халқының ежелгі дәстүрлерінің бірі.