Еліміздегі неміс диаспорасының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Февраля 2015 в 11:14, статья

Краткое описание

Германиядағы немістер болсын, Қазақстанда тұратын немістер болсын дәстүрлі кәсіптері – егіншілік пен мал шаруашылығы, балық аулау, қол өнерімен де айналысады. Елімізде тұратын неміс халқы ұлттық қолөнермен, оның ішінде ұсталық, зергерлік, көзешілік, ағашқа алуан бедер салу, кесте тігу дамыған.
Немістер аса ұқыпты, іске тиянақты, әр сағатын, тіпті әрбір минутын пайдалы іске жарататын, бос сөзден гөрі нақтылы істі жақсы көретін халық. «Неғұрлым өнімді жұмыс істесек, соғұрлым жақсы демаламыз» деп есептейді. Күн демей, түн демей, талмай, шаршамай еңбек ету, байлықты еңбек арқылы жасау неміс халқының ежелгі дәстүрлерінің бірі.

Прикрепленные файлы: 1 файл

НЕМІСТЕР.docx

— 638.88 Кб (Скачать документ)

НЕМІСТЕР

Кеңес одағының жоғарғы кеңесі 1941 жылы 28 тамызда немістерді жер аудару туралы бұйрық шығарғаннан кейін сол жылдарда 1 млн 200 мың адам жер аударылған.

 

1941 жылы Кеңестер  одағының Еділ өңірі мен Поволжья  аудандарын мекен еткен немістерді  күштеп жер аудару туралы бұйрыққа  сол уақытта Кеңестер одағының  жоғарғы кеңесі президумының  төрағасы болған Михаил Калинин  қол қойған. Аталмыш құжатта: “Поволжья  ауданында тұрып жатқан неміс  халқының арасында Кеңес одағының  жауы болған Германия үшін  жұмыс істейтін мыңдаған диверсанттар  мен тыңшылар бар. Олар Поволжья  ауданында төңкеріс жасауы мүмкін. Бұл құжат сол себепті қабылданып  отыр”, деп айтылады.

 

Қазақстандағы неміс ұлтының өкілі жазушы әрі аудармашы Герольд Бельгер бұл саясат Қазақстандағы неміс ұлты санының айтарлықтай өсуіне әсер етті, дейді.

 

“Сол жарлықтан соң іле-шала Ресейдің Мурманск, Ленинград, Мәскеу, Краснодар өлкелеріндегі Әзербайжан, Армения, Грузияда тұрған немістерді Қазақстанға эшолон-эшолонмен әкелді. Жалпы санақ бойынша сол жылдары Кеңестер одағында 1 млн 120 мың адам жер аударылған. Оның 462 мыңға жуығы Қазақстанға келіп қоныстанған. Мінеки, содан бері Қазақстанның кез-келген жерінен немістерді кездестуріге болады”, - дейді Герольд Бельгер.

 

 

 

 

 

Еліміздегі неміс диаспорасының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары

 

Германиядағы немістер болсын, Қазақстанда тұратын немістер болсын дәстүрлі кәсіптері – егіншілік пен мал шаруашылығы, балық аулау, қол өнерімен де айналысады. Елімізде тұратын неміс халқы ұлттық қолөнермен, оның ішінде ұсталық, зергерлік, көзешілік, ағашқа алуан бедер салу, кесте тігу дамыған.

 

Немістер аса ұқыпты, іске тиянақты, әр сағатын, тіпті әрбір минутын пайдалы іске жарататын, бос сөзден гөрі нақтылы істі жақсы көретін халық. «Неғұрлым өнімді жұмыс істесек, соғұрлым жақсы демаламыз» деп есептейді. Күн демей, түн демей, талмай, шаршамай еңбек ету, байлықты еңбек арқылы жасау неміс халқының ежелгі дәстүрлерінің бірі.

 

Қазақстанда тұратын немістердің өз араларында тойлайтын ұлттық мейрамдары бар.

 

Мысалы, аптаның соңғы күндерінде «ата-аналар күні» деп аталатын мейрамын тойлайды. Қайтыс болған кісілердің аруақтарына бағыштап түрлі тәтті тоқаштар мен бәліштер пісіріп, туыстарына таратады.

 

Жаз айының 24 жұлдызында Иванов күнін атап өтеді. Бұл мейрамда иониттер мен мальталық серілер лаулатып алау жағып, бір-бірінің қолдарынан ұстасып отты айнала алуан ойын-сауық құрады. Лаулап жанған отты үш рет айналып, малдарын айдап өткендер бақытқа кенеледі деген сенімді ұстанады. Оттан қалған шоқты мал қораға шашудың мақсаты малды, малшыларды жамандықтан қорғау болып табылады. Қазақстандағы немістер әлі де шіркеу әулиелеріне табынып келеді.

 

НЕМІС ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАРЫ

 

 

"Айнтопф» сөзі немісше "бір кастрюль" дегенді білдіреді, бұл шын мәнінде осы тамақтың құпиясы болып табылады.

Бар қулық мынада: бір ыдыста бір тамақ әзірленеді және ол толық түскі асты ауыстырады. Кастрюльге бекон немесе басқа етті, көкөністерді, картопты, күріш пен ботқаны немесе қолда бардың барлығын салады. Әрі қарай осының барлығы ұзақ уақыт бойы дайындалады. 
Құраушыларына байланысты, тамақ көжені, гуляшты немесе салатты еске салуы мүмкін, - әркім өзінің жанына жақынын таңдайды. Айнтопф Германияда адамдар кедей болған және отбасылары үлкен болған кезде пайда болды. Үй шаруашылығындағы әйелдер оны уақыттары аз болғанда, мысалы, көп кір жуғанда немесе астық жинағанда дайындаған.

 

 

 

 

Чизкейк – бұл Германияда ғана емес, сонымен бірге бүкіл әлемде танымал басытқы.

Неміс әдебиеттерінде чизкейктің ең ескі рецептісі 1596 жылы жазылған болатын, ол кезде Анна Алярм оны өзінің аспаздық кітабында алғаш рет жариялады. Ал 100 жыл өткен соң Нюрнбергтік Рецептер Кітабында осы басытқыны дайындаудың бірнеше тәсілі айтылған .

Чизкейктің негізі ылғи да сүзбе, міндетті түрде тұздалмаған сүзбе болған, оған қант, жұмыртқа, сүт қосады, сонан соң алынған қоспа қыздырып пісіріледі. Өте жиі чизкейкке жидектерді: таңқұрайды, қара бүлдіргенді, шиені, қызыл және қара қарақатты, қарамықты; сондай-ақ жемістерді: алманы, алхорыны, апельсинді, мейізді, бадамды және т.б. қосқан.

 

 

 

 

НЕМІСТЕРДІҢ ҰЛТТЫҚ КИІМІ

Немістердің дәстүрлі киімі ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардан бастап киімнің ортағасырлық элементтері мен қала сәні негізінде қалыптаса бастаған. ХІХ-ХХ ғасырларда «тироль ерлер костюмі» деп аталатын киім кең тараған – қайырма жағалы ақ көйлек, иықбауы бар қысқа былғары шалбар, қызыл жилет, жалпақ былғары белбеу, тізеге дейін жететін шұлық, туфли және енсіз қайырма жиегі мен  қауырсыны бар қалпақ.

 

 

Әйелдердің ұлттық киімінің негізгі элементтері – корсаж немесе кофта, бүрмелі юбка мен алжапқыш.  Көбінесе иықжапқыш орамал салып жүрген. Әйелдердің бас киімі айрықша сантүрлілігімен ерекшеленеді – орамалдар, түрлі үлгідегі телпектер (чепцы) жән сабан қалпақтар.

 

 

 


Информация о работе Еліміздегі неміс диаспорасының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары