Қайта Өрлеу дәуіріндегі Италия әдебиеті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 19:58, реферат

Краткое описание

Италиядағы Қайта өрлеу дәуірі басталған ХІІІ ғасырда байлар мен кедейлер арасындағы күрес күшейе бастайды. Халық қозғалысынан қорыққан буржуазия кейбір қалаларда республикалық биліктің орнына монархия орнатады. Солай болса да, мемлекет мәдениеті қала коммуналарымен тығыз байланыста болатын. Мұның өзі Проторенессанс кезеңіне демократиялық сипат береді.
Бірақ қалалардағы төңкерісшіл қозғалыстың күпен тұншықтырылуы, еркін коммуналар орнына монархиялықұ биліктің орнауы XV ғасырда гуманистік әдебиетке көп өзгерістер алып келді. Көп гуманистер шынайы өмірден алыстап, антика әдебиеті үлгілері мен ондағы образдарға көңіл бөле бастайды. Тірі итальян тілінде емес, антикалық латын тілінде жазуға ұмтылыстар күшейді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қайта Өрлеу дәуіріндегі Италия әдебиеті.doc

— 55.50 Кб (Скачать документ)

Философиялық  трактаттары Петрарканың қоғамдық-саяси  көзқарастарын айқын танытады. Өмір қуанышын, табиғат сұлулығын жырлау, өзге діндерге құрметпен қарау сияқты ойларды айтумен қатар ақын христиан дінінің шырмауынан да шыға алмайды, орта ғасырлық схоластикалық дүниетанымнан қол үзе алмады.

Петрарка лирикасының  тарихи маңызы өте зор, өйткені ол Италия поэзиясын ортағасырлық мистика  мен аллегоризмдерден тазартты, «күнә» деп саналған махаббат пен тұрмыстық мәселелерді жырлауға жол ашты.

Петрарка поэзиялық  формаға да ерекше назар аударды, оған мазмұн еркіндігін енгізді. Данте  болса форманы пікір білдірудің құралы деп санаған болатын. 


Информация о работе Қайта Өрлеу дәуіріндегі Италия әдебиеті