Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 19:58, реферат
Италиядағы Қайта өрлеу дәуірі басталған ХІІІ ғасырда байлар мен кедейлер арасындағы күрес күшейе бастайды. Халық қозғалысынан қорыққан буржуазия кейбір қалаларда республикалық биліктің орнына монархия орнатады. Солай болса да, мемлекет мәдениеті қала коммуналарымен тығыз байланыста болатын. Мұның өзі Проторенессанс кезеңіне демократиялық сипат береді.
Бірақ қалалардағы төңкерісшіл қозғалыстың күпен тұншықтырылуы, еркін коммуналар орнына монархиялықұ биліктің орнауы XV ғасырда гуманистік әдебиетке көп өзгерістер алып келді. Көп гуманистер шынайы өмірден алыстап, антика әдебиеті үлгілері мен ондағы образдарға көңіл бөле бастайды. Тірі итальян тілінде емес, антикалық латын тілінде жазуға ұмтылыстар күшейді.