Қылмыстылық құрылымы және сипаттамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2014 в 16:49, реферат

Краткое описание

Қылмыстылық тек қана қоғамда орын алады және ол тек қана әлеуметтік себептерден туындайды. Қылықтарды рұқсат етілген және тыйым салынған деп бөлудің, белгіленген тыйым салуды бұзғаны үшін жазалаудың өзі тіптен әлеуметтік феномен. Осыған байланысты осындай бөлушілік пен оны бұзушыға деген жауаптылық шарасын белгілейтін қылмыстық заңда осы әлеуметтік себептерге орай пайда болды. Қылмыстық-құқық саласында қалайда қателіксіз төрелік етудің, соның ішінде қандай қоғамның (билік етуші таптың ба) мүддесін қорғау жөнінде белгіленген шек пен өлшем жоқ. Осыған орай, қылмыстық заң қоғамдық-саяси жүйеге зиян келтіретін кез келген іс-әрекетті қылмыстық (және жазаланатын) деп санайды.

Содержание

1. Негізгі бөлім. Қылмыстылық құрылымы және оның сипаттамасына байланысты түсініктерді ашу.
2. Қорытынды бөлім.

Прикрепленные файлы: 1 файл

криминология.docx

— 54.44 Кб (Скачать документ)

60-жылдардың аяғында 70-жылдардың  басында АҚШ-та мүлік тонау  мен автомобил, тонаудың бес  оқиғаларының бірінде ғана қамауға  алу жүзеге асырылып отырған.  Полицияға хабарланған жеке меншікке  қарсы жасалған қауіпті қылмыстардың  жиырма оқиғасының біреуіне ғана  айыптау үкімі шығарылып отырған [2].

АҚШ-та 70-жылдардың аяғында 80-жылдардың басында елдегі жасалып  жатқан қылмыстық әрекеттердің жартысынан артығы полицияға хабарланбайтын болған. Осы елдің бұрынғы президенті Р. Рейганның, АҚШ-та қазіргі заманғы қылмыстар індеттік сипатқа ие болып отыр, қылмыстан американдық әрбір отбасы зәбір шегіп отыр деп мойындауы тегін емес болатын.

Кеңестік криминологияда жасырын қылмыстылық мәселелрінің кейбір аспектілері 60-жылдардың ортасы мен 70-жылдарда оқып-зерттеле басталды. Әдістемелік және ұйымдасытырушылық қиыншылықтарының салдарынан бұл мәселені кешенді түрде зерттеу әлі де тиісті мәнде қолға алынбай отыр.

Отандық криминологтардың көпшілігі  жасырын қылмыстылықты полиция, прокуратура және сот органдарымен әшкереленбеген қылмыстардың жиынтығы деп түсінуде.

Кейбір ғалымдардың пікірінше, белгілі болған, бірақ есепке енбеген  қылмыстылық жасырын деп саналмайды. Әсіресе мұндай ойлар Г.  И. Забрянскийдің, А. А. Коневтің, А. С. Шляпочниковтің және басқалардың еңбектерінде анық айтылады. Олар жасырынның қатарына қылмыстық сататистикада тіркелмеген қылмыстардың төмендегі үш тобын енгізбейді:

1) ісі жолдастық соттар мен кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияда қаралатын кейбір қылмыстар;

2) тиісті билік органдарының мәлімдемесі нәтижесінде белгілі болған, алайда осы органдардың қызметкерлерімен жасырылған қылмыстар;

3) көптеген жағдайда бастапқы есеп жүргізу жүйесінің жетілдірілмегендігінен тіркелмейтін қылмыстар.

Дегенмен, белгілі мен  жасырын қылмыстылықтардың арасындағы айырмашылықтарды «айқындық» белгісімен немесе қылмыстылықпен күрес  субъектілердің қызметінің шеңберінде айыруға жасалған ұмтылыс та жасырын қылмыстылық табиғатының сырын білуге онша көмегін тигізе қоймады.

Ғалымдардың екінші бір тобы жасырын қылмыстылықты қылмыстық  статистикада көрсетілмеген және тіркелмеген  нақты жасалған қылмыстардың жиынтығы деп санайды. «Жасырын қылмыстылық» ұғымына анықтама беруде олар басты назарларын «жасырындыққа» немесе «айқындыққа» емес, қылмыс жөніндегі мәліметтің бастапқы құжатындағы «тіркелмегендігіне» аударады.

Мәселенің криминологиялық  аспектілері бәрінен бұрын жасырын  қылмысты белгісіз себептермен қылмыстық  статистикада тіркелмей қалған нақты  бір орында, белгілі бір уақытта  іс жүзінде жасалған қылмыстардың және оларды жасаған адамдардың тұтастай жиынтығы ретінде зерттеуді ұсынады.

Мұнымен бірге, жасырын қылмыстылықтың Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде қарастырылған қылмыстық белгілеріне жататын және  нақты бір қылмыс құрамын құрайтын қылмыстық-құқықтық аспектілері де болуы мүмкін.

Статистикалық аспект жасырын  қылмыстардың жасалу фактілерінің барлық жиынтығын оның жай-күйін, деңгейін, құрылымы мен динамикасын (ағымын) анықтау  үшін, тіркелген және жасырын қылмыстылықтың арасындағы сандық арақатынасты анықтау  үшін оқып-зерттейді (жинақтайды, өңдейді, талдайды).

Жасырын қылмыстылықтың криминалистикалық  аспектілері жасырын қылмыстылық түрлерінің жасалуы мен жасыру жолдарын, онымен келтірілген зардаптарды, кінәлілерді әшкерелеудің әдістемелері мен тәсілдерін оқып-зерттеуге бағытталған.

Виктимологиялық аспект қылмыс құрбандарының жасалған қол сұғушылықтарды тиісті органдарға хабарламауының себептерін оқып-зерттеуді ±йғарады.

Әлеуметтік аспект осы  қылмыстармен шын мәнінде келтірілетін зияндарды оқып-зерттеуді қарастырады, өйткені олар әлеуметтік қатынастардың  жоғары деңгейде қалыптасуын тежейді, заңдылықты нығайтуға кері әсерін тигізеді.

Ақпараттық аспект қылмыс туралы хабарлардың «тарап кету»  себептерін анықтауға жағдай туғызатын  және қылмыс туралы белгі-дабылдарды қабылдау мен тіркеуді жетілдіруге бағытталған  шараларды ойлап табатын қылмыс туралы ақпараттарды жинау (қабылдау), өңдеу, тіркеу және тарату жүйесін оқып-зерттеуді  ұйғарады.

Жасырын қылмыстылықтың -кономикалық  аспектісі оның -кономикаға келтірген  зиян түрлерін оқып-зерттеуді ұйғарады.

Жасырын қылмыстылықтың әлеуметтік-психологиялық  аспектісі назарын қылмыстылықпен күресте туындайтын белгілі бір  қиындықтар (кейбір қылмыскерлердің  жазаға тартылмауы) туғызатын қоғамдық және жеке адамдық сана-сезімде кері өзгерістер мен теріс пиғылдарға аударады.

Қылымыстылықтың осы бөлігімен  күрестің теориясы мен тәжірибесі үшін оларды жіктеудің ерекше мәні бар. Өздерінің  жасырындылығына қарай жасырын  қылмыстылықты негізгі 4 топқа бөлуге болады.

1. Жасырындылығының дәрежесі жоғары қылмыстар: пара алу мен беру және оған делдалдық жасау; тұтынушылар мен тапсырыс берушілерді алдау; есіртікілік заттарды заңсыз дайындау, өткізу, сатып алу; соққыға жығу, азаптау, қорлау, жала жабу; көлік құралдарын, машиналар мен механизмдерді бас пайдасы үшін пайдалану және басқалар.

2. Жасырындылығының дәрежесі орташа қылмыстар: зорлау, әйелді жыныстық қатынасқа түсуге еріксіз көндіру, жекенің мүлкін ұрлау, бұзақылық, қордалар ұстау, жеңгетайлық және өзге де қылмыстар.

3. Жасырындылығының дәрежесі бірқалыпты қылмыстар: ірі мөлшердегі бөтеннің мүлкін ұрлау, алсаяқтық, анасының қасақана жас нәрестесін өлтіруі, мерез ауруларын тарату, жас толмағанмен некеге отыру, кәмелетке толмағандарды қылмыстық әрекетке тарту және басқалары.

4. Жасырындылығының дәрежесі төмен қылмыстар: бандитизм, қасақана кісі өлтіру, сотталған адамның қамаудан қашуы, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру; оқ-дәрі ұрлау және басқалар.

Жасырын қылмыстылықтың басты  қауіптілігі оның қоғам тарапынан  қарсы әрекет көрмей, жазаға тартылмай  қалуында, мұның өзі қылмыстардың қайтадан немесе жалғаса жасалуына  жағдай туғызады.

Жасырын қылмыстылықтың себептерінің арасынан бәрінен бұрын қылмыскер  мен оның құрбаны немесе жәбірленушінің жақындары арасындағы «мәмілеге  келу» мәселесін ерекше атауға болады. Көптеген жағдайда сату-сатып алу  нәрсесі ретінде адамның денсаулығы, абыройы, ар-намысы, тіпті кейде адамның  өмірі саудаға түсіп жатады.

Көп ретте азаматтар лайықсыздық  өлшемін басшылыққа ала отыра өзіне қатысты қылмыстық қол сұғушылықтарды тиісті орындарға мәлімдеп хабарламайды. Жекелеген қылмыстардың жасырындылығының жоғары болуы себептерінің бірі – қылмыскерлердің қол сұғатын объектілерін (мысалы, қылмыстық жолмен байыған адамдарды таңдап алуы) лайықтап таңдап алуы мен дәлме-дәл жоспарлап алуы.

Кейбір заңға бағынғыш азаматтардың санасында органдар қылмыскер  мен ұрланған құндылықтарды қанша  іздегенімен бәрібір таба алмайды, оның үстіне қылмыстық қол сұғушылықтың объектісіне айналған құндылықтардың қайдан келгенін «қазбалап» өзіңнің  зықыңды шығарады деген ой қалыптасқан. Халықтың белгілі бір бөлігінің  құқық қорғау органдарына деген сенімдерін жоғалтып алғандарын да айтпасқа болмайды. Мұндай кереғар көріністер милиция, сот және прокуратура қызметкерлерінің кемшіліктері мен қызмет бабын пайдалануы жөніндегі баспасөздердегі алып-қашпа жарияланымдарға да себеп болып жатады. Дегенмен басты себеп – құқық қорғау органдарының сапасыз жұмыстары мен адамгершілікке жатпайтын қылмыстық-құқықтық тыйым салушылық, шын мәнісінде азаматтар мұндай тыйым салушылықты түсіне бермейді.

Жасырын қылмыстылық деңгейін төмендетудің жолдары:

  • халық арасында құқықтық насихат жүргізу;
  • қылмыстық іс жүргізу заңнамаларында анықтау жүргізетін адамның, тергеушінің, прокурордың және соттың жәбірленушіден табыс көздерінің қандай жолмен келгендігін түсіндіруін талап етуге тыйым салатындай норма енгізу;
  • қылмыс туралы мәлімдемегені үшін қылмыстық-құқықтық санкция қолданудан бас тарту;
  • қылмыстық кодекске жасалған қылмыс жайында өз еркімен мәлімдегені және өзі жасаған іс-әрекетінің зиянды зардаптарын орынына келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатуға кепілдік беретіндей арнайы норма енгізу.

Қылмысты іздестіру бөлімі, сот, прокуратура, қылмысты болдырмау заңдылықтарын басшылыққа ала отырып, жасалған қылмысты тез арада кінəлілерімен қоса анықтап, жазалауды көздейді. Сол себептен мұнда қылмыстың қылмыс екенін анықтау үшін қылмыстылықтың түсінігін ұғыну қажет.

     Қылмыстылық қоғамның төл баласы, сөйте тұра ол қоғамның өзіне қарсы бағытталған сырқаты. Осы жерде қылмыстылықтың кері байланысқа ие құбылыс екендігін айта кету керек. Кері байланыс дегеніміз қандай да бір құбылыстың, процестің нəтижесі сол құбылыстың қызмет етуіне, функциясына ықпал еткендеорын алатын байланыс түрі.

      Криминологиялық зерттеулер қылмыстылықтың əр түрлі элементтерінің заңдылықтағы өзара байланысын ашады, оның ортаның өзгерісіне «бейімделу» қабілетін, тіптен ортаны өзінің тұрақтануы жəне дамуы үшін «бейімдейтіндігін» растайды. Жаңа жағдайларда оның көрініс табу нысаны түрін өзгертеді, қылмыстылықтың қоғамға кері ықпалы да байқалады.

    Қылмыстылық бүтіндік сипаты жəне басқа құбылыстардан бөлектігі мүлде айқын емес жүйелер типіне жатады. Қылмыстылықтың жүйелік сипатының негіздемесі мыналарға сүйенген, яғни: а) қылмыстылықты едəуір жалпы жүйенің - бүтіндей қоғамның элементі

ретінде, сол қоғамның ерекше шағын жүйесі деп тану;

ə) қылмыстылықтың белгілі  бір бүтіндігін негіздеу;

б) қылмыстылықтың өзара  байланыстағы, барлық қылмыстылыққабүтіндей  жаңа сапалы сипаттама беретін, оның жекелеген элементтерінен өзгеше нақты элементтерін бөліп алу.

Сол сияқты қоғам қылмыстылықты  туындатады да ол қоғамның өзінің əрекет жасауына ықпал етеді, осының нəтижесінде қоғамның бет-əлпеті өзгереді, өзге кейіптегі қоғам пайда болады, соңғысы өз кезегінде қылмыстылықтың да сипатын өзгертеді.

    Шындығында, қылмыстылық көптеген қылмыстар арқылы ғана неғұрлым айқын көрініс табады. Қылмыстылықтың қылмыстың жекелеген түрлерімен салыстырғандағы ерекшелігі - оның жаппайлығында. Жаппай болған жағдайда қандай да бір құбылыстың саны статистикалык талдауға келеді, нəтижесіндебелгілі бір статистикалық заңдылық анықталады.

    Қылмыстылықты талдауда перспективалық сипат болуға тиіс. Басқаша айтқанда, қылмыстылықтың еткен шағын көрсетумен қатар оның алдағы жағдайы да болжамдануы керек. Ол болжам қылмыстылықпен күреске бағдарлама жасауға мүмкіңдік береді.

      Қылмыстылық - бұл салыстырмалы жаппай, тарихи өзгермелі əлеуметтік, қылмыстық-құқықтық сипатқа ие, белгілі бір мемлекетте белгілі бір уақыт аралығында жасалған қылмыстардың жиынтығынан тұратын таптық қоғамның құбылысы. Осындай анықтаманы алпысыншы жылдары Н.Ф.Кузнецова берген болатын. Одан бері де осы анықтаманың мəні өзгерген жоқ. Оның өзіндік себептері де бар. Жоғарыда айтып өткеніміздей қылмыстар жинақтала келгенде жаңа бір сапаға ие болады, ол - қылмыстылық. «Қылмыстылық» ұғымы, көбіне қылмыстың көптігі туралы, олардың статистикалық жиынтығы туралы сөз болған жағдайда қолданылады. Бұл - қылмыстылық анықтамасын ең қарапайымда түсінікті ыңғайда беру.

    Сонымен, қылмыстылық - біршама дербес, тұтас, қоғамға едəуір қауіпті құбылыс. Ол қоғамның əр түрлі салаларына, əр түрлі қоғамдық қатынастарға тараған. Бұл тұрғыдан алғанда ол «əлеуметтік» сөзінің кең мағынасындағы əлеуметтік құбылыс. Соған байланысты мынаны ұмытпау керек: қылмыстылық – қоғам ағзасындағы жат дене емес, ол оның сипаттамаларының, ондағы бар қатынастардың өзінше өзгеруінің нəтижесі, тірі ағзадағы рак ісігі сияқты оның қайта пайда болуы. Ракпен ауырған бауырды алып тастау - адамды өмірден айыру. Қылмыстылық қанша етек жайса да қоғам адамдардың өмірлік маңызы бар мүдделерін қамтамасыз етуге тиіс. Қылмыстылық қоғамда болады, қоғам оны тудырады. Бұл тезис клиникалық криминология өкілдерінің пікірін өзгерте алмайды. Егер адамның туа біткен немесе бойына кейін біткен қасиеті оның іс-қимылын қылмыстық деп кесіп көрсетсе, ол есі дұрыс деп танылмайды. Қылмыс дегеніміз - белгілі бір жасқа жеткен, өз əрекетінің мəнін ұғынатын жəне оған басшылық ете алатын есі дұрыс субъектінің айыпты іс-əрекеті. Ал, қылмыстылық - жай əлеуметтік қана емес, əлеуметтік-психологиялық құбылыс, себебі ол адамдардан жəне олардың іс-қимылынан, əрекетінен тысқарыда болмайды. Ол адамдардың жалпы қоғамға қауіпті іс-қимылын көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар қылмыстық-құқықтық тыйымды бұзу лажсыздық емес, ал ситуация шешімнің басқа да жақтарына жол беретін жағдайлардағы айыпты іс-қимылды да көрсетеді.

          Қылмыстылықтың əлеуметтік мəні қандай? Мұндай сұраққа Ф.Энгельс өзінің «Жұмысшы табының Англиядағы жағдайы» деген кітабында жауап берген. Ол əр түрлі қылмыстардың объективтік ұқсастығын бөліп алған, сонан соң қылмыстылықтың теориялық ұғымын қалыптастырған: «Мұнда ұрлық жайында, полицияға шабуыл жайында, ата-анасы тастап кеткен некесіз балаға алимент төлеуге əкесін мəжбүрлеу жайында, күйеуін əйелінің уландырғаны жайында жариялайды. Осы тектес оқиғаларды ағылшынның барлық газеттері хабарлайды. Англияда əлеуметтік соғыс жаппай жүріп жатыр. Əркім өзі үшін жəне өзі үшін басқалардың бəрімен күресуде, ал басқаларға зиян келтіру керек пе, оны ол тек менмендік тұрғыдан шешеді: қай жағы өзіне тиімді. Бір сөзбен айтқанда, əркім басқаның бəрін жау көреді, жолында тұрғанды қағып кеткісі

келеді, немесе өз мақсаттарында пайдаланады». Сонымен, қылмыстылық қоғамның жемісі болып табылады, ол оның əр түрлі салаларына жəне қоғамдық қатынастарға тарайды. Сонымен қатар онда біршама дербес, бүтіндей құбылыс ретінде дамудың өзіне тəн ерекше

сипаттамалары мен зандылықтары бар. Оның сипаттамалары, біріншіден - қоғамда болып жатқан өзгерістермен бірге өзгермейді, екіншіден оларды сол қалпы қайталамайды. Қылмыстылықтың жаңа сипаттамалары, əрқашанда, оның қоғаммен өзара əрекеттестігінің нəтижесі.

Информация о работе Қылмыстылық құрылымы және сипаттамасы