Құжаттаррды криминалистикалық зерттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 06:20, реферат

Краткое описание

Криминалистік құжаттар жазу табиғаты, құжаттарды жасау тәсілдері және жазбалар ерекшеліктері бойынша, нақты тұлғаның жалған құжаттар жасауын және оны анықтау тәсілдерін зерттейтін, қылмыстарды тергеу және ашу мақсатында құжаттардағы ақпараттарды пайдаланудың ғылыми негіздерін құратын саласы болып табылады. Криминалистік құжаттану жаратылыс, техникалық ғылымдар жетістіктеріне, тергеу және сот тәжірибелері қорытындыларына негізделеді. Криминалистік құжаттану атқаратын міндеттерді үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топ-құжатты жасайтын автордың белгілері мен қасиеттерін: жынысын, жасын, психикалық және физикалық жай-күйін, кәсіптік және басқа да дағдыларын анықтау.

Содержание

1. Құжаттар, криминалистік маңызды ақпараттардың түпнұсқалары.
2. Тергеу барысында құжаттарды қарау.
3. Құжаттарды және жазуды криминалистикалық тұрғыда зерттеу.
4. Хатты криминалистикалық зерттеу.
5. Сараптамаға материалдарды әзірлеу.
6. Құжаттарды өзгерту фактісін анықтау және құжат мазмұнының өзгеру түрі.
7. Құжат мазмұнының өзгеру түрі.
8. Қойылған қолдың жалғандылығын анықтау.
9. Жалған таңбалар, мөрлер, мөртабандар жасау фактілерін анықтау.
9.1 Зақымдалған жазбақұжат мазмұнын қалпына келтіру.
9.2 Полиграфиялық тәсілмен жасалынған жалған құжаттарды.

Прикрепленные файлы: 1 файл

ЖОСПАРЫ.docx

— 45.29 Кб (Скачать документ)

Әдетте  қолжазудың  еркін  үлгілері  ретінде,  әр  уақытта  жазылған  5-6 бет   қолжазба  мәтіні  және  10 (әр  парақта 5-6 қол  бар)  қолдың  еркін  үлгілері  талап  етіледі.

Эсперименттік  үлгілер-тергеуші, анықтаушы,  жедел  қызметкер  тапсырмасы  бойынша  салыстырмалы  зерттеу  үшін  арнайы  орындалған  қолжазбалар (қолдар). Олар  зерттеудегі  мәтінге  мазмұны  бойынша  жақын  болып,  ұқсас  жағдайда  орындалуы  қажет. Эксперименттік  үлгілерді  тергеушінің  оқуымен  жазып  немесе  кез  келген  мәтінді  тұлғаның  өзінің  жазуымен  алуға  болады. Бұл  жағдайда  зерттеліп  жатқан  құжатта  бар  сөздер  қайталанатын   арнайы  мәтін  құрастырылады. Егер,  қолжазу  үлгілері  алынып жатқан  тұлға  жазуын  өзгертуге   тырысса,  онда  оқып  жаздыруды  жеделдету,  мәтін  көлемін  үлкейту  немесе  тұлға  өз  жазуына  қандай  өзгерту  жасағанын  ұмытып  қалуы  үшін  үзіліс  жариялау  қажет.

Эксперименттік  үлгілер  сапасы  зерттеудегі  құжат  жазылған  қағаздай  және (жалпақтығы,  түсі,  көлемі,  сызығы  бойынша)  сондай  жазу   құралымен  орындалуы  қажет,  мәтіннің  көлемі  10-15  парақтан  кем  болмауы  керек  және  зерттеудегі  құжаттың  толық  мәтінін  немесе  жеке  сөздерін (сөз  тіркестерін)  қамтуы  тиіс. Эксперименттік  қол  қою  әрқайсысы 10-15  қолды  қамтитын  5-6  парақта  орындалады.

Қолжазу  сараптамасын  тағайындау  туралы  қаулыда  қолжазу  зерттеуін  жүргізу  үшін  маңызы  бар  мән-жайлар  көрсетілуі  тиіс. Сарапшы  сұрақтарын  нақты  құрастыру  қажет,  мәселен,  мәтінді,  жеке  жазуларды  кім  жазғанын,  қолды  кім  қойғанын (нақты  тұлғалар  ішінен);  бірнеше  құжаттағы  қолдарды  немесе  құжаттың  үзінділерін бір  немесе  бірнеше   тұлға  орындағанын   көрсетуі  керек.

Қолжазбаны  жазған  тұлғаның  жеке  қасиеттеріне,  оның  психофизиологиялық  күйіне, кәсіби қызметіне,  құжатты   жазу  уақытына  қатысты  сұрақтар да  жоғарыда   аталғандай   құрастырылуы   тиіс. Мұндай   зерттеу  нәтижелерінің,  әдетте,  бағыт  беруші  (іздестіру)  маңызы  болады.

Қолжазбалардың  қолжазу  зерттеуін  жүргізу  әдістемесі  туралы  жалпы  мәліметтерді:

- алдын  ала  зертттеу;

- жеке  зерттеу;

- салыстырмалы  зерттеу;

- нәтижелерді  бағалау  және  қорытындыны   тұжырымдау  деп   бөлуге  болады.

  Алдын  ала  зерттеу  барысында   сарапшы  ұсынылған   материалдың   қолда  барын  олардың   сараптама  жүргізу  үшін   жеткіліктілігін  бағалайды,  қойылған  сұрақтарды   анықтайды,  құжатпен  толық  түрде,  содан   кейін  нақты  объектімен (мәтінмен,  оның  бөлігімен  немесе  қолмен)  танысады.

Екінші  сатыда  зерттеудегі  құжат  пен  үлгідегі  жазу  белгілері  анықталып,  талданады.

Үшінші  сатыда  анықталған   белгілерін  жалпы  және  жеке,  дәл  келетін  және  айырмашылығы  бар  белгілерді   салыстыру  жүзеге  асырылады. Сарапшы  зерттеудегі  қолжазбадағы  және   орындаушысы    болуы   мүмкін    тұлғаның    қол  қою  үлгілеріндегі  бірдей    әріптерді  жазу  барысындағы  қол  қимылының  қайталану  жиілілігіне  назар  аударады.

         Құжаттың   жалған  бланкілері  көп  жағдайда  сурет салу  немесе  клишеден  басу  арқылы   дайындалады.  Клишені  баспаханалық  шрифтті  теру  жолымен,  фотоцинкографиялық  тәсілмен, қолмен  ойып   жасау  және  басқа  да  тәсілдермен  дайындайды. Бұл  тәсілдердің  әрқайсысының  өзіндік  белгілері  бар.

Сурет  салу  арқылы  жасалған   жалған  бланктер   штрихтарының,  аттас  әріптер   мөлшерінің  біркелкі  есептігімен,  суретінің  стандартқа  сай  еместігімен  мәтінде  грамматикалық  қателер  мен  қисындық (логикалық)  қарама-қайшылық  болуымен,  қарындашпен  жазылған  және  қара  қағаз  арқылы  көшіру  іздерімен  ерекшеленеді.   Қолмен   ойып  жасалған   клишеге   стандартсыз  шрифт,  белгілердің  ұзынша  элементтеріндегі   түзуліктің  бұзылуы,  сөз  жолының  иірімділігі  және  т.б. тән.

Фотоцинкографиялық    тәсілмен  дайындалған  клишеге  штрихтардың  шетіндегі  бояу  қабатының  қалыңдығы  және  әріп   штрихтарының  қатты  басылуы;  суретке  түсіру   масштабын   сақтамау   себебінен   таңба  көлемінің   түпнұсқадан   өзгешеленуі;  ұсақ  штрихтар   мен   бөлшектердің   анық  болмауы;  штрих   шеттерінің   тегіс  болмауы  және  үзілуі,  қышқылмен (кислота) өңдеу   нәтижесінде  әріп   бұрыштарының  дөңгеленуі  тән.

Құжаттың  алғашқы   мазмұнын  өзгерту   фактісін   анықтау   бұрынғы  жазуды  тазарту,  өңдеу  немесе  шаю  белгілерінің   болуына  байланысты.

Жазуды  тазартып  өзгерту  оның  алғашқы  мазмұнын  өзгерту  үшін  штрихтарды  механикалық  жою  болып  табылады. Оның  белгілері:  құжатты  жарыққа  қараған  кезде  байқалатын  қағаздың  үстінгі  қабаты  құрылымының  бұзылуы   нәтижесінде,  оның  кедір-бұдырлы  және  жұқа  болуы.  Тазартып  өшіру  кезінде  қасындағы  жазба  белгілерге  де   зақым  келеді.  Сонымен  қатар,  қағаздың  бет  жағында  басылған  және  теріс  жағында   томпақ  түрде  жойылған  мәтін  бедері  қалады.  Кедір-бұдырлы   қағаздың   бояуды  сору  қабілетінің  нәтижесінде   жаңадан  жазылған  әріптердің,  сандардың  шеттері  тегіс  болмайды. Кей   жағдайларда   алғашқы  мәтін  штрихтарының  қалдықтары  басқа  түсті  бояу  ретінде  қалып  қояды. Механикалық   әсер  ету  іздері  тегістеу  нәтижесінде, қағазда  пайдаланған  заттың  іздері  қалып  қояды.

Ерітіндімен  өңдеу  штрих  бояуларын  химиялық  реакциялар (қышқылдар,  сілтілер, тотықтырғыштар)  жолымен   жазуды  немесе  оның  бөліктерін  қасақана  жою. Ерітіндімен  өңдеу   белгілері  қағаздың  желімделінген  жерінің  бұзылуынан,  өңделген  жердің  күңгірттенуі  немесе  түсінің  өзгеруінен  байқалады.  Өңделген   жер  сарғыштанады; өңдеу  затының  әсерінен   жарықтар  пайда  болады;  жазу  өңсізденеді;  алғашқы   мәтіннің  көмескі  көрінетін  штрихтары,  түрлі-түсті  жазба  іздері,  өңдеуге  түскен  жердің  және  құжаттың  қалған (суық  сәуле  тарату)  айырмашылықтары  байқалады.

Ерітіндімен  өңдеу  белгілерін  лупа,  микроскоп,  ультрафиолеттік  сәуледе  зерттеу  арқылы  контрастылық  фотосурет,  көрінетін  және  инфрақызыл   сәулелерін  қолданып  суретке  түсіру  арқылы  айқындауға  болады.

Жазуды  жуып  шаю-құжаттың  бетінен   штрихтарды  әр  түрлі ертінділер  арқылы  жою. Ерітіндімен   өңдеуге тән   белгілер  жуып  тазалау барысында да  байқалады. Олар,  әдетте,  ерітіндімен өңдеуді анықтауға ұсынылған тәсілдермен анықталады.

Қосып  жазу   тәсілі   құжаттың  бос  жерлеріне  жаңа  әріптер,  сандар,  сөздер  және  олардың  тіркестерін  енгізу  арқылы  оның  алғашқы  мазмұнын  өзгерту  болып  табылады.

Қосып  жазудың  белгілері: алғашқы  және  жаңа  жазу  штрихтарының  түсі  мен  шеттерінің, мәтінге  жеке  жазуларды  енгізудің  айырмашылығы,  көлемі  мен  қол  жазудың  айырмашылығы;  әріптер,  сөз  жолдары  арасының  тар  не  кең  болуы және т.б.

          Кейде  қосып  жазуды  құжаттың  мазмұнын  оқу  кезінде  байқалатын  қисындық  қарама-қайшылық  арқылы  айқындауға  болады. Қосып  жазуды  құжатты   лупа  немесе  микроскоп   көмегімен  шашыраған  немесе  қиғаш  түскен  жарықта  қарау   арқылы  анықтайды.

        Фотосуреттерді  көп  жағдайда,  адамның   тұлғасын  куәландыратын   құжаттарда, құнды  қағаздарда  және т.б. алмастырады.

Кең  тараған  тәсілдер:

-  фотосуретті  толық ауыстыру;

-  түсірілген суретті  монтаждау (құжаттағы  мөр  таңбасы  бар  бұрынғы  сурет  бөлшегін қалдырып, оған  басқа  тұлға  суретін жапсыру);

- ескі  фотосуреттің  бетіне  басқа   фотосуреттің  эмульсиялық  қабатының   бөлшегін  қондыру;

- құнды  қағаздың  бөлшегін  айырбастау;

- нөмірлер  жапсыру.

          Тазарту-тақырыптың   алғашқы   мазмұнын   өзгерту  мақсатында  штрихтарды  механикалық  өшіру  әдісін  түсіндіреді.   Оның   салдарынан   қағаздың    беткі  қабаты   бүлінеді,  ол  құжатты   жарықта  қарауда   бірден  көріністің   жұқаруы   мен   тегіс  емес  белгілері  анықталады.

         Тазарту  барысында  қорғаушы  тор  мен  штрих   қасындағы   орналасқан  жазба  белгілері   бұзылады. Сонымен   қатар  алынып  тасталған  мәтін  орны  парақтың  оң  жағынан  батырылған,  теріс   жағынан  томпиған   түрдегі   рельефті   көрініс  қалады.

         Қағаздың  сіңіруші  қасиетінің   көбеюінен   қалыптасқан  қайта   жазылған  әріптер,  сандар  қисық   штрих  шеттеріне  иеленеді.

Механикалық  әсер  ету  іздері   тазартылатын   мәтінді   тегістеп  өшіру   мақсатында  қолданған  заттардың   трасса   сипатында  пайда  болатын  салдарынан  қалыптасқан  іздер.

Уландыру- бұл жазуды  немесе   олардың   бөлшектерін химиялық  реативті  түссіздендіріп  бояу  штрихы    арқылы  өшіріледі.

Уландыру   белгілері  қағаздың  беткі   қабатының   бұзылуы  уландырған  жерлердегі  қағаз   түсінің  өзгеруі,   сызаттарының  қалыптасуы,  қорғаушы   тордың   түссізденуі  немесе   түстің  өзгеруі,  көрші  жазу  штрихтарының  өшуі.

       Уландыру   белгілері  лупа,  микроскоп,  ультра   көгілдір   жарық    түсірушілер  көмегі  арқылы  табылады

         Шаю-құжат   бетіндегі   штрихтарды  әр  түрлі ерітінділер арқылы  өшіру. Көптеген  уландыру  үшін  тән   белгілер   шаю кезінде шығады.  Олар  ереже бойынша   уландырылған   жерлерді   табу  үшін  кеңес беретін құралдар  көмегімен табылады.

        Қосымша   жазу- яғни  бұл   жаңа  әріптер,  сандар, сөздер  және  басқа  да   тәсілдермен  құжатқа  бастапқы   өзгеріс   енгізетін  қорытынды.

Қосымша   жазу  белгілері:

-бастапқы   және  жаңа  жазу  штрихтарының   түсі   мен   реңінің,  штрих  ендерімен  орындалған  жазудың  қалыптасу  ерекшелігі;

- мәтіндегі  жеке   жазулардың  әр  түрлі  қалыпта  орнығуы;

- әріптер, сөздер,  жолдар  арасындағы   тығыз  үзілістер;

- бір  штрихтағы  бояушының   басқа  түсте  болуы.

Қосымша  жазу  құжатты   шашыраңқы   немесе   қисық   түсуші  жарық   арқылы  лупа  немесе   микроскоппен  қарауға   болады.

Сурет  карточкаларының  ауыстырылуы,  жеке    тұлғаны   куәландыратын  құжатқа   жасалынады.  Оның  белгілері:

- суретті   толық  өзгерту-мөр   мәтінінің   ұйқаспауы  қарастырылады;

- монтаж-суреттің  мөр  жағы  жартылай  қалып,  оның   орнына   басқа  сурет  ілінеді,  фотоқағаздың  сәйкессіздігі,   суреттің  кесілу  ізі,  мөр  элементтерінің  келіспеуі   бойынша   табылады;

- ескі  сурет  астынан   басқа   сурет  жапсыру-бұл  әдіс   фотоқағаздардың   сорттарының   әр  түрлілігі,  суреттің    тегіссіз  жапсырылуы  бойынша   табылады.

Парақтарды   ауыстыру  еңбек  кітапшаларында,  төлқұжаттарда  және  т.б.   бірнеше  парақты  құжаттарда  кездеседі.

Құжаттардағы  ауысқан   парақтарға  мыналар  негізделеді:

- бір  құжаттың  әр  түрлі   қағаз  сапалары  мен  реңінің   өзгешеліктері;

- бет  нөмірлерінің  сәйкес  келмеуі;

- құжат  парақтарындағы  сериялар  мен  нөмірлердің,  парақ   шеттері  өлшемдерінің,  формаларының  сәйкес  келмеуі;

- ауысқан   парақтың  басқа   типографиялық  парақтардан   ерекшелігі. 

 

        Аталған жалғандылықтың  келесі  тәсілдері жиі кездеседі: бұрын көрген  қолды есте  сақтап,  құжат бойынша жалған  қол қою;  қойылған  шын қолға қарап отырып,  оның  суретін салу;  қолды сиямен  не  қаламсаппен айналдыра жиектеп көшіру. Көшірме әдісі арқылы  жалған  қол қоюдың  бірнеше тәсілі  кездеседі:  жарық өткізу  арқылы,  көшіргі немесе  қара  қағаз көмегімен;  көшіру  қасиеті бар бұйымдар  көмегімен (дайын сөз аралықтарын қосу),  фотопроекциялық тәсіл. Бұдан басқа, адамның қойған  қолын ылғалды қара  қағазбен  де  көшіруге  болады.

          Фотопроекциялық   тәсілден  басқа,  аталған  тәсілдерге   сызықтардың   иірімділігі  және  сопақ   әріптердің   бұрыштылығы  тән.  Сызба  аппараты (пантограф) көмегімен   жарықты  көшіру  тәсілі  үшін  қарындашпен  жасалған алдын   ала  дайындық тән. Фотографиялық   тәсілмен  жалған  қол  қоюға   зерттеудегі  қолдың  фотокөшірмеге   толық  сәйкес  келуі  тән.  Фотографиялық  тәсілмен  әдетте  көшірме  қолхат  (факсимиле)  әзірленеді. Оның  көмегімен   қойылған  қолдарға,  темір клишелерге  тән штрихтардың  белгілері   болады.

Аталған   жалған  қол  қою  түрлерінің  көп  белгілерін  құжатты  көлбей  шашыраңқы  жарықта  лупа (үлкейткіш  шыны),  микроскоп  көмегімен  қарап,  табуға  болады. Қол  қозғалысының  бәсендігін,  сызықтардың  қосарлануы,  бояудың  жайылғанын, суретті  түзету  іздерінің   белгілері,  оның  микроқұрылымын  фотографиялық  әдіспен  бекітеді.

Барлық   жағдайда  қойылған  қолға  сараптама  жүргізу  барысында  зерттеудегі  қолды  оны  қойған  тұлға  қолы  үлгілерімен  салыстыру  керек.

          Мөр  мен  мөртабандар-зергерлік  жазу  шеберханасында немесе  полиграфиялық  кәсіпорындарда  белгілі  бір  үлгіге  сәйкес  жасалған  клише. Оларды  каучуктан   не   темірден  жасайды. Тәжірибеде   оларды  жалған  жасаудың  бірнеше   тәсілдері  белгілі: мөрдің  суретін  құжаттың өзінде салу,  қолдан   жасалған  клише   көмегімен  таңба  жасау,  тура  таңбаны  жалған  құжатқа   көшіру.

Информация о работе Құжаттаррды криминалистикалық зерттеу