Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Октября 2013 в 06:20, реферат
Криминалистік құжаттар жазу табиғаты, құжаттарды жасау тәсілдері және жазбалар ерекшеліктері бойынша, нақты тұлғаның жалған құжаттар жасауын және оны анықтау тәсілдерін зерттейтін, қылмыстарды тергеу және ашу мақсатында құжаттардағы ақпараттарды пайдаланудың ғылыми негіздерін құратын саласы болып табылады. Криминалистік құжаттану жаратылыс, техникалық ғылымдар жетістіктеріне, тергеу және сот тәжірибелері қорытындыларына негізделеді. Криминалистік құжаттану атқаратын міндеттерді үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топ-құжатты жасайтын автордың белгілері мен қасиеттерін: жынысын, жасын, психикалық және физикалық жай-күйін, кәсіптік және басқа да дағдыларын анықтау.
1. Құжаттар, криминалистік маңызды ақпараттардың түпнұсқалары.
2. Тергеу барысында құжаттарды қарау.
3. Құжаттарды және жазуды криминалистикалық тұрғыда зерттеу.
4. Хатты криминалистикалық зерттеу.
5. Сараптамаға материалдарды әзірлеу.
6. Құжаттарды өзгерту фактісін анықтау және құжат мазмұнының өзгеру түрі.
7. Құжат мазмұнының өзгеру түрі.
8. Қойылған қолдың жалғандылығын анықтау.
9. Жалған таңбалар, мөрлер, мөртабандар жасау фактілерін анықтау.
9.1 Зақымдалған жазбақұжат мазмұнын қалпына келтіру.
9.2 Полиграфиялық тәсілмен жасалынған жалған құжаттарды.
Қолжазба белгілері нақты және жеке болып келеді.
а) Жалпы қолжазбаны қозғалыс ретінде сипаттайды. Оған:
- қолжазбаның қалыптасуы-жазушының жылдам жазу жүйесі мен қолдану әдісі жоғары, орташа және аз қалыптасқан қолжазбалар;
-
қолжазбаның иілуі жазбаша
белгінің ұзартылған өсіндегі
сызық жолымен анықталады.
Тіке, көлденең, оңға иілген
және солға иілген
қолжазбалардың түрлері
болады. Иілу тұрақты белгі
болып саналмайды және
қолжазбаның өзгерту
- қолжазбаның жылдамдық қарқыны жол белгілерінің биіктігі мен олардың аралық ендерінің немесе жол белгілерінің биіктігі мен енінің сай болуы. Жылдамдық үлкен, орта және кіші болады.
- қолжазба мөлшері жолақ әріптерінің орташа биіктігі бойынша анықталады. Ірі жолақ әріптерінің биіктігі 5мм., орта 2 мм-5 мм дейін, майда 2 мм көп емес;
- қолжазбаның байланысы белгілі бірнеше әріптердің бір сөзде үзіліссіз қозғалыс арқылы жазумен сипатталады. Байланысына қарай жоғары байланысты қолжазба-5-6 әріптермен, орта байланысты -3-4 әріптермен, үзілісті 2-ден кем емес әріптермен байланысты орындалады. Бұл белгі тұрақты, себебі қолжазба байланысын ұзақ тәжірибесіз өзгерту мүмкін емес.
ә) қолжазбаның жеке белгілері бөлек әріптерді олардың элементтері мен әріа аралық қосындыны жазудағы әрекеттің ерекшелігін көрсетеді. Қолжазбаның жеке белгілеріне мыналар жатады:
- әріптер мен олардың элементтерін қосуда және орындаудағы қозғалыс формасы-тік сызықты, доға тәрізді, ілмек тәрізді, бұрыш тәрізді, иректі;
- қозғалыс бағыты-төменнен жоғары қарай, жоғарыдан төмен қарай, сол оралымды және оң оралымды;
- қозғалыстың сызылуы-әріп элементтері штрихтарының әр түрлі өлшемдеріне негізделумен сипатталады;
- қозғалыстың байланысы, яғни әріптердегі элементтердің бірігуі, сонымен бірге әріптердің өзара байланысы;
- нүктелердің басында, соңында, қиылысында және қозғалыстарының бірігуінде әріптердің шартты орналасуы;
- қозғалыстың жалғасуы онымен әр түрлі әріп элементтері мен олардың бірігуі орындалады;
- әріптерді орындағандағы қозғалыс күрделілігі-жай күрделенген және қысқартылған әрекеттер.
Құжаттарды техника криминалистикалық зерттеу- бұл жазбаша құжаттарды жасайтын, өзгертетін және олардың белгілерін сипаттайтын әдістерді тексеруші болып табылатын пән, сонымен қатар тергеу мен соттық іс қарауға маңызы бар, салыстыру және басқа деректерді білу мақсатындағы құжаттарды қарау мен зерттеу әдістерін, құралдарын жақсартушы құжаттарды зерттеу бөлімі.
Құжаттарды зерттеу мақсаттары:
- құжаттарды немесе оның бөлімдерін дайындау жағдайын анықтау (әдіс, шарт, уақыт);
- құжаттағы өзгеріс пен оның ену әдістерін анықтау (тазалау, өшіру,қосымша жазу және т.б.);
- жай көрінетін көрінбейтін, сонымен қатар құйылған, жапсырылған, сызылған жазулар мен құжаттағы бұзылған мәтіндерді табу;
- құжатты жасауда қолданылған материалдың топтық құрамын анықтау (қағаз, бояу, желім);
- құжаттарды немесе олардың бөлімдерін жасау уақытын анықтау;
- құжаттарды дайындау немесе оларға енгізілетін өзгерістер үшін қолданылған құралдарды салыстыру;
-
құжат жасаушыны
Құжаттар түпнұсқалы және жасанды болады.
Түпнұсқалы құжаттар жарамды немесе жарамсыз болып жіктеледі.
Көрініп дайындалған, бірақ мәтіні өтірік маңызды құжаттар жасанды деп аталады. Жасанды құжаттардың екі түрі болады:
а) интелектуалды-берілген үлгідегі бланкта шындыққа сай келмейтін барлық белгілері бар құжат;
б) материалды –түпнұсқа құжатты тазалау, өшіру немесе барлық реквизиттері бар толық жасау жолымен өзгертілетін құжат.
Құжаттардың түпнұсқа бланктары сурет салу немесе бастыру арқылы жасалынады.
Қолжазбаларды зерттеу криминалистік сараптаманың кең түріне жатады. Оның негізгі мақсаты-орындаушыны анықтау. Негізінен сараптама көмегімен авторлыққа, қолжазба жазу шартына, жазушының мақсатына (жалған құжат жасау немесе жазуды бұрмалау), оның жеке қасиетіне және сыртқы белгілеріне (мысалы, жасы, мас екендігі және т.б.) қатысты көптеген мәселелер шешіледі. Аталған зерттеу объектілері ретінде жазудың тұрақты жеке ерекшеліктер көрінген көлемді қолжазбалар (күнделіктер, хаттар) және қысқа жазулар (қол қою, сандар, суреттер, белгілер) болуы мүмкін.
Жазуды криминалистік зерттеу бірдейлендіру (идентификациялау) теориясының жалпы ережелеріне, адамның жоғары жүйке қызметінің психологиялық деректеріне, лингвистика мәліметтеріне негізделеді. Соңғы уақытта осы мақсатта кибернетика, математика тағы басқа ғылымдар мүмкіндіктері кең қолданылуда.
Жаза білу ұзақ оқу мен жаттығу нәтижесінде қалыптасады. Қолжазудың жеке сәйкестік белгілері балалар 3-4 сыныпта оқып жүрген кезінде-ақ қалыптаса бастайды. Дегенмен олардың қолжазуы бойынша сәйкестендіруге жеткілікті жиынтығы, әдетте 5-6 сыныпта, яғни адамның орталық жүйке жүйесінің қызметімен байланысты күрделі қозғалу дағдыларының жиынтығы жазудың тұрақты сәйкестендіру белгілеріне қатысты байқалып, қалыптасады.
Адамның:
- техникалық дағдыларын (жазу кезіндегі отырысы, қағаздарды орналастыруы, жазу құралын ұстауы және т.б.)
- графикалық дағдыларын (жазу белгілерін және олардың тіркестерін жазу);
- жазбаша тілі дағдыларын (сөздік қоры мен мәтін, сөйлемдер құруы және т.б.) ажыратады.
Қолжазбада көрініс табатын техникалық және графикалық дағдылар жиынтығы адамның қолжазуын сипаттайды. Адамның жазу еркіндігінің ұқсас ерекшеліктері, күш салып жазуында, сыртқы ортаның, басқа да субъективті және объективті факторлар әсерінен қол басқанда қайталанбайтын көп ерекшеліктер жиынтығы пайда болады. Әр түрлі тұлғалардың жазуында жеке ұқсас белгілер кездесуі мүмкін, бірақ олардың жиынтығы әр адамда жеке болады.
Жазудың өзгеруіне әкелетін әр түрлі себептерге қарамастан, ұзақ уақыт бойы қалыптасқан адамның жалпы қимылдау жүйесі (динамикалық стереотип) тұрақты болады. Яғни, адамды жазу бойынша сәйкестендіру мүмкіндігі жазуын әдейі бұрмаласа да немесе жасы ұлғайғанда жазуы өзгерсе де сақталып қалады.
Адамның қолжазуы ерекше жағдайларда жазғанда өзгеруі мүмкін, олар адамның жазу құралы мен заттарының әдеттен тыс қалыпты, жазушының көңіл күйі (мас болуы, толқуы және т.б.) адамның қозғалу аппаратының немесе жүйке жүйесінің бұзылуы (жарақаттар, жүйке аурулары және т.б.), жазуын әдейі бұрмалауы (басқа адамның қолына ұқсастырып жазу). Алайда көлемді қолжазба мәтінінде, қолдың өзіндік белгілерінің жиынтығы жиі сақталып отырады.
Жазба тіл белгілері-мәтінді мазмұндау әдісі, сауаттылығының жалпы деңгейі, тілінің стилистикалық және грамматикалық ерекшеліктері, сөздік қоры.
Жазбаша тілдің келесі негізгі белгілері болады:
Стилистикалық белгілер-мәтіннің тілін, ойын, архитектоникасын, ойын жазу мәнерін сипаттайды. Тергеу тәжірибесінде кездесетін мәтіндегі мазмұндау стилі туралы сөз құрамы мен сөйлемдер құрылысы бойынша талдауға болады. Сондай-ақ ресми-іс, ғылыми, өндірістік-техникалық, публицистикалық, ауызекі сөйлеу стилі туралы айтуға болады.
Лексикалық белгілер-жеке кәсіп иелеріне, мекенге және т.б. тән жалпы сөздік қорды, терминдерді қолдануды сипаттайды. Олардың ішінде: профессионализмдерді (белгілі бір кәсіппен айналысушы адамдарға тән сөздер); архаизмдерді (көнерген сөздер мен сөз тіркестері); диалектизмдерді (белгілі бір жергілікті жерде қолданылатын тілдер мен сөз тіркестері); варваризмдерді (бөтен тілдің сөздерін қолдану); жаргондарды (тұрақты жеке әлеуметтік топтың ауызекі қолданыстағы сөйлеу түрі) атауға болады.
Грамматикалық белгілер- жазушының жазудың грамматикалық ережелері туралы білімін көрсетеді. Соған сәйкес, жазушының жалпы сауаттылық деңгейі төмен, орта және жоғары болып белгіленеді.
Жазу белгілері екі топқа бөлінеді:
- жазуды қол қимылы жүйесі ретінде сипаттайтын жалпы белгілер;
- ж еке әріптерді, олардың бөлшектерін және әріптерді қосып жазу кезіндегі қимыл ерекшеліктерін көрсететін жеке белгілер. Жалпы белгілерді шартты түрде үлкен үш топқа бөлуге болады:
а) жазу-қозғалу дағдысының қалыптасу деңгейі мен сипатын көрсететін белгілер. Бұл қолдың дағдылануы және жалпы қабылданған жылдам жазу жүйесіне сәйкес болуы, чғни аса дағдыланған, орташа дағдыланған, аз дағдыланған жазу техникасын меңгеру; қимылдарды қадағалау-әріптерді жазу кезіндегі қимылдың нақтылығы мен жүйелілігі; олардың мөлшері, иілісін (жоғары, орта, төмен) сақтау; жазу жылдамдылығы (тез, жай, орта); жазу құрылымы-қимыл ауырлығы (қарапайым, жеңілдетілген, күрделіленген);
ә) қозғалыстың құрылымдық сипатын көрсететін белгілер: қимылдың басымды түрі (түзу сызықты-доғалау; домалақ; аралас), қозғалыс бағыты (оң айналмалы, сол айналмалы, аралас); кіші әріптердің орташа биіктігі бойынша анықталатын жазу мөлшері (шағын-әріптердің биіктігі 2 миллиметрге дейін, үлкен-5 миллиметрге дейін болғанда); көлденең бойынша қозғалыстың созылуы-қолдың екпін алуы, қысқа (кіші екпін), көсілмелі (үлкен екпін), орташа (кіші әріптердің биіктігі оның көлденеңіне тең); қолдың орамдылығы, яғни жазушының жазу құралын қағаздан айырмай бірнеше белгілерді жазу қабілеті-үлкен (6 және одан көп әріптерді бірге жазу), орташа (4-тен 6-ға дейін) және шағын (3 әріптен аспайтын); қолды басып жазу; күшпен (негізгі штрихтардың ені қосу штрихтарының енінен асып кетуі), орташа, баспай жазу және аралас жазу;
б) қол қозғалысының (топографиялық) және қолжазба фрагменттерінің кеңістікте орналасуын көрсететін белгілер. Олар құжаттың дербес фрагменттерін, тақырыбын, автордың қолын орналастыру ерекшелігінде пайда болады. Олардың сәйкестендірушілік маңызын бағалаған кезде мәтін фрагменттерін үйлестірудің жалпы ережелерін, қол қою орнын (бұрышта, ортада, төменгі қатарда), мәтіннің қағаз бетінің шетіне қатысты орналасуын, яғни: мәтін жолдарының қашықтығы, өлшемі, т.б. ескереді.
Қолжазудың жеке белгілері:
- әріптерді және олардың элементтерін жазу мен қосу кезіндегі қимыл түрлері (тіксызықты, доғалдау, ілгекті, бұрышты, иірімділі);
- жазу кезіндегі қозғалыс бағыты (төменнен жоғарыға, жоғарыдан төменге, сол айналмалы, оң айналмалы);
- қозғалыстың созылуы (ол әріптердің әр түрлі элементтерінің штрихтары көлеміне қатысты сипатталады);
- қозғалыстың байланыстылығы, яғни әріп элементтерінің қосылу түрі және әріптердің өзара қосылу түрлері (бірге не арақашықтықпен);
- қозғалыстың басталу, аяқталу, қиылысу және қосылу нүктелерінің бір-біріне қатысты орналасуы;
- әріптердің әр түрлі элементтерін жазудағы және оларды қосу қозғалысының жүйелілігі;
- әріптерді жазудағы қимыл күрделілігі (әдеттегі, күрделіленген, қарапайым) қимылдарды ажыратады.
Қолжазу авторын іздестіріп, сәйкестендіруде қолжазуды пайдалану іздестіру және идентификациялық міндеттерді атқару мақсатында қолданылады. Белгісіз тұлға жазған қолжазба мәтіні (қорқыту хаты, жалған медициналық рецептер және т.б.) табылған жағдайда, ол бойынша тексерудегі тұлғалардың жазуын салыстырып зерттейтін іздестіру кестесі жасалады. Іздестіру кестесін жасау үшін ең алдымен қолжазбаны мазмұны зерттеледі, жазу тілі мен қолжазудың белгілері талданады. Олардың ішінен ерекшеліктерін (көзге түсетін), сирек кездесетін және тұрақты белгілерін, негізінен-6-8-ін таңдап алады. Кестенің негізгі бөлімі осы белгілер сипаттамасы мен олардың графикалық суреттемелерінен тұрады. Одан кейін зерттеудегі құжатты жасауы мүмкін тұлғалар шеңбері анықталады және олардың жазуын тікелей тексеру, яғни құжатты жасаушы тұлғаны іздестіру ұйымдастырылады.
Қол жазу сараптамасын тағайындау үшін сарапшыларға зерттелуші құжат және қолжазудың авторы болуы мүмкін тұлғаның сапалы қолжазбалық үлгілері табыс етіледі. Құжаттың не фотосуреттің көшірмесі сарапшыға ерекше жағдайда ғана беріледі. Қолжазбаның еркін және эксперименттік үлгілерін ажыратады.
Еркін үлгілер-жасалған қылмысқа, қылмыстық істің қозғалуына қатыссыз орындалған қолжазбалар, қолдар. Оларға жеке и және қызметтік хат алысу құжаттары, өмірбаяндар, арыздар, конспектілер және т.б. жатады. Қолдың, қолжазудың еркін үлгілері шартты түрде зерттеудегі мәтінге (қолға) жазылу уақыты, жазу жылдамдылығы, қолжазбаны орындау жағдайы бойынша және жазушының күйіне сәйкес келуі қажет.