Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Сентября 2013 в 19:19, реферат
Адамның өміріне және денсаулығына, жыныстық тазалығына, бостандығына, ар-намысы мен қадір-қасиетіне қастандық жасауға бағытталған қауіпті іс-әрекеттер жеке адамға қарсы қылмыстар деп танылады. Мұндай қылмыстар жасалғанда адамға елеулі зиян келеді не оның өміріне, денсаулығына, заңды құқықтары мен бостандығына қауіп төнеді.
Жыныстық қатынас адамзат өмірінің ажыратылмас саласын қамтиды.
жыныстық қатнас түрінде жасалуы;
денеге жыныстық қатнастың белгілерінсіз әсер ету арқылы жасау;
Бірінші топтың әрекеттеріне
А) қорлау нысанында жасалған зорлау 1959 жылы ҚК мұндай әрекеттерзорлауға жатқызылды бірақ ҚазССР ҚК 101 бабы диспозицияларының құрамдық бөлігінде жыныстық қатнастыңжасалуы оның аталған әрекеттердің мағынасына сәйкес келмейді. Бұл жерде жәбірленуші әйел болып табылады. Жыныстық құмарлығын қандырудықорлау әдістерімен жасалған еркек әрекеті ҚК 121 бабына қараәды.
Б) Жамбас аралық коитус яғни жыныстық мүшені әйел жыныстық мүшесіне енгізбей жыныстық қатнас жасау.
Мұндай қылмыстар
Қылмыстардың екінші тобына:
А) Жыныстық құмарлықты ер адам әйелге садистік әдістермен қанағаттандыру. Оларда әйел жынысына қол тығу, жыныстық зардаптарына әкелетін заттар тығу және матка мен басқа да ішкі органдардың бұзылуына әкелуі.
Б)Азаптау, темекімен күйдіру, тістеу арқылы жыныстық құмарлығын қанағаттандыру.
Құрбанның денесінен жыныстық қатнас жасамай кінәлі процесті бастап қозушылық пен оргазм алады.
Некрофилия- бұл ер адамның өзінің өлтірген әйелдермен жыныстық қатнынасы. О мазмұны бойынша ҚК 120бабымен ҚК 121 бабының құрамына кірмейді. Ол өзіндік құрамы пайда болады яғни адам өлтіру(ҚК 96 баптың 1-тармағы) немесе зорлаумен байланысты өлім ҚК 96 бабының 2-тармағының «к» тармақшасы. Ал некрафил ҚК 275 бабы бойынша жауаптылыққа тартылады(өлген адамдардың және олардың жерленген жерлерінен алып қорлау).
Еркек пен ерікті әйел мен әйелдің жыныстық қатынасқа мәжбрлеу немесе нәсіпқұмарлық сипаттағы жыныстық әрекеттер.
Осы қылмыстың негізгі обьектісі-
Шантажда да факультативтік обьект-жәбірленушіні абырой мен ар-намысы, ал жою қаупінде меншіктік мүліктің білінуі, зардаптануы
Факултативті обьектіні
Мәжбүрлеу дегеніміз- жәбірленуші кінәләмен жыныстық қатынасқа ерікті түсуі үшін психикалық басу әрекеттері. Мәжбүрлеу әртүрлі ауызша, жазбаша және де құралдармен жасалуы мүмкін.
Жәбірленушіге оның жыныстық қатынасқа
түсуіне жарлық шығару мүмкін. Бұл
көбінесе материалдық немесе басқа
тәуелдіктерді мәжбүрлеу
Шантаж- жәбірленушінің мәліметтерін ашу қауіптілігін тудыратын қылмыс.
Дұрыснемесе қате информацияны бір адамға айтса да-оны тарату деп санауға болады.
Жою қаупі- мүлікті алу немесе зартаптардыңпсихологиялық әсер етуі. Қорқыту мүмліктің белгілі бір мөлшеріне немесе барлығына тиісуі мүмкін. Оның жойылуы жәбірленушінің еріксіз жыныстық қатынасқа әкеліп соғады.
Материалдық жетіспеушілік көбінесе кәмелетке толмаған өгей әкесі мен шешесімен тұратын жәбірленушілер жыныстық қатынасқа түседі.
Басқа тәуелділік барлық түрлері қарастыруға түспейтін түсінігі жұмыс бабымен тәуелді биліктік өкілеттіктің бөлінуі және тағы басқа.
Қылмыс мәжбүрлеу әрекеттері басталғаннан аяқталған деп саналады.
Субьективтік жағы- тікелей қасақаналық
Себебі жыныстық құмарлықты қанағаттандыру.
Зорлау- қылмыстық заңда көрсетілген қылмыстардың ішінді аса ауыр қылмыстардың бірі болып саналады. ҚК 10 бабында көрсетілгендей бұл қылмыс орташа ауырлықтағы қылмыс болып саналады, ал зорлауда ҚК 2-тармағында көрсетілгендей-ауыр қылмыс, ҚК 3-тармағында көрсетілгендей- аса ауыр қылмыс ретінде жаза тағайындалған.
Қылмыс обьектісі болып әйел адамның жыныстық бостандығы, ал кәмелетке толмағандарды зорлау кезінде кішкентай қыздың жыныстық қол сұғылмаушылығы болып саналады. Және де зорлау кезінде денсаулығына қарсы күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытудың өзі ерекше орын алады.
Заң зорлауды жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрмнсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасауы деп анықтама береді.(ҚК ҚК 120бабының 1-тармағы). Бұл жерде ҚР ҚК 120бабының диспозициясы үш топқа бөлінеді және де олар өзінің сипаты бар обьекті бар деген ойға келуге болады:
Кәмелетке толған әйелді жәбірленушіге және де тағы да басқаларға күш қолданып немесе қолданамын деп қорқытып жыныстық қатынасқа мәжбірлеу.
Кәмелетке толған әйелдің дәрменсіз күйін қолданып жыныстық қатынасқа түсу
Он төрт жасқа толмағандармен жыныстық қатыннасқа түсу және кәмелетке толмағандарды жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу
Осы жоғарыда көрсетілгендердің өзіне тән қол сұғу обьектілерінің бар болғанына қарамастан мұның барлығын бір ҚР ҚК 120 бабына жинауға мүмкіндік береді.
Зорлық жасалған кезде жасына басқа негіздемелеріне қарамастан жәбірленуші тек әйел жынысы бола алады. Тәжірибе көрсеткендей зорлау бөтен әйелдерді ғана емес өзінің әйелін, бірге тұратын әйелін, және де өзінің туыстарына қарсы жасалатыны да белгілі.
Қылмыстың обьективті жағы заңмен көрсетілгендей жәбірленушіге және дебасқа да адамдарға жыныстық қатынасқа зорлық көрсету немесе дәрменсіз күйін пайдалану болып табылады.
Зорлау кезінде әйел мен ер адамның арасындағы жыныстық қатынастың зорлық нәтежиесінде болған болмағаны үлекн рөл атқарылады.
Ал қалған жыныстық сипаты бар «зорлық жыныстық қатынас» ҚР ҚК 121бабымен қарастырылады және де олар зорлау сияқты бағаланады ҚК120 бабымен қарастырылмайды.
Зорлық деп тек тән зардабы қана емес психологиялық зардап деп те түсіндіріледі.
Тәндік зорлық- денсаулыққа зиян келтіру, денеге ауыр жарақаттар салу, көмекке шақыру мүмкіндігінен айыру, байлап қою, қамап қоюдан тұрады. Тәндік зорлық жәбірленушінің денесімен сипатталады. Және де тән зардабы оның сыртқы денесімен қатар оның ішкі органдары да зардапануы мүмкін. Мысалы есіркі заттары, токсикалық немесе психотроптық заттар қолдану.
Қазақстан республикасының Жоғарғы соты бұл жағдай әйел адамын дәрменсіз күйге әкелу сияқты бағалануы тиіс деп өз көз қарастарын айтып өтті. Осы көзқараспен келісе отырып,тағы осы екі белгіні біріктірлуі тиіс сиқты- тәндік зорлықпен (оның ішкі органдарына оның келісімінсіз әсер ету) оның дәрменсіз жағдайға әкелуі және оның дәрменсіз жағдайын пайдаланып оны зорлауы.
Психологиялық зорлау- жәбірленушіні қорқыту, дене зардабын саламын деп қорқыту, денсаулығына ауыр зардаптар әкелкмін деп, оның балаларына, туысқандарына және ол танымайтын адамдарға да дене жарақатын саламын деп қорқыту арқылы жүзеге асырылады. Қорқыту жәбірленушіге ақиқат түрінде көрінуі тиіс, тек осы қорқыту ғана оның қарсылығын тоқтата алады. Осы қорқытулардың барлығы қылмыстың обьективті жағына кіреді, және де қосымша квалификацияны талап етпейді.
Тәндік және психологиялық зорлық тек жбірленушіге қарсы ғана қолданылмайды және де сонымен қатар басқа да адамдарға қолданылады. Мысалы сол жәбірленуші әйелді құтқару ниетімен немесе көмекке шақыру ниеті болған жағдайда.
Бірақ мұндай жағдайларда оның зорлық мақсатын анықтап алынуы тиіс.Егер де басқаларға күш қолдану жәбірленушінің қарсыласуын басып осы арқылы оның жыныстық қатынасқа келісімін алу мақсатында болса кінәлінің әрекет біліктілігі Толық ҚК 120бабына сәйкес келеді.
Егер де басқа адамдарға күш қолдану тиімсіз куәгерлерді, жәбірленушінің қорғаушыларынан құтылу мақсатында болса, кінәлінің
әрекеті өмірге және денсаулыққа қарсы
қылмыстар бойынша жауапқа
Зорлықтың екі түрі де жыныстық қатынастың алдын болуы тиіс. Мақсаты- жәбірленушінің қарсылығын басып және оның еркінсіз зорлық жасау.
Зорлауда жәбірленушінің еркінен басқа жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдалануда негізге алынады яғни құрбан адамның өзімен не болып жатқанын сезіне алмай, қарсыласуға шамасы келмей әрекетсізденуі.
Жәбірленушінің дәрменсіз
Тәндік қарсылық көрсете алмау ынтықтықпен, тәндік жетіспеушіліктермен, және қозғалу функцияларының жоғалтуы ( паралич, острохондроз, артроз) және де т.б. қылмыскердің немесе оның сыбайластарының тәндік әрекеттерімен түсіндіріледі1.
Субьективті жағынан- зорлау тек тікелей қасаөаналықпен жасалады. Кінәлі өзінің жыныстық қатынасты зорлау арқылы жасап отырғанын, және де жәбірленушінің келісімінсіз, еркіне қарсы бара жатқанын сезініп отыр. Қылмыстың себебі жыныстық құштарлығын қанағаттандыру болып табылады. ҚР Жоғарғы Сот Пленумының редакцияда 23сәуір 1993ж №1 «Заңдылықты соттардың тәжірибеде, зорлауға жауаптылықты регламенттеуді қолдану туралы» жарлығында зорлау тікелей қасақаналықпен міензделеді және көрсетілген жағдайларда әйел жынысынан жыныстық құмарлығын қанағаттандыруды бұрмалау нысанында болуын зорлау деп саналсын делінген. Басқа да қылмыс себептері де кездеседі мысалы кек алу, адамның ар намысын таптау. ҚК 120 бабының 2-тармағында зорлау біліктілігі деп мыналар саналады:
Адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса
өлтіремін деп қорқытумен ұштасып, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатігездікпен жасалса
жәбірленушіге соз ауруын жұқтырвп алуына әкеп соқса
бірнеше рет немесе бұрын нәпсі құмарлық сипатындағы зорлау әрекеттерін жасаған адам жасаса
көрінеу кәмелетке толмағанға жасаса
Топтық деп- жәбірленушіге байланысты адамдардың сөз байланысып жасаған зорлау әрекеттерін айтамыз.Осы жағдайда зорлау жыныстық қатынастарға қатыспаған, бірақ жәбірленушіге қарсы зорлық жасау әрекеттерінде қатысқан адамдар, топтық зорлаудың атқарушылары реттінде біліктіленуі тиіс. Осындай топта атқарушылар қатарында әйелдерде болуы мүмкін.
Өлтіремін деп қорқыту- ҚК 103 бабының белгілеріне сәйкес келетін, тез арада зорлаушы жәбірленушінің өмірін қиып немесе денсаулығына зияндық келтіремін депқорқытуы. Қорқыту сөз жүзінде, белгілі әрекеттермен, қару жарақты пайдалану арқылы немесе қару ретінде белгілі бір затты қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Аса қатігездікпен зорлау- өзіндік білікті белгісі бар, ҚК 120бабының 2-тармағында көрсетілген жәбірленушіге немесе басқа да адамдарға бағытталған әрекет. Жыныстық маньяктың жәбірленушіге қарсы аямаушылық әрекеттеріне, садизмдік әрекеттері болған жағдайда бұл тармақтың ҚК 120бабына енгізілуі құқықтық жүйемен ақталған.
ҚР ҚК 26 бабының 1-тармағында көрсетілгендей өз еркімен қылмысты аяғына жетуден бас тартса қылмыстық жауыпқа тартылмайды. «Үзілді-кесілді» термині қастандық жасауда да, дайындалу да үлкен рөл атқарады.
Тәжірибеде дәл осы «дайындалу»
«Үзілді-кесілді қарсылықтың» түсінігі қылмыстың ұйымдастырушысының, қылмысты жасаушының, қылмыстық топтың басшысының ерекшеліктерін сипаттау кезінде толық ашылады. Барлық қатысушылардың қылмысты өз еркімен және нақты қылмысты аяғына жеткізуден бас тартуы тек белсенді түрде қатысқанда жүзеге асырылады. Қылмысты ұйымдастырушы және басшысы өз уақытылы басқару органдарын ескертіп немесе басқа да жолдармен қылмысты аяғыны жеткізуді тоқтата алады. Ал қылмысты орындаушы өзіне тәуелді қылмысты тоқтату үшін барлық шараларды қолданған жағдайда қылмыстық жауапқа тартылмайды. Егер орындаушы өз еркімен әрекет және әрекетсіздік нысанындағы қылмыстан бас тартса, онда басқа қатысушылар қылмысты тоқтату үшін белсенді қатысса қылмыстық жауаптылықтан босата алады.
Кейбір жағдайларда егер кінәлінің еркісіз зорлау тоқталған жағдайда, оның әрекеттерін ҚК 24 бабына сәйкес қарастырады, яғни қылмысты жасауға оқталуы немесе дайындалуы бойынша қарастылады.
Дайындалу деп- жәбірленушінің үсіндегі киімін жұлып алуы және тәндік зардаптар немесе психикалық шаралар қолдану болып табылады.
Оқталу деп зорлашының іс-әрекеттері болып табылады, мысалы физиологиялық қатынастардың жиынтығы.
Сотталушының жыныстық қатынасты жасау мақсатында ма немесе болмаса осы мақсатты орындау үшін жасалған жасалмағанын істі шешу кезінде зорлауға оқталу екенін анықтау керек. Және де осыған байланысты зорлауға оқталуды әйелдің ар-намысына, қадір қасиетіне және де жыныстық қол сұғылмаушылыққа қатысты басқа қол сұғушылықтан ажырата білу қажет.
Кәмелет жасқа толиағандарды зорлау- 14-18 жас арасындағы қыздың жыныстық қол сұғылмаушылығына қол сұғу және де тәндік жыныстық даму жүйесіне қол сұғылады.
Көрсетілген қүндылықтарды ұорғауды күшейту қажетілігі, мұндай қол сұғушылыққа жазаны күшйтуге әкеп соқтырды. Сонымен қатар заң субьективті принциптнен шыға зорлауда кінәлі адамның кінәлілігін дәлелдеуді кәмелетке толмағандарға беруді қажет деп санап отыр. «Көрінеулік» термині кінәлінің нақты оның жасын білгенін түсіндіреді. Кінәлінің жәбірленушінің жасын білгені туралы субьективті қатынасын анықтай отырып тергеу және сот оның айғағын толық тыңдап оны барлық нақты осы іс бойынща жағдайлармен салыстырулары тиіс. Және де жәбірленушінің тәндік белгілерін, кінәлімен сөйлесу кезінен өзін-өзі ұстау және жасын қалай айтқаны анықталуы тиіс. Егер де субьектінің шынымен білмегені анықталса осы біліктілікті қолдануға болмайды.1
ҚК 120бабының 3-тармағында айрықша біліктілік белгілері бойынша зорлауға жауаптылық тағайындалған:
а) абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырса
б) абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның ВИЧ\ЖҚТБ-ны жұқтырып алуына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса